М.Мақатаев лирикасының өміршеңдігі турасында баяндаңыз
Мұқағали Мақатаев алпысыншы жылдардан бастап өзіндік ерекше орнымен көрінді де, ақын ұлттық поэзияның бірегей бітімді біртуар тұлғасына айналды.
Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының бұрынғы Нарынқол ауданындағы Қарасаз топырағында дүниеге келген. 1948 жылы онжылдық мсктспті бітіргеннен кейін өзінің туған ауылында әр түрлі қызмет атқарады, Ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отау меңгерушісі, жергілікті комсомол қызметкері, жетіжылдық мектепте мұғалім болады.
Әдеби орта, баспасөзде қызмет атқарған түстағы әдеби өмір, алпысыншы жылдардағы жеке басқа табынуды әшкерелеуден туындаған кеңестік дәуір әдебиетіндегі жаңғыру, бүгінде «жылымық жылдар» деген атпен белгілі жаңа серпіліс Мұқағалидың да дүнистанымының біржолата қалыптасуына, қаламгерлік қолтаңбасын айқындап, даралай түсуіне ықпал етті, негіз болды. Туа бітті табиғи таланттың шынығуы жалпы әдебиеттегі жаңа толқын, жаңашыл жаңғыру рухының белең алып күшейе түскен кезеңімен сәйкес келе кеткендей еді. Жас ақын талантын алғаш рет елуінші жылдардың соңына таман Әбділда Тәжібаевтың аңғарып, сәтті сапар тілеп, бір топ өлеңдерін «Қазақ әдебиеті» газетінде жариялатуы – оның ақындық жолын біржолата айқындап берді, әдеби өмірге еркін араласа түсуіне жол ашты.
Ақынның алғашқы жырлары 1948 жылдарда Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінің беттерінде жарияланды. 1954 жылы «Әдебиет және искусство» («Жұлдыз») журналында бір топ өлеңдері жарық көрді. «Қазақ әдебиеті» газетінде өлеңдер топтамасы (Әбділда Тәжібасбтың қоштауымен) оқырманға жол тартты. Арада он жыл салып/1964 жылы тұңғыш кітабы «Ильич» атты поэмалар жинағы жарыққа шықты. 1966 жылы «Армысындар, достарым!» атты өлеңдер мен поэмалар кітабы, 1967 жылы «Қарлығашым, келдің бе?» атты жыр жинағы оқырман қолына тиіп, қаламгерлік беті айқындалған, өзіндік қолтаңбасы бар ақынның тұлғасын танытты. Соңғы жинақтарының тақырыптарынан-ақ («Армысыңдар, достарым!», «Қарлығашым, келдің бе?») ақынның өз үні мен таным дүниесі бедерленіп бой көрсетті.
1976 жылы жарық көрген «Өмір - дастан» атты таңдамалы өлендері мен поэмалары ақындық өмірдің бір түйінді белесіндегі қорытындысы секілді көрінді. Келесі, 1978 жылы жарияланған «Өмір - өзен» кітабын авторы көре алмады. Жомарт дарын, арқалы ақын ксмеліне келіп, нағыз толысқан шағында 1976 жылы қырық бес жасында ауыр науқастан қайтыс болды. Бұл кезде ақын поэма, дастандарымен, талантты лирикалық шығармаларымен, әлем әдебиетінің кесек туындыларын қазақ тіліне аудару арқылы қазақ әдебиетінің тарихында ерекше тұлғалы орын алып, жарқын да шынайы талантымен кеңінен танылып үлгерді. Ақын соңында бай да талантты қаламнан туған мұралар қалдырды. Оның жеке өмірі мен шығармашылық ізденістерінің ішкі бірлігі, түтастығы, дүние құбылыстарына деген шыншыл да сезімтал ақындық көзқарасы туындыларынан барынша айқын аңғарылады. Шығармашылық өмірінің алғашқы қалыптасу кезеңі бүкіл кеңес әдебиетінде үлкен серпіліс тудырған алпысыншы жылдардағы «жылымық» жылдарына түспа-түс келген ақын дүниетанымы одан кейінгі социалистік қоғамдағы тоқыраудың әуелгі жылдарында күрделі қайшылықтарға ұшырады. Ал, өткен ғасырдың соңындағы қайта құру, Қазақ елінің тәуелсіздік алу кезеңін ақын өз көзімен көре алмай кетті. Көзінің тірісінде де ақын ретінде жақсы танылып, әдебиетте өз үнімен дараланған суреткердің мұраларына қөзқарас, ықылас күшейе түсті. Бәсіре» (1981), «Зов души» (1981),«Соғады жүрек» екі томдық тандамалы шығармалар жинағы (1982), «Шолпан» (1984) қалың оқырман қолына тиді. 1991 жылы үш томдық таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрді.
Ақын У. Уитменнің «Шөп жапырақтарын» (1969), В. Шекспирдін «Сонеттерін» (1970), Дантенің «Қүдіретті комедиясының» «Тамұқ» атты бірінші бөлімін (1971) қазақ тіліне аударып жариялатты.
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында, Қазақ елінін тәуелсіздік алған кезеңінде Мұқағали Мақатаев мұрасына жаңаша көзқарас қалыптасты, ақын мұраларын танудың жаңа бір кезеңі басталды. Ақын шығармалары өзі дүнисден қайтқаннан кейін, беріде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығымен бағаланды.
Мұқағали өлеңдері - ұлттық поэзияның жаңа бір белеске көтерілгендігін, жаппай еуроцентристік ағымға ойысқан заманда қазақтың қара өлеңінің шынайы қасисттерінің қадірі артып, бұрынғыдан да толысып, кемелдене түскендігінің куәсі. Ол қазақ өлеңінің үлттық бояуы мен рухын үстанды, түрлендіре байытты да, сонысымен қалың қазақ оқырмандарының жүрегіне жол ашып, ұлттық поэзияның шашасына шаң тимес тарланбозы ретінде мәнгілік үялап қалды. Сонымен қатар, ақын қазақ лирикасын ХХ ғасыр әдебистінің озық дәстүрлерімен талантты түрде қүнарландырды. Білікті, парасатты ақын ретінде өз заманының ірі мәселелеріне қалам толғаса, соның өзінде қазақ өлеңі мен ана тілінің ғасырлар қойнауынан нәр жинаған аталы дәстүрін бүзбай, жарасымды дамытты. «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын» дегенде де ақын өзінің суреткерлік сырын алға тартқан.
М.Мақатаев туған халқының өмір-тарихын, фольклорын, әнін, күйін дүние жүзі мәдениетінің жетістіктерімен ұштастыра жырлады. «Армысыңдар, достардан» бастап, Дантенің «Құдіретті комедиясына» дейін ол қаншама өсуден, өрістен өтті». Біресе биікке, біресе төмендеген поэтикалық музыка әуеніндегі сиқырлы күштің сыры: ақын бірде дүниеден биік тұрып сөйлеуі, бірде табиғатпен қатарлас-құрбысындай иық теңестіріп сөйлеуі, енді бірде сол құдіретті ақын кәдімгідей сәби, бала бола қалады. Адамның сезімі қандай күрделі, сынаптай бір орнында тұра алмайтын болса, ақын көңілі де дәл сондай.
Бұл кезеңдегі лирикада жалпы адамдық, азаматтық проблемалар, оның ішінде Уақыт, Адам, Бейбітшілік мәселелері, ғылыми техникалық прогресс, экология және табиғат мәселелері жырланды. Мазмұн мен форма жаңғырып, дәстүр және көркемдік ізденіс, жаңашылдық дәстүр жалғастығы дамыды. Азаматтық және адамзаттық ақыл-ой парасатының арнасы кеңіді. Поэтикалық ойлау жүйесі алдыңғы он жылдыққа қарағанда, 60, 70 жылдары өзгеріп, өзінің соны соқпағын тапты. Ашылып айтпағанымен, астарлы ой-иірімдерімен қоғамға, саяси ортаға іштей наразылықтарды сездіретін лирикалық жырлардың ұштығы көріне бастады. Ақын Мұқағали Мақатаев:
Бұлқынып жатыр
Келмейді-ау құрғыр шамасы,
Бұлқынып жатыр
Таусылды-ау айла-шарасы.
Сәулемнің менің аяқ пен қолын матамай,
Бостандық берші, бостандық берші, мамасы, –
десе, нәресте арқылы бүткіл өмірімізге, аяқ-қолы маталған барша халқымызға бостандық беруін қалаған ақын жүрегінің дүрсілін естиміз. Ол кезде «бостандық бер!» деп ашықтан-ашық айту қиын. «Қарашы мынау қабаржап жатқан пішінге, ыза мен ашу қайнайды келіп ішімде» деуі де сондықтан. Сәбиге айтқан болып, бүкіл, күллі тіршілікке тіл қату-сынды тәсілдер атам-заманнан поэзияда болып келген, бола да бермек. Әсіресе Еуропалық, батыс поэзияларында бұл дәстүр терең дамыған. Сондай астарлы ойды білдіре келе ақын:
Мамасы босат, еркімен өссін тал шыбық!
Ауа мен күнге, Ай менен нұрға малшынып.
Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр, қарашы
Кішкентай жүрек көрсетіп жатыр қарсылық.
Ұлы Отан соғысы, одан кейінгі кезең әдебистімізгс үлкен бір белес болып енді. Мұқағали бұл тақырыпты да өзінше көріп, өзінше зерлеп үлгерді. Бұлар оның жеке сөзі ғана емес, бүкіл замандастарының, тұстастарының тебіренісіндей қабылданды. «Сенбеймін әкең өлді дегенге мен, Себебі ол үйімізден тірі аттанған» дейді ол «1941 жыл. Ақпан» туындысында. Осы тақырыпта ақынның ғаламат жаңалығы бар. Ол сол бір қатыгездіктің мүз тілі сумандаған сол жылдарға лағнет айта тұрып, сол жылдың жақсылығын, өмірінде қалдырған жылы беттерін құдіреттей қастерлейді. Өйткені, ол тек өткен қиындық қана емес, тағдыр. Ал тағдырды кім оп-оңай белден сызып тастай алсын.
Отан, ана туралы ақындар көп жазса да, өзгеге үқсатпай, өзінше жырлаған санаулы ақынның төрінен де Мұкағалиды көреміз. Отан ол үшін аса қасистті үғым. Бүкіл өміріне, күнделікті тірлігіне түрақ болған алтын түғыр. Қас тұлпардың қасисті бәйге көкпарда көрінетіндей, ақынның өзіндік үні, өзіндік мәнері, мінезі де осындайда жарқырап, даралана түседі. 1975 жылы «Шуағым менің» жинағында:
Кешір, шеше!
Мәңгілік майдандамын.
Түсін, шеше!
Отаныма бер мені бас бүтін, Нашар әйел тапқан ұл дегізбеймін.
деп жазса, «Өмір-өзсн» жинағында ақынның Отанға, туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббаты құс жолындай жарқырып көрінген. Осы жинағындағы, кейін таңдамалы кітабына қосылған елге, жерге махаббатын толғаған туындылары ақынның ерекше бір азаматтық пафосын алға тартады.
М.Мақатаевтың барлық жырлары мен поэмаларынан ажарланып көрінетін тағы бір ерекшелік - әуезділігі. Бұл әуезділіктің құрылымын түзетін көркемдік қасиеттер ретінде дыбыс үндестігі аллитерация, ассонанс, ішкі ұйқастар, өлеңнің мазмұнына сәйкес іріктелетін дыбыстар үйлесімі сөздердің мағыналық үндестігі, өлең тармақтарындағы, шумактардағы әуені туыстас дыбыстардың гармониялылығы, солардың нәтижесінде музыкалық бипаздалуы сияқты белгілер мен бедерлері атап айтарлықтай айрықша.
М.Мақатаев поэмаларының көбісі өмірде болған оқиғалардан алынған. Сол себепті де тарихи шындықтың поэмадағы көркемдік шешім табуы кімді де болса қызықтыратын жайт.Бұл тұста оның поэмалары, эпикалық туындаларының өзі бір төбе.
Мұқағали поэзиясына деген ел ықыласы Қазақстанның қай түкпірінде де айрықша екендігін айтып жатудың өзі артық болар. Оқырман ықыласына келгенде, Мұқағали – қазақтың ең бақытты ақындарының бірі. Он шақты жыл бойы өткізіліп келе жатқан дәстүрлі республикалық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауында үміткерлердің жиі таңдайтын ақындарының бірі – Мұқағали Мақатаев. Әсіресе, жастар қалауының көп түсетіндігі айқын көзге ұрады. Бұл – ақын поэзиясы өміршеңдігінің басты белгілерінің бірі екені даусыз. Ақын өлеңдерінің өміршеңдігі сол – тілі жатық, ойы анық, мағынасы терең, ең бастысы әр өлеңінде бір-бір өмір бар.
Достарыңызбен бөлісу: |