C# программалауортасы туралы жалпы мәліметтер С# тілін («Си-шарп» деп айтылады, мұнда Бетховеннің «Ай сонатасындағы» музыкалық нотация — до-диез таңбасы (#) пайдаланылған; ағылшындар оны «си-шарп» деп оқиды) Microsoft компаниясының маманы Андерс Хейлзберг (Anders Hejlsberg) жаңа объектіге бағытталға программалау тілі ретінде С, C++, Java және BASIC тілдерінің негізінде жасап шығарған. Бұл пәнде осы тілдің негізгі элемент-тері қарастырылады.
С # тілі Microsoft фирмасының .NET (дот-нет) архитектурасы үшін программалар жазуға арналған тілі. .NET – программалау технологиясындағы жаңа платформа, ол желіге қосыл-ған компьютерлерге арналып жасалған.
.NET көмегімен шағын мобильді компьютер-лерде орындалатын программалар жазу ыңғай-лы деп есептеледі. Бұл технология Visual Studio.NET деп аталады да, бұл ортада Visual Basic, басқарылатын С++ және С # тілдерінде программалар жасау қарастырылған, бірақ ол осылармен ғана шектеліп қалмайды.
С # тілінің мүмкіндігі Java тілімен қатарлас, осы екі тіл қазіргі алдыңғы қатарлы технологияларға жатады. С# тілін сүйемелдейтін .NET платформасының программа жасау ортасы бастапқы программаны бірден машиналық кодқа емес, MicroSoft Intermediate Language (MSIL не IL) атты аралық тілге аударады. Ол ОЖ-дан, ком-пьютер типінен тәуелсіз командалардан тұра-ды да, бірден орындалмай, тілдің жалпы орындалу ортасы Common Language Runtime – CLR деп аталатын жүйе арқылы атқары-лады. CLR ортасы кез келген ОЖ-да орында-ла береді. Программаны орындау кезінде, CLR JIT-компиляторын (just in time – дер кезінде) шақырады. Компилятор программаны бөліктерге бөле отырып, оның тек осы сәтте керек бөлігін ғана орындайды.
Тілдің құрамы Кез келген табиғи тілдің мәтінінде символдар, сөздер, сөз тіркестері және сөйлемдер болады. Осындай элементтер программалау тілдерінде де болады, мұнда бірақ сөздер – лексемдер (қарапайым конструкциялар), сөз тіркестері – өрнектер деп, ал сөйлемдер – операторлар деп аталады. Лексемдер симолдардан тұрады, өрнектер – лексемдер мен символдардан, ал операторлар – символдардан, өрнектерден және лексемдерден тұрады.
• Тілдің алфавиті немесе оның символдары — бұл бөлінбейтін негізгі белгілер, солардан тілдің барлық мәтіндері құрастырылады. С# тілінің алфавиті ретіне Unicode символдары қолданылады. Unicode кодтары барлық қолданылатын алфавиттерді бірден бейнелей алады. Оның алғашқы 128 символы ANSI-кодтар кестесіне сәйкес келеді.
• Лексем (token-токен) немесе қарапайым конструкция — өзіндік мағынасы бар тілдің ең кіші бірлігі. Олардың құрамы:
1. Идентификаторлар;
2. Түйінді сөздер;
3. Операция таңбалары;
4. Айыру таңбалары (жақша, нүкте, үтір, айыру символдары);
5. Константалар (литералдар) яғни тұрақтылар;