Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


XX ғасырдағы баспасөздегі Алаш зиялыларының әдеби-сыни ой-пікірлерін тұжырымдаңыз



бет9/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

XX ғасырдағы баспасөздегі Алаш зиялыларының әдеби-сыни ой-пікірлерін тұжырымдаңыз.

Әдеби сын баспасөзге байлаулы жанр, сол арқылы қалыптасып, әдебиеттану ғылымының жеке саласына айналғанын ескерсек, бұл орайда қазақ әдеби сынының тууы мен қалыптасуында газетпен журналдың тарихи маңызы ерекше екендігі сөзсіз. Олар жарық көргеннен бастап әдебиетімізге қатысты дүниелерге ерекше назар аударылды. Өлең-жыр, әңгіме, жолжазба, очерк, сыни-танымдық мақала, портрет, ғұмырнамалық шығармаларға өз бетінен үнемі орын беріп отырды.
Т. Кәкішұлы «Айқап» бетіндегі сын ескерт- пелер мен мақалаларды екі салаға бөліп қарастырған: біріншісі, педагогикалық сипа- ты айқын сыншылық ой-пікірлер; екіншісі, әдебиетке тікелей қатысты жайлардан өрбитін сыни ойлар. Бұлайша екі топқа бөліп, жіктей қарастыруда қисын жоқ емес.Қазақты оқу- білімге жалаң үндеп қана қоймай, білім алудың кілті – оқу құралдарын жазу, емле мәселесін бір жүйеге түсіру, қазақ тілінің заңдылығына сәйкес грамматика түзу, оқытудың әдіс-тәсілдерін жа- сау сияқты керекті жұмыстарға жолбасшылық көрсетуде «Айқап» қызметі ерекше болғанын ғалым жан-жақты танытқан.Журналдағы педаго- гикалық сипаттағы сын-пікірлердің бір парасы оқу құралдары – әліпбилерге арналды. Мәселен, «Айқаптың» 1911 жылғы No 4 нөмірінде «Кітап- тар жайынан» деген тақырыпта Ибраhим Алтынсариннің орыс ғарпімен бастырған «Хре- стоматия» деген араб ғарпымен қайта бастыру мәселесі. «Айқап» журналы оқу құралдарына, «Әліппе» кітаптарына жарнама сын жариялау- мен қатар, қазақ тілінің грамматикасына, емле мәселелеріне де назар аударған.«Айқаптың» қазақ тіл білімінің негізін қалап, оның жеке ғылым саласына айналуына үлес қосқаны жай- лы А.Байтұрсыновтың 1912 жылғы «Айқаптың» 4-5 сандарында жарияланған «Жазу тәртібі» мақаласы. Әдебиетке қатысты жайлардан өрбитін сыни ой-пікірлерге жарнама-сын, рецензиялар- ды, әдеби шолуды жатқызады. «Айқап» бетінде отызға тарта өлең жинақтары азды-көпті сөз болып, сыни пікір айтылды. Бұл жазылғандардан сыншылдық ой-пікірлер осы «Айқап» журна- лы мен «Қазақ» газеттерінде жандана түскенін байқатады. Қазақ әдеби сын тарихына қосқан үлесі мол екенін, сын жанрларының қалыптасып, дамуынан-ақ аңғаруға болады.
Баспасөзде жарық көретін әдеби сын мақа- лалар журналдың қоғамдық-саяси бағытына орайласатыны байқалады. Мысалы, ХХ ғасырдың басындағы журнал-газеттердің бағыты, ең ал- дымен, әлеуметтік-саяси тақырыптарды игеріп, одан кейін әдеби-эстетикалық көзқарастағы мақалалар қамтылған.
ХІХ ғасырдан бастап әдеби сынның тари- хында газеттер де елеулі орын алады. Әдеби сын баспасөз бетінде өмір сүреді. Сондықтан да әдеби сынның дамуы баспасөздің дамуымен тікелей байланысты. Қазақ даласында «Түркістан уалаятының газеті» (1870-1882), «Дала уалаяты- ның газеті» (1888-1992) газеттерінің шыға бастауымен бірге олардың беттерінде әдеби ой- пікірлер де көрініс тапты. Бұл газеттерде саяси- экономикалық мәселелермен қатар, оқу-ағарту жұмысының жай-күйін, өнер-білімнің пайдасы, орыс ғылымы мен мәдениетінің жетістігі тура- лы мақалалар жарияланған. Біраз кітаптарға жазылған мақалалар арқылы сыни ой-пікірдің туа бастағаны аңғарылады. «Қисса Қожа Ғафан hәм Садуақас» деген кітапқа жазылған мақалада «Қазақ тілінің тазалығын сақтау, оны бөтен, түсі- ніксіз сөздермен шұбарламау», жайында ой ай- тылғанын ауыз әдебиет үлгілерін іріктеу, жүйе- леу, құндыларын жариялау мәселесіне назар аударылған.«Дала уалаяты газетінің» әдебиет пен өнерге, аңыз бен жырға, тарихи шежірелерге байланысты материалдары елдің санасын ояту бағытында үлкен еңбек сіңірген. Мысалы, А.Құрманбаевтың «Қазақ тілі хақында» мақала- сындағы қазақ тілінің тазалығын сақтау жайын- да, Д.Сұлтанғазиннің қазақ тілі жайында жазған мақалалары «Дала уәлаяты газетінде» жарық көрген Мәшhүр Жүсіп Көпеевтің Абай өлеңдері жайлы мақаласықазақ әдебиеті тарихында Абай атының аталуына себеп болған көрсеткіш.
Қазақ әдеби сынының дамуына үлес қосқан газеттердің бірі ХХ ғасыр басында жарық көріп тұрған «Қазақ» газеті. Сыншы Т. Кәкішұлы
«Қазақ» газеті А.Байтұрсынұлының ағарту- шылық идеясын насихаттаумен қатар, нақты практикалық тұрғыдан шешуге, іске айналдыруға тырысқандығымен дараланады деп көрсетеді. Басылымдар жекелеген тұлғаларға, оның ішінде тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі тілдес елдердің ұлы перзенттеріне арналған ғұмырнамалық құнарлы мақалалар мен мәнді зерттеулер десе де болғандай. Тарихи танымды мақалалар әсіресе, М.Сералин қаламынан көбірек туған. «Маржани», «Ғабдолла Тоқаев», «Жуырда орны толмастай өлім», И.Гаспринскийдің 1914 жылы 1 қыркүйекте қайтыс болғанына байла- нысты оның өміртарихы мен шығармашылық еңбегіне тоқталған.М.Дулатовтың қаламынан «Тоқай», «Ахмет Иасауи», «Абай», «Шоқан» сияқты мақалалары тарихи құндылығымен ерек- шеленетінін жазған. А.Байтұрсынұлының «Ис- маил Гаспринский» атты мақаласында жалпы түркі үшін еткен еңбегі бағаланса, Г.Н.Потанин туралы А. Бөкейхановтың, М.Шоқаевтың Әбу- бәкір Диваев жайында жазған мақалалар таныс- тыру-таныту мақсатын көздеген.
Әдеби сын баспасөзге байлаулы жанр, сол арқылы қалыптасып, әдебиеттану ғылымының жеке саласына айналғанын ескерсек, бұл орайда қазақ әдеби сынының тууы мен қалыптасуында ХХ ғасыр басындағы «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің тарихи маңызы ерекше екен- дігі сөзсіз. Олар жарық көргеннен бастап әдебие- тімізге қатысты дүниелерге ерекше назар ауда- рылды. Өлең-жыр, әңгіме, жолжазба, очерк, сыни-танымдық мақала, портрет, ғұмырнамалық шығармаларға өз бетінен үнемі орын беріп отырды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет