Тәрбие жұмыс жоспарының құрылымы. 1. Сынып ұжымына мінездеме:
Сыныптың құрамы және оның жалпы сипаттамасы (оқушылардың жалпы саны, ер балалар мен қыз балалар саны; денсаулық жағдайлары, тәрбиелік деңгейі, еңбекқорлығы және оқу үлгерімі, сыныптағы ортақ істерге қызығушылығы; оқушылардың факультатив, үйірме, секция және т.б. қатысуы; ата-аналардың білімділік деңгейі, сыныпта көпбалалы жанұядан, толық емес жанұялардан немесе ерекше көңіл бөлуді қажет ететін балалардың саны :)
Сыныптың ұжымшылдығы (ұжым дамудың қай кезеңінде, сыныпта белсенділердің болуы/болмауы, белсенді топтар бар ма, оқушылар түрлі іс-шараларды орындауда ұйымдасады ма, ұжымдағы оқушылардың қарым-қатынасы, сыныпта топтар бар ма); құндылықтарға бағытталуы;
Сынып ұжымының жалпымектептік ұжыммен, ортамен байланысы (ұжым өз іс-шараларын ұйымдастыруда сынып аясынан шығады ма, бастауыш мектеп оқушыларына, жалпы мектепке арналған жұмыстарды ұйымдастырады ма).
2. Тәрбиелік міндеттер.
3. Сынып ұжымының іс-әрекеті.
4. Оқушылардың ата-аналарымен жұмыс
5. Оқушылармен жеке жұмыс
Тәрбие жұмысын жоспарлау үшін педагог мақсатты бағдарламалармен танысқаны жөн. Мысалы, «Денсаулық», «Қарым-қатынас», «Өмір сүру дағдысы», «Оқу», «Бос уақыты» (Қосымша 1). Сонымен қатар, оқушылардың іс-әрекетін түрлі формаларда ұйымдастыруға болады: танымдық, шығармашылық, еңбек, құндылықты-бағдарлы, көркемөнер, спорт-сауықтыру, қарым-қатынас және т.б. (Қосымша 2).
Тәрбие жұмысының жоспарын құруда түрлі тәсілдер бар. Олар іс-әрекеттің түрлері бойынша жоспарлау (Н.Е.Щуркова), негізгі істер бойынша жоспарлау (В.А.Капаковский); күнтізбелік жоспар, жоспар-тор және т.б. (Қосымша 3)
Тәрбие жұмыс жоспарының формасын педагог өзгерте алады.