Р. Е. Жүншеев, Г. К. Мұсабекова Философия



бет41/77
Дата06.02.2022
өлшемі23,29 Mb.
#81694
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77
Байланысты:
оқу құралы соңғысы

Й
ога  - адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды.


К
арма (үнді) – (санскрипша – іс-әрекет) – ежелгі үнді философиясы мен дініндегі ұғым. Индуизм ілімінде жеке адамның табиғатпен тікелей байланысы К. заңдары арқылы реттеледі. Атма адам тәніндегі жанға айналып, жақсы, жаман әрекеттерге итермелейді. Карма – осы іс-әрекеттердің нәтижесі, жанның бір денеден екінші денеге көшуіне жағдай жасайтын себеп, сондықтан да адамның туғандағы хал-ахуалы ата-бабаларының өткендегі іс-әрекеттері мен мінез-құлқының шарапаты не кесапатына байланысты.


Конфуцизм - Қытай философиясының тағы да бір көрнекті мектебі. Оның негізін – Конфуций қалаған. Негізгі философиялық еңбегі «Лунь юй» (әнгімелер мен пікірлер) деп аталады. Конфуций дүниетанымы философиялық –этикалық мәселелерге негізделген. Орталық мәселесі Конфуций тұжырымдаған «Қайырымды адам». Конфуций адамның қоғамдағы және мемлекеттегі орны, тәртібі, өмір сүру канондары жөнінде көп ойланған.


Категориялар - заттар мен құбылыстардың елеулі жақтарын, белгілерін бейнелейтін жалпы ұғымдар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет