Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


ХХ ғасыр басындағы аудармалар турасында баяндаңыз



бет13/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

ХХ ғасыр басындағы аудармалар турасында баяндаңыз

Көріп отырғанымыздай, ХХ ғасыр басында шығыс пен қатар Еуропа әдебиетіне еліктеу белең алғаны айқын байқалады. Бұл тұста,әсіресе, орыс әдебиетінен үйрену кең етек жайғанын жоққа шығара алмаймыз. Оның ең бір жанды көрінісі аударма шығармалардың көптеп пайда бола бастауы болатын. Әдеби байланыс жайлы сөз бастаған кезде әдеби байланыстың ең бір өнімді саласы өзге жұрттың озық үлгідегі шығармасын өз жұртына насихаттау деген болатынбыз. Оның ең тиімді жолы аударма. Сол арқылы үйрену, тәжірибе мектебінен өту, шеберлік қалыптастыру мәселелерінің шешілуі Ендеше, белгілі бір кезең әдебиетін қарастырғанда, көркем аударманың өрісіне көз жібермей өту мүмкін емес. Өйткені, аударма жазба әдебиеттің өскелеңдігінің белгісі. Ол әдебиеттің биік деңгейде дамуына әсер етіп, оған өзінің игі ықпалын тигізіп отырады. Аударма төл әдебиетпен қатар өседі, әрқашан да бірінің жетістігі мен кемшілігіне екіншісі ортақ, екеуінің тағдыры үнемі тығыз байланыста болып келеді.
ХХ ғасыр басында Ыбырай, Абай, Шәңгерей тәрізді алдыңғы толқынның осы бір тәржімашылық қыры дамытылып, төл әдебиетіміздің туын жоғары ұстаған аудармашылар дүние жүзілік әдебиеттің мәңгі тот шалмас асыл қазыналарын, тамаша туындыларын туған халқына жеткізуге ұмтылды. Олар әлемдік әдебиет пен мәдениеттің озық үлгілерін қазақ сахарасына асқан шеберлікпен таратты. А. Пушкин «Әдебиеттің ең бір ауыры, ең бір жақсы атақ әпермейтін түрі» деп бағалаған аударма саласында Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетілеуов сынды шеберлер еселі еңбек етті. Бұл ретте осы сөз зергерлері тәржімалап шығарған «Қырық мысал» (1909), «Үлгілі тәржіме» (1910), «Үлгі бала» (1912), «Жиған-терген» (1914), «Дубровский әңгімесі», «Боран», сияқты кітаптар мен шығармалар әдебиетіміздің асыл қорына қосылған асыл інжу-маржандар екенін айтуға тиістіміз.
Әдебиетшілер аудармаға неге көп қалам тартты дегенде, М.О. Әуезовтің Абайдың аудармашылығы жайлы айта келіп: «Барлығын да өз жүрегіне түсінікті, өз халқына жанасатын, өзінің әлеуметтік мұң-арманына тап келетін, қиялына үйле-сетін ерекше бір жақындығы болғандықтан аударды. Аудармалар ақынның өз жүрегінен толқып шыққан қайғылы шердің айнасы, толас-тынысы сияқты болады», - деген сөздері жауап болып табыла- ды. Шәкәрім, Ахмет, Бекет, Спандияр тәрізді Озық ойлы әдебиетшілерді толғандырған заманының залалды мәселелері әлемдік әдебиет қайраткерлерінің де арман-мұңмен астасып жатты. Сондықтанда олар әлемдік әдебиеттегі озық үлгілі шығармаларға назар салып, өз көкейіндегі көп сұраққа жауапты сол шығармалардан тапты. Сол биік көркемдікпен, терең оймен, асқан шеберлікпен жазылған шығармалардағы азат шыл ойды, күрескерлік қабілетті, рухани жан тазалығын өз оқырманына жеткізу үшін қолына қалам алды. Сөйтіп әлемдік әдебиет пен қазақ әдебиетінің арасына көпір сала білді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет