Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы ұлттық құндылықтардың көрініс табуын сипаттаңыз



бет57/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы ұлттық құндылықтардың көрініс табуын сипаттаңыз

"Абай жолы" эпопеясы Мұхтар Әуезовпен жазылған қазақ әдебиетінің бір де бір шыңы . Бұл роман тек қазақ халқының оқырмандарымен ғана емес, барша әлем оқырмандарымен сүйсініп оқылып жатқан үздік туынды. Қазақ көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне жаңа ерекше образ әкелгеншығарма.
Абай жолы романы қазақ әдебиетіндегі тұңғыш жазылған роман-эпопея саналады. Роман әр жылдары бірнеше кітап ретінде жарыққа шықты. Атап айтқанда 1-кітап 1942 жылы, 2-кітап 1947 жылы, 3-кітап 1952 жылы, ал 4-кітап 1956 жылы жарыққа шықты.
"Абай жолы" эпопеясы Абайдың дара жолын ғана суреттегенімен ғана емес, романдағы ұлттық, құндылықтармен бай екендігімен танымал. Қазақ халқының жағдайын, дәстүрлерін, мінезін қыр-қырынан, жан-жағынан көрсеткенімен де ерекше. Ал, ендеше, соны зерттеп, дәлелдеп көрелік.
Біріншіден, романда қайтқан адамға деген қазақ халқының тарапынан сыйластығы байқалады. О дүниеге кеткен адамға арнап бар ауылға, туған-туысқандарға, тіпті, көрші ауылдарға берілетін ас - қазақ халқының әлі күнге дейін сақталып келе жатқан дәстүрі. Бұл дәстүр құндылық болмаса, немене? Ас беру көрінісі романның, бірінші томындағы "Өрде" бөлімінде анық көрсетіледі. Оспанға жасалған асқа Абай 10 үй салғызып, үлкен пашпен өткізді. Аста, тіпті, көкпар, бәйге сияқты ғұрыптық ойындар ойналған. Бұл қайтқан адамды шығарып салу, еске алу дәстүрі - рухани-әлеуметтік құндылығы жағынан ерекше орны бар дәстүрлеріміздің бірі. Оның қазақ халқында ғасырлар бойы өзектілігін жоғалтпай, қолданылып жүргені- оның қоғамда қандай ерекше орын алатынын көрсетеді. Дәл осы көріністі Мұхтар Әуезов улкен шеберлікпен көрсете алды.
Екіншіден, Абай жолы романындағы ұлттық құндылықтардың бірі - құдалыққа бару, той жасау дәстүрі. Бұл құбылыс бірінші томда Абай мен Әйгерімнің үйлену кезінде байқауға болады. Үлкен қуанышты бар ауылға тойлап, Біржан салдай әншіні шырқатып той жасағаны - қазақ халқының бірлігін көрсетіп қана қоймай, ұлтымыздың ерекшелігін көрсететін дәстүр.
Үшіншіден, романдағы ұлттық құндылықтардың бір белгісі- қазақ халқының тәрбиесі мен даналығы. Бәріміз білетіндей, қоғамымыздың тәрбиесі басқа ұлттардың тәрбиесінен өзгеше. Ата-бабаларымыз жауапкершілікке, адамгершілікке, сыпайлылыққа, құрметтеуге және тағы да басқа қасиеттерді қанымызға сіңіруге тырысқан. Оның бір дәлелі эпопеяның бірінші томының "Қайтқанда" бөліміндегі әжесі Зере мен анасы Ұлжанның айтқан әңгімелері болады. Осы ертегілерарқылы Абай адам болып қалыптасудағы басты фундаментті тұрғызған. Тек қана бұл емес, Абай аналарына жүгіріп бара жатқанында Зеренің "Бірінші әкеңе бар" деген сөзі тәрбиенің бір үлгісі емес пе? Әбіштің Оспанның жылын жасарда ас бермей, оған арналған етін мұқтаж адамдарға таратқаны ше? Бұл да қазақ халқының тәрбиесін көрсететін тағы да бір дәлел. "Абай жолы" эпопея әлемі тұнып тұрған құндылық.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет