3.5.1 Медициналық қалдықтардың жіктелуі
Медициналық қалдықтарды 5 классқа іріктейді және жинайды, оның ішінде қауіпті және аса қауіпті қалдықтарды алдын-ала залалсыздандырып, термиялық әдіспен жояды [7, 24, 29].
А классты қалдықтарды құрайды:
1) әкімшілік-шаруашылық бөлмелері;
2) тамақ блогі, буфетте, асханада, палаталарда;
3) азық-түлік қоймалары, көкөніс сақтайтын жер;
4) аурухана айналасы.
А классты қалдықтарды жинау ережелері:
Қалдықтарды көп рет қолданылатын ыдыстарға немесе пластикалық қаптарға (пакеттерге) жинау қажет. Көп рет қолданылатын ыдыстардағы қалдықтар мекеменің аймағына қойылған контейнерлерге салынады. Бір реттік қаптар (пакеттер) қалдықтармен бірге контейнерлерге салынады. Көп рет қолданатын ыдыстарды қалдықтан босатқан соң, жуу қажет.
Жұқпалы ауруханадан (бөлімше) басқа мекемелердің бөлімшелеріндегі тамақ қалдықтарын (сұйық, қатты) «тамақ қалдықтары үшін» деген маркирі бар темір немесе пластикалық ыдыстарға жинау қажет және малдардың жеміне қолдануға болады. Тамақ қалдықтарына арналған ыдыстар жуылып, залалсыздандырылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |