Хатыңды, балам, оқыдым,
Қалыңды білдім сапардан.
Қуанып саған отырмын,
Гвардеец атанған.
Сұраншы, Саурық секілді
Болыпсың, балам, қаһарман... –
деп, баласына өлең жолдарымен рух бере түседі. Бұл жырын Жәкең:
Достарыңа сәлем айт!
Жауларыңды жеңіп қайт! –
деген тілекпен бітіреді.
Жәкең Алғадайды аса жақсы көріп: «Өзге балаларым – бір төбе, Алғадайым бір төбе» деп отырады екен.
Жалпы, Ұлы Отан соғысы тақырыбына соғыстың төрт жылында Жамбыл 3000 жолдан артық жыр шығарды. Оның соғыс тұсындағы жырлары дұшпанға қарсы жұмсалған қаһарлы құрал болды. Ақын 95 жасында бойындағы кеселін сыпырып тастап, кеңес халқы қашан жауды талқандағанша домбырасын тастаған жоқ.
Т.Айбергенов поэзиясының сан қырлылығын тұжырымдаңыз
Төлеген Айбергенов (1937–1967) - 8 наурызда Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туған.
Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан «Жас дәурен» атты ұжымдық жинақта басылды. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңа ырғақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары: «Арман сапары» (1963), «Өмірге саяхат» (1965), «Құмдағы мұнаралар» (1968), «Мен саған ғашық едім» (1970), «Аманат» (1975), «Бір тойым бар» (1981), балаларға арналған «Бақшаға саяхат» суреткітапшасы (1985) жарық көрді. Сондайақ орыс тілінде «Мир созвездия» (1987) деген атпен таңдамалы өлеңдері аударылып басылды. «Ақерке Жайық», «Жаңғырған Маңғыстау», «Қазақстан», «Сені ойладым», «Мені ойла», «Ақ қайыңдар», «Бір тойым бар», т.б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал.
Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974, қайтыс болғаннан кейін). 1997 ж. ақынның "Таңдамалы өлеңдер" жинағы мен ол турапы жазылған "Біргемін мен сендермен" атты естелік кітабы жарық көрді.
Айбергенов поэзиясының әсеріне елігіп, ақ жүректі ақынның егіле-төгіле жырлауына еліктеп өскен жыршылардың бірі - Мұхтар Шаханов. Талай шырғалаңға ұшыраса да Махамбет мінезді Төлегенше жазуға талпынған ақын. Ол өз сөзінде: «Төлеген Айбергенов, Шәмші Қалдаяқов үшеуміз ерекше достық қарым-қатынаста болдық. Анам марқұм 13 құрсақ көтерген, соның ішінде менен басқасы түгел о дүниелік болып кеткен. Неше балаңыз бар деп сұраған адамдарға: «Менің үш балам бар: үлкені – Шәмші Қалдаяқов, ортаншысы – Төлеген Айбергенов, кішісі – мына Мұхтар» – дейтін. "Шәмші де, Төлеген де анамды ерекше қадірлейтін"- деді. Мұхтар Шаханов Төлеген шығармаларынан нәр алып, ағалық ақылын тыңдап, қасында жүріп, көп нәрсені үйренген. Тіпті Төлегеннің мықтылығын мойындап, күллі қазақты таң қалдырған ақын деп, "Айбергенов шыңы" деген өлең шығарған.
Бәйшешектің ғұмырындай тағдыр
кешкен мәрт батыр,
Өлеңінде ешбір ғасыр өшіре алмас өрт жатыр,
Намысынды дәуіріңе еткізбедің қақпақыл.
Міне содан, ұлтымызды рухсыздан күзетіп,
Сенің жырың шекарада әлі күнге сапта тұр.
Пайымдаймын, мойындаймын, сен данасың,
мен бала,
Ұлтына кім жақын, алыс, айқындайтын ел ғана.
Он том өлең жазғандарды кетті ұмытып кең дала.
Бірақ шағын он өлеңмен он миллион қазақты
Толғандырған, таң қалдырған
Махамбет пен Сен ғана.
Достарыңызбен бөлісу: |