Сөйлеу дыбыстары акустика жағынан дыбыстардың ерекше түрі болып табылады, оған дауыс, әртүрлі шуыл, шу қатысады. Сөйлеу дыбыстары қабылдау тұрғысында — есту жүйесінің күрделі қызметімен байланысты. Сөйлеу элементтері ретінде Сөйлеу дыбыстарының айтылуы олардың артикуляциялық, акустикалық, перцептивтік қасиеттерімен бірге, тілге тән фонологиялық құрылымға негізделеді.Суперсегментті және сегментті болып екіге бөлінеді: Суперсегментті деңгейде, яғни дыбысталудың үстінен түсетін дауыс ырғағы, екпіні мен әуендік ұйымдасуына қатысты просодема, интонема бірліктері болса, сегментті деңгей бірліктері екі жақты лингвистикалық мүшелену бойынша анықталады.
Қазіргі қазақ тіл білімінде сегментті және суперсегментті Фонологиялық бірліктер зерттелу үстінде.
34. Ф.Бопптың лингвистикалық концепцияларының айырмашылығы
Тіл білімі тарихында неміс ғалымы Ф. Бопп салыстырмалы-та- рихи тіл білімінің негізін салушы деп саналады. 1816 жылы Ф. Бопп санскрит тіліндегі етістіктердің жікгелу жүйесін грек, латын, гер- ман, парсы тілдерімен салыстыра зерттеген еңбегі арқылы аталған тілдердің туыстығын дәлелдеді. Кейін бұл тілдерден жинақтаған материалдарын иран, славян, балтық, армян тілдері фактілерімен толықтыра келіп, 1833-1849 жж. «Үндіеуропатілдерінің салыстыр- малы грамматикасын» жазды.
Неміс ғалымы Франц Бопп тілді биологиялық құбылыс оны құдай жаратқан деп есептеді.
ХІХ ғасыр лингвистикасы Неміс ғалымы Ф.Бопп ( ) санскрит тілін Еуропа тілдерінің грамматикасымен салыстыру нәтижесінде 1816 ж. 25 жасында Санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латынь, герман тілдеріндегі жіктелу жүйесімен салыстыру аты еңбек жажды. Ф.Бопптың жалпы тіл біліміне қосқан басты үлесі: үндіеуропа тілдері денег атауда енгізуі; туыс тілдердегі етістік қосымшаларын салыстыра отырып, сәйкестікті ғана емес, грамматикалық жүйенің бірлігін дәлелдеп, теория сын жасауы; сөздер әуелде бір буынды болған денег көрегенді болжам айтуы; А.Мейенің айтуы бойынша, үндіеуропа тілдерінің ата тілін іздеймін деп, салыстырмалы -тарихи әдісті ашуы. Зерттеушінің атап көрсеткеніндей, Ф.Бопптың кемшіліктері де болған: үндіеуропа тілдері мен индонезия, кавказ тілдерін туыстастырамын деп қателесті; негізгі зерттеу нысаны етіп морфологияны алып, фонетиканы соған тәуелді жағдайда қарады. Синтаксис тіптен сөз болмады. Р.Раск ( ) салыстырмалы-тарихи әдістің Даниядағы ірі өкілі. Ол 1811 ж. 24 жасында: Руководство по испанскому языку еңбегінде логикалық грамматикаға қарсы шығып, грамматиканың міндеті – сөзді қалай жасау керектігін үйрету емес, сөздің қалай жасалап, қалай өзгеретінін сипаттау денег пікір сайты. Происхождение исландского языка еңбегінде герман тілінің латынь, грек тілдерімен ұқсастығын алғаш айқындады. Халықтың пайда болуы және олардың туыстық байланысын тануда тілден артық құрал жоқ. Тілдерді салыстыра зерттеуде тілдің ең сенімді салаты грамматика болып табылады, өйткені тілдегі сөздер бір бірімен ауысқанымен жіктік, септік жалғауларының ауысуы мүмкін емес, - деді.
35.Тіл иерархиясы деңгейлеріне қатысы бойынша лингвистикалық типология бөлімдері
Тілдік жүйедегі қатынастар: иерархиялық, синтагматикалық, парадигматикалық. Иерархиялық қатынас – ірі парадигмалық топтың (мысалы, дыбыс, морфема) өзінен гөрі ірірек, күрделірек парадигмалық топтың (мысалы, сөз, сөйлем) құрамына енуін айтамыз. Лингвистикалық типология тіл иерархиясының барлық деңгейлеріне сүйенеді. Басқаша айтқанда, ол фонологиялық, морфологиялық, лексикалық және синтаксистік деңгейлердің бірліктерін салыстыра алады. Деңгейлік талдауға жолдар әртүрлі, алайда типологтардың көпшілігі тіл деңгейлерін шектеуді жөн санайды. Белгілі бір деңгейдің әлдебір бірліктерінің бөлінуі түрлі себептерге қатысты. Біріншіден, салыстыру сипатына, яғни құрылымдық, генетикалық және ареалды типологияға атомарлық яғни деңгейлік жол көбірек тән, ал салыстырмалы типология түрлі деңгейлік бірліктерді табумен айналысады. Екіншіден, жекелеген деңгейлер барынша оқшау қарастыруды қажет етеді. Мәселен, фонологиялық деңгейге барынша оқшаулану керек. Салыстырғанда тілдік шектеудің белгілі мағынасы бар, өйткені ондай шектеусіз әмбебапты табу мүмкін емес.
Тіл иерархиясының деңгейлеріне қатыстылық бойынша лингвистикалық типологияның мындай бөлімдердің болуы мүмкін:
а) фонологиялық типология;
ә) фонетикалық типология;
б) морфологиялық типология;
в) синтаксистік типология;
г) лексикалық типология және басқалары.
36. В.Гумбольдт тілдерді типологиялық жіктеудегі принциптері
В.фон Гумбольд ( ) - салыстырмалы-тарихи тіл білімін әрі қарай дамытушы, жалпы тіл білімінің негізін салушы. Типологиялық классификацияда А.Шлегель жіктеулерін (аморфты, аффиксті, флективті) қабылдай отырып, аморфты тілді – даралаушы деп атады, 4-инкорпоративті (полисинтетикалық) тілді қосты.Тіл философиясының негізгі объектісін ғылыми мәселе етіп қойды: 1) тіл -үнемі даму үстінде болатынь құбылыс; тіл - іс-әрекеттің нәтижесі емес, іс-әрекеттің өзі, яғни тілдің іс-әрекеті -оның өзгергіштігі – ұжымның, қоғамның әлеуметтік өмірінің белсенділігінде. Тіл адамның ой-өрісінің кеңеюіне әсер етеді, яғни тіл және қоғам, тіл және ойлау, тіл және адам ұғымының қарым-қатынасын қарастыруға қадам жасады; 2) О сравнительном изучении языков применительно к различным эпохам их развития еңбегінде тілдің жүйелі құбылыс екенін негіздеді. Тіл - іштей жарасымдағы организм, ондағы әрбір элемент бүтіннің бөлшегі, тіпті тілді матаға, оның элементін жіпке теңеді; 3) Осы еңбегінде тілдің таңбалық сипотын, таңбалар жүйесі екенін сөз етті. Тіл - заттар мен құбылыстардың бейнесі және таңбасы. Сөз затың таңбасына айналлоды. Сөз болуы үшін зат пен ұғымның бірлігі болуы керек; 4) Тіл жекелеген сөйлеу әрекетінің жиынтығы ғана емес, сондықтан тіл мен сөйлеуді лингвистикалық жеке-жеке мәселелер ретінде қарастыруды белгіледі. Тіл мен сөйлеудің бір құбылыс емес екенін теориялық тұрғыдан тұжирымдады; 5) Тіл – халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрінеді денег концепция ұстанды; 6) Тіл философиясының тіл мен ұлт, тіл және қоғам, тіл және сана, тіл және ойлау денег объектілерін айқындады; 7) Гумбольдттың ең қомақты концепциясы – тіл антиномиясы.
В.Гумбольдттың идеялары мен концепциялары негізінде пайда болған мектептер: тілдің жеке адамдық сипотынан Соссюр мен А.Мейенің Социологиялық тіл білімі, ал тіл – жүйелі құбылыс денег идеясынан Шлейхер, Б.де Куртенэ, Соссюрдің тілдегі структурализмі: тіл жүйесіне ойлау жүйесінің әсері тур. ойдан Г.Штейнталь, Потебняның лингвистикадағы психологиялық бағыты, Тіл – халық рухы денег тезисінің этнопсихологихмге әсері; Тіл – мәдениетке қатысты алғанда, индивидтің шығармашылық әрекеті денег концепциядан Эстетикалық тіл білімі пайда балды. В.Гумбольдттың қателіктері: Тілдер типінің даму деңгейі жөнінде қате, шовинистік пікірде балды; тілді жасаушы - оның иесі халық емес, тағдырдың берген сыйы денег ойда балды; ХҮІІІ ғ. соңғы ширегі мен ХІХ ғ. алғашқы 10 жилдығында философия мен әдеби-тарихи қозғалыстарда болған романтизмнен лингвистика да шет қалмады.
Ғалымның ойынша, тіл - әрекет, ол рухтың жемісі, рухтың эрекеті, тіл үздіксіз даму үстінде, тіл жеке адамдардың сөйлеуі арқылы көрінеді, бірақ ол жеке адамның табысы емес, халықгың табысы, жалпыхалықтық туынды. В. Гумбольдт бірінші болып, тілдің ішкі қүрылымын, оның халықтардың рухани өмірімен, санасымен, тарихымен байланыс дэрежесін жан-жақты талдады, өзіндік лингвистикалық, философиялық жүйе қүрды.
37. Деңгейлік типология\
Достарыңызбен бөлісу: |