С. К. Султангазинов ҒумарбекДаукеев атындағы аэжбу «ЭСжээж» кафедрасының доценті


 Электр құрылғыларын пайдалануды ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет27/40
Дата16.06.2022
өлшемі0,76 Mb.
#146675
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40
Байланысты:
1eW5PDdIcayYRpBg27it9vTqOb4hXJ
Tt, ИНФ Лабд11, Расписание по АС каз, Гулайым Батырбекова., 5-9 оку багд, nish-otvety-languages, TapScanner 25-07-2022-14꞉25
Электр құрылғыларын пайдалануды ұйымдастыру 
Электр құрылғылары пайдалану - бұл электр энергиясының қажетті 
сапасы ұсталатын, электр тораптары мен электр қондырғыларына қызмет 
жасаудың ұйымдастырушылық және техникалық шаралары. Сонымен бірге 
электр қондырғыларының істен шығуы мен зақымдалуын болдырмаудың 
алдын ала шаралары, электр энергиясы мен материалдардың минималды 
шығынындағы еңбек қорғау шарттарын қамтамасыз ету жасалады [2,15]. 
Пайдалануға техникалық қызмет жасау, жөндеу, электр техникалық және 
электр қондырғыларын қолдану мен сақтау кіреді. Техникалық қызмет жасау 
жөндеу жұмыстарының арасында орындалатын шараларды, беріктікті 
қамтамасыз ету мен электр құрылғының жақсы жұмыс жасау 
қабілеттілігінбілдіреді. 
Электр құрылғыларды пайдалануды басқару құрылымы дегеніміз, 
кәсіпорынның электрмен жабдықтау жүйесінің брлық элементтерінің қалыпты 
жұмысын қамтамасыз ететін бір бірімен байланысқан басқару органдарының 
бірігуін айтамыз. 
Электр шаруашылығын басқару құрылымы әрбір кәсіпорында нақты 
жағдаймен анықталады: 
- жекелеген цехтардың саны мен көлемімен және сонда орналасқан 
электр қондырғылармен; 
- цехтардың аумақтық орналасуымен; 
- электр күштік қондырғы сипаттама және басқа.
Кәсіпорынның 
электр 
шаруашылығын 
пайдаланудың 
ұйымдастырушылық 
және 
технкиалық 
жағдайлары 
«Правилатехническойэксплуатацииэлектроустановокпотребителей» 
(ПТЭ) 
көрсетілген, ол өндірістің барлық саласына міндетті. Әрбір кәсіпорынның 
нақты жағдайына байланысты сала аралық жағдайлар мен электр 
құрылғыларын пайдаланудың қауіпсіздік ережелеріне негізделген жергілікті 
нұсқаулықтар құрастырылып бектіледі. Электр техникалық қызметкерлердің 
негізгі жұмысына энергия беруші ұжым мен электр энергиясын қабылдаушы 
кәсіпорын арасындағы пайдаланудың жауапкершілігін бөлген шектен бастап, 
кернеуі 10 кВ дейінгі электр қондырғылары мен электр тораптарын пайдалану 
кіреді. 
Әрбір кәсіпорында,белгіленген қызмет жағдайына сай барлық электр 
шаруашылығын пайдаланудың жағдайы мен ПТЭ қадағалау үшін адам 
бекітіледі.Қазіргі кезде арнайы пайдалану ұжымымен келісім шарт жасап, 
электр құрылғыларының жұмысын пайдалануды беру арқылы қызмет көрсету 
кеңінен тарап жатыр. Кәсіпорындағы сәйкес электр техникалық қызметкер 
болмаса электр құрылғыларын пайдалануға рұқсат етілмейді. 


43 
Кәсіпорындағы 
пайдалануды 
ұйымдастырудың 
құрылымы 
төмендегілерді қамтамасыз етуі қажет: 
- оқуды ұйымдастыру, электр құрылғыларда қызмет жасайтын 
бағыныштағы қызметкерлерді нұсқаулар мен мерзімді тексеруін, білімін 
тексеру; 
- электр құрылғылардың сенімді, экономикалық және қауіпсіз жұмысын; 
- электр энергиясын үнемдеуді енгізу мен құрастыру; 
- электр шаруашылығына жаңа техника енгізу
- жоспарлы-ескерту жөдеу мен электр қондырғыларын, тораптар мен 
аппаратарды профилактикалық сынауды ұйымдастыру мен жасау; 
- кәсіпорынның жүктеме графигін бақылау және энерго жүйе орнатқан 
режимді ұстап тұрудың шаралары; 
- электр энергиясын санауды ұйымдастыру мен кәсіпорындағы орныққан 
есепті жүргізу; 
- өртке қарсы құралдармен қорғаныс құралдарының болуы және 
уақытылы тексеру; 

бақылаушы 
органдардың 
қойылған 
мерзімге 
байланысты 
міндеттемелерін орындау; 
- электр қондырғылары мен электр құрылғыларының жұмысындағы ақау 
мен апатты тергеуді сол мезетте ұйымдастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет