Р. М. Таштемханова Мұстафа Шоқайдың тарихи бейнесі


Түр­кі­стан өзіне то­лық­ мем­ле­кет­тік тәуел­сіз­дікті та­лап­ етеді



бет13/28
Дата31.12.2019
өлшемі2,81 Mb.
#54011
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Түр­кі­стан өзіне то­лық­ мем­ле­кет­тік тәуел­сіз­дікті та­лап­ етеді” (ерекшелеген М. Шо­қай­. – К. Е.) деп­ жар­ сала­мыз”­ [27] де­ген­ сөз­дері дүрліктіреді.

М. Шо­қай­дың­ көз­қарасы жыл­дар өте “о­рыс­ де­мок­ратиясы­мен­” о­дақ­тасу бары­сын­да Ре­сей­ Федерациясы­ның­ құра­мын­дағы автономия­дан­ Түр­кі­стан­ның­ то­лық­ тәуел­сіз­дігі ү­шін­ жұ­мы­стану қа­жет­тігі жө­нін­де тоқ­там жасауға мүмкіндік­ бер­ген күр­делі жол­дан ө­тіп­, өрке­ниетті ел­дер­дің көп­шілі­гін­де қолдауға ие болады. О­ның­ “Автономия­дан­ – тәуел­сіз­дікке” [28] де­ген­ мақаласы осы­ның­ айғағы бо­лып­ табылады. Ол ү­шін­ ұлт­тық­ тәуел­сіз­дік – о­тар­шыл­дар­дың оз­быр­лықтары­нан, атамекені­міз­ бен­ хал­қы­мыз­ды та­лан­-та­раж­дан құт­қару­дың­ бас­ты шар­ты. М. Шо­қай­дың­ саяси кү­рес­те ка­дет­термен және э­сер­лер­мен­ одақтасу­дан­ бас­ тар­туы­ “о­рыс­ де­мок­ратиясы­ның­” ұлт­тық­ мәселе бой­ынша шови­нис­тік-кон­серва­тив­тік көз­қа­рас­тарға қа­рай­ бет­ бұра бас­тауына, о­рыс­ е­мес­ ха­лық­тар­дың­ тәуел­сіз­дік ү­шін­ күресі­нің­ заң­дылы­ғын­ жоқ­қа шығаруға бағыттал­ған­ әре­кет­теріне бай­ла­ныс­ты еді. А. Керенс­кий­, П. Милю­ков­ се­кіл­ді орыс­ э­миг­рациясы­ның­ таны­мал­ тұл­ғалары өздері ұйым­дас­ты­рып­ отыра­тын­ жиын­дар­да ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­тарға қар­сы шабуыл­дар­ды дағ­дыға ай­нал­дырады. “Д­ни” газеті­нің­ ре­дак­ция­сын­да өт­кен­ о­сын­дай жиын­дар­дың бі­рін­де “Современные за­пис­ки” жур­налы­ның­ ре­дак­торы М. В. Виш­няк­ баяндама жасап­, бір­неше “теория­лық­” қағида­ ұсынады. О­ның­ пікі­рін­ше, бі­рін­ші­ден­, Ресей­ге бағы­ныш­ты ха­лық­тар­дың­ бәрі бір­дей саяси дер­бес­тік­ алуға құқығы жоқ­; е­кін­ші­ден­, дер­бес­тік – мем­ле­кет­ті­лік­ деп­ а­тал­ғаны­мен­, ол ө­зін­-өзі билеуге ұмты­лып­ о­тыр­ған ұлт­тар­дың Ре­сей­ден­ бөлі­ніп­ шы­ғып­, бө­лек­ мем­ле­кет­ құру құқығы ре­тін­де түсі­ніл­меуі тиіс. Осы­дан­ ба­рып­ Виш­няк­ Ре­сей­ге бағы­ныш­ты ха­лық­тар мен­ шет­ ай­мақ­тар саяси және мәде­ни пі­сіп­-же­тіл­ген­нен­ кейін Ресейдің­ мем­ле­кет­тік тұ­тас­тығы шең­бе­рін­де ө­зін­-өзі билеуге құқылы; мұн­дай тұ­тас­тық кон­федерация, немесе федерация бола ма, ол жағы тех­ника мен­ ыңғай­лы­лық­қа бай­ла­ныс­ты де­ген­ қоры­тын­дыға келеді [29].

Шы­нын­да да, мұ­нан­ бі­раз­ бұ­рын­да “Ре­сей­дің­ тұ­тас­тығы мен­ демократия­ның­ бара­бар­лығы” [30] туралы жар­ сал­ған М. Виш­няк­тің бұ­л пайымдаулары бү­гін­гі күн­гі Ре­сей­ идео­лог­тары­ның­ сө­зін­ еске салады. Шет­ аймақ­тар­дың­ Ре­сей­ден­ қол­ ү­зіп­, өз алдына мем­ле­кет­ құру құ­қығын­ мойындамауда М. Виш­няк­ М. А. Баку­нин­нің өз алдына бөлі­ніп­ шыға­тын­ құрылым­ ше­тел­дік “жау дер­жава­мен­” о­дақ­тасу арқылы “тұ­тас­” құры­лым­ның азат­тығы мен­ тәуел­сіз­дігіне қауіп төн­дірмеуі ке­рек­ де­ген­ “теориясына” арқа сүйейді.

Бас­қаша сөз­бен айт­қанда, о­рыс­ мүд­десіне зиян кел­тіру­ден­ қауіпте­ніп­ Украина, Кав­каз­ және Түр­кі­стан өздері­нің­ ұлт­тық­ мұ­рат­тары­нан­ өз е­рік­тері­мен­ бас­ тар­туы және Ре­сей­дің­ ұлы­дер­жава­лық­ ұмты­лыс­тары ал­дын­да өзде­рін­ құрбан етуі тиіс [31]. М. Виш­няк­тің құйт­ыр­қы “теориясымағына” о­рай­ М. Шоқай­ “Яш Түр­кі­стан” жур­на­лын­да мақала жария­лап­, о­ның­ шови­нис­тік мәнін­ а­шып­ көр­сетеді. “Бұ­л баяндаманы тағы да еске алуы­мыз­ Керенс­кий­дің­ төрағалығы­мен­ өт­кен­ жиында про­фес­сор Шац­кий­дің­ Сырт­қы іс­тер­ ха­лық­ комис­сариаты­ның­ саясаты мен­ Ре­сей­дің­ халықара­лық­ мүд­делеріне ар­нал­ған баяндамасына бай­ла­ныс­ты” дей­ді ол. Бұ­л баяндама­ның­ ой өзегі де Виш­няк­тің баяндама­сын­дағы тұжы­рым­дарды қайт­а­лай­ды. О­лар­дың пікі­рін­ше, бас­қа халық­тар­дың­ мүд­делері мен­ құ­қық­тары Ре­сей­ге тиімділігі не тиім­сіз­дігі тұрғысы­нан­ а­нық­талуы және мой­ындалуы ке­рек­. О­лай­ бол­са, бір­ кез­де Ре­сей­ билігіне көнуге ду­шар­ бол­ған ха­лық­тар өздері­нің­ ұлт­тық­ бо­с­тандығы туралы ойлау құқы­нан­ да айырылады. Про­фес­сор Шац­кий Ре­сей­ге қас­ “сырт­қы күш­тер жө­нін­де о­рыс­ э­миг­рант­тары­ның­ жү­рек­тері боль­ше­вик­тері­нің­ жү­рек­тері­мен­ қатар­ соғады” дей­ді, о­ған­ жиында сөз­ ал­ған­ Керенс­кий­ де қосылады” [32].

М. Шо­қай­ о­лар­дың “сырт­қы күш­тер” деп­ Вар­шавадағы Ю. Пил­судс­кий­ мен­ Па­риж­дегі “Проме­тей­” ұйы­мын­ мең­зеп о­тыр­ға­нын­ жазады. “Д­ни”, “Послед­ние но­вос­ти”, “Воз­рож­де­ние” га­зет­тері­нің­ бет­те­рін­де тәуел­сіз­дік ү­шін­ күре­сіп­ жүр­ген­дер­ге қар­сы осы се­кіл­ді “теория­лық­” мәселе­лер­ көтері­ліп­ қана қой­май­ды, о­лар­дың ұлт­тық­ на­мыс­тарына тие­тін­, өре­сіз­ о­рыс­ мұжығы­ның­ ауызына да түсе бер­мейт­ін­ ө­рес­кел­дік­терге жол­ беріледі. М. Шо­қай­ Ре­сей саяси эмиг­рациясы ө­кіл­дері­нің­ Ке­ңес­ Ода­ғын­дағы оқиға­лар­ға көз­қа­рас­та­рын­ “Д­ни”, “Пос­лед­ние но­вос­ти”, “Воз­рож­де­ние” се­кіл­ді басы­лым­дар арқылы ғана е­мес­, оң­шыл­ социа­лис­тер мен­ революцио­нер­лер­дің­ же­тек­шілері Н. Д. Авк­сен­тьев, Р. Абрамо­вич­, В. Р. Руд­нев­ және тағы бас­қа­лар­ бас­шы­лық­ ете­тін­ “Социалистичес­кий вест­ник­”, “Сов­ре­мен­ные за­пис­ки” жур­налы арқылы да қадаға­лап­ отырады. Әуелі Бер­лин­де, 1933 жыл­дан Па­риж­де шы­ғып­ тұра­тын­ мень­ше­вик­тер­дің­ орта­лық­ органы – “Социа­лис­ти­чес­кий вест­ник­” жур­налы Мұс­тафаға жақ­сы та­ныс­ бола­тын­. Бұ­л басы­лым­да ұлт­тық­ мәселе­мен­ шұғылдана­тын­ Р. А. Абрамо­вич­ тәуел­сіз­дік алу ү­шін­ Ке­ңес­ Одағы құрамындағы ха­лық­тар­дың­ қан­дай да бір­ шарт­тар­ға сай келу қа­жет­тігі туралы ұ­станым­ды уа­ғыз­дайды. Гру­зин­ мень­ше­вик­тері­нің­ же­тек­шісі Н. Н. Жор­да­ния он­дай­ “тұжырымдама” туралы: “Е­гер­ Абрамо­вич­ Ре­сей­ деп­ бү­кіл­ Ке­ңес­ Ода­ғын­ ұ­ғын­са және о­ның­ тұ­тас­ты­ғын­ қор­ғайт­ын­ бол­са, ол Милю­ков­тің лагеріне жақын­дайды, осы­лай­ Мәс­кеу империа­лиз­мі­нің­ жа­ғын­да бо­лып­ шығады” [33] деп­ жазады.

1928 жылы Н. Н. Жор­да­ния “Біз­дің­ ке­ліс­пеуші­лік­тері­міз­” атты ең­бек­ жария­лап­, онда ұлт­тар­ құқықтары­­ аза­мат­тық құ­қық­тарға сәй­кес­ болуы ке­рек­, соны­мен­ бір­ге ұлт­тар­дың құ­қық­тары аза­мат­тар­дың­ тең­ құқылығы п­рин­ципі­мен­ шек­телмеуі тиіс” [34] деп­ көр­сетеді.

М. Шо­қай­ гру­зин­ қай­рат­кері­нің­ бұ­л еңбегі­мен­ на­зар­ аудара оты­рып­ танысып­ шығады. Ол қан­дай ұлт­тың­ бол­са да өз же­рін­де, өз е­лін­де тұра­тын­ халық­тың, әлеу­мет­тік-экономика­лық­, мәде­ни және саяси даму дең­гейіне қарама­стан, еш­қан­дай шарт­сыз­, тәуел­сіз­дікке құқығы бар­лы­ғын­ мой­ындау жағын­да болады. Ұлт мәселесі төңіре­гін­де М. Шо­қай­ П. Н. Милю­ков­пен де келісе ал­май­ды, оны­мен­ де идея­лық­ кү­рес­ жүр­гізеді. П. Милю­ков­ те А. Керенский­ се­кіл­ді М. Шо­қай­, Н. Жор­да­ния, Гаяз Исхаки, Ә. Топ­чибашы, М. Я. Мех­тиев се­кіл­ді қай­рат­кер­лер­дің ұлт­тық­ мәселе бой­ынша ұстанымдарына қар­сы шығады. П. Милю­ков­, А. Керенс­кий­, М. Виш­няк­ се­кіл­ді э­миг­рациядағы о­рыс­ же­тек­шілері Вуд­ро Виль­сон­ның мем­ле­кет­тік және ұлт­тық­ шекара­лар­дың сәй­кес­тілігі туралы 1918 жыл­ғы бей­біт­ дек­ларация п­рин­ципі­нің­ Ке­ңес­ Одағына кел­мейт­ін­дігі, о­ның­ бас­қа ел­дер­ден өзгешелігі туралы пі­кір­лер таратады. Әсіресе, о­лар­ э­миг­рациядағы о­ры­стан өзге ха­лық­тар ө­кіл­дері­нің­ ұлттық­ мәселе­лер­ді В. Виль­со­н дек­ларациясы (яғ­ни әр ұлт­тың­ өз мем­лекеті болуы) негі­зін­де рет­теу туралы та­лап­та­рын­ сын­ға алады. Э­миг­рацияда “Республика­лық­-де­мок­ратия­лық­ бір­лес­тік­” де­ген­ ұйым құр­ған П. Милю­ков­ экономика­лық­ бай­ла­ныс­тар мен­ жал­пы қауіп­сіз­дік мүд­делері Ре­сей­ халықтарын­ мем­ле­кет­тік тұ­тас­тықты сақ­тауға и­тер­ме­лей­ді [35] дей­ді. “Мұндағы ха­лық­тар­дың­ табиғаты және өзара қа­рым­-қаты­нас­тары сипаты бойынша да, о­лар­дың Ре­сей­дегі үс­тем­ ұлт­пен­ қа­рым­-қаты­нас­та­рын­ ал­ған­да да Ре­сей­ Авс­тро-Венг­рия және Отто­ман­ империясы се­кіл­ді дер­жава­лар­дан мүл­дем е­рек­шеленеді [36]. Сол­ се­беп­ті Виль­сон­ның ша­ғын­ ха­лық­тарды өз алдына дербес мем­ле­кет­тер құруы арқылы а­зат­ ету туралы ұлт­тық­ бағ­дарламасы Ресейге қолда­ныл­майды” дей­ді Милю­ков­.

Осы тұр­ғы­лас­ пі­кір­лерді э­миг­рант­тық­ ортада эконо­мис­т А. П. Мар­ков­, бұ­рын­ғы ха­лық­шыл социа­лис­т В. Д. Стане­вич­ таратады, айна­лып­ кел­генде олар­дың бар­лығы да М. Шо­қай­ға және бас­қа да ұлт­тық­ тұл­ға­лар­ға қар­сы “идеялық­ май­дан­” құ­рай­ды. Мұс­тафа о­лар­дың пі­кір­ле­рін­ эт­ностық­ тұр­ғы­дан­ емес­, саяси сипаты тұр­ғысы­нан­ қа­был­да­май­ды. Мұс­тафа қа­зақ­, өз­бек­ және басқа да тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ Ре­сей­мен­ бір­ мем­ле­кет­ құра­мын­да тең­ құқылы өмір­ сүре ал­майт­ын­дығы, өз алдына дер­бес ел болуға ұмты­лыс­тары сырт­қы фак­тор­лар­дан не бол­маса жеке тұл­ға­лар­дың би­лік­ құруға ниеттенуі­нен­ е­мес­, тарихи даму қа­жет­тілігі­нен­ туын­дай­ды деп­ көр­сетеді. Оны бұ­л ха­лық­тар­дың­ пат­ша өкіметі тұ­сын­да, кейін ке­ңес­ зама­нын­да әлеу­мет­тік-экономика­лық­ және мәде­ни дамуын жан­-жақ­ты тал­дау, о­рыс­ о­тар­шылдығы­ның­ о­лар­ға п­рог­рес­шіл­ даму жолына түсуге мүм­кін­дік­ бер­мейт­ін­дігіне нақ­тылы мы­сал­дар кел­тіру арқылы дә­лел­дейді.

М. Шо­қай­дың­ о­рыс­ о­тар­шылдығы­ның­ ә­лем­дегі ұлт­тық­ үс­тем­дік­тің­ ең дөрекі, қаты­гез­ түрі е­кен­дігі туралы пікірі Ә. Бө­кей­ха­нов­, А. Б­айт­ұрсы­нов­, М. Дула­тов­ сын­ды А­лаш­ қай­рат­керлері­нің­ ұ­станым­дары­мен­ үнде­сіп­ жатады. Әсіресе, М. Шо­қай­дың­ Ре­сей­дің­ Қа­зақ­ дала­сын­дағы саясаты туралы ізде­ніс­тері М. Ты­ныш­паев­тың­ 1905 жыл­дың 19 қараша­сын­да Пе­тер­бург­те автономияшылдардың­ І съе­зін­де жаса­ған­ баяндамасы­мен­ о­рай­лас­ келеді [37].

Қа­зақ­ зиялылары о­рыс­ о­тар­шылдығы­ның­ түп­кі мақ­саты: бі­рін­ші­ден­, қазақ­тар­дың­ ті­лін­, сал­т-дәс­тү­рін­ және ді­нін­ вар­вар­лық­ жол­мен қу­ғын­дау арқылы о­лар­ды ұлт ре­тін­де жою, бү­кіл­ өлкені о­ры­стандыру; е­кін­ші­ден­, әр­түр­лі ә­кім­ші­лік­ іс-шара­лар­мен, нұс­қау­лар­ және жар­лық­тар­мен қа­зақ­тарды құқығы жоқ­, заң­нан тыс­ то­быр­ға ай­нал­дыру; қа­зақ­тар­дың­ “қаны там­ған” жер­ле­рін­ тартып а­лып­, шөл­ далаға ы­ғыс­ты­рып­ тас­тау, со­ның­ сал­дары ре­тін­де ашаршылық­қа, де­мог­рафия­лық­ дағ­да­рыс­қа ду­шар­ ету деп­ көр­сетеді. Бұ­хар­ жырау­дан­ бас­тап “Зар­ за­ман­” а­қын­дарына дейінгі қа­зақ­тың сұң­ғыла ойшылдары О­рыс­ мем­лекеті­нің­ Шы­ғыс­қа бет­те­ген­ саясаты­ның­ ө­ңір­ге үл­кен­ апат­ әкеле­тін­ді­гін­ ал­дын­ ала бол­жа­ған­. Ол сая­сат­тың бас­тауы І Петр­дің­ “өсиетін­де” тұжы­рым­далғаны бел­гілі. О­рыс­ пат­шасы­ның­ мұра­гер­лері Шығысты түп­кі­лік­ті жау­лап­ алу туралы жос­пары бой­ынша Түр­кі­стан­нан­ Үндістанға, Оң­түс­тіктегі Кав­каз­дан Пер­сияға және Азия­лық­ Түр­кияға өтуге ұмтылады [38].

Ре­сей­ императоры І Па­вел­дің билігі тұ­сын­да Шы­ғыс­тағы ел­дер­ді иелену жо­лын­дағы о­тар­лық саясаттың­ не­гіз­гі те­тік­тері кең­ кө­лем­де ой­лас­тырылады. Импера­тор­дың нұс­қауы­мен­ са­рай­ ми­нист­рі М. В. Рас­топ­чинге Ре­сей­дің­ сырт­қы саясаты­ның­ ст­ратегия­лық­ ба­ғыт­-бағ­да­рын­ бел­гі­лейт­ін­ бағ­дарлама жасауға тапсырма беріледі. О­ның­ жос­пары І Петр­дің­ “Өсиетіне” сәй­кес­тендірі­ліп­, 1800 жыл­дың 2 қаза­нын­да бекітіледі. Бағ­дар­ламада империя­ның­ аума­ғын­ ұл­ғайт­у ашық­ түр­де бел­гіле­ніп­, Анг­лия, Ф­ран­ция, Авс­трия және П­рус­сия сияқты мемле­кет­тер­дің­ кү­ш-қуа­тын­ әлсірету шаралары, Үн­ді­станды ба­ғын­дыру ү­шін­ Қа­зақ­ даласы арқылы әскери экс­педиция жө­нел­ту және Ос­ман­ империя­сын­ бөлшектеу мәселелері қа­рас­тырылады [39].

М. Шоқай заманында Ре­сей­ сырт­қы саясаты­ның­ империя­лық­ өк­тем­дікке не­гіз­дел­ген­дігі, о­ның­ қа­зір­гі билеушілері­нің­ де “жыл­жымалы шекара” тұжырымдама­сын­ ұ­станып­ келе жат­қандығы ә­лем­ жұрт­шылығына жақ­сы мәлім­. М. Шо­қай­ о­рыс­ о­тар­шылдығы­ның­ дөрекі кү­ш арқылы ғана е­мес­, екіжүзді­лік­, алдау-арбау ә­діс­тері­мен­ де жүр­гізілетініне бір­неше ең­бек­тер арнай­ды. “О­рыс­ о­тар­шылдығы­ның­ сипаты” де­ген­ мақалада: “Пат­ша­лық­ Ресейден­ бөлі­ніп­ өз алдына тәуел­сіз­ ө­мір­ сүр­мек бол­ған Түр­кі­стан сын­ды өлкелер­ді жыл­дар бой­ы қан­ды со­ғыс­тар арқылы Мәс­кеуге тәуелді е­тіп­, ұлы орыс­ үс­тем­ді­гін­ ор­нат­ты. Біз­дер­ ү­шін­ ең қай­ғылысы – осы оқиға­лар­ды большевик­тер “о­рыс­ е­мес­ ха­лық­тар­дың­ а­зат­тығы”, “шы­ғыс­қа қам­қорлығы”, орыс­ ұлты­ның­ “а­дам­герші­лік­ мін­де­тін­ өтеуі”, пай­ғам­бар Ле­нин­нің бо­дан­ халық­тарға істе­ген­ “шапағаты” деп­ атауы” [40] дей­ді ол.



Мұн­дай идеология­лық­ уа­ғыз­дарға көн­бе­ген­дерді ү­рім­-бұтағына дейін қуғын­ға салады. Өз­бек­, қа­зақ­, қыр­ғыз т. б. мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ ө­мір­ сүру ке­ңіс­ті­гін­ о­рыс­тар­дың­ эт­ностық­ атамекеніне ай­нал­дыру ү­шін­ жүр­гі­зіл­ген жүйелі де кең­ кө­лем­дегі шара­лар­ пат­ша­лық­ ке­зең­де ғана е­мес­, “бо­стан­дық­ әкел­дік” деп­ жар­ сал­ған Ке­ңес­ өкіметі тұ­сын­да да о­рын­ алады, тап­тық принципке не­гіз­дел­ген­ ле­ни­низ­м о­рыс­ о­тар­лық жүйесі­нің­ идеология­лық­ негі­зін­ қа­лай­ды. М. Шо­қай­ о­рыс­ үс­тем­ді­гін­ қам­тама­сыз­ етуде ха­лық­ты руха­ни құлдықта ұстауға аса зор­ ма­ңыз­ бе­ріл­ге­нін­, руха­ни үс­тем­дікті ны­ғайт­у­дың­ басты құ­рал­дары­ның­ бірі о­рыс­ е­мес­ ха­лық­тар­дың­ тарихын Мәс­кеу мүд­десіне орай­ “қайт­а жазу” е­кен­ді­гін­ өт­кен­ ға­сыр­дың 30-жыл­дары а­тап­ көр­сетеді. “Орыс­тар Түр­кі­станды Мәс­кеуге тек­ экономика­лық­ жағы­нан­ ғана бай­лап­-матаумен­ шек­те­ліп­ қана қой­май­, мәде­ни, руха­ни өмірі­нің­ көрінісі бол­ған бү­кіл­ тарихи шы­ғар­мала­рын­ да өз қалауынша бұр­ма­лап­, Мәс­кеу­дің­ еркіне тәуелді етуде”, Түр­кі­станды о­тар­лау ү­шін­ “а­дам­герші­лік­ өл­шем­дерге сый­майт­ын­ ең бір­ шек­тен шық­қан шара­лар­ға” жүгі­ніп­ о­тыр­ [41] деп­ жазады. Со­ның­ бір­ мысалы ре­тін­де шы­ғыс­ ха­лық­тары қоға­мын­дағы әйел мәселе­сін­ боль­ше­вик­тер е­мес­, қазақ­ зиялылары, жә­дит­ші­лер­, бас­қа да ұлт зиялылары­ның­ қой­ған­дығына бұлтарт­пас­ дә­лел­дер кел­тіреді. Осы­ған­ қара­ма­стан Ке­ңес­ өкіметі ұлт зиялыларын­ әйел э­ман­сипациясына қар­сы, “кертарт­па” күш­тер ­деп си­пат­тап шыға келеді. М. Шо­қай­дан­ бі­раз­ кейін боль­ше­вик­тер­дің­ “әйел­дер­дің тең­ құқылығы” де­ген­ ұ­ран­ды қа­зақ­, қыр­ғыз т. б. ха­лық­тар­дың­ отбасына ой­ран­ салып­, өз мақ­саттарына қа­лай­ пай­да­лан­ғандығы туралы амери­калық­ про­фес­сор Г. Мас­сел­ “Пролетариат сур­рогаты” [42] де­ген­ кіта­бын­да “бұ­л ұ­ран­ның түп­кі мақ­саты мұ­сыл­ман әйелдері есебі­нен­ жұ­мыс­ қо­лын­ то­лық­тыру, дәс­түрлі мұсыл­ман мәде­ние­тін­ күйрету, о­лар­ды жаңа әлеу­мет­тік жүйе жағына тар­ту” деп­ көр­сетеді. Пат­ша­лық­ Ре­сей­дің­, кейін Ке­ңес­ өкіметі­нің­ идео­лог­тары 1917 жыл­ға дейінгі о­рыс­ о­тар­шылдығы­ның­ бас­қа мет­рополия­лар­дың отаршылдығынан­ “о­зық­ты­ғын­”, “гума­нис­тік” си­пат­та бол­ғанды­ғын­ дә­ріп­теп кел­ді және он­дай­лар­ бү­гін­гі күні де құ­рып­ қал­ған е­мес­. Он­дай­ пі­кір­ді ұста­май­-ақ о­рыс­ би­лік­ жүйе­сін­ “әскери-фео­дал­дық империа­лиз­м” тұжырымдамасы тұрғысы­нан­ тү­сін­діруге ты­рыс­қан­дар­дың өздері де қо­ғам­дық ө­мір­ден шеттетіліп­, қағажу көреді. М. Шо­қай­ бол­са о­рыс­ о­тар­шылды­ғын­ ә­лем­ тарихындағы ең жа­бай­ы құбы­лыс­ ­деп қа­рас­тырады. Әрине, XVІІІ ға­сыр­дан бас­тап Г. Кол­бин­нің кезіне дейін қа­зақ­тарды жүйелі түр­де қыр­ғынға ұшыра­тып­ кел­ген он­дай­ би­лік­ті бас­қаша бағалау мүм­кін е­мес­. М. Шо­қай­дың­: “Дүниежүзін­де Түр­кі­стан­нан­ бас­қа да көп­те­ген­ о­тар­ ел­дер­ бар­. Ол жер­лерде де үс­тем­ ұлт­тың­ оз­быр­лығы­нан­ жә­бір­ ше­гіп­ жат­қан­дар­ аз е­мес­. А­лай­да дәл­ орыстың о­тар­шыл­дық­ саяса­тын­дай сұм­дық­тар­ды та­рих­ әлі көр­ген жоқ­” [43] деп­ ашынуы шын­дық­тан­ а­лыс­ е­мес­. О­рыс­ о­тар­шылдығы­ның­ “ар­тық­шылығы” жө­нін­дегі уа­ғыз­дарға о­рыс­ э­миг­рант­тары да қосылады. Ре­сей­ билеушілері би­лік­ ү­шін­ та­лас­та қиян-кес­кі шай­қас­тарға бар­ғаны­мен­, бұратана ха­лық­тар­дың­ демок­ратия­лық­ құ­қық­та­рын­ қам­тама­сыз­ етуге даяр бол­май шығады, “ағы да, қызылы да о­лар­ды өз қо­л ас­тында ұстауды қа­лай­ды, о­рыс­ билі­гін­ ең бір­ “ізгілік­ті”, “жа­сам­паз” жүйе ­деп қа­рас­тырады. “О­рыс­ де­мок­ратиясы­ның­” көсемі А. Керенс­кий­ 1930 жылы 23 ма­мыр­да “Д­ни” газе­тін­де: “Түр­кі­станды Үндістанмен­ са­лыс­тыры­ңыз­, Түр­кі­стан әрине, Үн­ді­стан­нан­ көп­ кіші: Ре­сей­дің­ бұ­л жер­дегі мем­ле­кет­тік істері Анг­лия­ның­ Үн­ді­стандағы істеріне қара­ған­да әлде­қай­да салауатты не­гіз­де құ­рыл­ған” [44] дей­ді.

М. Шо­қай­ мұн­дай эт­ностық­ эгоизм­нің­ шын­дық­пен­ үш қай­наса сор­пасы қо­сыл­майт­ын­дығына Түр­кі­стан мен­ Үн­ді­стан­ның­ әлеу­мет­тік-экономика­лық­ даму дең­гейле­рін­ са­лыс­тыру арқылы жауап береді. “Күн­дер­дің кү­нін­де Үндістан Ұ­лыб­рита­ния­дан­ тәуел­сіз­дік ала қал­ған­дай­ кү­н бол­са, ағылшындардан о­лар­ға су жүйелері, те­мір­жол­дар, те­лег­раф­тар­ мен­ зауыт-фабрика­лар­ және о­лар­да жұ­мыс­ іс­теп­ дағ­ды­лан­ған үн­ді­стан­дық­ жұ­мыс­шы кадр­лар­, әлденеше бі­лім­ о­рын­дары және о­лар­ды о­қып­ бі­тір­ген мың­да­ған­ үнді зиялылары қалады. Ал, Түр­кі­станда “Ре­сей­дің­ қам­қорлығы­нан­” қалатыны – тек­ о­рыс­ мұ­жық­тары ғана бо­лып­ шы­ғар­ еді” [45] дей­ді. Әрине, М. Шо­қай­ ағылшын­дар­дың о­тар­лық билі­гін­ ма­дақ­тау­дан­ ау­лақ­, “бұ­л түзі­лім­нің кемшіліктері де аз е­мес­” деп­ көр­сетеді ол. Мұс­тафа қан­дай да бол­сын (ұлт­тық­, әлеу­мет­тік) езгіге қар­сы тұрады. О­рыс­ либе­рал­дық-де­мок­ратия­лық­ а­ғым­ өкілдері бол­сын, “әлеу­мет­тік тең­дік” ұра­нын­ бұ­рын­ғы пат­ша­лық­ империя­ның­ тұ­тас­ты­ғын­ сақ­тауға пай­да­лан­ған боль­ше­вик­тер бол­сын бұ­лар­дың бар­лығына қа­зақ­, өз­бек­, қыр­ғыз, тү­рік­мен және т. б. мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ дер­бес ө­мір­ сүруіне өз мүд­делері тұр­ғысы­нан­ ғана қарау тән­. Мұс­тафа боль­ше­вик­тер­дің­ ұлт­тық­ бағ­дарламасына тал­дау жа­сап­, шын­ мә­нін­де онда ұлт­тар­дың ө­зін­-өзі билеуге, жеке мем­ле­кет­ ре­тін­де бөлі­ніп­ шығуға еш­қан­дай құқығы жоқ­ екендігіне көз­ жет­кізеді. “Ұлт мәселесі төңіре­гін­де” атты мақала­сын­да большевик­тер­дің­ бұ­л мәселе жө­нін­дегі теориясы бұқара ха­лық­ты ал­дап­-арбауға, “ұлт­тар­дың бөлі­ніп­ шығуы социа­лиз­м мүд­десіне қай­шы келе­тін­дігіне” не­гіз­делетініне дә­лел­дер кел­тіреді.



Соны­мен­ Па­риж­дегі А. Керенс­кий­дің­ де, Мәс­кеудегі боль­ше­вик­ жетекшілері­нің­ де о­рыс­ о­тар­лық билігі туралы түр­лі софизм­дер­мен бүркемелен­ген ұ­станым­дары Дж. Неру­дің­ а­ғыл­шын­дар – өз үйінде демократтар­, ал о­тар­ла­рын­да автори­тар­лық жүйені жақ­таушы­лар­ де­ген­ сөзі­нің­ ақи­қат­ты­ғын­ дә­лел­дейді. О­рыс­ үс­тем­дігі­нің­ бас­ты мақ­саты жау­лап­ ал­ған­ өлкенің­ жер­гі­лік­ті тұр­ғында­рын­ ғы­лым­, бі­лім­ге жетелеу емес, әлеу­мет­тік-экономика­лық­ дамуына кө­мек­тесу е­мес­, қайт­а о­лар­ды, қан­дай да бір­ қар­сы­лық­ жасауға мүм­кіндігі бол­мауы ү­шін­, қа­раң­ғы­лық­та ұстау, ұлт ре­тін­де жетілуіне әкім­ші­лік­-құ­қық­тық, саяси, мәде­ни, бас­қа да сан­ алуан тос­қауыл­дар­ қою бо­лып­ табылады. Соң­ғылары­ның­ і­шін­дегі “о­рыс­ мис­сиясы­ның­” ұлт болашағына аса қауіптісі – жер­ мәселесі деп­ е­сеп­тейді ол. М. Шо­қай­ Ф­ран­цияға кел­генде жұр­т назарына ұ­сын­ған тақы­рып­тары­ның­ бірі де осы бола­тын­. 1923 ж. “Orіent et Occіdent” жур­на­лын­да жа­рық­ көр­ген мақала­сын­да Ре­сей­дің­ о­рыс­ шаруала­ры Түр­кі­станға қо­ныс­ аударуы өлкені о­рыс­ жеріне ай­нал­дыру­дың­ бас­ты құралы екен­ді­гін­ айт­ады. Рес­ми құ­жат­тарға сүйене оты­рып­, бұ­л құбы­лыс­тың жер­гі­лік­ті ха­лық­тың тұр­мыс-тір­шілігіне орны тол­мас зиян кел­тіреті­нін­ ес­кер­теді. Мұстафа г­раф­ Па­лен­нің есебі­нен­ 950 мың­ десятина су­лан­ды­рыл­ған жер­ді босату мақ­са­тын­да 5100 тұ­рақ­ты қыс­тау­лар­ қираты­лып­, 30 мың­ қа­зақтың­ шөлді-шө­лейт­ті ө­ңір­ге қуып шығарылуын о­рыс­ ә­кім­шілігі қыз­меті­нің­ бір­ мысалы ре­тін­де кел­тіреді. Ре­сей­ “тарихи мис­сиясы­ның­” ауыр зар­даптары жөнін­де Мұс­тафа мына­дай­ са­лыс­тырмалы мағ­лұ­мат­тарды ұсынады: 1912 жыл­ шама­сын­да Түр­кі­стан­ның­ е­гін­ші­лік­пен айналыса­тын­ хал­қы 2 808 000 десятина, ал 300 мың­ о­рыс­ қо­ныс­ аударушылары мен­ ка­зак­тар 1 500 000 десятина жер­ді иеленеді (бұ­л мәлі­мет­те дала­лық­ қа­зақ­ об­лыс­тары қам­тылма­ған­). М. Шо­қай­ қоныс­ аудару мәселе­сін­ тұ­рақ­ты түр­де, өмірі­нің­ соң­ғы сәтіне дейін назары­нан­ тыс­ қал­дыр­май­ды. О­ның­ о­рыс­ о­тар­шылды­ғын­ өзі­нің­ маз­мұн-мақ­саты, ә­діс­тері тұр­ғысы­нан­ ә­лем­ тари­хын­дағы ең тұр­пайысы, қасі­рет­тісі деп­ е­сеп­теуі осы жағдайға бай­ла­ныс­ты. Мұс­тафа­ның­ көр­сетуінше, бір­де-бір­ империа­лис­тік мемле­кет­ өзіне бо­дан­ ха­лық­тарды “мұн­шама дәрежеде қор­лап, мас­қарала­ған­ емес­” [46]. “Боль­ше­вик­тер­дің­ бір­де-бір­ наси­хат­шысы Ф­ран­ция­ның­ өз о­тар­ елдеріне ф­ран­цуз шаруала­рын­ жап­пай көші­ріп­ жат­қанына дә­лел­ таба ал­май­ды. Ф­ран­цуз о­тар­ла­рын­дағы ком­му­нис­тер­дің­ бір­де-бірі ф­ран­цуз мұға­жыр­лары­мен­ са­лыс­тыр­ған­да бо­дан­ ел тұр­ғындары­ның­ азшы­лық­қа айналу қаупі туралы сөз­ етуі мүм­кін е­мес­. Себебі, Еуропа империа­лис­тері бо­дан­ ха­лық­тары­ның­ жерлерін­ өз шаруалары­ның­ пай­дасына тар­тып алу­мен­ шұ­ғыл­да­нып­ жат­қан жоқ­. Мұға­жыр­лар әкелу, жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­дың жер­ле­рін­ күш­теп тар­тып алу ақ бол­сын, қы­зыл­ бол­сын, қара бол­сын – жал­пы Ре­сей­ мем­лекеті­нің­ е­жел­ден келе жат­қан сүйікті кәсібі” деп­ жал­ғастырады. Өт­кен­ ға­сыр­дың 30-жыл­дары М. Шо­қай­ “Түр­кі­стан­ның­ Қазақ­стан­ бөлі­гін­дегі бір­қа­тар­ ай­мақ­та­рын­да о­рыс­тар қа­зір­дің ө­зін­де көп­ші­лік­ке айнала бас­тады” деп­ да­был­ қағады.

Өз хал­қы­ның­ бір­ бөлі­гін­ қа­зақ­ жеріне көші­ріп­ әке­ліп­ қо­ны­с­тандыру “бос­ жат­қан жер­лерді шаруашы­лық­ айна­лым­ға қосу қа­жет­тілігі”, шаруашы­лық­ты жүр­гізу­дің­ “о­зық­ тә­сіл­де­рі­” деген секілді айла-а­мал­дар­мен­, көбіне күш­теу, зорлау жол­дары­мен­ жүзеге асырылады. М. Шо­қай­дың­: “Мем­ле­кет­тің ұлт­тық­ мүд­десі мен­ болашағы тұр­ғысы­нан­ ойла­ған­да, о­тар­шыл­дық­тың ең қорқынышты түрі – жер­гі­лік­ті ха­лық­тар­дың­ же­рін­ тар­тып алу бо­лып­ табылады” де­ген­ ес­кер­туі бү­гін­гі күні де ө­зек­ті. Түр­кі­стандағы ұлт-а­зат­тық қозғалысы­ның­ экономика­лық­ маз­мұны жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­дың өз ата-бабалары­ның­ қонысы­нан­ айыры­лып­ қал­мауға саяды. М. Шо­қай­: “Төң­ке­ріс­тен бұ­рын­ғы ұлт­тық­ бағ­дарлама­мыз­дың не­гіз­гі бап­тары­ның­ бірі – атамекені­міз­ге орыс­ мұға­жыр­лары­ның­ тас­қы­нын­ тоқ­тату бола­тын­. Ол кез­де бұ­л мәселені турадан­-тура қою мүм­кін е­мес­ еді. Сол­ се­беп­ті Әли­хан­ Бө­кей­хан­ мен­ о­ның­ ізбасар­лары – біз­дер бұ­л саладағы талабы­мыз­ды алды­мен­ түр­кі­стан­дық­тар­дың ө­зін­ орна­лас­ты­рай­ық, ал о­рыс­ мұ­жық­тары мәселесі түр­кі­стан­дық­тар­ орнала­сып­ бол­ғанша және Ре­сей­дің ө­зін­де жер­ мәселесі ше­шіл­генше тоқ­татыла тұр­сын деген­ түр­де қой­ып кел­ген­біз­. Біз­ мәселені осы­лай­ қой­ғаны­мыз­да жер­гі­лік­ті халық­тарды жер­ге орна­лас­ты­рып­ бол­ғанға дейін он неше жыл­ уа­қыт­ ке­рек­ болады. Осы уа­қыт­ і­шін­де Ре­сей­де төң­ке­ріс­ бол­май қой­май­ды де­ген­ ойда болатын­быз” [47] деп­ еске алады кейін.

А­лай­да 1917 жыл­ғы революция­дан­ кейінгі мер­зімде жер­ мәселесі бұрынғы­дан­ бе­тер­ ушығады. Қо­ныс­ аудару саясаты­ның­ Ке­ңес­ өкіметі тұ­сын­да да жал­ғастырылуы М. Шо­қай­дың­ “Қазақ­стан­ның он жыл­дығына”, “О­рыс­ империа­лиз­мі ха­рап­ бол­сын” де­ген­ ең­бек­те­рін­де қа­рас­тыры­лып­, қа­зақ­, қыр­ғыз және бас­қа мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ жері­нен­ айырылуы о­лар­ды е­сеп­сіз құрбан­дық­тарға әкелетіні туралы ғылыми бол­жам жасалады. М. Шо­қай­ да елде жүр­ген зиялы­лар­ се­кіл­ді “жер­ тағ­дыры – ел тағ­дыры” деп­ е­сеп­тейді. 1928 жылы “Йе­ни Түр­кі­стан” жур­на­лын­да жария­лан­ған “О­рыс­ қо­ныс­ аудару саясаты туралы” де­ген­ мақала­сын­да “қо­ныс­ аударушы­лық­ о­рыс­ мем­ле­кет­тілігі­нің­ мән­-мағына­сын­ а­нық­тайды, еуропа­лық­тар ры­нок­ты өз тауарла­рын­ өткізу ү­шін­ іздесе, о­рыс­тар бө­тен­ жер­лерді өз шаруала­рын­ қо­ны­стандыру ү­шін­ із­дей­ді, орыс­тар­дың­ ұлт ай­мақ­тарына ке­ліп­ орналасуы­ ора­сан­ зор­ қауіп екенін айтып отан­дастары­мыз­ды сақ­тандыру – біз­дің тіке­лей­ парызы­мыз­” [48] деп жазады.

Сол­ жылы Мұс­тафа В. Даб­ровс­кий­ге жол­да­ған­ ха­тын­да: “Е­гер­ Түр­кі­стан ке­ңес­ билі­гін­де қал­са, қо­ныс­ аудару жал­ғаса түседі, ал ол бол­са біз­дің ұлт­тық­ тұр­ғы­дан­ жойы­лып­, жұты­лып­ кетуі­міз­ге жол­ ашады”, сол­ се­беп­ті, ұлт­тық­ тұрғы­дан­ сақ­талу ү­шін­ Түр­кі­стан өз тәуел­сіз­ді­гін­ қайт­а­рып­ алуы ке­рек­ [49] дей­ді. Мұс­тафа­ның­ бұ­л идеясы Түр­кі­стан хал­қы­ның­ көп­шілігі­нің­ Ке­ңес­ өкіметін­ қа­был­дамағаны, марк­сис­тік идеология­ның­ жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­дың сал­т-санасына, бү­кіл­ ө­мір­ сүру бол­мысына жат­ е­кен­дігі туралы қағида­лар­ға сүйенеді. Бұ­л о­рай­дағы о­ның­ қа­зақ­ қоғамына көз­қарасы А­лаш­ қоз­ғалысы­ның­ же­тек­шілері А. Б­айт­ұрсы­нов­ пен­ Ә. Бө­кей­ха­нов­тың “қа­зақ­тар­дың­ тап­қа бөлінбе­ген­дігі бы­лай­ тұр­сын, тап­тар туралы түсінігі де бол­ған жоқ­” де­ген­ ұстаным­дары негі­зін­де өрбітіледі. М. Шо­қай­дың­ Ке­ңес­ өкіметі­нің­ Қа­зақ­ даласын­да орнауы жа­й­ындағы көз­қарасы 1920 жылы “Воль­ный го­рец­” газеті­нің­ бір­неше са­нын­да жария­лан­ған “Ке­ңес­ өкіметі және қыр­ғыз­дар­” [50] де­ген­ мақала­сын­да ег­жей­-тег­жейлі баяндалады. “Қып­шақ­ оғлы” де­ген­ бүр­кен­шік­ есім­мен жа­рық­ көр­ген бұ­л материалда қа­зақ­тар­дың­ тап­тық теорияны, большевик­тер­дің­ қазақ өмі­рін­, тұр­мыс-сал­тын, сана­сын­ осы “і­лім­ге” сәй­кес­ қайт­а құруға ба­ғыт­тал­ған­ әре­кет­те­рін­ қа­был­дамағаны жө­нін­де дә­лел­ді пі­кір­лер біл­діріледі. О­ның­ пай­ымдауынша, пат­ша үкіметі­нің­ саясаты сал­дары­нан­ қазақтар о­рыс­ хал­қына тап­тар мен­ топ­тарға жік­те­мей­, тұ­тас­тай, өзі­нің­ ұлт­тық­ қанаушысы ­деп қарады; қа­зақ­тар­дың­ түсіні­гін­де ке­лім­сек о­рыс­ шаруалары­ның­ о­рыс­ ә­кім­дері­нен­ еш­қан­дай ар­тық­шылығы бол­ған жоқ­. О­рыс­ революциясы­мен­ бір­ге қа­зақ­тар­дың­ жал­пы идеология­сын­да да революция бол­ды деп­ е­сеп­теу – үл­кен­ қате­лік­.

Қа­зақ­тар ал­ғаш­қы кез­де революцияға ә­діл­дік­тің­ сал­та­нат­ құруы ре­тін­де қа­рай­ды. Бі­рақ­ уа­қыт­ өте келе о­лар­ революцияны о­рыс­ сол­даттары мен­ шаруалары­ның­ шарапаты, ол ү­шін­ қа­зақ­тарды о­рыс­тар­дың­ ал­дын­да мәң­гі­лік­ қа­рыз­дар ре­тін­де са­най­ бас­та­ған­дық­тың­ куәсі болады.

Мұн­дай жағ­дайда қа­зақ­тар бас­қару ор­ган­да­рын­да қан­дай да бір­ лауазымды қыз­мет­тен­ дәме­лен­беуі, ке­ңес­ ко­мис­сарлары­ның­ пікі­рін­ше, не ұсыныл­са, соны қана­ғат­ тұтуы тиіс болады.

Мұ­ның­ өзі қа­зақ­ ин­тел­ли­ген­ция­сын­ Ке­ңес­ өкіметіне қар­сы тұруға мәжбүр­лей­ді. Олар о­рыс­ оқу о­рын­да­рын­да ал­ған­ бі­лім­де­рін­ өз хал­қы­ның­ игілігіне жа­рат­қысы келеді. Жағ­дай та­лап­ ет­кен­ шақ­та қа­зақ­ зиялылары еш­бір­ ой­лан­ба­стан­ ха­лық­пен бір­ге бола білді, 1916 жылы қа­зақ­тар тыл­ жұмысына шақы­рыл­ған кез­де со­ғыс­ май­да­нын­дағы ауырт­па­лық­ты о­лар­мен бір­ге бөлі­сіп­, қол­дары­нан­ кел­ген кө­мек­терін береді.

Бар­лық­ қа­зақ­ зиялылары А­лаш­ туы ас­тын­да жиналады, тек­ бі­рен­-сарандары, революцияға дейінгі қыз­меті бары­сын­да ха­лық­ мүд­десіне қия­нат­ жаса­ған­дар ғана шет­теп қалады.

Ке­ңес­ өкіметі өз үс­тем­ді­гін­ орнату мақ­са­тын­да Ала­шор­даға “Үш жү­з” пар­тия­сын­ қар­сы қояды, Ке­ңес­ өкіметі­нің­ бұ­л қадамы қа­зақ­тар­дың­ санасындағы революция туралы идеяны әшкерелеуге әкеледі [51] деп­ көр­сетеді Мұс­тафа. О­ның­ пікі­рін­ше, қа­зақ­ ха­лық­ бұқарасы көне кез­ден ел мүд­десіне мүлтік­сіз­ қыз­мет істе­ген­ бел­гілі бір­ тұл­ға­лар­ төңіре­гін­де топ­тасады. Осы­ған­ бай­ла­ныс­ты ол ке­ңес­ ұйымдары Қа­зақ­ дала­сын­да революция­лық­ құры­лыс­ты бас­қаруға кө­тер­ген а­дам­дарға си­пат­тама береді. [52]. М. Шо­қай­ осы тұжырымда­рын­ 1921 жылы ма­мыр­ айында Истан­бұлда жаз­ған “Қыр­ғыз­дар Кеңес­ өкіметі­нің­ қо­л ас­тында” де­ген­ мақала­сын­да жал­ғастырады. Онда қа­зақ­ қоға­мын­дағы тарихи тұл­ға­лар­дың орнына бай­ла­ныс­ты тұжырымдамасын­ әлеумет­тік-экономика­лық­ фак­тор­мен­ то­лық­тырады.

Ө­нер­кә­сіп­тік-тех­ника­лық­ мәде­ниет же­тіс­тіктері негі­зін­де дү­ниеге кел­ген о­рыс­ ке­ңес­ жүйесі өзіне тән­ е­рек­ше­лік­тері бар­ Қа­зақ­ даласы­ның­ жағ­дайына сәй­кес­ кел­мейді, сол­ се­беп­ті мұн­да, капита­лис­тік шаруашы­лық­ ны­сан­дары­ның­ жоқ­тығына бай­ла­ныс­ты, боль­шевизм­нің­ бүл­дір­гіш­тік күші то­лық­тай көрі­ніп­, “кү­рес­ ө­мір­дің тірі тін­де­рін­ қиратуға ба­ғыт­талады”, “тап­тық кү­рес­ руара­лық­ жан­жал­мен­ ал­мас­тырылады” [53]. Соны­мен­ бір­ге Мұс­тафа 1918 жыл­дың науры­зын­да Ке­ңес­ өкіметі­нің­ Ала­шор­даны Қа­зақ­ автономиясы­ның­ үкіметі деп таны­ған­ды­ғын­, кейін қуып та­рат­қанды­ғын­ сөз­ етеді.

О­ның­ шы­ғар­машы­лық­ кү­ш-жігері­нің­ өзе­гі­ қо­ғам­ды түр­лі тап­тарға бө­ліп­, о­лар­ды бір­-біріне қар­сы қою­ арқылы алға жыл­жушы­лық мүм­кін е­мес­ деген идея бол­ды. “Пролетариаты” жоқ­ елге ке­ліп­, “пролетариат дик­татура­сын­ орнату­­ о­тар­лық езгіні қайт­а орнату­­ амалы ғана е­кен­ді­гін­” Мұс­тафа өзі­нің­ саяси күресі­нің­ бас­тапқы ке­зін­де-ақ түсінеді. Осы мәселеге бай­ла­ныс­ты ол “Туркестанс­кий­ кур­ъер” газеті­нің­ 1917 жыл­дың 5 қыр­күйегіндегі са­нын­дағы мына жол­дарға сіл­теме жа­сай­ды: “Ескі ре­жим­ ке­зін­де о­рыс­ қауымы арқала­ған­ мін­дет енді жұ­мыс­шы және сол­дат­тар­дың мой­нын­да. Төң­ке­ріс­шіл жұ­мыс­шы-сол­дат және шаруа­лар­ ескі рес­ми о­рыс­ билі­гін­ қолына ұс­тап­ тұ­р”.

Елдегі және шет­ жер­лерде жүр­ген түр­кі­стан­дық­тар­ды тәуел­сіз­дік идеясы төңіре­гін­де топ­тастыру, тәуел­сіз­дік­тен­ бас­қа жол­ жоқ­ е­кен­ді­гін­ тү­сін­діру М. Шо­қай­ бас­қар­ған­ “Яш Түр­кі­стан­ның­” бас­ты мін­детіне айналады. Онда жария­лан­ған “Біз­дің­ жол­” де­ген­ ал­ғаш­қы бағ­дарлама­лық­ мақалада Түр­кі­станда орна­тыл­ған Ке­ңес­ өкіметі де­ген­нің о­рыс­ пролетариаты дик­татурасы­ның­ формасы, жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­ қа­был­дама­ған­ жат­ жұрт­шы­лық­тың билігі екендігі мә­лім­деледі.

Қа­зақ­, өз­бек­ және бас­қа да мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ ал­дын­да о­рыс­ капита­лис­тері мен­ кө­пес­тері­нің­, не о­рыс­ шаруалары мен­ мұ­жық­тары­ның­ езгісі ас­тын­да ө­мір­ сүру е­мес­, о­лар­дың қай­-қай­сысы­ның­ да зор­лық-зом­былығы­нан­ құтылу тұр­ғанды­ғын­ М. Шо­қай­ бас­қа да ең­бек­те­рін­де баян­дай­ды. Елдегі қа­зақ­ зиялылары да: “Шөл­ді-шө­лейт­ті дала мен­ таулы-қы­рат­ты жер­лерге ы­ғыс­ты­рыл­ған қыр­ғыз хал­қына үкі­мет­ бір­ ғана бо­стан­дық­ – а­шар­шы­лық­тан өлу, аяу­сыз­ қанаушы­лық­қа са­лып­ о­тыр­ған ку­лак­тарға мың­дап баты­рақ­ бо­лып­ жал­дану бостанды­ғын­ бер­ді” де­ген­ түйінге келеді.

Еш­қан­дай әлеу­мет­тік тірегі жоқ­ о­тар­лық жүйені ке­ңес­тік фор­мада қайт­а орнату бары­сын­да қа­зақ­ хал­қы­ның­ көзі а­шық­, көңілі ояу ө­кіл­дері жап­пай қуғын­-сүр­гінге түседі. М. Шо­қай­ да со­лар­дың бірі бола­тын­. 1920 жыл­дың қыркүйе­гін­де РК(б)П Қыр­ғыз­ (қа­зақ­) об­лыс­тық бюросы­ның­ саяси хат­шысы И. А. Аку­лов­ де­ген­ өлке­лік­ пар­тия кеңе­сін­де Ке­ңес­ өкіметі­нің­ ұлт саясаты­ның­ ал­дын­да тұр­ған мін­дет ре­тін­де “бай­лар­мен, ақса­қал­дар­мен­”, “қыр­ғыз­дар­ға ықпал­ ету ү­шін­ қыр­ғыз ин­тел­ли­ген­циясы­мен­” жі­гер­лі түр­де күресуді ұсы­нып­, “о­лар­дың төрт­тен­ үші ала­шор­дашы­лар­, бур­жуазия­лық­-ұлт­шыл­ көз­қа­рас­тар­мен­ у­лан­ған­дар­” [54] деп­ жария­лай­ды.

1917–1920 жыл­дар аралы­ғын­да о­рыс­ жұ­мыс­шыларының, сол­даттары мен­ мұ­жық­тары­ның­ қан­құйлы істеріне куә бол­ған М. Шо­қай­ Түр­кі­станда Ке­ңес­ өкіметі­нің­ қа­лай­ орна­тыл­ғаны жө­нін­де “Chez les Sovіets en Asіа Centrale” (1920), “В Тур­ке­стане”, “1917 жыл­ туралы есте­лік­тер­ден­ ү­зін­ді­лер­” атты еңбекте­рін­де бүк­пе­сіз­ шын­дықты жай­ып салады, сонысы­мен­ де ол “пролетариат революциясы” де­ген­нің а­дам­ құ­қық­тары­ның­ антиподы е­кен­ді­гін­ жария етеді. 1920 жылы “Независи­мый­ го­рец­” газе­тін­де М. Шо­қай­: “Өт­кен­ жаз­ бой­ы мен­ Түр­кі­станда тұ­рып­, о­ның­ жер­гі­лік­ті тұр­ғындары­ның­ өміріне зер­ сала қара­дым­; ал­быр­т а­дам­ қиялы­ның­ өзі ха­лық­тың басы­нан­ кеші­ріп­ о­тыр­ған а­пат­ пен­ мо­раль­ды­қ қор­лаушы­лық­тың көле­мін­ қам­ти ал­май­ды” [55] деп­ түр­шіге жазады.

Мұс­тафа­ның­ бұ­л сөз­дері­нің­ айны қате­сіз­ шын­дық е­кен­дігі сол­ кез­де Орта Азия мен­ Қазақ­стан­дағы оқиға­лар­ды көзі­мен­ көр­ген­дердің­ де, кейіні­рек­ жазылған ше­тел­ зерт­теушілері­нің­ (А. Пар­к, Р. Пай­пс, Х. Се­тон­-Уот­сон­, Э. Карр, Р. Конк­вес­т, М. Рыв­кин­ т. б.) де ең­бек­те­рін­де дә­лел­денеді. 1926 жылдың сәуір айында Г. Сафа­ров: “Орта Азияда бір­ мил­лион­нан­ ас­там­ қа­зақ­ больше­вик­ гуге­нот­тары­ның­ құр­баны бол­ды... Е­гер­ осы ке­зең­де өлкеге а­ғыл­ған о­рыс­тар са­нын­ ес­кер­сек, жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­ ара­сын­дағы құр­бан­дар­ саны мұнан­ да көбі­рек­ болуы ықти­мал­” дей­ді. 20-жыл­дар­дың­ бас­ ке­зін­де, яғ­ни Г. Сафа­ров­ айт­ып­ о­тыр­ған мер­зімде, Қа­зақ­ дала­сын­да бол­ған а­ғыл­шын жазушысы Раль­ф Фок­с тура осы мәлі­мет­ті қайт­а­лай­ды [56]. Ке­ңес­ идеологтары­ның­ ұлт­тық­ езгі­нің­ тек­ капита­лиз­м дү­ниесіне ғана тән­ е­кен­дігі туралы насихаты­ның­ жал­ғандығы М. Шо­қай­ ең­бек­те­рін­де теория­лық­ тұр­ғы­дан­ да, социа­лис­тік құры­лыс­ тәжірибе­сін­ нақ­тылы тал­дау арқылы да тия­нақ­талады. Өнді­ріс­ құ­рал­дарына жекемен­шік­тің­ жой­ылуы ұлт­тық­ езгі­нің­ жой­ылуына объек­тив­тік не­гіз­ қа­лайт­ын­дығы туралы боль­ше­вик­тік тұжырымдама­ның­ ө­мір­ шын­дығына қай­шы келе­тін­дігі о­ның­ “Ке­ңес­ үс­тем­дігі­нің­ 16-ыншы жыл­дығына о­рай­”, “О­рыс­ мис­сио­нер­лігі”, “Ста­лин­ социа­лиз­мі – тонаушы­лық­ты қамтамасыз­ ететін саяси жүйе”, “Мақ­та төңіре­гін­дегі кү­рес­”, “Күш­теуге негіздел­ген­ ө­нер­кә­сіп­”, “Элект­рификация­лық­ шала­ғай­лық­”, “Түр­кі­стан кеңестер қо­л ас­тында” т. б. [57] ең­бек­те­рін­де көр­сетіледі.

1931 жылы мау­сым­ айында жаз­ған “Түр­кі­станда” атты еңбе­гін­де социализм­нің­ Орта Азия мен­ Қазақ­стан­ның жер­гі­лік­ті тұр­ғындарына “а­дам­ жаны­ның­ аз­ғын­дауын” ә­кел­гендігі жө­нін­де мы­сал­дар кел­тіреді. Мұс­тафа­ның­ бұ­л жұмысы 1930 жылы ұлт­шыл­дық конт­рреволюцияға” қа­тыс­қаны ү­шін­ айыптал­ған түр­кі­стан­дық­тар­дың бірі­нің­ Таш­кент­тен­ қа­шып­ шы­ғып­, Ф­ран­цияға жет­кен әйелі­нің­ әңгімесі мен­ “Ең­бек­ші қа­зақ­” және тағы бас­қа ке­ңес­ газеттерінің­ мағ­лұ­мат­тары негі­зін­де жа­зыл­ған. Осы де­рек­терге сүйене оты­рып­, “о­рыс­ пролетариаты дик­татурасы­ның­ әлеу­мет­тік же­ңіс­тері­нің­ бірі қа­зақ­тар арасын­да а­рақ­ ішу мен­ кар­та ойыны­ның­ таралуы” деп­ жазады М. Шо­қай­. Ресей­ге тән­ е­рек­ше­лік­тер­дің­ бірі ре­тін­дегі мас­кү­нем­дік жө­нін­де ол мына жағдай­лар­ды айт­ады. О­рыс­ хал­қы­ның­ Ви­зан­тия­дан­ х­рис­тиан­дық­ты қабылдауының­ өзі а­рақ­ ішуге рұқ­сат беруіне бай­ла­ныс­ты. О­рыс­ тарихы­ның­ оқу­лық­та­рын­да Киев князы Влади­мир­дің (Х ғ.) түр­кі елдері­нің­ дін­дері­мен­ танысуға жібе­ріл­ген елшілері Ис­лам­ға құба-құ­п қа­рай­ды, бі­рақ­ бұ­л дін­нің­ шош­қа е­тін­ жеуге, а­рақ­ ішуге тыйым салаты­нын­ біл­ген­нен­ кейін о­дан­ бас­ тартады... Әрі қа­рай­ М. Шо­қай­: “о­рыс­ та­рих­намасы­ның­ негі­зін­ қала­ған­ тұң­ғыш о­рыс­ жыл­намашысы Нес­тор­ “На Руси есть обы­чай­ пити, без­ чего мы не мо­жем­ жити” деп­ жаз­ған бола­тын­. Бас­қа сөз­бен айт­қанда а­рақ­ (мас­кү­нем­дік) о­рыс­ өмірі­нің­ руха­ни негізі бо­лып­ табылады. Міне сон­дық­тан­ о­рыс­тар­дың­ жау­лап­ ал­ған­ елдеріне көбі­рек­ әкеле­тін­ өнімі – а­рақ­ е­кен­дігі түсі­нік­ті. Машина­лар­, мектеп­тер­ және бас­па ­станок­тары жө­нін­де о­рыс­тар көп­ ойла­нып­ жат­пайды” [58] деп­ жазады. О­рыс­ “куль­турт­ре­гер­лігі­нің­” бір­ мысалы ре­тін­де соң­ғы импера­тор­ ІІ Нико­лай­дың­ ке­зін­дегі қар­жы ми­нист­рі және п­ремь­ер г­раф­ Н. В. Ко­ков­цев­тің­ Қа­зан­ гу­бер­ниясына оқу-а­ғар­ту ісіне кре­дит­ті кө­бейт­у­ден­ бас­ тарт­қан­ себе­бін­ “та­тар­лар а­рақ­ты аз ішеді” деп­ тү­сін­дірге­нін­ еске алады. Енді міне кеше ғана а­рақ­ты та­тып­ ал­майт­ын­ түр­кі­стан­дық­тар­ өздері­нің­ шын­ боль­ше­вик­тер е­кен­ді­гін­ дә­лел­деу ү­шін­ және “о­рыс­ жол­дастары­нан­ да о­зып­ түсу ү­шін­” іше бас­тады. Мұны о­рыс­ боль­ше­вик­тері­нің­ “революция­лық­ ықпалы” деп­ есептеу­дің­ [59] жөні бар­ дей­ді Мұ­ста­фа.

Қа­зақ­тар­дың­ Ке­ңес­ өкіметі тұ­сын­да кө­ріп­ о­тыр­ған қор­лықтары да түр­лі жол­дар­мен­ Мұс­тафаға же­тіп­ тұрады. 1929 жыл­дың қаң­та­рын­да Қазақ­стан­дағы өзі­нің­ се­нім­ді а­дам­дары­ның­ бірі­нен­ Сер­гио­поль­ қала­сын­да қа­зақ­тарды о­рыс­ жұ­мыс­шылары­ның­ жап­пай соқ­қыға жық­қандығы жө­нін­де ха­бар­ алады. “Дереккөзі­нің­ аса шын­шылдығына қара­ма­стан мен­ бұ­л ақпа­рат­ты бір­ден жариялама­дым­” [60] дей­ді ол. Тек­ 1929 жыл­дың 25 қараша­сын­да ғана Сергиополь­ ойраны жө­нін­де мақала дай­ын­дап­, оны “Populaіre” не “Vorwцrtsга­зет­тері­нің­ бі­рін­де жариялау жө­нін­де өтінішпен А. Э. Дюбуаға жібереді [61]. Материал “Сер­гио­поль­дегі ой­ран­” деп­ а­тал­ғаны­мен­, қа­зақ­тарды ұ­рып­-соғу мен­ қор­лаушы­лық­тың Се­мей­ мен­ Ақтөбе­нің­ ең­бек­ бир­жала­рын­да, А­рыс­ ­станциясын­да о­рын­ а­лып­ о­тыр­ғаны, Сер­гио­поль­де о­рыс­ бү­лік­шілері­нің­ қа­зақ­ атаулыны қан­сы­рат­қаны баяндалады [62].

“Түр­кі­стандағы ке­ңес­ ұлт­тық­ саясаты­ның­ теориясы мен­ п­рак­тикасы” деген­ еңбе­гін­де Ре­сей­ империясы­ның­ енді Ке­ңес­ Одағы деп­ а­тал­ғаны, мұ­нан­ мұ­сыл­ман ха­лық­тары жө­нін­дегі мем­ле­кет­ саясаты­ның­ өз­гер­ме­ген­дігі, о­рыс­ боль­ше­вик­тері ү­шін­ ха­лық­тар­дың­ ө­зін­-өзі билеу құқы­ның­ еш­қан­дай нақ­тылы маз­мұны­ның­ жоқ­тығы туралы айт­ылады. Осы тұр­ғы­дан­ қа­зақ­, өз­бек­ және басқа да ха­лық­тар­дың­ ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ әді­лет­тілігіне тоқ­та­лып­, “мемлекетті ұлт­тық­ не­гіз­де ғана құруға болады, себебі мәде­ниет пен­ өрке­ниет ұлт­тық­ не­гіз­де ғана же­міс­ береді” [63] де­ген­ ма­ңыз­ды қоры­тын­ды жа­сай­ды.

Ре­сей­ қай­ ке­зең­де де өзіне бағы­ныш­ты ха­лық­тарды бас­қаруда о­рыс­ үстем­ді­гін­ қаяу­сыз­ мой­ын­дайт­ын­, ман­сап пен­ тақ­құ­мар­лықты өз ұлты­ның­ мүддесі­нен­ жоғары қоя­тын­ жеке “тұл­ға­лар­ға” сүйе­ніп­ келеді. Бі­лім­ дең­гейі, іске қа­рым­-қабілеті жө­нін­дегі та­лап­тар о­лар­дың русо­фил­ді­к қасиетіне бағындырылады. Он­дай­ бас­шы­лар­ Ре­сей­ге бо­дан­дықты өзі­нің­ сән­-салтанатының­, “мәр­тебелілігі­нің­” кепілі деп қа­рай­ды. Ал, бұ­л сияқты “бо­дан­ тұл­ға­ның­” де­мок­рат, не ав­ток­рат е­кен­дігі, хал­қын қай­ыршы­лық­та ұс­тап­, қатыгез­дік жүйе ор­нат­қандығы­ е­мес­, о­рыс­қа шек­сіз бе­ріл­гендігі ғана е­сеп­ке алынады. Ке­зін­де қа­зақ­тарды пат­ша өкіметі қа­лай­ бас­қарса, боль­ше­вик­тер де со­лай­ бас­қарады. Қа­зақ­тар­дың­ бірі қу­ғын­далады, е­кін­шісі мара­пат­талады. Осыған­ бай­ла­ныс­ты М. Шо­қай­ ұлт­тық­ ин­тел­ли­ген­ция­ның­ қо­ғам­дағы рөліне, ке­ңес­ өкіметі­нің­ кад­р саясатына ар­най­ы тоқ­талады. Ол о­тар­лық үс­тем­дік­тің­ халық­ бір­лігіне қар­сы ба­ғыт­тал­ған­дығына, о­ның­ сол­ ха­лық­тың арасы­нан­ өзіне “кө­мек­ші­лер­” тап­қан жағ­дайда ғана о­рын­ тебетініне бір­неше мақаласын­ арнайды. Осы ойларына о­рай­ Мұс­тафа “Түр­кі­станда Ке­ңес­ өкіметі­нің­ басына кел­ген қы­зыл­ о­тар­шы­лар­ға тіл­маш­тар­ және о­лар­дың бұйры­қ­та­рын­ о­рын­дайт­ын­ ма­құл­бай­лар­ ке­рек­ бол­ды” [64] де­ген­ Г. Сафа­ров­тың сө­зін­ кел­тіреді.

Өз кезе­гін­де мұн­дай “ләббай” қара дүр­сін­дер­ді о­рыс­ боль­ше­вик­тері ұлт тағ­ды­рын­ ойла­ған­, көкі­рек­ көзі ояу зиялы­лар­ға қар­сы қой­ып, ұ­ран­да­тып­, саяси ойын­дар­ға ара­лас­тырады. Мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ бас­ кө­тер­ген ө­кіл­деріне “ұлт­шыл­дар” де­ген­ ат қойы­лып­, о­лар­ды өз хал­қына жау қы­лып­ көр­сету мақсатын­да сан­ алуан сұм­дық­тар­ға, екі­жүз­ді­лік­ пен­ қаныпе­зер­лікке, не­бір­ құйт­ыр­қы ә­діс­терге барады.

“Түр­кі­стандағы жер­гі­лік­тендіру қан­дай маз­мұн­дар­ды қам­тиды?” [65] деген­ мақала­сын­да Мұс­тафа жер­гі­лік­тендіру науқаны­ның­ о­тар­лық үс­тем­дікті бүр­кемелеу­дің­ бір­ амалы е­кен­ді­гін­, 1930 ж. Алматыдағы пош­та бө­лім­ше­сін­де жал­ғыз ғана қа­зақ­тың жұ­мыс­ істе­ген­ді­гін­, ай­мақ­тық прокуратура, статистикалық­ мекеме­лер­де қа­зақ­тар­дың­ жұ­мыс­қа қа­был­дан­байт­ын­ды­ғын­, кеңес­, пар­тия аппа­рат­тары­ның­ көп­шілі­гін­де ісқа­ғаз­дары­ның­ о­рыс­ ті­лін­де жүргізіле­тін­ді­гін­ жазады. М. Шо­қай­ өз ең­бек­те­рін­де Ре­сей­ о­тар­шылдығы­ның­ бас­ты си­пат­тары­ның­ бірі жер­гі­лік­ті ха­лық­ты о­ры­стандыру е­кен­дігіне бір­неше рет­ қайт­а айна­лып­ соғады. О­ның­ бас­ты құралы ең алды­мен­ қа­зақ­тарды өз тілінен­ айы­рып­, о­лар­дың о­рыс­ ті­лін­де сөй­леуін қам­тама­сыз­ ету еді. М. Шо­қай­ а­лай­да о­рыс­ тілі­нің­ түр­кі­стан­дық­тар­ды мәде­ниетке жетелеу құралы ғана е­мес­, ке­ңес­ өкіметі ү­шін­ қа­зақ­ жас­та­рын­ о­ры­стандыру амалы е­кен­дігін де айтып сақтандырады. “Түр­кі­стан мек­тептері” де­ген­ мақала­сын­да о­рыс­ ті­лін­де сөйлемеу мен­ о­қыт­паудың бур­жуазия­лық­ ұлт­шыл­дыққа бала­нып­ о­тыр­ғанын жазып, о­ған­ мы­сал­ ре­тін­де “П­рав­да” газеті­нің­ 1937 жыл­дың 28 желтоқсанындағы са­нын­да жария­лан­ған мақалаға сіл­теме жа­сай­ды. Мұн­дай сая­сат­ жал­ғаса бер­се, қа­зақ­тар көп­ ұза­май­ өз ті­лін­де сөй­леу құқығы­нан­ айырылады және қа­зақ­ тілі “ұлы о­рыс­тың руха­ни мәде­ние­тін­ таратушы техника­лық­ құ­рал­дың” рө­лін­ ғана атқарады деп­ сақ­тандырады.

Ке­ңес­ Одағы құра­мын­дағы тү­рік­ ха­лық­тары ү­шін­ тәуел­сіз­дікке ұмтылыстан бас­қа жол­ жоқ­ е­кен­ді­гін­ не­гіз­деуде М. Шо­қай­дың­ қа­зақ­тар­дың­ 1917 жыл­дан бас­тап пер­манент­ті түр­де а­шар­шы­лық­қа ұшыратылуына ар­нал­ған ең­бек­тері­нің­ орны е­рек­ше. Мұс­тафа қа­зақ­тар­дың­ қыр­ғынға ұшырауын большевик­тер мен­ о­рыс­ қо­ны­с­танушылары­ның­ іс-әре­кет­тері­нің­ сал­дары ­деп қа­рас­тырады. 1917 жыл­дың аяқ ке­зін­де “Бір­лік­ туы” газе­тін­де: “Әулиеата маңын­дағы қа­зақ­тар­дың­ а­шар­шы­лық­қа ұшы­рап­ өл­ген­дері қан­ша бол­са, “қарашек­пенді­лер­” өл­тір­ген қа­зақ­тар­дың­ саны о­дан­ ар­тық­ бол­маса, кем­ е­мес­” [66] деп­ көр­сетіледі. 1918 жыл­дың ақ­пан­ айы­нан­ бас­тап Сыр­дария мен­ Жетісу об­лыс­та­рын­ а­шар­шы­лық­ тү­гел­ қам­тиды [67]. Алматы­дан­ Самараға кел­ген бір­ жолаушы Жетісу тұр­ғындары­ның­ а­шар­шы­лық­тан тең­ жар­тысы қы­рыл­ды [68] деп­ ха­бар­лайды. О­ның­ үстіне қы­зыл­ әс­кер­лер­дің­ ха­лық­ты тонаушылығы мен­ Ке­ңес­ өкіметі о­рын­дары­ның­ қа­зақ­тар­дың­ мал­-мүл­кін тәр­кілеуі жал­ғаса түседі [69].

Түр­кі­стан ОАК-нің­ мәжілі­сін­де өлке боль­ше­вик­тері­нің­ же­тек­шісі И­ван­ Тобо­лин­: “Марк­сис­тер­дің­ көз­қарасы бой­ынша экономика­лық­ тұр­ғы­дан­ әлжуаз ха­лық­ ре­тін­де қыр­ғыз­дар­ (қа­зақ­тар. – К. Е.) бәрі­бір­ құриды. Сон­дық­тан революцияға қа­жет­ті қара­жат­ты а­шар­шы­лық­қа қар­сы кү­рес­ке е­мес­, майдандарды қол­дауға жұм­сау ке­рек­” [70] деп­ мә­лім­дейді. Қо­ны­станушы­лар­ тарапы­нан­ қа­зақ­тарды тонаушы­лық­ бұ­рын­ғы­дан­ бе­тер­ кең­ е­тек­ алады. М. Шоқай­дың­ “Есте­лік­те­рін­де” кел­тіріле­тін­ Қазалы тұр­ғыны­ның­ бір­ шағымында: “Қарулы жұ­мыс­шы-сол­дат­тар­ ауыл­дар­ға ке­ліп­, жұрт­ты әбі­гер­ге түсіруде. Үй­лер­ді тін­тіп, “төң­ке­ріс­ пен­ о­ның­ құр­бандары ү­шін­” деп­ ха­лық­ты са­лық­ төлеуге зор­лап жа­тыр­. Е­сік­ алды­нан­ жүйрі­к ат, үй­ден­ кі­лем­, тон­, ал­тын­ немесе кү­міс­ бұйым­дар­ көр­се сұра­май­ әкетуде” делінеді. Ал, о­рыс­ қоныстанушылары бол­са, Г. Сафа­ров­тың сөзі­мен­ айт­қанда, Түр­кі­стан­ның­ ауылдары мен­ қыс­тақта­рын­ “өз қал­тасы се­кіл­ді пай­даланады”. Осы­ның­ салдары­нан­ 1914 жыл­ғы Түр­кі­станда (негізі­нен­ қа­зақ­тарда) 15 мл­н 400 мың­ бас­ мал­дан 1919 жылы 561 531 бас­ жыл­қы мен­ сиыр қалады [71].



Боль­ше­вик­тер ха­лық­ты “ө­гіз­ бұзаулады” де­ген­ге де сен­діруге тыры­сып­, а­шар­шы­лық­тың се­беп­те­рін­ “ду­тов­ тығынына” бай­ла­ныс­ты­рып­ тү­сін­діргісі келеді. Бі­рақ­ о­ның­ бәрі жал­ған, себебі Ақтөбе және Атба­сар­ се­кіл­ді ас­тық­ты аудан­дар бар­лық уа­қыт­та боль­ше­вик­тер­дің­ қо­лын­да болады [72]. Ашаршылықтан ха­лық­ты құт­қару­дың­ бір­ден-бір­ жолы ұлт­тың­ ө­зін­-өзі билеу құ­қын­ сөз­ жү­зін­де е­мес­, іс жү­зін­де жүзеге а­сыр­ғанда ғана мүм­кін болады деп­ есеп­тейді. Әдебиетте Орта Азия мен­ Қазақ­стан­ды қам­ты­ған­ 1921 жыл­ғы ашаршы­лық­ жө­нін­де аз жа­зыл­ма­ған­. Шын­дығына кел­генде бұ­л ө­ңір­ нәу­бет­ құшағы­нан­ 1918 жыл­дан бері құтыла ал­май­ келе жат­қан-ды. Сол­ се­беп­ті Мұстафа 1918–1921 жыл­дар аралы­ғын­дағы а­шар­шы­лық­ты се­беп­-сал­дары бірдей үзі­ліс­сіз құбы­лыс­ ре­тін­де қа­рас­тырады. “А­шар­шы­лық­ және большевиктер­дің­ Түр­кі­стандағы а­шар­шы­лық­ саясаты”, “Фер­ғанадағы ашаршылық­ және оны ұйым­дас­тырудағы Ке­ңес­ өкіметі­нің­ саясаты”, “Түркістандағы а­шар­шы­лық­”, “Бұхарадағы көтері­ліс­тің та­мыр­лары”, “Хиуадағы көтері­ліс­” және тағы бас­қа мақалала­рын­да негізі­нен­ жер­гі­лік­ті тұрғын­дар­ды қам­ты­ған­ а­шар­шы­лық­тың се­беп­тері, а­шық­қан­дар­ға мем­ле­кет­ тарапы­нан­ кө­мек­тің мар­дым­сыз­дығы, аш­тық­ құр­бандары­ның­ саны жө­нін­де тың­ғы­лық­ты зерт­теу­лер­ жүр­гі­зіп­ [73] ба­тыс­ жұрт­шылығы­ның­ назарына ұсынады. “Ке­ңес­ өкіметі а­шық­қан ха­лық­қа жет­кі­лік­ті кө­мек­ бер­мегені бы­лай­ тұр­сын, қайт­а а­шар­шы­лық­тың өрши түсуіне дем­ бе­ріп­ о­тыр­ды” [74] деп­ жазады. 1924 жылы М. Шо­қай­ “Пос­лед­ние но­вос­ти” газе­тін­де боль­ше­вик­тер­дің­ Түр­кі­станды әуел ба­стан “РСФСР аумағын­дағы ұлт­тық­ мәселе­нің­ лабораториясы”, “бү­кіл­ мұ­сыл­ман шығы­сын­дағы кең­ес саясаты­ның­ тәжірибе алаңы” деп­ атағаны, шын­ мә­нін­де де жер­гі­лік­ті ха­лық­қа жүр­гі­зіл­ген “тәжірибенің­” көп­тігі­нен­ Ке­ңес­ өкіметі­нің­ Каза­ков­, Пас­куц­кий, Гер­жод­ се­кіл­ді ө­кіл­дері­нің­ саналы түр­де ұйым­дас­тыр­ған­ геноцидіне ұшырағаны туралы қорытын­ды жа­сай­ды. Мұс­тафа ке­ңес­ де­рек­тері негі­зін­де [75] 1917 жыл­дың 1 маусы­мын­да Түр­кі­стан хал­қы­ның­ саны 8 084 700 а­дам­ға жет­се, о­дан­ 1922 жылы 5 029 512 жан­ басы ғана қал­ды [76] дей­ді. Түр­кі­стан боль­ше­вик­тері­нің­ бас­шысы П. А. Кобо­зев­ аш­тық­ ке­зін­де Түр­кі­стан хал­қы­ның­ 25 пай­ызы, яғ­ни 1,9 мл­н а­дам­ қы­рыл­ға­нын­ [77] мә­лім­дейді. О­лар­дың көп­шілігі қа­зақ­тар­дың­ үлесіне тиеді. Г. Исхаки “Тюр­ки в СССР” де­ген­ еңбе­гін­де: “О­рын­бор мұ­сыл­ман ді­ни жиналысы­ның­ мәлі­мет­теріне сүйене оты­рып­, 1917 жыл­ шама­сын­да Ақмола, Се­мей­, О­рал­ және Тор­ғай об­лыс­тары­ның­ ө­зін­де қа­зақ­тар­дың­ саны жеті миллион а­дам­ға жет­ті [78] деп­ көр­сетеді. П. А. Кобо­зев­ айт­қан­дай­ 1,9 мл­н а­дам­ құр­бан бол­ған­ның­ ө­зін­де де, М. Шо­қай­дың­ Түр­кі­станда Ке­ңес­ өкіметі қа­зақ­тар мен­ өз­бек­тер­дің­ “ке­дей­лерінің, әйелдері мен­ балалары­ның­ сүйектері үсті­не орнады” [79] деуі әб­ден­ о­рын­ды.

1921 жыл­дың 11 тамы­зын­да Па­риж­де Ре­сей­дегі а­шық­қан­дар­ға кө­мек­ беру жө­нін­дегі қо­ғам­дық коми­тет­ құры­лып­, о­ның­ құрамына Н. Д. Авк­сен­тьев, П. Н. Милю­ков­, Г. Исхаки және бас­қа да қай­рат­кер­лер­мен бір­ге М. Шо­қай­ да кіреді [80]. Өз тара­пынан Мұс­тафа тү­рік­ ха­лық­тары а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ жетек­шілері­мен­ бір­ге бар­лық мұ­сыл­ман елдеріне, Америка­ның­ кө­мек­ әкімшілігіне (АРА) ар­нап­, а­шар­шы­лық­ты бас­тары­нан­ кеші­ріп­ жат­қан мұсылман­дар­ға қол­ ұ­шын­ созуға үндеу таратады. АРА 20-жыл­дары О­рал­, Е­діл бойы мен­ Қазақ­стан­ның а­шар­шы­лық­қа ұшыра­ған­ хал­қына а­зық­-тү­лік­, дәрі-дәрмек жет­кізуде үл­кен­ рөл­ ат­қар­ғаны бел­гілі.

Мұс­тафа­ның­ Па­риж­ге бар­ған­нан­ кейін жаз­ған ал­ғаш­қы туындылары­ның­ бірі де осы мәселеге арналады. 1921 жыл­дың 26 қараша­сын­да “Пос­лед­ние новос­ти” газе­тін­де “Қа­зақ­ же­рін­дегі а­шар­шы­лық­” де­ген­ мақаласы жа­рық­ көреді. Мақала­ның­ жазылуына екі жағ­дай түрт­кі болады. Бі­рін­ші­ден­, Қазақстан­ның көп­те­ген­ ау­дан­да­рын­ қам­ты­ған­ а­шар­шы­лық­ жө­нін­де кешеуілдетпей ақпа­рат­ жет­кізу қа­жет­ бол­са, е­кін­ші­ден­, сол­ жыл­дың 16 қарашасын­да Бер­лин­де шы­ғып­ тұр­ған “Но­вый­ мир­” жур­на­лын­да А. Байтұрсынов­қа те­лін­ген “Қа­зақ­ дала­сын­дағы а­шар­шы­лық­” атты мақаласы басылады. Онда А. Б­айт­ұрсы­нов­ а­шар­шы­лық­тың бас­ты себе­бін­ таби­ғат­тың қолай­сыз­дығы­нан­ із­деп­, о­ған­ кінәлі ке­ңес­тік би­лік­ е­кен­ді­гін­ тура айт­а ал­май­ды. М. Шо­қай­ мақала авторы­ның­ бұ­л тұжы­рымы­мен келісе ал­май­ды да, оны өз пікір­лері­мен­ то­лық­тырады. “1918 жылы бү­кіл­ жаз­ бой­ы және 1918–1919 жылдың қы­сын­да Тор­ғай, О­рал­ және За­кас­пий об­лыс­та­рын­дағы қа­зақ­тар­дың­ ортасын­да бо­лып­, Ке­ңес­ өкіметі­нің­ оз­быр­лықта­рын­ өз кө­зім­мен көр­дім, ашаршы­лық­тың түп­кі себебі – “қо­ғам­дастыру”, “тәр­кілеу” мен­ қа­зақ­ шаруалары­ның­ мал­да­рын­ Қы­зыл­ Армия­ның­ пай­дасына тар­тып алу” [81] дей­ді. Мұ­ның­ тағы бір­ дәлелі ре­тін­де ол “Қа­зақ­тар­дың­ Ле­нин­ге хаты” де­ген­ құ­жат­ты кел­тіреді. Онда “қа­зақ­тарды ін­дет­ ке­зін­де және а­дам­ төз­гі­сіз­ са­ни­тар­лық жағдайда медицина­лық­ кө­мек­тен қағу – қи­сын­сыз. Тіп­ті, бойы­мыз­ға і­лер­ киіміміз­ де жоқ­, сон­дық­тан­ әйелдері­міз­ сырт­қа шығу­дан­ қал­ды. Ашаршылықтың жай­лағаны сон­дай, а­дам­дар ит­тің­ е­тін­ жеуге, балала­рын­ сатуға дейін барды” делінеді.

М. Шо­қай­ өз тал­даула­рын­ “мұ­нан­ бай­қағаны­мыз­дай, қа­зақ­ же­рін­дегі жұ­т өз беті­мен­ кел­мепті, ол – революция ә­кел­ген а­пат­, боль­ше­вик­тік сая­сат­тың кесірі” деп­ қоры­тын­ды­лай­ды. Мақаласы­ның­ со­ңын­да Мұс­тафа “Но­вый­ мир­” жур­на­лын­дағы мақала­ның­ авторы А. Б­айт­ұрсы­нов­ е­мес­ті­гін­, не бол­маса мақала­ның­ мағына­сын­ ке­ңес­тік цен­зура­ның­ түбірі­мен­ өз­гер­тіп жі­бер­ге­нін­, себебі ол А. Б­айт­ұрсы­нов­тың көз­қа­рас­тарына сәй­кес­ кел­мейт­ін­ді­гін­ айт­ады. “А. Б­айт­ұрсы­нов­ – әйгілі қа­зақ­ жазушылары­ның­ бірі. Ол қай­ ла­герь­ді жақ­таса да, о­ның­ көз­қа­рас­тары­ның­ шы­най­ы е­кен­дігіне кү­мән­ кел­тір­мей­міз­” деп­, “Қазақ­тар­дың­ Ле­нин­ге ха­тын­да” А. Б­ай­т­ұрсы­нов­тың “қол­таңбасы мен­ ой өрнегі­нің­” бар­лы­ғын­, о­ның­ хат­ты Мәс­кеуге а­пар­ған делегация құра­мын­да да бар­ғанды­ғын­ жазады. Т. Рыс­құ­лов­ 1923 жыл­дың 10 ақпа­нын­да И. Ста­лин­ге жаз­ған ха­тын­да М. Шо­қай­дың­ осы мақала­сын­ еске а­лып­, о­ның­ кей­бір­ тұжырым­да­рын­ жоқ­қа шығаруға әре­кет­тенеді. Кейін “Ақ жол­” газетіне байланыс­ты бұ­л мақалаға И. Ста­лин­ де оралады. Рыс­құ­лов­тың Ста­лин­ге 1924 жылы сәуірде жол­да­ған­ келесі ха­тын­да М. Шо­қай­дың­ Ке­ңес­ өкіметіне қар­сы мақалалар жария­лап­ жүр­ге­нін­, о­ған­ Түр­кі­стан­нан­ біреу­лер­дің “нақ­тылы деректер” жет­кі­зіп­ тұраты­нын­ [82] айт­ады.

М. Шо­қай­дың­ а­шар­шы­лық­қа ұшыра­ған­ қа­зақ­ және бас­қа да мұ­сыл­ман халық­тарына кө­мек­ көр­сету жө­нін­дегі үндеуі мен­ мақаласы о­рыс­ эмигранттары­ның­ ә­лем­ жұрт­шылығы­ның­ наза­рын­ тек­ өз хал­қына қа­рай­ бұруға ниет­тен­ген әре­кет­теріне де бай­ла­ныс­ты еді. 1921 жыл­дың 18 шіл­де­сін­де Социал-революцио­нер­лер пар­тиясы­ның­ Орта­лық­ ұйым­дас­тыру бюросы “ашаршы­лық­қа ұшыра­ған­ о­рыс­ хал­қына кө­мек­ беру” жө­нін­дегі “Еуропа мен­ Америка­ның­ де­мок­ратиясына” атты үндеуін таратады [83]. Осы­лай­ша М. Шоқай­ кешегі “о­дақ­тас” э­сер­лер­дің­ ше­тел­де шови­низм­ге бет­ бұр­ған құбылысы­мен­ ұшырасады. Ал, ше­тел­дік­тер­дің Ре­сей­ге көмегі ке­ңес­ әкімшіліктері­нің­ ұйға­рым­дары­мен­ О­рын­бор өңірі­нен­ әрі ас­пай­ды [84]. Мұс­тафа Ке­ңес­ Ода­ғын­дағы оқиға­лар­ды жіті қадаға­лай­ оты­рып­, ұ­жым­дастыру барысында қа­зақ­тар­дың­ жап­пай қыр­ғынға ұшырауы туралы Лон­дон­да тұра­тын­ танысы А. Бай­ка­лов­қа хат­ жазады, бас­қа да о­рыс­ э­миг­рациясы­ның­ жетекшілеріне, ше­тел­ қай­рат­керлеріне ха­бар­лайды, бір­неше мақала­ жариялайды. 1934 жылы 15 шіл­деде А. Бай­ка­лов­ М. Шо­қай­ға ха­тын­ алғаны және онда көте­ріл­ген мәселе­лер­ бой­ынша біраз әре­кет­тер жасағаны туралы былай­ дей­ді: “А­шар­шы­лық­ туралы мәлі­мет­тері­ңіз­ ү­шін­ үл­кен­ рақ­мет, мен­ оларды тиісті орын­дарға тап­сыр­дым­. Бұ­л мағ­лұ­мат­тар “Социальная лест­ница” жур­налы­ның­ соң­ғы са­нын­да ба­сыл­ған ха­бар­ларға, сон­дай-ақ “Об­сер­вер” газетінің­ бү­гін­гі са­нын­дағы материал­дар­ға сәй­кес­ келеді” [85]. Ол а­шар­шы­лық­ туралы ә­лем­ жұрт­шылығы­ның­ білуі­нің­ ма­ңыз­дылығына, боль­ше­вик­тер­дің­ оны Еуропа жұрт­шылығы­нан­ жасыруға бар­лық шара­лар­ды қол­данып жат­қанына тоқ­талады. Ке­ңес­ өкіметі бұ­л нәу­бет­ жал­ғыз қа­зақ­тарды ғана е­мес­, бү­кіл­ Ресейді қам­тып о­тыр деген пі­кір­де бол­са, А. Байка­лов­ та осы ұ­станым­ды қолдайды. Осы­лай­ша о­лар­ мұ­сыл­ман­дар­ о­ры­стан бөлі­ніп­ ө­мір­ сүре ал­майд­ы деген бәз­ баяғы “ертегіге” ке­ліп­ та­бан­ ті­рей­ді. “Сіз­дер­дің бар­лықтары­ңыз­дың ұлт­тық­ мақ­саттары­ңыз­ға толығы­мен­ ор­тақ­таса ал­майт­ын­ды­ғым­ды кешірерсіздер­... Ресей­дегі ұлт­тық­ мәселені шешуді... Федерация жолы­нан­ іздеу ке­рек­” [86] деп­ “а­қыл­” береді.

М. Шо­қай­ бол­са 30-жыл­дардағы а­шар­шы­лық­ нәубеті­нің­ ең алды­мен­ қазақ­тар­дың­ басына төн­генді­гін­ айт­ып­, оны төң­ке­ріс­ке дейін қа­зақ­тар­дың­ жан­ басына шақ­қанда қан­ша малы бол­ғаны, енді қан­ша малы­ның­ қал­ғаны туралы ста­тис­тика­лық­ де­рек­тер­мен­ дә­лел­дейді [87]. Қа­зақ­ хал­қы “Ақта­бан­ шұбырынды­дан­” кейін мұн­дай жой­қын­ нәу­бет­ке ұшы­рап­ көр­ме­ген­. 1935 жылдың 22 жел­тоқса­нын­да “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі” ұйымы же­тек­шілері­нің­ бірі Мах­муд­ Мұ­хит­ти Токио­дан­ М. Шо­қай­ға жол­да­ған­ ха­тын­да осы жағ­дайды былай­ша су­рет­тейді:


Өз қанына қары­қ қыл­ды Ота­ным­ды, ұл­тым­ды,

Ді­лім­, ті­лім­ бол­ды енді жауыз­дар­ға құ­л сын­ды.

Мол­да­лар­ да жаза ал­май­ды жү­рек­тегі дер­тімді,

Аздығыма ө­кін­генде дала бір­ге күр­сінді [88].


Ше­тел­ басы­лым­да­рын­да және “Яш Түр­кі­стан” жур­налы­ның­ бет­те­рін­де жа­рық­ көр­ген М. Шо­қай­дың­ ең­бек­тері Ке­ңес­ Одағы құра­мын­дағы мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ тәуел­сіз­дік ү­шін­ күресі­нің­ әді­лет­тілігіне ә­лем­ жұрт­шылығы­ның­ кө­зін­ жет­кізеді. О­ған­ а­ғыл­шын, ф­ран­цуз, амери­кан­, и­тальян, с­кан­динавия­лық­ басы­лым­дардағы қа­зақ­тарды қол­дан қыр­ғынға ұшырату жө­нін­дегі ке­ңес­ саясатына қар­сы пі­кір­лер дә­лел­ бола алады. Ф­ран­цуз Социа­лис­тік пар­тиясы бас­шылары­ның­ бірі Пьер Рено­дель­ Ке­ңес­ Ода­ғын­дағы мұ­сыл­ман ха­лық­та­рын­ жүйелі түр­де қу­ғын­дау, жер­гі­лік­ті ха­лық­ты а­шар­шы­лық­қа ұшы­рат­қан жал­ған ре­фор­ма бү­кіл­ өрке­ниетті ха­лық­тар тарапы­нан­ айыпталуы тиіс деп­ “Жур­наль­ де Деба” де­ген­ басы­лым­да үн көтереді (1928, 8 қа­зан­). 1933–1934 жыл­дары Қазақ­стан­дағы а­шар­шы­лық­ зұл­маты жө­нін­де “Нью-Йорк Ге­раль­д Три­бюн­”, “Нью-Йорк Тай­мс”, “Ман­чес­тер Гар­диан”, “Дей­ли Те­лег­раф”, “Ма­тэн­”, “Фигаро”, “Нойе Цюри­хер­ Цайт­ун­г”, “Га­зет­т де Ло­зан­н”, “С­там­по” және бас­қа да басы­лым­дарда жазылады.

Түр­лі айла-шар­ғы­лар­мен қол­ға түсіре алма­ған­нан кейін [89] Ке­ңес­ өкіметі М. Шо­қай­ға а­шық­ идеология­лық­ нау­қан­ бас­тайды. Ол 1937 ж. қа­зақ­ зиялыла­рын­ қу­ғын­-сүр­гінге салу науқаны бары­сын­да қыза түседі. І. Қабыловтың “Казах­станс­кая п­рав­да” газеті­нің­ 1936 жыл­дың 30 желтоқсанындағы, 1937 жыл­дың 12 қаң­та­рын­дағы, 1937 жыл­дың 27 қаңтарыдағы мақалаларына, бас­қа да материал­дар­ға шолу жа­сап­, М. Шо­қай­ былай­ деп­ жазады: “Яш Түр­кі­стан” арқылы тара­тып­ келе жақ­тан ұлт­тық­ идеялары­мыз­дан қы­зыл­ Мәс­кеу­дің­ зәре-құты қа­шып­ о­тыр­ға­нын­ а­нық­ байқаймыз­. Бұ­ған­ дә­лел­ ре­тін­де Қазақ­стан­ Ком­му­нис­тік пар­тиясы­ның­ 1937 жылы 7 қаң­тарда өт­кен­ жал­пы жиналы­сын­да “мем­ле­кет­ ү­шін­ ұлт­шыл­дық қауіпті тү­с а­лып­ кет­ті” деп­ шы­ғар­ған қаулы­сын­ кел­тір­сек­ те жет­кі­лік­ті” [90].

Ке­ңес­ бас­па­сөзін­дегі өзіне қар­сы ө­ріс­теті­ліп­ о­тыр­ған бай­ба­лам­дар жөніндегі М. Шо­қай­дың­ жауабы бай­сал­ды: “Ке­ңес­тік империа­лиз­м туралы тын­бай жа­зып­, оны өлтіре әшкере­леп­, түр­кі­стан­дық­тар­ды ұлт-а­зат­тық кү­рес­ке шақы­рып­ және тағ­дыр­дың­ жаз­мышы­мен­ осы кү­рес­те ту көтеруші бо­лып­ келе жат­қаны­мыз­ се­беп­ті, боль­ше­вик­тер Түр­кі­стандағы Ке­ңес­ өкіметіне қар­сы барлық іс-қи­мыл­дар­дың­ жауап­кер­шілі­гін­ біз­дің мой­ыны­мыз­ға жүк­тегісі келеді. “Яш Түр­кі­стан” және о­ның­ бас­ ре­дак­торы бол­ма­ған­да, Түр­кі­стан тү­рік­тері орыс­ ке­ңес­ теп­кі­сін­ үн­сіз­ қа­был­дап, Түр­кі­стан­ның­ Ре­сей­ге бо­дан­ бол­ға­нын­ қуаныш­пен той­лайт­ын­дай көрінеді” [91]. Соны­мен­ М. Шо­қай­ Конс­титуция бой­ынша Түркістан федера­тив­тік мем­ле­кет­те ө­мір­ сү­ріп­ жат­қаны­мен­, о­ның­ бұ­л статусы қа­зақ­, өз­бек­ және бас­қа да мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ жан­-жақ­ты және ұлт­тық­ не­гіз­де дамуына мүм­кін­дік­ бер­мейді, әлеу­мет­тік п­рог­рес­тің­ алғы шар­ты – саяси тәуел­сіз­дікке қол­ жет­кізу деген қағиданы іжда­ғат­тайды. Соны­мен­ бір­ге дер­бес мем­ле­кет­ті­лік­тің ха­лық­тың этно-мәде­ни бір­лігі­нің­ сақ­талуы­ның­ ең сенім­ді кепілі е­кен­ді­гін­, жал­пы тәуел­сіз­дікке балама жоқ­ты­ғын­ дә­лел­дейді. Алай­да қан­дай те­рең­ ғылыми теория­лар­ да өзі­нен­-өзі ха­лық­қа бо­стан­дық­ әкеле ал­май­ды. Оны М. Шо­қай­дың­ өзі де жақ­сы тү­сін­ген-ді. “Оқиға­лар­ға тал­дау жасау, ақи­қат­ты әйгілеу­мен­ атамекені­міз­ді құт­қара ал­май­мыз­. Де­ген­мен дұ­рыс­ жа­сал­ған тал­дау­лар­ атамекені­міз­ді құт­қару жо­лын­да кү­ш-жігері­міз­ді қай­ бағыт­тарда жұм­сау қа­жет­ еке­нін­ ай­қын­дап беруі­мен­ құн­ды” [92] дей­ді ол. М. Шо­қай­дың­ ал­дын­да тәуел­сіз­дік ү­шін­ күресу­дің­ қа­жет­ті­гін­ жария­лап­ қана қой­май­, о­ған­ жету жол­дары мен­ те­тік­те­рін­, кү­рес­тің қоз­ғаушы күш­те­рін­ саралау мін­деті тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет