4. Педагогикалық кикілжіңдерді «оқытушы - оқушы» системасында мәселелі жағдайларын шешудің әділетті тәсілдері.
4. 1. «Оқытушы - оқушы» құрылымындағы жанжалдар мен мәселелі жағдайлар.
Педагогикалық процестің қатысушыларының өзара әрекеті тұлғаның өсуінің қайнар- көзі болатын қайшылықтардың пайда болуына себепші болады. басқарылатын қайшылықтар позитивті рольді ойнайды. Олар оқып жатқан білімдарді игеруді, ептілік пен тәжірибелерді ынталандырады, оқытушы мен оқушылардың өзара әрекетіне себепші болады. бұл жағдайда педагогтармен қойылған мақсаттар мен тапсырмалар, қойылатын талаптар оқушыларға тұлғалық ретінде қабылданады. Қайшылықтарды шебер түрде жеңу оқытушы мен оқушыларды жақындастырып, сенімді қатынастарға және өзара түсініктерге әкеледі. Егер оқытушының және оқушының мақсаттары мен тапсырмалары келісіге келмесе, оларға қойылатын талаптар тұлғалық маңызды болып шықпайды, мұндай жағдайда мәселелі жағдайлар туындайды, ал олар нәтижесінде дауға айналуы мүмкін. Олар жиі күрделене түседі, мұғалімнің өз талаптарына бағындыруға тырысуы оқушыларды тырысуға, талаптануға мәжбүрлейді.
Кикілжің жағдай – педагогикалық процестің күрделі объективті – субъективті шындығы, онда объективті құрамалар қатысулар үшін тұлғалық маңызды субъективті қабылдау ретінде көрсетілген. В. И. Андреев кикілжің жағдайды «екі не одан да көп қатысушы жақтардың ашық немесе жасырын қарама-қарсы күресін, олардың әрқайсысы өзінің мақсатына, себепке, амалдар мен мәселені шешуші әдістерге иелігін, және оның әрбір қатысушысының тұлғалық маңызы бар» жағдайын айтады. Көптеген зерттеушілер күрделі не қарапайым кикілжің жағдайларды анықтайды. Ережеге сай, қарапайым жағдайлар өте жеңіл шешімін тез табады. Олардағы қайшылықтар маңызды сипатқак ие емес, олардағы себептердің жүзеге асырылуына ештеңе кедергі болмайды. Қарапайым жанжалдың қатысушылары көбінесе мәселені шешу кезінде консенсус табады. Мысалыға: Минск қаласының мектептерінің бірінде оқушы мен физика мұғалімінің арасында жанжал туындай бастаған. Мұғалім оқушы қызға барлық сыныптың алдында оның физикадан оқулық материалды бес балдан жоғары балға білмейтіндігінайтады. Ал, жауабына барлық басқа сабақты жақсы білетін оқушы қыз шұғыл қарсы шығып, физика сабағынан қосымша дайындалғанын және ол пәнді бес балдан жоғары білетіндігін дәлелдей алатынын айтады. Соңында мұғалім оқушы ата-анасы қатысты болатын кикілжің жағдайдың болатынын сездіме, ол оқушыға сабақта кейін қалып барлық тоқсандық материалын тапсыруды ұсынады. Оқушы қыз абыроймен экзаменді тапсырады: барлық сұрақтарға жауап бареді, төрт тапсырманы шешіп, 8 балл алады. Мұғалім келесі сабақта сынып алдында қателескенін айтады: оқушы сынақтан ойдағыдай өтіп, 8 баллдық өзіне сай бағасын алды. Жанжал тамамдалды.
Достарыңызбен бөлісу: |