Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз


өсімдік қауымдастықтарының тмд аймағында табиғи зонасы бойынша таралуы



бет62/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз

4. өсімдік қауымдастықтарының тмд аймағында табиғи зонасы бойынша таралуы
Өсімдік дегеніміз кез келген аймақтың сыртқы келбетін анықтайтын табиғаттың басты компоненті.Сондықтан, табиғат зоналарының атаулары да өсімдікке байланысты қойылған, мысалы, орман, орманды-дала, дала және т.б.
ТМД елдерінің территоиясының өмімдік жамылғысы өте бай және әркелкі. Оның флоралық құрамында жоғары сатыдағы өсімдіктердің 17,5мың түрі анықталса, олардың барлығы даму процесінде мекен ететін аймақтарына бейімделген, әртүрлі типтерге топтастырылды, мысалы, тундра, орманды-тундра, орман, орманды-дала, дала, шөл, батпақты, шалғынды және жерортатеңіздік типтер.
Арктика аралдары мен Таймыр түбегінде поляр шөлдері дамығандықтан оңтүстіктің шөліндей, мұнда климат суық әрі құрғақ болады. Сондықтан, өсімтік жамылғысы желден паналанған жерлердегі борпылдақ суық грунттарда өсуге бейімді.Осыған орай бұл жердің түрлік құрамы өте кедей, тек қана мүктер мен қыналардан тұрады.
Оңтүстікке қарай Евразияның арктикалық жағалауында тундраның өсімдіктері қалыптасқан, онда көпжылдық шөптесінді өсімдіктер, мүктер мен қыналар, бұталар мен бұтақты өсімдіктер кездеседі.
Одан да оңтүстікке қарай шілденің орташа температурасы +10С-тан жоғарылайтын аймақтарда алғашқы ағаштар болып саналатын қайың, шырша және қарағаштарды көруге болады. Өсімдіктердің мұндай қауымдастығы орманды-тундраға немесе сирек орманға жатады.
Орман-бұл көпярусты күрделі өсімдік қауымдастығы. Мұнда өзара байланысқан және әсерлескен өсімдіктердің барлық түрі кездеседі, яғни ағаш, бұталар, шөптер, мүктер, қыналар, саңырауқұлақтар, құстар, аңдар, жәндіктер, микробтар және т.б. тірі организмдер.
ТМД елдерініңде қылқан жапырақты орман кең тараған. Ботаниктер оларды тайга деп атап, күңгіртқылқан және ашыққылқан жапырақты деп 2 топқа бөлген. Күңгіртқылқан жапырақты тайга ТМД елдерінің батыс аймағына тән болса, оның құрамына шырша, самырсын және балқарағай жатады. Ал ашыққылқан жапырақты тайгада қарағай мен емен басым болады да, олар Енисей аңғарынан шығысқа қарай үстемдік етеді.
Тайга ТМД елдерінің батыстағы шекарасынан Охот және Жапон теңіздерінің жағалауына дейінгі орасан зор жазықты және таулы алқапты түгелдей алып жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке қарай ол 3 топқа бөлінеді: солтүстік, орта және оңтүстік.
ТМД елдерінде ағашты өсімдіктердің ішінде таралуы жөнінен қылқан жапырақтылар 1-орында тұр, олар ТМД елдеріндегі жалпы орман алқабының 78,1%-ін алып жатыр. Жалпы қылқан жапырақтылардың 38,7%-і қарағайдың үлесіне тиеді.
Ормандар тұтастай табиғат кешеніне тікелей әсер етеді, мысалы, климатты өзгертеді, жерасты суларының деңгейін реттейді, өзендерді саязданудан сақтайды, топырақты су және жел эрозиясынан, үсіктен сақтайды, жануарларға мекен ету үшін қолайлы жағдай жасайды. Сол сияқты, ағаштардың, жеміс-жидектердің, саңырауқұлақтардың және адам денсаулығына пайдалы өсімдіктердің мекені болып табылады.
Қазіргі таңда орман алқабы қорғау мен оны қайта қалпына келтіруді талап етеді!!!
Ормандар өзен аңғарлары мен сай-саланы бойлай оңтүстікке қарай құрғақ аймаққа ауысады. Яғни ағашты өсімдіктер бірте-бірте азайып, әртүрлі шөпті және дәнді өсімдіктермен ауысады. Өсімдіктердің мұндай бірлестігін орманды-дала дейміз. Олар Карпат таларынан басталып, Енисей мен Байкал маңына дейін созылып жатыр.
Орманды-дала бірте-бірте далаға өтеді. Далада суайрықтары мен беткейлердің аңғарында мезоксерофильді және ксерофильді шөптесінді дәнді өсімдіктер мен бетеге көп кездеседі.
Каспиймаңы ойпаты мен Қазақтың ұсақ шоқысының құрғақ даласында шөлденудің белгілері байқалып, онда онда жусан мен қа селеу басым болып келеді. Мұндай шөлденген дала дала мен шөл арасындағы өтпелі тип болып саналады да, оны шөлейт деп атайды.
Каспиймаңы ойпатының оңтүстік бөлігі мен Туран жазығын жусан, сорлар, сексеуіл мен бұталар алып жатыр, яғни климаттың құрғақтануына байланысты өсімдік түрлері де азаяды.
Жазықты және таулы аудандардағы өсімдіктің барлық зоналық типтерінде шалғындар мен батпақтар кездеседі. Шалғындар мезофильді қалың шөптер түрінде өзен жайылмаларында және беткейлер мен суайрықтарының ылғалы аз жерлерінде таралса, ал ылғалы мол аңғарлар мен су айрықтарында батпақтар қалыптасқан.
Сонымен, солтүстіктен оңтүстікке қарай өсімдіктердің бір типі екіншісімен орын алмасып отырады, яғни ТМД елдеріндегі өсімдіктер жамылғысының таралуы зоналық заңына тәуелді болып келеді. Бірақ, өз кезегінде климаттық құрғақтануының артуына және Тынық мұхитының ықпалынан, жазықтар мен таулардың қалыптасу тарихының әртүрлілігінен өсімдіктердің түрлік құрамында айырмашылықтар болып отырады.Мысалы, Солтүстік тундрадан Енисейге дейін қайың ағаштары басым болса, шығыста Колыма өзеніне дейін олардың саны азая түседі.
Табиғатқа адамның шаруашылық әрекетінен көптеген өсімдіктердің ареалдары қысқарып келеді, олардың кейбір түрлері тіпті жойылу алдында тұр.ТМД елдері Қызыл Кітаптары көптеген өсімдіктерді қорғау мен сақтау туралы дабыл қағуда.
Ал таулы аудандардакүн радиациясы мен ауа температурасының, жел бағыты мен күшінің, ылғалдылық пен ауа райының өзгеруіне байланысты ондағы табиғат компоненттерінің де жағдайы өзгеше болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет