Қазақстанның үшінші жаңғыруы:
жаһандық бәсекеге қабілеттілік
» Үкіметтің алдына «үш тілді оқуға кезең-
кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу» туралы ұсыныстарды
тапсырды. Сонымен қатар «Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі
қарай дамуына зор көңіл бөлінеді.Алайда, бүгінде ағылшын тілі – жаңа
348
технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат
ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе
ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық
прогреске жете алмайды. 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда
жаратылыстану бағытындағы ағылшын тілінде оқытатын боламыз. Бұл
мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет. Мектептердің және
мұғалімдердің деңгейі, әсіресе ауыл мен қалада әртүрлі. Білікті педагогтардың
жетіспеу проблемасы да бар. Сондықтан, осының барлығын ескеріп, ағылшын
тілін кезең- кезеңмен енгізуіміз керек», - деді Елбасы Н.Ә.Назарбаев [1].
Сонымен қатар Н.Ә.Назарбаев осы мақсатқа жету жолында тіл мәселесін
алға тартып, қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп,
қазақ, орыс және ағылшын тілдерін емін-еркін білу тиіс екендігін пайымдады.
Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы
қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата-
аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды. Қазіргі таңда шетел тілдерін
оның ішінде ағылшын тілін ерте жастан оқытудың маңыздылығы зор.
Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болады.
Ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді.
Сол себепті, қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігінің алған бағыты
қажетті және дұрыс бағыт болып есептеледі, дәлірек айтқанда, ҚР Білім беру
жүйесіне шетел тілін ерте жастан бастап оқытуды енгізу. Заманауи мектептерде
білім беру үдерісінің моделі оқушыларға білім қорын беріп қана қоймай,
оқушылардың оқу үрдісіндегі басқа да оқушылармен қарым-қатынасқа түсудің
жаңа стратегияларын меңгеруге жағдай жасауға бағытталған, яғни белсенді,
автономды, мәдениаралық қарым-қатынасқа қарқынды түсуге қабілеті бар
тұлға қалыптастыру болып табылады. Ғылыми әдебиеттерді саралау негізінде
және қолданыс енгізілген әдістемелерге сәйкес шетел және ұлттық
ғалымдардың ой-пікірлерімен келісе отырып, ерте жастан оқытуда ағылшын
тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығы мен ерекшелігіне
тоқталу қажет.
Өз елінің азаматтарының сапалы білім алуына қажетті шарттарды құрған
мемлекет қана табысты дами алады және әлемнің озат елдерінің қатарына
жатқызылады.
Еліміздің елбасы Н.А. Назарбаев отандық білім беруді жоғары деңгейге қойды.
Ол бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы болуы тиіс және қазақстандық мектеп түлектері
шетелдің кез келген жоғарғы оқу орындарында білім алуларын оңай жалғастыра
алатындай болуы керек.
Білім берудің маңызды стратегиялық тапсырмасы, бірінші жағынан, ең мықты
қазақстандық білім беруші дәстүрлерді сақтау болса, екінші жағынан, мектеп
түлектерін халықаралық біліктілік сапамен қамтамасыз ету, мемлекеттік, ана және шет
тілдерін меңгеру негізі болып табылатын лингвистикалық түсініктерін дамыту болып
табылады.
Қазақстан Республикасының тілдік саясаты, қазіргі уақытта білім беруші
ұйымдар оқу-тәрбиелеу процесінің сапасын және шет тілін меңгеру тиімділігінің
жоғарылауына бағытталған. Бүгінгі күні 2016-2020 жылдарға арналған Қазақстан
349
Республикасындағы білім беру және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламаның
жүзеге асырылуындағы институциялық қамтамасыз етілу жұмысының аяқталғандығы
туралы айтуға болады, базалық құзіреттіліктің бірі - үш тілдік, евразиялық
көпмәдениеттілік, қарым-қатынастық. Тұжырымдаманың негізгі ережелерінде,
заманауи мектептің түлегі шет тілінде сапалы сөйлей алуы керектігі туралы айтылады,
бұл - кәсіпқой жастардың тәрбиеленуі сұрақтарындағы ең маңызды сұрақ, себебі,
қажетті теоретикалық, практикалық білімге, дағдылар іскерлігіне толығымен және
сапалы түрде қол жеткізу үшін әлемдегі техника мен ғылымның интенсивті түрде
даму деңгейі мен қарқыны шетел тілдерін еркін меңгеруді талап етеді.
Білім берудің барлық сатыларына тиесілі бірқатар нормативтік құжаттар
қолданысқа енгізілгеннен кейін Қазақстанда білім беру жүйесін ілгерінді
дамытуға және жаңартуға мүмкіндік туды. Базалық құндылықтар мен аялық
білім қаланатын мектепке дейінгі және бастауыш мектептегі тәрбие мен оқыту
маңыздылығына ерекше назар аударылуда. Шетел тілдерін меңгеру үшін ерте
жастан оқытудың тиімді екені ғылыми түрде дәлеледенген. Аталған ғылыми
дерек Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2016-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы міндеттерінде
ескерілген [2]. Жоғарыда аталған бағдарлама міндеттері фрагменттік сипатта
жасалған шетел тілін ерте жастан оқыту тәжірибесі мен шетелдік машықтануды
бірыңғай жүйеге келтіруге мүмкіндік беретін болады; үздіксіз басқа тілді білім
беру мен білім беру бағдарламаларының бірізділігін қамтамасыз етеді; елдің
зияткерлік әлеуетін дамытудың елеулі факторының бірі ретінде көптілді тұлға
қалыптастырудың жоғары сапасы мен тиімділігін негіздейтін болады.
Күтілетін нәтижелер Қазақстан Республикасында білім беруді және
ғылымды
дамытудың
2016-2020
жылдарға
арналған
Мемлекеттік
бағдарламасында қойылған «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мазмұнын
жаңарту», «Ағылшын және басқа шетел тілдерін оқыту» бөлімдерінде қойылған
міндеттерді шешуге бағытталған, сонымен қатар 12 жылдық оқыту моделіне
көшуді жүзеге асыруға арналған.
Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлт пен ұлыстардың өкілдері
тұрады. Бұл дегеніміз, әр ұлт өкілінің төл мәдениетін, ана тілін сақтап, ұлттық
салт-дәстүріне қызығушылығын арттыру, оларды игеруге ұмтылысын күшейту
қажеттілігін туындатады. Сонымен қатар, өз мәдениетімен қоса ортақ Отанға,
мемлекеттік тілге құрметті арттыру, үштілді тұлға қалыптастыру - білім беру
саласындағы аса маңызды міндеттердің бірі болатыны айғақ.
Қазіргі таңда ерте жастан шетел тілін оқытуда дидактикалық шарттарын
орындауда түбегейлі дамыған, көптілді және көпмәдениетті ортаға бейімделген,
шығармашылық қабілеті жоғары, нарықтық бәсекелестік жағдайында өмір
сүруге дайындалған, өзіндік ұлттық бет-бейнесі анықталған жеке тұлға
қалыптастыру басты міндеттердің бірі болып, күн тәртібінде жоспарлануда. Бұл
өз кезегінде, қазіргі таңдағы орта мектептерде ерте жастан шетел тілін
оқытудың дидактикалық шарттарын ескеру білім берудің өзекті тақырыбы
екендігін айқындайды.
Шетел
тілін
ерте жастан бастап
оқыту
елімізде
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен қабылданған
350
«Тілдердің үштұғырлылығы» ұлттық мәдени жобасымен де ұштасып жатыр [3].
Қазіргі уақытта шетел тілін ерте жастан оқыту әдістемесі, орта мектептерде
шетел тілін ерте жастан бастап оқытуда дидактикалық шарттардың дамуы жан-
жақты зерттеліп, оның негізгі нәтижелері ғылымның әлемдік деңгейінде жарық
көруде. Сондықтан, ерте жастан шетел тілін оқытуда дидактикалық шарттарды
ескеру сұрағы бойынша әлі де шешілмей жатқан мәселелерін қарастыруда
Қазақстанда ерте жастан балаларға білім беруде зерттеу жұмыстарының
ғылыми маңызы айтарлықтай маңызды.
Соның айқын айғағы болып қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау
болып табылады. Соған орай орта мектептерде оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі
іске асыру педагогикалық оқу орындарында білім алып жатқан болашақ жас
мамандардың білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне
толыққанды байланысты екендігі өздігімен түсінікті. Орта мектептерде аса
маңызды міндетті шешуде дидактиканың атқаратын қызметі айрықша.
Орта мектептерде шетел тілін ерте жастан оқытудағы негізгі міндет –
балалардың машықтануын, сонымен қатар олардың шығармашылық
қабілеттерін, ізденістерін дамыту. Осы мақсатқа жету барысында білімнің
қандай да бір саласында бар қорытындыға және олардың негізінде жаңа
жобаларды жасауға байланысты шығармашылық сипаттағы жұмыстардың сан
алуан түрлері қолданылады.
Болашақ мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіне жан-жақты дайындығы, ерте
жастағы балалардың оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруда шетел тілін
оқытудың дидактикалық шарттарын ұйымдастыра алу мәселесі ең алдымен
мұғалімнің дайындығына тікелей байланысты. Қазақстан Республикасының
жаңа
формация
педагогына
үздіксіз
педагогикалық
білім
беру
тұжырымдамасында
көрсетілгендей,
қазіргі
білім
беру
жүйесіндегі
дағдарыстардың болуы білімнің тиімділігінің жетіспеуіне ғана байланысты
емес. Ол жас ұрпақтың интеллектуалдық, жеке тұлғалық, адамгершілік-рухани
дамуында жіберілген кемшілік, сонымен қатар білім жүйесінің жеке тұлғалық
менталитетін қалыптастыруда, жалпы адамзаттық құндылық, толеранттық және
ынтымақтастық социум тұрғысынан білім беру жүйесінің дайындығы
жоқтығынан делінген. Қоғамның постиндустриялды дамуы және ақпарат алу
мүмкіндігінің жоғарылауы жағдайында, жоғары кәсіби деңгейді иеленген,
шығармашылыққа және өзіндік қабілеті бар жас ұрпақтарды оқыту мәселесі
одан әрі ерекше маңызға ие бола бастады. Шетел тілін ерте жастан оқытуда
ақпараттық технологиялардың аса жоғары қарқынмен дамуы мұғалімнің кәсіби
іс-әрекетін өзгертуді, демек, мұғалімдердің өз қызметінде жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалана білудегі дидактикалық шарттардың орындалуы
мәселесін алға қойып отыр.
Кез-келген
оқыту
технологиясы
мұғалімнен
терең
теориялық,
психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық
шеберлікті, оқушылардың жан дүниесіне терең үңіліп, оны түсіне білуді талап
етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын,
жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар
ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы
351
жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек
қана педагог қалыптастыра алады. Бастауыш сынып мұғалімі үшін оқушы
жазылмаған тақта секілді таза, пәк. Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі
мақсаты-баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету,
оның қабілеттерін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік
қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |