Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз



бет6/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

Шәді Жәңгіров (1855-1933). Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ өңірінде туып-өскен. Шығыстың озық үлгілі әдебиетінің нәзирагөйлік дәстүрін берік ұстанған, шығыс поэзиясындағы белгілі тақырыптар мен сю- жеттерді өзінше жырлап, идеясы мен мазмұны тұрғысынан мүлдем жаңа, төл туынды жасаған ақын. Бұл саладағы шығармаларының («Қисса қырық уәзір», (1911), «Назым Шәһирдәуіріш» (1913), «Қисса БәлғәмБағур» (1910), «Хайбар қиссасы» (1913), «Хикаят халифа һәрун Рашит» (1917) т.б. XX ғасыр бас кезіндегі қазақ поэзиясындағы дастан жанрының қалыптасуы мен дамуына игі әсері өте зор. Шәдінің төлтума шығармаларының («Ре- сей патшалығында Романов нәсілінен хұқмынарлық қылған патшалардың тарихтары, һәм ақтабан шұбырыншылық заманынан бері қарай қазақ халқының ахуалы» (1912), «Келіннің бетін ашатын терме» (1915), «Хикаят ОрақКүлше» (1917), «Қарынның жер жұтқан оқиғасы» (1917) т.б.) ХХ ғасыр басындағы әдебиетте өзіндік орны бар. Ақын неге екені белгісіз күнделік- ті өмірді, қоғам жайын аз жырлап, өткен өмір мысалдары негізінде жалпы адамгершілікті, ізгілікті насихаттайтын шығармаларды басымдау жазған. Оның діни-ағартушы екендігі шығармаларында ертедегі шығыс әдебиетін- де қалыптасқан сопылық сарынның мол болуынан көрініс табады. Жаста- йынан ел басындағы ауыртпалықты көріп өскен ақын өзінің төл өлеңде- рінде ел билеген әкімдерді, кейбір байларға тән дүниеқоңыздықты, озбыр- лықтарды еркін сынап отырады. Оның «Бөрбас байға», «Отыншы байға», «Бір молдаға», т.б. өлеңдерінде өмір шындығы реалистік түрде көрсетілген. Жалпы алғанда, Шәді шығармашылығының ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі эпикалық жанрды өрістетуде ерекше орны бар. XX ғасыр басында бұлардан басқа да қиссашыл, кітаби ақындар да болғандығын жоғарыда айттық. Жүсіпбек Шайқысыламұлы, Ақылбек Сабалаұлы тәрізді ақындар көбіне тек дайын сюжетті қиссалар жазып неме- се бастырып шығарумен айналысқан. Шығармаларының қай-қайсысында болмасын діни уағыз, дін құдіреттілігі жайлы ойлар өріс тауып отырған. Қорыта айтқанда, ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінде діни-ағартушы ақындар өзіндік бет-бағдарын айқын танытқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет