Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз



бет7/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

Мұса Молда Байзақов (1849-1932). Түркістан өңірінде туып-өскен. Мұса молда шығармашылығында шығыс дәстүрі басым. Датқадан шығып, кедейленген ақын өмір шындығын шынайы суреттеуге өте бейім боп келеді. Бұрынғы өмір қалпына өз заманы шындығынан қарап, сын сөзімен байыптап, кемшіліктерін тауып, сынай біледі. Өлеңдерінде сыни көзқарас мол кездеседі («Есім аға», «Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл», «Сайлау деген елге бір бүлік болды», т.б.). Мұса молда өлеңдерінде ғылым-білімге үндеу басым болып келеді («Харакетке жаратқан адамзатты», «Ғылымсыз болып қартайсаң», «Жолаушымыз отырсақ, жатсақтағы», т.б.). М. Байзақов - мысал жанрын дамытуға өзіндік үлес қосқан ақын, бұл жанрда оның: «Тышқан мен түйе», «Жолбарыс пен түйе», «Қайырымды қыз бен қайыршы», т.б. шығармалары бар. Ақынның эпикалық жанрда жазылған шығармалары ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі елеулі табыс болып саналады. Поэмалары: «Ұры мен жолбарыс», «Опасыз жар», «Сұлу әйел мен молда». Көбіне шығыстық желіге, ауыз әдебиетіндегі аңыз әңгімелерге негізделіп жазылған. Мұса молда - айтыс өнерін дамытуға да үлес қосқан, әдебиетке жазба айтыс үлгісін әкелген ақындардың бірі. Оның «Манат қызбен айтысы» хат арқылы айтысудың озық үлгісі болып табылады. Оңтүстік өңірінде жиі кездесетін бұл дәстүрді Молда Мұса биік деңгейге көтерген. Ақын кеңес дәуірінде де біраз шығармалар жазған («Жаңа заман», «Талапты жастар», «Октябрьдің 14 жылдығына» т.б.). Жалпы алғанда, Мұса Молда Байзақов - діни көзқарасты өз шығармаларында орынды пайдаланып, тәрбиелік мәні зор шығармалар туғызған өз заманының керемет өкілі.

  1. ХХ ғасырдағы әдеби жанрлардың дамуын айқындаңыз.

Жаңа әдебиеттің көш бастаушылары әдебиетті тек идеялық тұрғыдан берік етіп қоймай, оның көркемдік тұрғыдан да жетілуіне баса назар аударды.
ХХ ғасырдың басында пайда болған романдар, драмалық шығармалар, т.б. жанрлар жаңа ізденістерге жол салды. Соның нәтижесінде С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» атты мемуарлық романы, С.Мұқановтың «Адасқандар» атты алғашқы романы (кейінгі аты «Мөлдір махаббат»), Ж.Аймауытовтың «Қартқожа», «Ақбілек» романдары дүниеге келді.
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ ақындары поэзияның этникалық жанрында көптеп жаза бастады. Поэма жанрында М.Сералиннің «Гүлкәшима», «Топ жарған», С.Торайғыровтың «Кедей», «Адасқан өмір» т.б. поэмалары дүниеге келді. Олардың тақырыптары әртүрлі еді. Мәселен, «Гүлкәшимаға» әйел теңсіздігі арқау болса, С.Торайғыров¬тың «Кедей», «Адасқан өмір» поэмаларында әлеуметтік теңсіз¬дік, адамның қоғамдағы орны секілді мәселелер көтерілді.
Әдебиетте прозаның күрделі жанры — роман. Бұл жанр Қазақ әдебиетінде ХХ ғасырдың басында пайда болды. Қазақ қаламгерлері дәуірдің аса күрделі мәселелерін басты тақырып етіп алып, оларды мейілінше терең ашып көрсетуге тырысты. Бұл тұста, әсіресе, әйел теңсіздігін өзек еткен шығармалар көзге ерекше шалынды. М.Дулатовтың «Бақыт¬сыз Жамал», С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торай¬ғыров¬тың «Қамар сұлу» сияқты романдары жарыққа шықты.
Жаңа ғасырдың бас кезінде алғашқы пьесалар жазылып, әдебиетке драматургия жанры қосылды. Мысалы, Б.Серкебаевтің қолжазба күйіндегі — «Жер дауы» (1912), «Қызыл бұзау» (1913), «Бақсы» (1914), «Әйел теңдігі» (1915), «Ғазиза» (1915) пьесалары бары белгілі.
Бұл тұста С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтің, Ж.Жабаев¬тың жаңа өмірді жырлаған жыр-толғаулары ерекше үлгі болды. Әсіресе, поэзияның эпикалық жанры құлашын кеңге жайды. Сол тұста туған С.Сейфуллиннің «Советстан», «Көкшетау», М.Жұмабаевтың «Қорқыт», «Ертегі», «Батыр Баян», І.Жансүгіровтің «Дала», «Күйші», «Құлагер», И.Байзақовтың «Құралай сұлу», С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмалары қашанда Қазақ әдебиеті¬нің алтын қазынасына айналған шығармалар болып қала береді. Бұл дүниелерді біріктіретін негізгі тұғыр — өткен мен бүгінгі өмірдің шындығын дәл беретін реалистік сипаты.
Отызыншы жылдарда әңгіме, повесть жанрлары одан әрі қарай өркендей түсті. С.Сейфуллиннің «Жемістер», Б.Майлиннің «Он бес үй», С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» повестері — авторлардың жанр мүмкіндігін, адам образын сомдауды игере бастағанын көрсетті.
Соғыс жылдарында көсемсөз (публистика) жанрда ерекше дамыды. Бұған себеп, біріншіден, шағын жанрдың жылдам жазылуы болса, екіншіден, баспасөзде тез жариялау қажеттілігінен еді. Әсіресе майданнан жазылған көсемсөздің өткірлігі, әсерлілігі ерекше. Майдангер жазушылар Б.Момышұлы, Б.Бұлқышев, М.ғабдуллин және т.б. Отанға деген сүйіспеншілік жауларға деген өшпенділік сезімдерге толы очерктер, мақалалар жазды. Б.Бұлқышевтің «Жауыздық пен махаббат», «Заман біздікі» атты публицистикалық туындыларында осы сезімдер кең орын алды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет