3. Ақыл –ой өрісі (Inteligence) жоғары ақыл -ой өрісі мен басқа адамдар туралы нақты пікір айту қабілеттілігі арасында қандай да бір байланыс бар деген деректі тәжірибелік зерттеулер бірнеше қайтара дәлелдеп отыр. Вернон жоғары ақыл- ой өрісі негізінен өз- өзін және таныс емес адамдарға нақты бағалау беретін адамдарға тән екенінін анықтады, алайда бағалаушылар өздері бағалайтын адаммен жақсы таныс болса, тәжірибені белгілі деңгейде ерекше ақыл- ой өрісі алмастырады.
Адамдарды түсіну – бұл белгілі деңгейде өткен шақтағы және осы шақтағы іс- әрекеттері арасындағы, экспрессивтік мінез-құлық пен ішкі амалдар арасындағы, себеп пен салдар арасындағы байланыстарды нақтылау міндеті, ал ақыл-ой өрісі осы негіздегі салыстырымдарды бекіту қабілеттілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |