Ежелгі грек тіл білімі орыс. древнегреческое языкознание — Грекияда туған тіл біліміндегі ой-пікір бүкіл Еуропа тіл ғылымының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді. Тілге қатысты жазба материалдары б. з. д. 5 ғасыр шамасынан басталады.
Ежелгі грек тіл білімі Гомердің "Илиада" мен "Одиссея" жырларының тілін зерттеуден басталады. Көне заманнан сақталған бұл дастандартілі гректердін сөйлеу тілінен мейлінше алыстап, оларға түсініксіз бола бастаған сон, грек ойшылдары соны зерттеу, айкындаумен шүғылданған.
Ежелгі грек тіл білімі екі кезенге бөлініп қаралады. Онын бірі — философиялық кезен, екіншісі — филологиялық кезен. Бірінші кезен б. з. д. 5—3 ғасырлар арасын қамтиды. Бұл — Ежелгі грек тіл білімі қалыптасуының алғашқы кезені. Мұны қалыптастырушылар философтар болған. Олар тіл мәселелерін лингвистикалық тұрғыда емес, философия тұрғысынан сөз еткен, философияға тәуелді, соның ажырамайтын бір саласы деп есептеген. Нақты тілдік фактілерге сүйенбей, абстракты болжаулар, философиялық тұжырымдар жасаумен шұғылданған. Ежелгі Грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз еткендері — атаудын табиғаты, зат пен онын атауы арасында қандай байланыс болатыны, тілдік қайдан, қалай пайда болғаны және тілдік грамматикасы мен логика арасындағы қарым-қатынас жөніндегі мәселелер. Гераклит бастаған философтар атау заттың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген, сөз — табиғат туындысы лесе, Демокрит бастаған философтар оған қарсы — зат пен оның атауы арасында табиғи байланыс болмайды, ол екеуінің арасындағы байланыс — шартты, кездейсок деген тұжырым жасады. Демокрит атаулардың жаратылыстан берілген табиғи еместігін тілдерде затты эр түрлі атаумен білдіретін синонимдердің және эр түрлі мағынаны білдіретін омонимдердің болатындығымен, көптеген заттардын тілдік атауларынын болмайтынымен немесе зат атауларының кейде өзгеріп кететінімен дәлелдейді.
. Ежелгі Грек дәуірінен келе жаткан зат пен оның атауы арасындағы қарым-қатынас жөніндегі талас бұл кезенде де болды, бірақ бұл тілдегі заңдылық тұрғысынан қаралды. Оны бардеушілер аналогистер, жокдеушілер аномапистер деп аталды. Аномалистер (Ктатес Малое) зат пен оның атауы және грамматикалық категориялар арасында ұқсастық, заңдылық жоқ десе, аналогистер (Аристрах Самофракийский) тілде аналогияның рөлі ерекше, тілдік элементтерде аналогия жолымен бірыңғай, біркелкі болу тенденциясы кұшті, тілдегінің барлығы да белгілі заңдылыққа бағынады деді.
33. Суперсегментті дыбыстық құралдар туралы ғылыми пайымдаулар
Достарыңызбен бөлісу: |