Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті


Диалогтерге мән беріңдер. Олардың образ жасаудағы қызметі қандай?



Pdf көрінісі
бет37/76
Дата18.10.2023
өлшемі7,03 Mb.
#186331
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar (1)

Диалогтерге мән беріңдер. Олардың образ жасаудағы қызметі қандай?

Қазақтың сыбаға беру салты бұл тарауда қалай суреттелген? 

Ырғызбайдың жиырма ауылының Шыңғыстың жуан ортасына асыға кө-
шуінің мәні неде?

Бөкенші, Жігітекпен тартыстың қалай өрбитініне назар аударыңдар. 
Жолда 
Абай әкесімен бірге Қарқаралыда тұрғалы көп күндер болды. Қазірде 
қыс әбден түсіп, қар бекіп алған-ды...
Аға сұлтан Құнанбайды Қарқаралы арызшыларымен бірге осы Тобық-
тылар тегіс соңғы мезгілде Құнанбай демей – «Мырза» деп атасатын.
– Қызғанған дұшпанның іші күйсін! Ертең мешіт те бітейін деп тұр... – 
деп, Майбасар мазатсып қойды...
Құнанбай өткен жаздан бері бұл атыраптағы ең бірінші мешітті осы 
Қарқаралы қаласына өз әмір-құдіретімен салғызып жатқан. Сол мешіт 
бүгін әбден бітпек еді... 
Абай өз әкесінің өзге атқамінер атаулыдан мықты, қайратты екенін се-
зеді... 
...Осыдан екі жыл бұрын Құнанбай мен Алшынбай достығы құдалық-
қа соғып, осы Алшынбайдың Түсіп деген баласының Ділдә деген қызын 
Абайға айттырысқан болатын. Алшынбай сонымен Абайға үлкен қайына-
та болушы еді.
Қарқаралыға келгелі Алшынбай Құнанбайға бірнеше рет келіп, қонақ 
боп кеткен. Бүткіл бұл атыраптағы атқамінердің Алшынбай атын атауы 
басқаша көрінген. Оны Алшынбай деуші кісіні Абай әлі есіткен жоқ. Ылғи 
«Алшекең» дейді... 


133
Оның ататегін де бар Тобықты, бар Қарқаралы «қаракөк» деп атай ды, 
Алшынбай – белгілі би Тіленшінің баласы, одан арғы атасы – Қазыбек би. 
Осының бәріне қарағанда, Абайдың қалыңдығы Ділдә, тіпті, бір үлкен, 
асқақ жердің қызы тәрізденеді... 
Осы кезде бұлар Құнанбай пәтеріне де жетіп, қораның ішіне кіріп еді. 
Ыю-қию толып жүрген аттылар, жаяулар екен...
Келгендер Құнанбай мен Алшынбайдың екі жағынан жарыла отырды... 
Үй іші үнсіз еді. Бағана есік алдында, ауыз үйде қалған Қарабас есікті 
ақырын ашып, ептеп басып кеп:
– Майыр кепті, мырза. Сізге келді, – деді.
Құнанбай оған да қыбыр еткен жоқ. Аздан соң есік ашылып, еңгезердей 
қызыл сары Майыр кірді. Қасында қазақ тілмаш Қасқа бар... 
Майыр Құнанбай, Алшынбаймен қол алысып, амандасып болды да, 
жерге отырмай, Құнанбай қарсысындағы жалғыз орын дыққа отырды... 
Қарқаралы деген округтің әміршісі – Құнанбай мен осы Майыр. Қазақ 
округті «дуан» деп, мыналарды бірде «дуан басы» деп, кейде Құнанбайды 
«аға сұлтан» дейді. Құнанбай округті басқаратын приказдың бастығы, Ма-
йыр орынбасары болатын... 
Майыр Құнанбайға Бөжей жұмысымен кеп еді... Құнанбай...:
– Майыр, сенің атаң аты Тобықты емес еді. Осы Қарқаралыға кеп, бауыр 
тапқаннан аманбысың? Бөжейді айдату керек, қағазын дұрыста деп ем. 
Сары аурудай создың да кеттің ғой. Соның жанкүйері сен болып, бауыр 
тартып, бауырың езіліп жүр ме осы, немене?.. – деді.
Тесіле қарап, Майырдан жалғыз көзін алмай, сызданып отыр. Майыр 
«Аудар!» деп, тілмашқа қарады.
Қасқа тілмаш Құнанбай мен Майырға кезек жалтақтады... Құнанбай 
мұның бөгелгеніне ыза боп:
– Ей, тілмаш, осы саған «Әке» дейін, жарықтығым, тек дегенімді түгел 
жеткізші!.. – деді...
Тілмаш бөгеле отырса да, Құнанбай сөзін жеткізген еді. Майыр сасқан 
жоқ...
– Әкімшілік өш кісіден кек алу үшін берілмейді бізге... Бөжей Ерали-
новтан түскен қағаз көп, тексеру керек! Және ол үшін ренжитін кісілер де 
көп. Айдатпай тоқтай тұр! – деді.
Осыдан соң екі жағы да шапшаң сөйлесе жөнеліп еді...
– Сүйтіп арпалыстырып ұстамақсың ғой. Көздегенің сол ғой?
– Жалғыз мен емес... Бұрын аға сұлтан болған Құсбек, Жамантайлар 
да солай қарайды. Тіпті, мына Алшынбай білетін Баймұрын да солай ой-
лайды.


134
– Олар кім? Бірен-саран!.. Көрмей отырмысың соны?..
Құнанбайдың ендігі жауабын Алшынбай айтқызғысы келме ді...
– Ей, мырза! Ей, Майыр! Сабыр етіңдерші! – деп қатты айтты.
– ...Құнанбай мырза, саған, – деп, Құнанбай жаққа ырғала түсіп, – 
сол жұмыспен келіп отырмын... Майыр, қазір сен қайта тұр. Тұрақты бір 
жауабын бүгін кешке мен жеткізейін... – деді...
Майыр... Алшынбайға:
– Айтқаның дұрыс, мен тоқтаймын. Жауабын өзіңнен күтемін... – деді 
де, келген жұмысын тез доғарды. Содан кейін... жаубүйректен азғана аса-
ды да, қоштасып жүріп кетті... Аздан соң тілмаш кетті. Содан кейін барып 
қана Құнанбай:
– Параға жемсауы толған ғой әлгі піскен бастың. Бет алысын көр-
меймісің? Баймұрын арқылы Бөжей, Байсал тығындаған ғой... – деп, ба-
ғанадан желісі үзілмеген ойының бір түйінін айтты.
Алшынбайдың ойы да осы туралы еді... 
Алшынбай енді Құнанбайға қадала қарап отырып, жіті сөйлеп:
– Бүгін мына мешіт бітіп, абыройың асып отыр. Атағың көпке кетіп 
жатыр. Соны күндейтін де кісі көп. Алдымен анау көрпіс, мына жаңағы 
Майыр күндейді. Кішіреймейсің, кешірім етесің. Ақ көңілің мүлде ағар-
сын. Мұның да бір Құнанбайлығың болсын... Ана Бөжей ағайыныңды жау 
қып, жатқа жіберме!.. Бауыр қып, қасыңа тарт, татуласшы осы! – деді.
Құнанбай көпке шейін үндеген жоқ. Татулықты Алшынбай сұрағанда, 
қай жауабын болса да, ойланбай айту қиын... 
* * * 
Осы сөз болған күннің кешінде Абай Қарқаралы қаласын жапа-жалғыз 
аралап кетті... Абай өз пәтерлерінен екі-үш көше ұзап кетіп еді... бір уа-
қытта пұшпақ айналып, даурыға сөйлеп келе жатқан жаяу топты көрді... 
Себепсіз жымия күліп, осы топты Абай көше ортасында аңырып, тосып 
қалды... Абай енді байқады. Бар топтың ентелеп қамағаны – үлкен ақ са-
қалды, келісті қарт екен... Өзі де күліп, топты да күлдіріп келе жатқан – 
сол.
Бір тосын ғажап нәрсе – шалды екі жағынан қолтықтасып келеді. Шал 
өзі басын тік ұстап, ілгері басып келе жатқаны болмаса, ешқандай бет бұр-
майды... Қарт соқыр екен...
Топтың мұны байқамағаны, тіпті, жақсы болды... Қасынан өте берген-
де, Абай да қосылып, ере жүрді... 


135
Кейінірек келе жатқан бір бурыл сақалдыдан Абай:
– Бұл кісі кім, аға?.. – деп еді. Анау таңданып:
– Е, білмеуші ме ең Шөжікеңді?.. Бұл Шөже ақын емес пе? – деді.
Шөженің атына Абай қанық, бірақ көргені – осы. Атын ести сала, ол бу-
рыл сақалдан сытыла жөнеліп, топтың алдыңғы қатарына ілесіп, Шөжені 
жақсылап қарап, сөзін тыңдай бастады.
...Шөженің қасында тұрған бір қартаң кісі ақынға қозғау салғысы келді 
білем:
– Уа, Шөжіке, дуанға жаңа келдің ғой, мұндағы дақпыртты естіп жа-
тырмысың? – деп еді, Шөже:
– Е, е, айт! Не дейді? Не деп жатыр дуаның? – деді.
Жаңағы қартаң кісі қала жаңалығынан хабардар екен. «Құнанбай сал-
ған мешіт бітті. Алшынбай, Құнанбай соны той етпек және аға сұлтан 
Құнанбай ағайынымен бітісетін бопты. Ұлық пен Алшынбайлар табысты-
ратын бопты!» – деді.
Абай мына сөзге аса қайран болды. Өз әкесінің атын дәл мына жерден 
естимін деген жоқ еді. «Мешіт, бірсәрі, тіпті, оның араз-құразы да иен 
жұртқа мәлім екен-ау!» – деп таңданды.
– Е-е, араздасам деп, ұлықтығынан айырылып қалмасын дейді ғой.
– Құнанбайдың қамқоры Алшынбай бопты ғой.
– Әрине, бәр-бәрін жалғастырып, септестіріп жүрген сол Алшынбай-
лар... – деседі.
Шөже осы жайларды күле тыңдап тұрып, бір кезде оп-оңай өлеңдете 
қоя берді. Ашық даусы саңқылдап:
Болыпты бір ақсақ таз және соқыр,
Құранды мысық сопы молдаң оқыр,
Болғанда ақсақ дария, соқыр қарға,
Ортасын дарияның қарға шоқыр, –
деді. Жұрт тегіс ду етіп күліп жіберді... Шапшаңдығына, айтқыштығына 
қайран боп, таңдай қаққандар да бар.
– Ақсақ тазы – Алшынбай...
– Соқыры – Құнанбай.
– Не қыл дейсің? Ал қайтпас кәрің жалғыз ауыз өлеңмен жайратты да 
салды! – деп жұрт жапырлап сөйлеп жатыр... Абай бұл сөздерден қатты 
ұялып қысылды да, шеттей берді...
Әлемде сөзден күшті не бар екен? «Сөз өңменіңнен өтеді ғой» деген 
Қаратайдың тағы бір тапқыр сөзі есіне түсті.


136
Осындай өз ойымен өзі боп, ішінен аса қатты теңселткен бір күшті сез-
ген Абай көшені де, көшедегі жүргіншіні де аңғармай, көрмей келе жа-
тыр. Бір пұшпаққа жақындап қалған екен. Дәл бұрыштан бұрылып, бұған 
қарсы шыққан үш аттыға көзі түсті.
Аңырып тұра қалды да, тез таныды. Келе жатқан Бөжей, Байсал, 
Байдалы екен... 
Абай тоқтаған қалпында бойын тез жиып, аттылардың алдына жұмысы 
бар кісідей көлденеңдеп кеп, тосып тұрды. Аттылар мұның қозғалысын 
оқыс көрді ме немесе таныды ма, аттарын баяу бастыра бастап еді, жақын-
дап тұстас келді. Сол уақытта Абай үлкен ықылас білдіріп, айрықша бір 
тағзыммен төсін басып, қатты дауыстап:
– Ассалаумағалайкүм!.. – деп, сәлем берді...
Абай көптен бері ешкімге бүйтіп сәлем беріп көрген жоқ. Қарқаралыға 
келгелі Бөжейдің көрінгені – осы. Шешесінің жүрердегі сөзі есіне түсті 
ме, болмаса қазіргі көңіл күйіне сай келді ме?.. Қалайша бүйтіп әдеп шы-
ғарғанын Абайдың өзі де байқамай қалған-ды.
Өзге қазақтан бөлек, мына сияқты, бір алуан сыпайылыққа Бөжей оң 
назарын салды білем... атының басын тежей беріп:
– Уағалайкүмәссәләм, балам!.. – деп, тоқырай қалды.
Байсал Абайды жаңа таныған еді. Жақтырмай, мұрнын тыржитып:
– Өй, мынау екен ғой, жә, жүрші! – деп, атын қозғай беріп еді, Бөжей:
– Тоқташы! – деді.
– Ей, сол антұрғанның баласының сәлемін алушы ма ем?.. – деп, Байсал 
Абайға қабағын түйе қарады.
Абайдың екі беті ду етті. Оқыс жалын беті емес, ішін де шарпып өт-
кендей. Кінәлап, ренжіген жазықсыз баланың отты көздері жарқ етіп, 
Байсалға қадала қарады.
Бөжей Абай күйін жақсы таныған сияқты еді. Байыптап қарап алып:
– Балам, жөніңді айтшы, бізді көрсең, сәлем бер деп, әкең айтып па еді, 
жоқ, өздігіңмен істедің бе? – деді.
– Бөжіке, әкем емес, өзім беріп тұрған сәлемім сізге!..
Абай жауабын естіген соң, Бөжей ықыласпен қарай түсіп, жақындады 
да:
– Әкең айтпай, өзің білген болсаң, батамды берейін. Көзіңнен жақсы 
жанар көрдім ғой, шырағым!.. – деді...
– Ендігінің жүгі сенде қалар, балам! Жолың болсын!.. Жалғыз-ақ – өз-
гені берсе де, әкеңнің қаттылығын бермесін! – деп, бетін сипады. Абай да 
Бөжейге қадала қарап тұрған қалпында бата қылып, бетін сипап еді...


137
...Енді асыға жүріп келеді. Күн қазір ымырт бопты, оны да жаңа бай-
қады...
Тыстан аса көңілді әсер алған Абай ымырт әбден жабылғанда, Майбасар-
дың пәтеріне кеп кіріп еді... Үйде Майбасар, Жақып бастаған туған-туыс-
қандар көп екен... Майбасар Абайдың түсіне сүйсіне қарап:
– Абайжан! Тоңған жоқпысың, қайда жүрдің? Кел, шешін, шай ішіп 
жылыншы! – деп, қағыла беріп, өз қасынан орын босатты... Абай асықпай 
шешініп болып, шайға кеп отырды...
...Жақып...: 
– Бұл мешіт, біле білсеңдер, біздің мырзаға да, онан соң, осы отырған 
бәріңе де зор абырой әперетін мешіт қой, жарықтық! – деді.
Майбасар бұл тұста қайтадан нығызсып, дардия түсіп:
– Е-е, соны айтсаңшы!.. Дұшпан атаулының аузына құм құймай ма бұл 
мешіт? ...Бөжей де осыны сезген болар. Татулықты іздеген тәрізді ғой! – 
деді...
– Байғұс Алшекең де дос-ақ қой! Біздің мырзаның анық тілеуі, адал жа-
қыны сол бақыр ғой... – деп, Жақып Алшынбайдың күндізгі мінезін еске 
алып еді. –...Абыройыңды төре-қараның бар желауызы қызғанады, тіпті, 
ұлық та қызғанады... деді ғой...
– Майыр... қызғанудан бұрын әуелі Бөжей, Байсалдан параны да соқты 
ғой!.. Сол ғой оның өктеп отырғаны, құлқынын танымаймысың?.. – деп, 
Майбасар өзінің күндізден байлаған шешуін айта кеп, – Ал енді Бөжеймен 
татуласу да осы бүгін кешке болады... – деді.
Дәл бұл арасын Жақып та, өзге бұнда отырған жігіттер де естіген жоқ 
еді. Абай да білмейтін. Бәрі де аз аңтарылып қалып, іштерінен Бөжейдің 
бүгінгі татуласа келетін пішінін көргісі келді.
Майбасар осы жайдың бәріне тоқмейілдене түсіп:
– Бар жақсылықтың басында, әйтеуір, бір Алшекең... Берген мал адал, 
адал ғой Алшынбай аулына! – деді де, қасында отырған Абайға иіліңкіреп, 
төне түсіп:
– Ұқтың ба? Бәлем, осы жолы бармай құтылшы қайныңа! – деп, Абай-
ды тағы қолға ала бастады. Бірақ Абай дәл осы жолы бұрынғыдай жасы-
ған жоқ...
Абай күліп жіберді де, бір ерекше ойнақы тентектік тауып:
– Осы бір емес, екі емес... шын қоймайсыз ба? – деп, домбырасын тоқ-
татып, алдына көлденең салып, Майбасарға қадала қарады... 
Абай өзі көрген Шөженің қалпына салып, күлімсіреген көзін сығырай-
тып, басын жоғары көтере беріп, соқтырта жөнелді:


138
Уа, қой десе, бір қоймайсың
Аз болды ма, Майеке,
Осында көрген қызығың?
Кертіп жеп-ақ жүрсің ғой,
Қарқаралы халқының
Жал-жаясын, шұжығын.
Алған, жеген аздай-ақ
Тағы бірді тауыпсың.
Уа, Алшынбайдың қызы кім?
Адақтамақ сертің бе,
Осы өңірдің елінің
Жүйрігі мен жортағын?
...Орайы болмас қолқаның... –
деп, сақылдап күліп, Абай Майбасарға қарай жантая кетті.
Үйдің іші әрі қайран боп, әрі сүйсініп, қарқылдай күле жөнелді... 
– Қап, мына Шаншардың жиені!.. – деді Майбасар.
Төлепберді, Бурахандар да мына сөздің төркінін ұғып:
– Бәсе, нағыз Тонтай!
– Тонтайдың жиені ғой!.. – деседі.
– Уа, бұл өлеңді бір жерден қойнына салып әкелді ме дейім?! Өлең ай-
тушы ма еді бұл жаман?.. – деп, Майбасар әлі қайран боп отыр.
Шынында, Абайдың өлең жазып, өлең айтатынын бұл үлкендердің көр-
ген, сезгені осы ғана. Абай өзінің қалжыңынан мұндай үлкен әсер болады 
деп ойлаған жоқ еді. Енді қайтадан өз-өзінен қысылыңқырай бастап:
– Өз өлеңім емес, – деді мынау үлкендердің шамасын біраз қылжақ ет-
кендей боп, – бағана кешке Шөжені көріп ем, соның өлеңі, – деді.
Үйдегілер нанар-нанбас боп, жапырлап сұрастыра бастағанда, Абай бір-
қалыпты күлімсіреген жүзбен сыр білдірмей отырып:
– Осында бір Майбасар деген ағам бар. Күнде сүйтіп маза бермейді, со-
ған жауап үйретші деп ем, сол кісі үйретті, – деді.
Шөженің бағанағы мысқылшыл, ойнақы, ащы күлкісі Абайдың қазір 
көз алдында. Жаңағыдай Майбасарды жайратып салғанына Абай өзі де 
ішінен қатты ырза болатын.
...сыртқы есік ашылып, жылдам басып, Қарабас келді... Дырду тез ба-
сылды. Қарабас үйге басын сұға бере, табалдырықтан аттамай, даурығып:
– Болыңдар! Намаз бітті! Қонақтар мырзаның пәтеріне беттегелі жа-
тыр... «Қаратай мен Ызғұтты жетсін!» деді. Ал тегіс, шапшаң! – дегенде, 
үйдегі жұрт дүрк тұрып, асығып киіне бастады...


139
Абай... ақырын аяңдап, әкесінің үйіне келді.... 
Абай қонақ үйлердің есік-есігінен бір-бір қарағаны болмаса, ешқайсы-
сына кірген жоқ.
....Абай Құнанбай бөлмесінен шырқай шыққан үн есітті.
Табақшының біразы да бұған елең етті. Абай да барып, есікті біраз 
ашыңқырап қарап, көз салды... Шоқша бурыл сақалы бар, жал тұмсық, 
сұр жүзді бір кісі екен. Домбырасын безілдете ойнақшытып, зор қайыр-
маны басып ап, содан әрі домбыраны көлденең салып қойып, тақпақтай 
соғып, желдірте жөнелді...
– Бұл кім?
– Бұл қайсысы?..
– Қай ақын?.. – дескен үндер өзге бөлмелерден де және табақшылар 
арасынан да естіліп еді...
Құнанбай бөлмесінен ауыз үйге қарай басын шығара беріп, Қаратай:
– Балта, Балта ақын! – деді.
Жанынан шығарып, сілтеп отырған, Алшынбай қасында жүретін Балта 
ақын екен...
Алған жарың жамандап,
Асқанды қайдан табарсың...
Ағайынды жат біліп,
Жақынды қайдан табарсың?
Араз болсаң, еліңе
Жамандық айтар хабаршың.
Тату болсаң, ағайын,
Сонау қатын-балаға
Сүйінші айтар хабаршың, –
деп тоқтады. Үй ішінен:
– Уа, сөз төресі осы да!.. – деп даурығып, мақтау айтып жатқан Алшын-
бай, Қаратай, тілмаш үндері келді.
Осындай үлкен ауыр жиында мынадай суырыпсалма сөз және аразды 
табыстыратын бітім, жамау сөз Абайға бір алуан қызық сияқты көрінді... 
Абай Бөжейдің пішінін жаңа жақсылап көрді. Ажарында ашу жоқ. Бі-
рақ соншалық ашық-жарқын, сауық, қызық та жоқ... 
Бұл үй әңгімесін қоңыр кеңеске айналдырған – Алшынбай мен 
Баймұрын. Еңгезердей үлкен бойлы, сары Баймұрын Бөжейді татуластыра 


140
әкелген кісі болатын... Осы уақытта Қаратай ауыз үйге шығып, Ызғұтты 
мен Майбасарды шақырып ап:
– Татулық болды, татуластырды!.. – деді.
– Ал байлау не болды?.. Тынымы не болған екен?.. – деп, Майбасар 
ентелей түсті.
– Тынымы да өзгешелеу болды білем... Араларың алыс болса, қыз алы-
сып, құда болысыңдар дер едік. Ағайынсың, жақынсың, бірақ сол жа-
қындығың қайта жаңғырсын! Екеуің бала алысыңдар! Бөжей Құнанбайдан 
бала ауысып, бауырына салсын. Сүйтіп иістерің аралассын! – десті...
* * * 
...Ертеңінде Бөжейлер жүрер кезде Абайдың Қарқаралыда естіген жат 
сөзінің шешуі жетті.
Өз үйінде жер бауырлап жылап, Айғыз жатыр екен. Қарабас мұның қо-
лынан Кәмшатты алып, шарт киіндіріп, үлкен үйге апарыпты... 
Құнанбай босаңсыған пішіндердің барлығына жалғыз көзін оқтай қа-
дап, атып жібергендей қарайды...
Үй ішінде түк өзгеріс сезбеген, бұрынғысынша былдырлаған Кәмшат 
тысқа қарай бір бөтен, үлкен кісі ала жөнелгенде ғана шошынып еді.
– Апа!.. Апа!.. Әже!.. – деп, шырылдап қоя берген.
Кішкентай жүрегін қорқыныш қысып, зар қаққан бала дәл бір от басып 
алғандай шыр-шыр етеді...
Назар аудар!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет