Темербаева Жанна Амангелдиевна


Эксперименттің бақылаушы кезеңі (2004-2007 ж.ж.)



бет32/38
Дата06.02.2022
өлшемі3,38 Mb.
#36266
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38
Эксперименттің бақылаушы кезеңі (2004-2007 ж.ж.)
Бақылаушы кезеңінің мақсаты – инженерлік сызбаны оқыту барысында сабақ үлгерімінің сапасын жоғарылату, модульдік техологияны пайдаланудың ұтымдылығын дәлелдеу. Топтарда оқыту әдістері әртүрлі болғанымен, инженерлік сызбаны оқыту бағдарламасы эксперименттен өткен топтардың нәтижесімен бірдей.
Оқыту сапасының критерийі – оқу материалын меңгеру сапасы, оның көрсеткіші – графикалық тапсырманың орындалуына берілген балы және 2.11 кестеде көрсетілген көрсеткіштер арқылы бағаланады. «Инженерлік сызба» пәнін меңгеретін студенттердің әрекетіндегі ұтымды деңгейін көрсетуге негіз болады.
Кесте 2.11 – Инженерлік сызба пәнін оқыту негіздерінің өлшемдіктері мен көрсеткіштері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Қайталаным және эвристикалық икемдіктері

Өнімді-шығармашылық еріктіліктері


Креативтік парасатты іс-әрекеті



-инженерлік сызбадан меңгерген білім көлемін түсіндіре алуы;
-гносеологиялық әрекеттерді меңгеру біліктілігі, мақсат қоя алу іскерлігі;
-студенттердің қабілеттері инженерлік сызба пәнінің ұғымдарына сай дамуы, оның тәжірибеде қолданылуы.
-стандарт ауқымындағы жіктеген талаптардың мақсатын модульдерге және оның блоктарына сабақтастық қағидасына сай жіктей алуы;
-өзін қоршаған құрылыстан өзгеше құрылыс дизаинын қарастыруға құлшыныстың оянуы;
-ғаламшарда болып жатқан жаңалықтың ең ұтымды нұсқасын түсінігіне сай бағдарлай алуы;
-пәннен алған білімін тәжірибеде пайдалана алу қабілетінің ұдайы ұштаса түсуіне бейімділігін ыңғайлауы (ерік-жігері, шыдамдылығы, жауапкершілігі);
-нормативті мақұлданған іс-әрекеттер технологиясын игеруі және басқа тұлғалардың озық тәжірибелерін өзінің тәжірибесімен салыстырып, оның ғылыми негіздерінің технологиясын құруға дағдылануы.
-ұлттық сипатқа негізделген құрылысқа ынталы мінездің тууы, өздерінің құрбы-құрдастарының және ересектерге біліммен, ғылыммен ортаға жағымды ықпал жасай алуы, кәсіптік білімінің қажеттілгі, оның заманауи талабына сай дамуына ішкі интеллектуалды әлеуеттің дайындығы;
-өзінің табиғи ыңғайына қарай аксиологиялық, гносеологиялық, праксеологиялық бағамының ұдайы өнімділігі;
-ұлғайған сайын лексикалық кәсіби тілі, ғылыми пайым-парасаты, креативті (басқадан озық ойлы) шеберлігі, халықаралық, ғаламдық кеңістікке танылуға ниеттенуі;
-меңгерген ғылымының (мамандыққа қатысты) сұранымға себеп болу.

Қайталаным деңгейінің өлшемдіктері: міндетті орындауы, ситуацияны шеше алуы, білімін қайтадан құрастырып айтып беруі, репродуктивтік іскерлік білдіруі. Эвристикалық деңгейде – білім теориясын меңгерудегі ізденімпаздықтың негізінде жаңаланған әрекет құру, әрекеттену мен амалдануды екінші бір таным әрекетіне алмастыру.


Өнімді - шығармашылық деңгейі – өзіндік ақпаратты өздігінен таныс және таныс емес жағдайларда оқу материалының нысанына бағынышты екенін ескеріп, жоспарлы өзгерте білу. Белсенділіктің эвристикалық деңгейінде - тұрақты қызығушылық, жартылай зерттеу іскерлігі.
Креативтік парасатты іс-әрекеті деңгейде – түйсіктегіштік, неғұрлым оқу материалынан қоры мол болса, “соғұрлым іс дұрыс болмақ”. Белсенділіктің шығармашылық деңгейі, таным әрекетіне қажеттілік, шығармашылық іскерлік.
Базалық білім қорын тексеру үшін 2005, 2006, 2007 жылдардың маусым айларында, жоспардан тыс орындалған бақылау жұмысы өткізілді (нұсқасы В қосымшада келтірілген). Ұсынылған тапсырмаларды орындау барысында студенттер позициялық және метрикалық есептерді шығара алуға қажетті білімдер, біліктер мен дағдыларын көрсетулері тиіс еді. 1-ші есепті шығарғаны үшін қойылатын балдың шектік саны – 50 балл, 2- ші есеп үшін – 20 балл, 3- ші есеп үшін – 30 балл.
Жұмысты толығымен орындағандығы үшін берілетін балдың шектік саны –100, оның төрт балдық жүйедегі баламалары:
1. «қанағаттанарлықсыз» – 49 балдан төмен;
2. «қанағаттанарлық» – 50 балдан 74 балға дейін;
3. «жақсы» – балдан 75 балға 89 балға дейін;
4. «өте жақсы» – 90 балдан жоғары.
Жұмысты орындауға 90 минут уақыт берілді.
Экспериментальдық және бақыланушы топтарда өткізілген жоспардан тыс орындалған бақылау жұмысының нәтижелері 2.12 - кестеде көрсетілген.
Келтірілген деректер білім сапасының бақылаушы топтарға қарағанда экспериментальді топтарда жоғары екендігін дәлелдейді.
Базалық білім қорының деңгейін семестр ағымында істелінген жұмыстардың жеткіліктілігімен салыстыру үшін жоспардан тыс орындалған бақылау тапсырмаларын орындауға қажетті білімдерді талап ететіндей тақырыптар бойынша өткізілген бақылау жұмыстары мен графикалық тапсырмаларға қойылған бағалар іріктелініп алынды.
Бұларға:
1. «Нүкте» тақырыбы бойынша тестілік бақылау (қосымша Г) ;
2. «Түзу» тақырыбы бойынша тестілік бақылау (қосымша Д) ;
3. «Жазықтық» тақырыбы бойынша тестілік бақылау (қосымша Ж) ;
4.«Нүкте. Түзу. Жазықтық» тақырыбы бойынша тестілік бақылау (қосымша К);
5. Көпжақтар мен айналу денелердің жазықтықтармен, түзулермен қиылысуы туралы есеп (қосымша Л) .
Қорыта айтқанда, бағалардың ең үлкен қосындысы 100 балл, семестірлік жұмыстарды бағалау үшін мерзімі кейінге жоспардан тыс орындалған бақылау жұмыстарының бағалануымен сәйкес көрсеткіштер алынды.
Нәтижелерді талдаулар мерзімі кейінге жоспардан тыс орындалған бақылау жұмысы бойынша алған бағалары эксперименттік топтарда 2004-2005 оқу жылында – 24 студентте, бақыланушы топтағы – 4 студентте солардың семестрлік жұмысына қойылған бағалардан өзгермегенін көрсетті, 2005-2006 оқу жылында – 25 студентте, бақыланушы топтағы – 8 студентте, ал 2006 - 2007 оқу жылында – 22 студентте, бақыланушы топтағы – 9 студентте. Екі жиынтық құрамға жататын нысандардың осы қасиетке байланысты таралуын салыстыру үшін χ 2 (хи- квадрат) критерийін пайдаланамыз.

Кесте 2.12 – Экспериментальдық және бақыланушы топтарда өткізілген жоспардан тыс орындалған бақылау жұмысының нәтижелері





Кезең

Топ
тар

Балдар

2004-2005 ж.ж.

2005-2006 ж.ж.

2006-2007 ж.ж.

Бақылаушы

Эксперименттік

≥ 90

12,12 %

16,39 %

14,51 %

≥75 ≤ 89

38, 35 %

32,12 %

37,09 %

≥50 ≤ 74

34,38 %

39,04 %

36,25%

≤ 49



15,15 %



12,45 %

10,15%

Бақылаушы



≥ 90

4,91 %

3,22 %

6,32 %

≥75 ≤ 89

22,12 %

24,17 %

26,58 %

≥50 ≤ 74

46,35 %

51,61 %

50,63%

≤ 49




26,62 %

21 %

16,45 %

Көлемі n1 = 184 және n2 = 202 болатын екі жиынтық құрам бар, мұндағы п1 мен п2 – (тиісінше) экспериментальдық және бақыланушы топтардағы студенттер саны.
Зерттелініп отырған қасиеттің аталымдар шкаласында бірін-бірі жоққа шығаратын 2 (ғана) категория бар. Зерттелінуші қасиеттің іріктеу жиынтығына жататын нысандардағы өзіндік белгілерді өлшеулер нәтижесінде 2.13 кесте құрастырылды.
Бұл кестеде О11 – шегерілген бақылау жұмысының бағасы семестрлік бағадан төмендемеген экспериментальдық топтағы студенттердің саны.
О12 – бағасы төмендеген студенттердің саны.
О21 – бақыланушы топтағы бағасы төмендемеген студенттер саны.
О22 – бағасы төмендеген студенттер саны.
N – экспериментке қатысушы студенттердің жалпы саны.
Осыдан бұрын айтылғандай, критерийді қолдануға қажетті талаптардың барлығы да орындалды:
– екі іріктеу де кездейсоқ;
– іріктеулер тәуелсіз және әрбір іріктелінген топтың мүшелері де біріне-бірі тәуелді емес;
– өлшемдер шкаласы екі категорияны ғана қамтитын аталымдардың қарапайым шкаласы.

Кесте 2.13 – Жоспардан тыс орындалған бақылау жұмысының көрсеткіші








1 категория
Білімінің нәтижесі
өзгерген жоқ

2 категория
Білімінің нәтижесі
өзгерді

№1 іріктеу n 1  184

О11  71



О12  23





№2 ірікте n 2 202





О21  21



О22  37



Т өлшемдері статистикасының мәндерін (2.1) формуламен есептейік.
Т =
2.1 формуласымен бойынша есептелінген Т бақ. мәні 5,37, бұл мәнді χ2 кесте бойынша анықталынатын және Т шек.  2,71 мәні бар, α  0,10 деңгейдегі мәндер үшін еркіндік дәрежісінің саны v  1, таралуы χ2, х1-а статистикалық шектің (болжамның) мәнімен салыстырайық.
Екі жақты өлшемдік жағдайындағы дәрежеге сүйеніп, егер Т бақ. > Т шек., онда нөлдік болжамнан жоққа шығаруға негіз бар және Р1i ≠ Р2i альтернативалық болжам қолданамыз.
Эксперименттердің нәтижелері студенттердің инженерлік сызба пәні бойынша дайындығының артқаны байқалынады. Студенттің өздігімен жұмыс істей білуі, өзін-өзі ұйымдастыруы, өзіндік бақылау жасауының көрсеткіші анағұрлым артты.
Модульдік технологияны қолданудың нәтижесінде тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында эксперименттік топ студенттерінің инженерлік сызба оқу курсы бойынша білім сапасының көрсеткіштері көтерілді, инженерлік сызба пәніне деген қызығушылығы артты, болашақ құрылыс мамандықтарында инженерлік сызбадан алған білімдерінің қажеттігіне көздері жетіп, қолдану жолдарын игерді, графикалық жұмысты орындауға ынтасы артты, графикалық жұмыстарды орындау нәтижесінде өзін-өзі ұйымдастыруға, өз әрекеттерін жоспарлауға, өзіндік бақылау жасауға үйренді.
Осылайша, кредиттік оқу жүйесі бойынша модульдік технология арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудағы болашақ инженерлердің графикалық жұмысының педагогикалық шарттары және оны тиімділеуде мониторинг пен жаңа инновациялық технологияларды қолдану қажеттігі дәлелденді. Эксперименттік топ студенттері кәсіби дайындығына қажетті инженерлік сызба курсынан алған білімдерінің сапасы артырылды, зерттеу болжамы расталды.



Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет