Ушатов марат әбдікаламҧлы педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамыту


студенттің лидерлік әлеуеті- кәсіби және тұлғалық сапалар



Pdf көрінісі
бет24/63
Дата03.02.2023
өлшемі3,6 Mb.
#167289
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63
Байланысты:
Ushatov Marat Abdikalamuly D2

студенттің лидерлік әлеуеті- кәсіби және тұлғалық сапалар 
жиынтығымен сипатталатын, басқару саласындағы білім, біліктер 
жүйесі мен әмбебап құралдарын меңгерген, ізбасарларының өзін-өзі бекітуі 
мен командалық жұмысқа барынша дайындық деңгейін қамтамасыз 
ететін іргетасы 
[142].
 
Біздің зерттеуіміздің үшінші міндетіне сәйкес біз педагогикалық жоғары 
оқу орнының студенттерінің лидерлік әлеуетін дамытудың моделін жасауымыз 
қажет. Сол себепті біз ең алдымен модельдеу ұғымының мәнін ашуды жӛн 
кӛрдік. 
Қазіргі кезде ғылым аясында кең ауқымға моделдеу әдісі ие. Моделдеу – 
бұл кейбір объектілердің сипаттамаларының оларға арнайы құрылған зерттеуде 
ӛзге объектіден кӛрінуі.
Модельдеу түсінігінің мазмұны «модель» түсінігі арқылы ашылады. 
«Модель» сӛзі латынның modulus – шама, үлгі, норма сӛзінен шыққан және 
модельденетін объектінің кез-келген ойдағы немесе белгілік бейне ретінде 
түсініледі [117,с. 56]. 
Осылай педагогикалық сӛздіктер «модель» түсінігін анықтай отырып, 
оның бірқатар сипаттамаларын ұсынады:
Модель – болжамды үлгі, стандарт, ойдағы немесе шартты, педагогикалық 
ғылыми зерттеу нысаны болып табылады, ол нақты педагогикалық объектінің 
болмысын, құрылымын және функциясын элементтердің түсініктері мен ӛзара 
байланыстарын сызбалық жиынтық түрінде алмастырады әрі кӛрсетеді.
Модель – модельдеуші қызмет үдерісінде қандай да бір нәрсені заттық 
графикалық немесе пәрменді жаңғырту. 
Модель – танымның нысаны және құралы ретінде кӛрініс табады. Модель 
зерттеу объектісінен азырақ маңызды деп саналатын қасиеттердің алынуы мен 
қажетті деп есептелетін қасиеттердің қосылуы жолымен құрылуы мүмкін.


74 
Модель әрдайым қандай да бір бейне (сурет, сызба) түрінде кӛрініс табады, 
ол модельденетін объектінің қандай қасиеттері басты болып таңдалғанына 
байланысты болады, бір объект түрлі құрылымдағы модельдерде болуы мүмкін.
Модельдеу педагогикалық үдерістің қызмет ету ұйымдастыру мен 
шарттарының ғылыми негізделген мүлтіксіз моделін құру үдерісі ретінде 
түсініледі. Модельдеу әдісі қызметтің кез-келген саласында құбылыстарды 
зерттеу мен түрлендіру мақсатында қолданылады, ол басты компоненттерді, 
зерттелетін жүйелердің байланысын жаңғыртуға, оларды объективті бағалауға, 
олардың ықтимал даму жолын болжамдауға мүмкіндік береді.
Модельдеудің мәні фактілер мен құбылыстардың болмысын түсіну үшін
маңызды болып табылатын объектілер арасындағы жасырын қасиеттер мен 
байланыстарды кӛрінетін етуінде. «Модель» түсінігі мазмұнының 
мәселелерімен С.И.Архангельский [143], Ю.К.Бабанский [144], В.А.Болотов 
[145], А.Н.Капустина [146], Е.Коротаева [147], В.И. Загвязинский [148],
В.В.Краевский [149], В.П.Беспалько [150] және т.б. ғалымдар айналысты.
Модельдеуге танымның бақылау және эксперимент сияқты әдістерімен 
қатар маңызды орын беріледі. Е.М.Смекалова пікірінше, дәл осы модельдеу 
педагогикалық зерттеулерді жалпы ғылыми әдіснамалық деңгейге шығарды 
[151].
Модельдеудің ӛзіне тән ерекшелігі эмпирикалық мәліметтер мен 
теориялық ережелерді біртұтас педагогикалық зерттеулерге бірігуіне, 
педагогикалық объектіні зерттеу аясында логикалық байланыстар, ғылыми 
абстракцияларды құру экспериментін үйлестіруге мүмкіндік беру болып 
табылады [151]. 
С.И.Архангельский ӛзінің бірқатар еңбектерінде модельдеуді зерттеу 
объектісінің негізгі бастапқы ерекшеліктерін сақтау қасиетіне ие модельдерді 
құру жолымен түрлі объектілер мен үдерістерді ғылыми зерттеу әдісі ретінде 
қарастырады [143,с. 56]. 
Студенттердің – болашақ мемлекеттік қызметкерлердің кӛшбасшылық 
қасиеттерін қалыптастыру моделін әзірлеуде тұлғаның әлеуметтік бағдарлану 
модельдеудің негізін қалаушы идеяларды қарастырамыз. Бұл Г.Олпорт [152],
З.С.Смелкова [153], А.К.Мухтарова [154], М.И.Рожков [155] және т.б. 
ғалымдардың жұмыстарында ашылды.
Студенттердің – болашақ мемлекеттік қызметкерлердің кӛшбасшылық 
қасиеттерін қалыпастыру моделі кӛшбасшы қасиеттерінің қалыптасқандылық, 
заманауи қоғам талаптарына жауап беретін әлеуметтік белсенді тұлғаның 
критерийлерін анықтауға мүмкіндік береді. 
«Модельдеу» термині педагогикаға тек техникалық білім аясында енген. 
Модельдеуге байланысты педагогикалық үдеріс технологиялық болып 
табылады. Үдерісте және модельдеу арқылы педагогикалық технология 
құрылады, оның негізінде кәсіби үдеріс қатысушыларының дамуы қамтамасыз 
етіледі. Педагогикалық технологияны ӛзара байланысқан компоненттер, кәсіби 
іс-әрекет деңгейлері, олардың қатысушыларының күйлері үнемі қозғалыста 
болатын және бірізділігімен ерекшеленген үдеріс ретінде қарастырылады.


75 
Педагогикада нақты статистикалық модель құру мүмкін емес, ӛйткені 
педагогикалық іс-әрекет – бұл шығармашылық үдеріс, олар адамдар 
арасындағы ӛзара әрекеттестікті кӛрсетеді, ал әрбір адам бұл дербес тұлға, олар 
белгілі амалдар мен әдістерді қажет етеді.
Бірқатар зерттеулерді жүргізу негізінде біз студент активінің лидерлік 
әлеуетін қалыптастыру моделін құрып және ондағы басты құрылымдық 
компоненттерді ерекшеледік.
Біз модельдеу ережесінің әдіснамалық негіздеріне сүйендік. Ұсынылған 
модель жүйе элементтері және жүйе құрушы байланыстар элементтерінен 
тұрады. Оқу іс-әрекеті жүйесінің элементтерін ерекшелеу мақсатымен 
дидактикалық жұмыстар ұсынылды. Аталған жұмыстарды талдау негізі оқыту 
үдерісі тӛмендегілерді кӛрсетті: оқу және оқытудың мазмұндық, әдістемелік, 
нәтижелік және ұйымдастырушылық компоненттері. Осылайша, негізгі ішкі 
элементтер ретінде модель ӛзіне тӛмендегідей оқытудың ӛзара байланысты 
компоненттерінен тұрады: мақсат, мазмұн, сабақтар формасы мен әдістері, 
оқытудың нәтижелері мен кӛрсеткіштері. 
Тӛменде үшінші суретте біз педагогикалық жоғары оқу орындарының 
студенттерінің лидерлік әлеуетін дамытудың моделін ұсынамыз (сурет 3). 
Біз жасаған педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерінің 
лидерлік әлеуетін дамытудың моделі тӛрт блоктан тұрады: мақсаттық, 
әдіснамалық, мазмұндық және нәтижелік блоктордан. 
Мақсаттық блок қоғамның әлеуметтік тапсырысынан және педагогикалық 
мамандықтарға арналған Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартынан 
туындаған міндеттерді шешуге бағытталған және сол қажеттіліктерді жүзеге 
асырудың мақсат пен міндеттерін қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет