Номотеттік сенситивтілік қандай да бір әлеуметтік топтың типтік өкілін түсіне алу және осы түсінікті аталмыш топқа жататын басқа адамдардың мінез-құлқын жорамалдау үшін пайдалану қабілеттілігі ретінде анықталады. Бұл қабілеттілік адамның топ туралы білімінің ауқымына және онымен қарым-қатынасының тәжірибесі арқылы анықталатын «жалпыдан жекеге» заңдылығына сүйенеді.
Идеографиялық сенситивтілік - әр адамның өзіндік ерекшелігін түсіне алу қабілеттілігі. Сенситивтіліктің бұл түріне анықтама бере отырып, Г. Смит оның бақылампаздық және теориялық сенситивтіліктен адамдармен таныстық деңгейі мен бақылаудың уақытына тәуелділігімен ерекшеленетіндігіне назар аударады. Сондықтанда ол идеографиялық сенситивтілікті таныстықты жалғастыра пайдалану және адамның мінез-құлқына нақты жорамал жасау үшін қажет ақпарат ауқымын арттыру үшін пайдаланатын қабілеттілік ретінде көрсетеді. Біздің ойымызша, идеографиялық сенситивтілікті сенситивтіліктің басқа түрлерімен қарсы қою негізсіз, мысалы, идеографиялық және номотеттік сенситивтіліктерді бір- біріне қарсы қою әр адамның ерекшелігі идеясының дамуының ең шеткі түрі, статистикалық жалпыланған моделдер құрудан бас тартуына әкелуі мүмкін. Керісінше, идеографиялық сенситивтілік бақылампаздық, теориялық және номотеттік сенситивтер негізінде қаланған басқа адам туралы пікірлерге өзіндік ерекшелік беріп, молайта және тереңдете түседі десек қонымды болар.
Г.В. Оллпорт адамдарды жақсы тани білуге қажетті сегіз жекелік қасиеттерді атаған (11).
1. Тәжірибе (Esperience) Адам өзінің айналасындағы адамдарды жақсы тани білу үшін ең алдымен кәмелеттік жасқа жетуі қажет. Бұның астарында қандай да бір белгіленген жасқа жету ғана емес, (30 жас және соның айналасы) сонымен бірге адам табиғатының әртүрлі шиеленіскен көріністерімен өзара әрекет жасаған тәжірибенің мол болуы жатыр. Жастық адамдарды өзінің шектеулі тәжірибесінің ауқымында көреді, сондықтанда жас адамға өмір сүру деңгейі басқадай адам туралы пікір айтуын өтінсек, олар әдетте «өмірден арта қалған, шал», «тәуірлеу жігіт» немесе «қияли» деген шала әрі үйлесімсіз пікірін білдіреді.
Тәжірибелі адамның есепсіз адамдық көріністердің әрқайысысына өзіндік егжей- тегжейлі тексерілген мол интерпретациялардың апперцептивтік тізбегі бар. Тіпті басқа адамдарды түсінуге септігі тиетін ассоциациялар мен ой қорытындылары жалғыз ғана ақыл- ой процесстері болмаған жағдайда да, сонымен бірге мүмкін біз интуитивтік түсіну теориясын таңдаған болсақ, онда интуитивтік түсіну үшін де нық тәжірибелі негіздер қажет.
2. Ұқсастық (Similarity). Бұл адамдар туралы қандай да бір пікір айтқысы келген адам ең алдымен өз табиғатында өзі түсінгісі келген адамға ұқсас болуын талап ету. Тәжірибелік зерттеулердің нәтижесі басқа адамның бойындағы қандай да бір сипатты нақты бағалаушының бойында жоғары деңгейде тура сондай сипат болатындығын көрсетті. Алайда мұнда нақтылық абсолютті емес және барлығы сондайлықты қарапайым деуге де болмайды: бір бағалаушының қиялының ұшқырлығы басқаның пайдаланбаған ауқымды тәжірибесінен құндырақ болуы мүмкін.
«Ұқсастық» бұл «тәжірибедегі» ерекше жағдай екенін аңғарған жөн болар. Басқа адам маған ұқсас болған сайын, онымен менің қарым- қатынас тәжірибем молырақ болмақ. Негізінен осы себепке орай қандай да бір ұлттық, діни немесе кәсіби топтың мүшелері әдетте басқаларға қарағанда бір- бірі туралы дәл пікірлер айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |