66
Сүдігерде изен ызыңдайды
жоқ. Алғашқы тоста аққайнар шампаннан бір ұрттаған
да қойған. Ә дегенде ол да балдағына қол соза беріп еді,
«тəйірі, жаздың жаңбырынан да кісі ешкі құсап қаша
жөнеле ме екен!» – деп қайтадан басылып қалған.
Сөйтіп
отырғанда, жұлдызды алқа сияқты электр
шамдарының біреуі жауын тамшысынан снаряд
жарылғандай шарт ете қалды.
Ықтап тұрған қариялардың біреуі күбірлеп:
«бісмілдə, бісмілдə!» деп те қойды. Ал Әбдібекке бұл
жарылыс соғыс даласын елестетіп əкелді. Ленинград
қорғанысында белуардан шалшық су кешіп, лайсаң
окопта, күздің суық
жаңбыры мен немістің ыстық
оғының астында тапжылмастан бір ай тұрған.
«Сол сұрапылдан аман қалған жанды тап қазір құдай
алмас», – деді Әбдібек баудағы жаңбыр сабалаған
қойжелкектің жапырағынан көз алмай тесіле қарап.
Бір ауық қара бұлт тесіліп, бірер жұлдыз сығалағандай
болды. Жауын саябырлады.
Меймандар
босқыннан
қайтқан
ауылдай
қауқылдасып, əркім өз жұртын іздей бастады.
Ақ жонық жабайы скамейкалардың аяқтары
ауыр-ауыр салмаққа шыдас бермей былқылдақ сазға
батыңқырап бара жатты...
Микрофонға қайтадан тіл бітіп, тойдың шырайы
кіре берген.
–
Әбеке-ау, жауынның астында отырып қалғаныңыз
қалай? – деді қаладан «Волга» мініп келген жездекей
басынан əлі де қолшатырын түсірмеген қалпы.
– Әй, шырағым, анауыңнан құйшы тұқымың
құрғырды, – деді Әбдібек жауап орнына «экстра»
арағын нұсқап. Шынында да, шылқылдаған киімнен қос
жауырынның ортасы құрысып, тұла бойы зіл тартып
67
Сүдігерде изен ызыңдайды
бара жатқан. Жездекейдің арақ құюға шатырдан қолы
жуық
арада босай қоймаған соң, Әбдібек шишаның
аузын өзі ашты.
«Беті майға қуырған бидайдай екен. Соғысқа
қатысқан ба? Не жас екені, не кексе екені белгісіз осы
қасқа мехнат көрмеген шығар», – деп Әбдібек əлгінің
əжімсіз балпық кейпіне көзінің астымен қарап қойып,
бір дəсері стакан арақты тартып кеп жіберді.
Көптен бері татпай кеткен дəмі еді, өзегін таспадай
тіліп түсті. Осы арақты тұңғыш рет сонау күзгі
сылбыраңқыда окопта отырып ішкен.
Тойға жан кіріп, айнала төңірек гуілдесе бастады.
Әбдібек мырс етіп күліп қойды. Окопта алғаш арақ
ішкенде, ішінде от ойнап, батпақ ордан қарғып шығып,
қақ маңдайдағы төбенің ар жағында жатқан немістерге
автоматын кезеніп тұра ұмтылғысы келіп кеткен.
Әбдібектің
шалғы мұрты селк етіп, бір ұрты тағы
бүлкілдеді. Ол да осындай мамыр айында Гүлайымға
үйленіп еді. Жиырмаға толар-толмас буыршын жігіт
болатын. Маусым айында соғыс басталды. Шілдеде бұл
майданға аттанды.
Содан соң белуардан су кешкен окоп... Сонда
қалай аман қалған? Қалай ауырмаған? Енді той мына
қуанышқа жиналған ағайын өткінші жауынға шыдай
алмай, дүркін-дүркін қасқыр тиген қой құсап тұра-тұра
қашады.
«Қазіргі адамдар нəзік қой, – деді Әбдібек. – Бұларға
не дауа. Сол соғысты көрген мен де бойкүйезденіп
барамын ба, қалай? Жаңағы өткен жауыннан
жауырыным құрысыңқырап қалғандай».
Ол ешкімге «ал» да
демей, «кел» де демей,
«экстрадан» дəсері бокал тағы тастап жіберді. Ешкі