Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


XX ғасырдағыәдебиеттің бүгінгі зерттеудегі орнын тұжырымдаңыз



бет10/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

XX ғасырдағыәдебиеттің бүгінгі зерттеудегі орнын тұжырымдаңыз.

Қазақ əдебиетінің тарихының күрделі кезеңі мен тұтас дəуірінің болмыс-бітімін тануда əр ғасырдың алар орыны айрықша болып табылады. Б.Кенжебаев ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін зерттеуде орын алып отырған басты кемшіліктерді: «Бізде ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін менсінбеушiлік, жете бағаламаушылық болды; кейбір даурықпалар ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті идеялық, көркемдік дəрежесі төмен, ескішіл, ұлтшыл əдебиет, тіпті ХХ ғасыр басында бізде шын мағынасындағы əдебиет болған жоқ десті. Осыдан ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін зерттеп, бастыруға жете көңіл бөлінбеді» — деп көрсетті. Əсіресе өткен дəуір мұрасын бағалау мен зерттеудің əдіснамалық негіздерінің қателіктерін дұрыс көрсетіп, ақын-жазушылар дүниетанымындағы қайшылықтардың туындауына жете үңілу керектігін, əдебиеттің тұтас тарихын жазу, оған назардан тыс қалып келе жатқан қаламгерлердің барлығын да енгізу туралы келелі ойларын бүкпесіз жеткізді. Ғалым: «Дұрысында, тарихта болған, заманында өзінің шамасы келгенше қоғамдық, прогресшіл қызмет атқарып, əлеуметтік, мəдени, əдеби мəні бар азды-көпті шығармалар қалдырған ақын, жазушылардың бəрінің де аттары аталуға, қызметтері мен шығармалары көрсетілуге, зерттелуге тиісті; саяси жəне басқа үлкен қылмысы барлары болмаса, аттары аталмайтын, қызметтері мен шығармалары көрсетілмейтін ақын, жазушылар болмауға тиісті»— деген таза ғылыми жəне азаматтық ұстанымда болды. Сол арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін кешенді зерттеу мəселесін күн тəртібіне өткір қойды. Зерттеуші пікірінің астарында Алаш қалам қайраткерлерінің де мұрасы ескерілуі тиіс деген емеурін жатқанын аңғарамыз. Өйткені ғалым өзінің «Өтелмеген парыз» мақаласындағы елдікпен сабақтасып жатқан ойларынан, азаматтық ұстанымынан бір табан шегініс жасағаны жоқ. Əдебиетші Қ.Ергөбеков атап өткеніндей, «идеология жегіндісіне айналғысы келмеді. Саясаттан ғылым, ғылымнан саясат жасағысы келмеді». 1959 жылғы əдебиеттану ғылымына арналған конференцияда Алаш арыстарының əдеби мұрасы мен шығармашылығы назардан тыс қалғанын, аталғанның өзінде қараланғанын айтар болсақ, тек Б.Кенжебаев қана М.Жұмабаев есімін ілтипатпен атады. А.Нұрқатовтың Ақан сері туралы жасаған баяндамасымен ой бөліскенде: «Ақан серінің шығармаларының жиналуына сын көзімен қарауы керек еді. Тіпті Ақан сері шығармаларын бірінші жинап бастырған М.Жұмабаевты да ескеруі керек еді»— деп дерек көздерін дұрыс игерудің ғылыми мəнін əдебиетшілер зердесіне құйды.
Б.Кенжебаев ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетіндегі мынадай бағыттарды атайды: Феодалдық-клерикалдық, буржуазиялық-либералдық бағыт (А.Мұхамедияров, Ə.Шоқанов, М.Қалтаев, Н.Наушабаев, М.Ж.Көпеев, Ш.Жəңгіров). 2. Демократиялық-ағартушылық бағыт (М.Сералин, С.Торайғыров, Ə.Тəңірбергенов, С.Көбеев, С.Дөнентаев, Б.Өтетілеуов, Ə.Ғалымов). Бұл ретте ғалымның қазақ əдебиеті тарихын зерттеуін диссертациялық еңбегінде арнайы қарастырған Д.Сартбаеваның «Профессор Б.Кенжебаев жүйелеуінде «қайтсем ақын-жазушыларды ақтап алам» деген мақсат бар. Сондықтан да ХХ ғасыр басында өмір сүрген ақын-жазушылардың бір шоғырын біресе «клерикалдық-феодалдық», біресе «буржуазиялық» деп, ақыр соңында «ағартушы ақын-жазушылар» деп эволюциялық тұрғыдан ұғымды жетілдіріп, өсіріп отырады. Бұл — ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушыларды біртіндеп ақтап алып, əдебиет тарихына енгізу амалында жүрген ғалым əрекеті» деген пікірімен толығымен келісуге болады. Онсыз да саясат қысымы ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің тарихын тұтастықта зерттеуге жол бермеген еді. Сондықтан да Б.Кенжебаев ХХ ғасыр басындағы əдебиет тарихына өзі енгізген өкілдерін қорғап қалуға бар күш- жігерін жұмсады. Ғалымның ұлт əдебиетінің мақсат-мүддесін көздеген көзқарасын Ə.Қоңыратбаев та қолдады.
Ғылыми-зерттеушілік ізденістегі таяздықтардан арылуды: «Кейбір ғалымдарымыздың сөзінен олардың өмірді, тарихты аз білетіні байқалды. Бізде бір кезде өткеннің барлық мұрасын байларға сыбағалап беріп, халықтан түк жаратылмады дейтін əдет болды. Міне, осы догматикадан біз құтылуымыз керек», — деп нұсқай отырып, көркем өнердің ғана емес, тарихтың жаратушысы да халық екенін мойындауымыз керек деп түйді. ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті тарихының мəселелеріне қатысты өз пікірін білдіргенде, Н.Наушабаев, М.Ж.Көпеев, Ғ.Қарашев, Əбубəкір Кердер, Балқы Базар, Ш.Бөкеев шығармашылығына жете көңіл бөлінбей отырғанын орынды ескертті. М.Ж.Көпеевтің саяси-əлеуметтік лирикасына талдау жасап, басты тақырыптар — ұлт, жер мəселесі болғанын ғылыми тұрғыда екшеді.

ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетіндегі түрлі бағыттың өкілдерін тұтастықтан зерттеуге де саяси тосқауылдар қойылды. Мəселен, феодалдық діни идеяларды уағыздаушы деп анықталған Кердері Əбубəкір, Н.Наушабаев сынды ақындар шығармашылығына сын көзімен қарау, ағартушы- демократтық бағыттағы ақындарға қарсы қою тұрғысынан қарастыру міндеттелді. Шығармашылықтары орта мектеп бағдарламасынан алынды. Сонымен қатар Шəңгерей Бөкеев шығармашылығы «таза өнер» аталатын ағымның қазақ əдебиетіндегі көрінісі болып табылатыны дұрыс байыпталғанымен, орта мектепте ақын шығармашылығын кеңінен өткізілуіне тұсау салынды. М.Қалтаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, М.Ж.Көпеев шығармаларының иедеялық мазмұны мен бағытын айқындау қажет делінгенмен, сол тұста ақталған Шəкəрім мұрасы дау-дамайға айналып, тек партиялық қаулы-қарарлар күшін жойған соң ғана ұлттың рухани игілігіне айналды. Ғ.Қарашев шығармашылығы да «ұлтшылдық» əдебиеттің өкілі тұрғысынан дұрыс бағаланбай келгені мəлім. Ал ХХ ғасыр басындағы Алаш арыстарының мұрасы, шығармашылығы мүлдем атаусыз қалды.


Б.Кенжебаевтың «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары» еңбегі əдебиет тарихын жүйелі зерттеуімен ерекшеленеді. Ғалым ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының саяси- əлеуметтік жағдайларына, рухани жəне көркемдік дамудың келелі мəселелерін жан-жақты қарастырып, қазақ тілінде жарық көрген басылымдар мен кітаптар туралы құнды деректер келтіреді. Біріншіден, сол кездегі əдебиеттануда қарастырыла бермеген ұлт санасын оятуға қозғау салған жəдитшілдік маңызы алғаш ғылыми тұрғыда байыпталды. Бұған қатысты: «Рухани өмірге өзгеріс енді. Қазақ даласындағы мектеп, медреселердің көпшілігі жаңа оқу — ұсули жəдитті үйренуге көшті, яғни мектеп, медреселерде діни сабақтармен қатар ана тілі, дүниетану ғылымы, есеп, география, тарих оқылды, кейбір медреселерде орыс тілі де үйретілді... Жалпы алғанда, мектеп, медресе қазақ арасынан сауатты, оқыған адамдардың шығуына, қазақтың жаңаша оқыған зиялыларының көбеюіне, халықтың оянуына біраз себеп болды», деген пікірін мысалға алуға болады. Екіншіден, ХХ ғасыр басындағы қазақ тілінде жарық көрген кітаптар туралы құнды мұрағат деректері берілді. Ғалым: «Қазақ тілінде кітап бастыру ХХ ғасырдың басында тағы да күшейе түсті. 1900 жыл мен 1917 жыл арасында осындай 200 кітап басылып шықты. Демек, ХІХ ғасырда 70–80 жыл бойы 70 шамалы кітап басылса, ХХ ғасырдың алғашқы 17 жыл ішінде 200 кітап басылды», — деп жазады. Бұл ретте зерттеуші қазақ тілінде жарық көрген кітап аттары мен авторларын нақты көрсетіп, М.Сералин, К.Əбубəкір, Н.Наушабаев, А.Мұхамедияров, М.Ж.Көпеев, М.Қалтаев, Е.Бұйрин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, С.Дөнентаев, Ə.Ғалымов, Ш.Жəңгіров, К.Төгісов сынды белгілі ақындар кітаптарымен қатар, арнайы зерттеуді жəне де ғылыми айналымға енгізуді қажет ететін О.Құрымбайұлы, Ғ.Сафиуллаұлы, А.Жандыбаев, М.Бекмұхамбетов, М.Батырғалиұлы, А.Оразғалиев, Зейнулғабиден Қажы Əміреұлы, Ғ.Байдүйсенұлы, Б.Серкебаев, Ө.Алмасов, И.Бейсенұлы, А.Ысқақ қажы, Ақылбек ибн Сабал, А.Берікғалиұлы, Ж.Теміралыұлы, Ғ.Белгібайұлы, Ғ.Ғалимжанов, Б.Бейсембинов, Қ.Жапанов, Ж.Арыстанұлы, М.Садық Еңесұлы, Садырғалиұлы, Х.Садуақасұлы, Б.Айдақожаұлы, Ə.Ғұмарұлының өлең жинақтары да қамтылды. Соның барысында ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің зерттеушілері назарынан тыс қалып келген құнды да маңызды тақырыптар айқындала түсті. Үшіншіден, ХХ ғасыр басында жарық көрген қазақ баспасөзі туралы тарихи шындық қалпына келтіріліп, «ұлтшылдық үні» деген идеологиялық желеумен ғылыми тұрғыда назарға іліге бермеген басылымдарға байланысты келелі ойлар айтылды. Мысалы, «Серке», «Қазақстан», «Айқап», «Қазақ» газет-журналдары туралы тың деректер берілді, саяси-əлеуметтік өмірдегі маңызы бағаланды. Зерттеуші басылымдардың саяси бағытында қателіктер болды деген пікірі айтса да негізінен аталған басылымдарды халыққа таныстыруды, насихаттауды басты орынға қойды. Əсіресе олардың қазақ əдебиетінің өзекті мəселелерін қамтуы мен ақын-жазушылар туындыларын жариялаудағы, шығармашылық өсудегі мəн-мағынасын дұрыс көрсетті. Атап айтқанда, «Айқап» қазақтың сол кездегі ақын, жазушыларының жаңа, таңдаулы шығармаларын үнемі басып отырды. Көптеген ақын, жазушыларды тəрбиелеп өсірді.
ХХ ғасырдың басындағы көрнекті əдебиетшілер Мұхаметжан Сералин, Спандияр Көбеев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сəбит Дөнентаев «Айқап» арқылы жазушы болып қалыптасты, «Айқап» арқылы өсті», — деп тұжырымдады. ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетіндегі жанрлық түрленулерді де зерттеуші білгірлікпен саралап, прозалық, драмалық туындылардың жарық көруін көркемдік дамудың басты сипаты деп бағалады. Аталған кезең əдебиетінің басты тақырыбы дəуірдің көкейтесті мəселелері, халықтың хал-жағдайы болғанын түйе келіп, əдеби бағыт тұрғысынан ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін мынадай үш түрлі бағытқа бөліп қарастырады:
1. Ескішіл-феодалдық, буржуазиялық-ұлтшылдық бағыттағы əдебиет.
2. Демократтық- ағартушылық бағыттағы əдебиет.
3. Революциялық халық поэзиясы. Бірінші бағыт өкілдері қатарында А.Мұхамедияров, К.Əбубəкір, Н.Наушабаев, М.Ж.Көпеев, Ш.Жəңгіров, М.Қалтаев, Ж.Шайхыисламов, К.Жанатаев аталады. Олардың шығармашылық бағытына тəн сипаттарды мұсылманша білім алу, Шығыс əдебиетінің дəстүрін ұстану екенін айта келіп: «...Бұлардың кейбіреулері, көбінесе, араб, фарсы хикаяларын — «Мың бір түн», «Шаһнама», «Тотының тоқсан тарауы» əңгімелерін, қазақтың ертегі-аңыздарын, бұрынғы шығыс əдебиеті дəстүрімен қисса, дастан, мысал, назым етіп жазған шығармаларында араб, фарсы сөздерін, діни сөздерді көп қолданып отырды», — деген қорытынды жасайды. Ғалым осы бағыттағы əдебиет өкілдірінің өмірі мен шығармашылығына талдау жасайды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет