С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет29/225
Дата31.01.2022
өлшемі5,78 Mb.
#130225
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   225
Байланысты:
Оқулық Клиникаға кіріспе
32, 34 тарих, Skleroz 2012 Nv9 005, Otorino 2014 03 041, TA 2013 11 073, Nv 2017 08 085, Anestesiolog 2019 02 005, 2 основных дока гинек, Печать контента170
Сауықтыру орталығы (лат. sanare-емдеу, айығу) және алдын-алу ЕАМ аурухана алмастырушы типті, науқастарға табиғи факторларды қолдану арқылы ауруынан айығуға көмек беретін орталық: ауа, теңіз суын, минералды суларды, емдік батпақтарды және т.б. күніне 4 сағаттан 8 сағатқа дейін медициналық бақылауды ұйымдастырады.

Профилакториялар елді аймаққа жақын орналасқан орман-саябақ аймағындағы ірі кәсіпорындарда, шипажайлар – курортты аймақтарда орналасады.



Перзентхана - бұл жүктілерге, босанған және босанатын әйелдерге көмек көрсететін ЕАМ. Ірі перзентханалар, сонымен қатар гинекологиялық көмек көрсетеді.

Босану үйлері ауданның емдік-алдын-алу мекемелерімен тығыз байланыста (емханамен, туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық диспансермен) болуы жан-жақты және толық медициналық көмек көрсетуге жағдай жасайды. Босану үйі құрамындағы әйелдер кеңесі жүктілерге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.



Хоспис (ағылшын тілінен Hospise) - жағымсыз болжамды аурулары бар науқастарға лайықты күтім және көмек көрсетін медициналық орталық.

Хоспис пациенттері «үй» жабдықтарымен жабдықталған, сонымен қатар олар туыстары және достарымен еркін көрісе алады. Медицина қызметкерлері паллиативті медициналық көмек көрсетеді: науқастар оттегін, зондпен тамақтану, ауырсынуды басатын заттарды және т.б. ала алады. Минимум дәрігерлер, максимум орта және кіші медицина қызметкерлері. Хосписте болудың негізгі мақсаты – соңғы күндерін жарқын өткізу, азаптарын жеңілдету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет