Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1 ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы:
жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2017 ж.
2 Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2016-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
3 ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын
арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына
Жолдауы, 2008 ж.
ТУЛЕУБЕКОВА М.К. , УАЙДАНОВА Ж.М.
(СЕМЕЙ, ҚАЗАҚСТАН)
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру
жүйесінің басты міндеті –Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа
инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара
тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие
үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын дамыту болып
табылады.
Қазіргі қоғамымызда әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді әр
түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс - тәсілдерді дер кезінде
қабылдап дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар мектептегі оқу - тәрбие
жүйесі, мұғалім - оқушы арасындағы қарым - қатынас жалпы оқытуды
ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің
инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі
маңызды мәселелердің бірі.
Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі
реформалар кезеңіне қадам басты. Еліміздің білім саласында өзгеріс болып,
білім беру жүйесі жаңартылады. Енді білім – әлемдік, тәрбие ұлттық деңгейде
болуы
керек.
Сондықтан
білім
беру
әдістемесіне
инновациялық
технологияларды енгізу үшін барынша қолдау қажет.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт
түрін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл
сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша түйінді дағдылар оқу жоспарында
352
«спиральді» тәсілмен берілген. Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте
білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады. Оқу мақсаттары
оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы
білімі қалыптасуына, алған білімін қайта өмірде қолдана білуіне бағытталған.
Оқушы бойында әлеуметтік дағдылар, жалпы білімнің іргетасы, танымдық
белсенділігі, жүйелі оқу әрекетінің қалыптасуына бастауыш сынып оқу
бағдарламаларында көңіл бөлінген [1, 7б.].
Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің
кәсіби шеберлігіне байланысты. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-
білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу
және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін
арттыруды талап етеді. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға,
шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті
тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі,
бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық
дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына
сүйене отырып, біз оқыту технологияларының тиімді жақтарын таңдап
алуымыз қажет және оқу-тәрбие үрдісінде озық технологияларды
белсенділікпен енгізіуіміз керек.
Еліміздің болашағы керкейіп өркениетті елдің қатарына қосылуы бүгінгі
ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы мәселе - әлеуметтік-
педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық
енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру, оны өмірде пайдалану [2, 48 б.].
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне ету, оқыту
мен тәрбие берудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны
игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан ескі сүрлеуден
тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде, өзіндік
даңғыл жол салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болу, ал
зерттеуші педагог өз кезінде ізденуші шәкіртті тәрбиелеуді талап етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа
педагогикалық технологияны өндіруді міндеттейді. Қазіргі кезеңдегі
педагогикалық инновация білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды топтастырады.
Жаңа технологияның мақсаты - оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдары
оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек.
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін
арттыруға өз үлесін қосады.
Біз өзіміздің тәжірибемізде жаңа технологиялардың ішінде модульдік
технологияны қолданамыз. Бұл технологиямен жұмыс барысында мұғалім
структуралық бөлімдерді мазмұнмен байытады, тәжірибе жинақтайды. Жаңа
технологияны қолданудың нұскауы мен ережесін біліп, алгоритмін
қалыптастырады. Бұл технологиямен жұмыс жаңашылдықты ендіру деңгейін
көтеріп, мұғалімнің шығармашылық потенциалын толықтырып, кәсіби
шеберлігін шындайды. Жаңа технологиямен жұмыс, пәнді жоспарлау ісіне де
353
өзгеріс енгізеді. Біріншіден пәнді оқытуға бөлінген сағаттың жалпы санына
ішінара өзгертулер мен топтастырулар болады. Екіншіден жалпы
педагогикалық кызметті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға бағытталған
шаралар жүргізеді. Үшіншіден білім беру формаларынын оқушы
шығармашылығына негізделген түрлері таңдап алынады. Жеке тақырыпты
модульдік
оқыту
жағдайында
сабақтың
ақпараттық-структуралық
компоненттерінің мазмұны төмендегіше анықталады.
1. Сабақ мазмұнын оқу элементтеріне (блоктарына) бөліп оған мақсат
қоя білу
Мақсат қоя білу бұл жаңа технология, бұл жаңаша басқару, оқу курсын
жаңа структуралық құрылымға көшіру, мұғалім жаңаша оқыту әдістемесін
игереді деген сөз. Білім стандарты талабын орындау оқу элементтеріндегі
дидактикалық мақсаттардың анық айкын болуы, оны орындау механизмнін
қарапайымдылығына байланысты.
2. Оқу мазмұнын оқу элементтері бойынша денгейлеп беру.
Оқу элементтеріне сәйкес жасалған үш деңгейдегі тапсырмалар жүйесінін
дидактикалық мақсаттарға сәйкестігін қамтамасыз ету. Оқу элементтеріндегі
жеке дидактикалық мақсатты орындау класс оқушыларына міндетті.
Бақылаудың түрлі формаларын мұғалім пайдалана алады. Олар: диктант,
тест алу, өзіндік жұмыс, лабораториялық және практикалық жұмыс, ауызша
сұрау, бақылау жұмысы т.б.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау окушының білік деңгейінің, оқу
белсенділігі мен білімді сапалы игеруінін көрінісі. Деңгейлік тапсырмаға
койылатын дидактикалық талап:
Бірінші деңгей (міндетті) - окушы белгілі бір объектіге ұқсас объектіні
таниды, біледі анықтайды, оны суреттей алады.
Екінші деңгей - оқушы менгерген ақпаратына сүйене отырып белгілі бір
жаттығуларды орындайды.
Үшінші деңгей - оқушы өздігінше білім алуға кабілетті, алған білімін кез
келген практикалық жұмыста колдана алады [3, 57 б.].
Оқу ісін ұйымдастыру оқушының оқу қызметіне қызығушылығын
қалыптастырып, білімге деген сұранысы мен оған деген өзіндік
қанағаттанушылығын оятады. Мұндай оқыту технологиясында бағалаудың
объектілігі, анықтық бір мәнділік іске асады. Мұғалім мен оқушының бір-біріне
түсіністігі орнығады. Оқушының сыныптан тыс кызметінің көлемі мен
мазмұны ретке келтіріледі.
3.Оқушының сыныптан тыс қызметін ұйымдастыру.
Оқушының сыныптан тыс кызметі - оқушының оқу мазмұнын оқу
элементтері (блоктар) бойынша деңгейлеп оқытуға дайындығын тиімді
ұйымдастыруға бағытталады. Қазіргі жаңа буын оқулықтардың өзінде
деңгейлік тапсырмалар мен сыныптан тыс жаттығу тапсырмалар жүйесі
жеткілікті деңгейде берілмеген. Сондықтан деңгейлік тапсырмалар жүйесін
мұғалімдердің өзіне жасауға тура келеді, ал оның оқу мазмұнына әдістемелік
тұрғыдан сай келе бермеуі де мүмкін. Оқу элементтерінің жеке дидактикалық
354
мақсаттарына сай үй тапсырмаларының мазмұны мен көлемі әлі толық
зерттелді деп айтуға болмайды.
4. Сабақтың логикалық структурасын белгілеу.
Сабақтың логикалық структурасының үш деңгейі болады. Атап айтқанда:
а) Оқу қызметінің жобасы;
ә) Дамудың әдістемелік бағдарламасының жобасы;
б)Оқу мазмұнын түсіндіру тетігінің жобасы.
5. Түзету - ескертпе жасау.
Үй тапсырмасы үнемі түзету - ескертпелер арқылы жүзеге асырылады.
Түзету ескертпелер негізінен алдын-ала қателікке ұрынбау үшін қажет. Қатемен
жұмыс, оқу элементтеріне сәйкес деңгейлік тапсырманы түгел орындату
арқылы бұл бөлімнің жұмысы ашыла түспек. Тестік не рейтингтік жүйе арқылы
оқушы шала орындаған деңгейлік тапсырманы қайта орындау, тіпті
орындалмаған деңгейлік тапсырманы қайта тапсыруды іске асыратын болады.
Оқу процесін тиімді ұйымдастыру оқу элементтеріндегі дидактикалық
мақсаттардың қайталанып келмеуі, ұғымдарды түсіндіруде логикалық бір
ізділіктің сақталуы, уақыттың жеткілікті болуы, оқушының оқу мазмұнын
толық, бүтіндей игеруін жете көңіл бөлініп үнемі мұғалім жадында болуына
байланысты. Деңгейлік тапсырманын орындалу көрсеткіші оның дидактикалық
тұрғыдан дұрыс жасалуына да байланысты болатыны түсінікті жағдай.
Сондықтан да деңгейлік тапсырмалар үнемі түзету, толықтыру, қайта жасауға
бейім болғаны жөн.
Жалпы оқу процесін бүтіндей модульдік оқытуға бейімдеу ісі оқу пәнінің
бүтіндей курсын тақырыптың немесе тарау, бөлім бойынша модульдеуге,
сабақтың
ақпараттық-структуралық
компоненттерін
жасауға
тікелей
байланысты.
Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық
сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін
өмірінде пайдалана білуі керек. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-
білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу
және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін
арттыруды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |