1. Өтемақы жүйесінің мақсаттары мен дәстүрлі жүйесі 2. Жеңілдіктер жүйесін басқару және ауыспалы жалақы жүйесі
1.Өтемақы жүйесінің мақсаттары мен дәстүрлі жүйесі. Кәсіпорын қызметкерлерінің өндірістік тәртібін, ынтасын алда тұрған стратегиялық мәселеге жетуге бағыттап отырады, басқа сөзбен айтқанда қызметкердің материалдық қызығушылықтарын ұйымның стратегиялық мәселелерімен біріктіру өтемақы жүйесінінің негізгі мағынасы болып табылады.
Стратегиялық мәселелерде табысқа жетуге қажетті мамандарды тарту үшін ұйымдар еңбек нарығында өзара бәсекеге түседі.Сондықтан ұйымға керекті қызметкерлер санатына қолданылатын өтемақы жүйесі бәсекеге түсуге қабілетті болуға тиіс.
Өтемақы қызметкерлерді ұйымдар үшін қажетті іс-әрекеттер жасауға бейімделуі тиіс.Өнімділік, шығармашылық, тәжірибе және кәсіпорын философиясына берілгендік сияқты адами сапалары өтемақы жүйесі арқылы ынталандыруы керек.
Өтемақы жүйесі бір жағынан, ұйымдағы әрбір қызметкерге жақсы түсінікті брлуы қажет: екінші жағынан әкімдік етуге оғай болуы қажет, яғни оның үздіксіз қызмет атқаруын қамтамасыз ететін материалдық және еңбек ресурстарының оншалықты көп болуын талап етпеуі керек.
Өтемақының дәстүрлі жүйесі.Өтемақының дәстүрлі жүйесі қызметкердің ұйымнан алатын өтемақысы екі элементтен-негізгі (жалақы немесе еңбекақы) және қосымшадан – тұратынын көрсетеді және олар белгілі бір ұзақ мерзім ішінде тұрақты болады.
Жалақы –бұл ұйым қызметкерге өзіне жүктелген міндетті орындағаны үшін белгілі бір мерзімде төленетін ақшалай өтемақы.Әрбір қызметкердің жалақы деңгейі әрбір жұмыс орнының салыстырмалы (ұйым ішінде) құндылығы мен оның абсолюттік құндылығын сәйкестіндіру арқылы және осы негізде қызметтік еңбекақы жүйесін құрумен анықталады.
Жұмыс орнының топтастырылуы осы ұйымдағы олардың әрбірінің салыстырмалы құндылығын анықтаудан тұрады. Жұмыс орны топтастырылуының кең тараған әдістері.
Жұмыс орнының маңызына қарай бөлу-қызметтік нұсқауларды эмприкалық талдау жолымен әрбір жұмыс орнына белгілі бір дәреже бекітіледі