Сабақ №1 Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Үшбұрыштар Сабақтың мақсаты



бет3/13
Дата07.03.2017
өлшемі4,13 Mb.
#11140
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үйге: №4, №5, №8

Өткізілетін мерзімі: Тексерген: Базылбаева Э.Е

Сынып:8 Сабақ № 6

Сабақтың тақырыбы: Параллелограмм және оның қасиеттері. Параллелограммның белгілері.



Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Параллелограмм анықтамасы, элементтерін,

қасиеттерін білу. Алған білімді есептер шығаруда қолдану



2) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, тапқырлыққа, тез шешім табуға баулу

3) Тәрбиелік: Оқушыларды оқуға, жауапкершілікке, байқампаздыққа, өз ойларын сенімділікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Оқыту әдістері: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап алу, есептер шығару.

Көрнекіліктер мен құрал жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтық презентация, сызба құралдары

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі

2) Үй тапсырмасын тексеру және өткен тақырыпты қайталау

3) Жаңа сабақты меңгерту

4) Жаңа сабақты бекіту

5) Сабақты қорытындылау, бағалау

6) Үйге тапсырма



II. Үйге берілген есептерді тексеру. Өткен сабақты бекітуге сұрақтар қойылады.

  1. Қандай фигура төртбұрыш деп аталады?

  2. Төртбұрыштың қандай төбелері – көршілес, қандайлары қарама-қарсы төбелер деп аталады?

  3. Төртбұрыштың диогоналі деген не?

  4. Төртбұрыштың қандай қабырғалары көршілес, қандай қабырғалары қарама-қарсы қабырғалар деп аталады?

  5. Төртбұрыш қалай белгіленеді?

III. Жаңа сабақты меңгерту.

Жаңа сабақты түсіндіру алдында жаңа сабаққа байланысты параллель түзулердің қасиеттерін, белгілерін үшбұрыштар теңдігінің белгілерін еске қайталап түсіреміз.



Параллелограмның анықтамасы.

Параллелограмм дегеніміз – қарама-қарсы қабырғалары қос-қостан параллель, яғни параллель түзулер бойында жататын төртбұрыш.
Параллелограмның бір төбесінен қарсы жатқан қабырғасына түсірілген перпендикуляр оның биіктігі деп, ал биіктік түсірілген қабырға табаны деп аталады.

.

Параллелограмның қасиеттері.

1 қасиет. Параллелограмның қарама-қарсы қабырғалары тең.

Берілгені: АВСД – параллелограмм

Дәлелледеу керек: АВ = СД, ВС = АД
Дәлелдеуі: ВС//АД, АС қиюшы болған ішкі айқыш бұрыштар ДАС = ВСА ; АВ//ДС; А қиюшы ішкі айқыш бұрыштар ДСА=ВАС, ал АС ортақ қабырға, онда үшбұрыштар теңдігінің II белгісі бойынша , бұдан АВ = ДС. ВС = АД теорема дәлелденді.

2 қасиет. Параллелограмның диагоналі оны өзара тең екі үшбұрышқа бөледі.

3 қасиет. Параллелограмның қарама-қарсы бұрыштары тең.

Бұл қасиеттің дәлелдеуі деп шығады.



4 қасиет. Параллелограмның диагональдары қиылысу нүктесінде тең екі бөлікке бөлінеді.

Берілгені:: параллелограмм,

Дәлелдеу керек:
Дәлелдеуі: себебі

1=2, 3=4 ішкі айқыш бұрыштар болғандықтан, онда үшбұрыштарды қалған сәйкес қабырғалары да тең болады ВО=ОД; АО=ОС .


5 қасиет. Параллелограмның бір қабырғасына іргелес бұрыштарының қосындысы 180º-қа тең.

Бұл қасиеті екі параллель түзуді үшінші түзумен қиғанда пайда болған тұстас бұрыштардың қосындысы 180º-қа тең деген түзулердегі параллельдік белгісінен шығады.


IV. Жаңа сабақты бекітуге есептер шығару.

Ауызша дайын сызба бойынша интерактивті тақтадан көрсетіледі.













1






Бер: АВСД параллелограмм

Т/к : параллелограмм бұрыштарын





3






Бер: АВСД параллелограмм

Д/к:



4





Бер: Параллелограмм

Т/к:





IV. ә) Оқулықпен жұмыс.

№12 ауызша, №17 ауызша, сыныпта №13(1), №14(1), №15(1)


№ 13 (1)




Берілгені: параллелограмм



Табу керек:
Шешуі:



Жауабы: 48 дм

№ 14 (1)



Берілгені: параллелограмм



Табу керек: АД
Шешуі:



Жауабы: 6,2 дм

№ 15 (1)


Берілгені: параллелограмм



Табу керек:
Шешуі: АВ=x деп белгілейік

АД=x+4






Жауабы: 4 см, 8 см

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет