Сүдігерде изен ызыңдайды
шлагбаумның ала-құла бақаны сөлең етіп жабылды да
қалды.
Алыста, мұнар сағымның арасынан бұлдырап пойыз
көрінеді. Енді сол өтіп кеткенше күтіп тұру керек.
Ар жақтан салдырлап арба келіп тоқтағанын сезіп,
Шақалақ қуанып қалды. Қараса, өзінің жамағайыны
Тауасар екен. Жардай торы биені жалғыз аттық арбаға
жегіп алыпты.
– Оу, Тəке, олжалы қайтыпсың ғой, сатып алдың
ба? – деді Шақалақ жағын қолымен басып тұрып.
– Алған соң біржолата арбасымен қосып алдым,
бала-шаға шөп тасығанға жақсы, – деді қауға сақал
Тауасар. Дауысында масаттанған мақам бар.
– Ылдидың малы көрінеді, жуас екен.
– Құтты болсын, – деп күбірледі Шақалақ.
Ішінен қызғанып та тұр. «Базардан қайтқаннан кейін,
атасына нəлет, осылай қайту керек қой, қу шұнақтың
құйрығынан ұстап қайтпай».
Ешкі жетектетіп қойған бəйбішесін іштей тағы бір
сыбап алды. Тісі одан бетер қақсап қоя берді.
Сөйтіп тұрғанда арбаның арт жағына қара көк
«Волга» екпіндей келіп кілт тоқтады. Рульдегі
Жайлаубайдың шабандоз, көкпаршы баласы Ораз екен,
дөң неме, кіші болып мына тұрған екі қарияға сəлем
беруге жарамады. Қара көзілдірік киіп, рульде шіреніп
отыр. Машинаның əйнек біткенін жаңа түскен келіннің
шымылдығындай шашақтап тастапты. «Волганың»
арт жағында екі қуыршақ ит бір-біріне бас шұлғысып
қалысыпты.
Осы Ораз өткендегі құрбан айттың көкпарында
тартыла-тартыла тақымда піскен талыстай бір серкені
59
Сүдігерде изен ызыңдайды
Шақалақтың есігінің алдына шиырып лақтырып тастап
кеткені бар.
Шақалақ сонда:
– Мұнысы несі, тасыраңдап! – деп шақшия бастап
еді, бес биенің сабасындай бəйбішесі:
– Тек, тұштаңдама. Қызыңның бой жетіп қалғанын
білмеуші ме едің. Соған да миың жетпеді ме?
Бозбаланың ізеті бұл, – деп тыйып тастаған. – Құдай
бұйыртса, Жайлаубаймен құда боласың.
Қазір шлагбаумға тұмсығы тіреліп тұрып, Шақалақ:
– Атасына нəлет! – деді.
Сөйткенше, пойыз келіп қалған екен, тепловоз
боздап қоя берді. Қарағай артқан ауыр состав жер-
дүниені дүрілдетіп, биесі үрке шегіншектеп, баданадай
көздері ақшаңдап, ауыздықпен алысып шапшып тұр
екен. Шегінген арбаның артқы тұқыл оқтығы қара көк
«Волганың» фарына барып сақ ете қалды да, əйнек
бытшыт болды.
– «Мынаның жуас дегені, жуан болып шықты-ау, –
деді Шақалақ, – Ылдидың малы болса, пойыз көрмеген
неме ғой».
Не боп қалғанын пайымдап үлгіргенше, «Волгадан»
Ораз дүрдие атып шықты да, арбаның үстінде биенің
басымен алысып отырған Тауасардың жағасынан ала
түсті.
– Бабасындай адамның жағасынан алғаны
несі, атасына нəлет, – деп Шақалақ шұбар тушаны
шлагбаумға апыл-ғұпыл шалып байлай салды да,
Оразға тұра жүгірді.
Ту сыртынан барып күжірдей желкесіне шеңгелді
сілеусінше салып қатып қалғанда, талай тастай
тақымдардан көкпарды ырғағанда тартып алып жүре
60
Сүдігерде изен ызыңдайды
беретін аты шулы палуан Ораздың қолы Тауасардың
алқымынан ажырап сала берді.
Алқымы əлуетті қолдан босаған Тауасар ұзын
қамшымен Оразды осып-осып жіберген. Екі шалдың
екпінінен сескенді ме, əлде өз қылығынан ұялды ма,
əйтеуір, Ораз «Волгасына» ыршып мініп, жолдың
шаңын бұрқ еткізіп, темір жолдың арғы бетіне атып
шыққан.
Пойыз өтіп, шлагбаум көтерілген екен.
Шақалақ шұбар тушаның орнын сипалап қалғандай
болды. Ұшты-күйлі жоқ. Жібін үзіп қашып кетті ме,
əлде пойыз басып кетті ме, деп əуелі көзімен рельстің
бойын тінтіп шықты.
Алақ-жұлақ арлы-берлі қарағаннан көзге ештеңе
түспеді. Сөйтсе шұбар туша терек бойындай биікте,
шлагбаумның алабақанының басында салбырап тұр.
Ұшып-қонып стрелочниктің үйшігіне жетті.
– Ау, тамыр, анауың қалай? – деді қызыл фуражкелі
еңгезердей сарыға.
Стрелочник əуелі байқаусызда қарқылдап күліп
жіберді. Артынша онысы ерсі екенін сезіп, тез автомат
кнопканы басып, шлагбаумды түсірді. Шұбар туша
жерге жансыз қап сияқты сылқ етіп құлады.
– Тамыр, кешір, мен көрмеген, – деді қызыл
фуражка.
Тауасардың жағасынан енді Шақалақ алсын:
– Саған болысамын деп, тайдай тушадан
айырылдым.
Құнын
төле!
– Денің сау ма өзіңнің? Мен не деп төлеймін?
Тушаңды мен ұрып өлтірген жоқпын. Шлагбаумға
байлап қойған өзің, – деп Тауасар да жалын күжірейтті.
61
Сүдігерде изен ызыңдайды
– Әй, Тауасар, құдайдан үмітің жоқ екен, ылдидың
киік құсап тағы боп кеткен малын жеті жүз сомға сатып
алып, біреудің су жана «Волгасын» қиратқан мен емес
қой! Мен болмасам, əлгі Ораз алқымыңды мытып
өлтіретін еді, тірі қалғаныңа тəуба деп неге бермейсің
менің тайдай тушамның құнын?! Әркімнің малы өзіне
қымбат.
Екі шал келісе алмай керілдесіп тұрғанда, қызыл
фуражка ала тушаны ары-бері аударып көріп, таңдайын
тарсылдатып, басын шайқады. Онан соң:
– Әй, əтештер! Ұрысты қойыңдар. Кəне, ешкіңе
қанша сұрайсың? Meн алады, – деп Шақалаққа
қарады.
– Бауыздамай арам өлген кебенекті сатып не
көрініпті, не деп тұрсың өзің?! – деп көзін ежірейтті.
– Семіз екен, мен алады, қанша сұрайсың? – деді
қызыл фуражка Шақалақтың «арам-қарамына» мəн
бермей.
– Денің сау ма! Аламын деп тұрғанда, сұрағанына
бере сал! – деп Тауасар килікті.
– О, найсап! – деп Шақалақ қолын бір сілтеп, шойын
жолдан шегірткедей ыршып өтіп бара жатып, кілт қайта
оралды. Шұбар тушаның былқ-сылқ еткен мойнынан
ала жіпті шешіп алды. Екі-үш бүктеп қолға ұстаған күйі
артына бұрылып та қарамастан тура тауға тартты.
– Атасына нəлет! – деді əлден уақыттан соң.
Қапелім тісінің ауруы сап тыйылғанын сезді. Бір
түрлі қуанып қалды.
|