Мәңгіге бейне айнымас сертін бергендей Барады сырғып, жазбастан жұбын қыз-жігіт. (А.Б. Медеу мұз айдыны. 1-85)
Бұл жерде сендей теңеуі – есімдіктен, ал қалған ақ гүлден жаралғандай, аппақ дүнием ұшқандай, айнымас сертін бергендей деген тіркестерде етістіктен жасалған. Бұл – теңеудің тереңдігінің белгісі, себебі ақындар бір затты бір затқа ғана емес, бір заттың бейнесін беруде қозғалыстағы нәрселерлі де негізге ала алатындығын көрсетеді.
Біз қарастырып отырған лирик ақындардың өлеңдерінде -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтарының көмегімен жасалатын теңеулерден басқа, -ша, -шежұрнағының, секілді, сияқты, тәрізді, іспетті сөздерінің көмегімен жасалған теңеулер де жиі болмаса да ұшырасады. Олар:
Тоқтамаушы едік қызынып, Бәйгеге қосқан аттарша.(С.Ж. Кемпірқосақ. 1-18)
Толғаса сандуғашша ну бақтағы, Жаныңа бал құяды ырғақты әні. (М.С. Жүрегім. 1-15)
Мына маңай не дейді-ай: қурай даусы Маңырағаны секілді жетім лақтың. (Ж.Н. Қошалақ құмында. 1-25)
Әженің жайлы арқасы Секілді мамық құс төсек.(С.Ж. Әженің жайлы арқасы. 1-16)
Сәби мен жылансекілді Адалдық және зұлымдық. (А.Б. Сәби мен жылан. 1-76)
Бұл өлең жолдарында адам бойындағы асау күш – бәйгеге қосқан асау аттардың күшіне, ырғақты әннің әсері әр салған сандуғашқа, даладағы қурай дауысы жетім лақтың дауысына, әженің жайлы арқасы мамық құс төсекке теңеліп, адалдық пен зұлымдық сәби мен жылан кейпінде суреттеледі.
Сонымен қатар ұқсас сөзінің көмегімен жасалған теңеу сөздер ақындардың өлеңдерінде дыбыстың өзгеріске ұшырап, құсап күйінде қолданылған:
Жанатұғын жанқұсап бүгін бағың, Қол ұсынсаң – ерінің діріл қағып. (Ж.Н. Жанатұғын жан құсап бүгін бағың. 1-31)
Тұрмын қарап қырық бірінші жылқұсап, Атпаса деп қара бұлтты жамылып. (М.С.Таң. 1-14).
Алайда бұл өлең мағынасының бұзылуына немесе оның ұйқас-ырғағына нұқсан келтіріп тұрған жоқ.
«Көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша, теңеу атаулының бәрі бірдей тіл біліміне объект бола алмайды, тіл білімінің зерттейтіні – тек тұрақты теңеулер ғана, ал еркін теңеулер (индивидуальді-авторлық теңеулер) әдебиетшілердің еншісі болуға тиіс... Тұрақты теңеулер мен еркін теңеулерді бір-бірінен бөліп алып, екеуін екі түрлі құбылыс деп қарауды қате пікір деп есептейміз. Өйткені, тұрақты теңеулер – тілдің фразеологиялық жүйесіне кіретін «тілдік штамптар», ал еркін теңеулер – жеке ақын-жазушылардың творчестволық лабораториясында дүниеге келген индивидуальді-авторлық сөз кестелері» [58, 10-11-бб.], – деп жазады Т.Қоңыров. Шын мәнінде, кейбір теңеулер бұрыннан қолданыста бар, халықтың жанына сіңген, жадында сақталған тұрақты теңеулер болса, кей жағдайда қаламгерлер өз шығармашылығы, өз дүниетанымымен өмірге жаңа теңеулерді алып келетіндігі ақиқат. Осыған байланысты біз қарастырған теңеулерді де шартты түрде екіге бөліп қарастыруға болады. Олардың бірі – тұрақты теңеулер сөздігіне енген теңеулер болса, екіншісі – жеке қолданыстағы теңеудер.
Тұрақты теңеулер сөздігінде енген, дәл осы күйінде кез келген функционалдық стильде еркін қолданылатын теңеулер: түймедей [58, 276-б.]; асқар таудай [58, 206-б.]; ұядай [58, 103-б]; аспандай [58, 198-б.]; бөрідей [58, 71-б.]; оттай [58, 229-б.]; аттарша, аттай [58, 35-б.]; сандуғашша, сандуғаштай [58, 95-б.]; жетім лақтай [58, 52-б.]; мамық жастықтай [58, 302-б.].
Жеке қолданыстағы теңеулер: кербестідей (Ж.Н.) – тұрақты теңеуде көк бестідей деп қана қолданылады; әжелердің ұршығының жібіндей (Ж.Н.); ақ гүлден жаралғандай (Ж.Н.); аспанға шығар көпірдей (С.Ж.); кірпіктей (М.С.); дүнием көзімнен бір-бір ұшқандай. (А.Б.) – тұрақты теңеуде көзімнен бұлбұл ұшқандай деп қолданылады; қырық бірінші жыл құсап (М.С.).
Ал келесі шумақтарды кірме сөздер теңеу жасауда қолданылған: