окушылар берілген нәрсені талдап немесе толықтырып жатпай-ақ, оның жетіспейтін көріністерін сала алады.
115-суретте алдыңғы және үстіңгі көріністері берілген геометриялық денелердің сол жақ көріністерін сал. Олардың тікбұрышты изометриясын немесе қиғашбұрышты фронталь диметриясын тұрғыз.
Үйге тапсырма беру: 116-суретте алдыңғы және сол жақ көріністері берілген денелердің үстіңгі көріністерін сал. Одан кейін денелердің аксонометрияларын тұрғызып, оған дейін салынған үстіңгі көріністердің дұрыстығын тексер.
Сабақ: №44
Сабақтың тақырыбы:
Беттердің қиылысу сызықтарын көріністе кескіндеу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларды ізденімпаздық қасиетке жетелеу. Жаңа сабақты
өту барысында сауаттылықтарын, белсенділік қабілетін
арттыру, сызбада көріністерді орналастыруға үйрету.
ә) Дамытушылық: Өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру, ой
қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, ойлау қабілетін
дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сызбаларды салауатты сызып, топпен жұмыс жасап, бір-бірін
тыңдай білуге үйрету, мәдениетті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және т.б.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Көптеген техникалық тетікбөлшектер пішіні әртүрлі геометриялық денелерден тұрады. Геометриялық денелердің беттері өзара қиылысады. Сонда тетікбөлшектердің беттерінде қиылысу немесе өту сызықтары деп аталатын сызықтар пайда болады. Қиылысу сызықтарын немесе өту сызықтары сала білу керек.
1-мысал. Бүйір жақтары горизонталь проекциялаушы фигуралар болатын алтыбұрышты дұрыс призма мен бүйір жақтары профиль проекциялаушы фигуралар болып келген бесбұрышты призманың қиылысу сызығын тұрғызу керек болсын (117-сурет). Қиылысу сызығы төбелері бір жазықтықта жатпайтын алтыбұрышты тұйық сынық болатынын байқау қиын емес. Оның төбелерін
Достарыңызбен бөлісу: |