Қорытынды ...................................................................................................23
Падаланылған әдебиеттер ..........................................................................24
Кіріспе
Психология — адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
Негізгі бөлім.
Конфликт.
1.1. Конфликт туралы қысқаша сипаттама.
Конфликт (лат. тілінен – қақтығыс) А. А. Урбановтың тұжырымы бойынша: бәсекелестіктің түбіндегі қарама -қайшы ойлардың қақтығысуы (мақсаттың, ұстанымның, көзқарастың) түрлі өткір эмоционалды толқулармен байланысты өзара түсініспеушіліктің болуы.
Конфликті жағдайдың жағымды жақтары:
Көптегн мәселелердің шығуына, олардың шешілуіне көмектеседі
Іс- әрекеттіңтиімді жолдарынның пайда болуына
Кейде ұжымныңсыртқы қысымдарға бірігіп қарсылық көрсетуіне себеп болады.
Кері жақтары:
Әлеуметтік психологиялық климаттың нашарлауына алып келеді
Адамның жүйке жүйесінеәсер етіп, күйзеліске ұшыратады.
Көптегн адамның тікелей жұмысындағы міндетін орындауда көлінің бөлінуі.
Сондықтан, конфликт – бұл кездейсоқ күрделі және қарама – қайшылық тудыратын психологиялық құбылыс.
Конфликттің негізгі құрылымдық компаненттері: конфликт объектісі, конфликт мүшесі (оппонент), конфликтті жағдай, инцидент (қақтығыс).
Ең кең таралған деп М. Дайчпен ұсынлған конфликттің типологиясын қарастырайық.
1. Шынайы жанжал. Бұл «объективті өмір сүретін және адекватты қабылданатын» жанжал.
2. Кездейсоқ не шартты жанжал. Жанжалдың бұл түрінің өмір сүруі «екі жақты мойындалмайтын немесе игерілмеген жеңіл өзгеретін» жағдайларға тәуелді.
3. Ауыстырылған жанжал. Мұнда, «анық жанжал» айтылады, оның артында қандай да бір басқа, латентті жанжал жатыр.
4. Қате тіркелген жанжал. Бұл «қате түсінген екі жақтың нәтижесі ретінде» яғни қате талданған мәселелер бойынша болады.
5. Жалған жанжал. Бұл «объективті себептердің» болмаған кездегі жанжал жағдайы, соңғысы тек қабылдаулар мен түсіндірулердің қате болғанында ғана орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |