Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


XX ғасырдың басындағы қазақша кітап шығару мен баспа ісінің дамуын саралаңыз



бет11/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

XX ғасырдың басындағы қазақша кітап шығару мен баспа ісінің дамуын саралаңыз.

Қоғамдық өмірдің және әлеуметтік дамудың айнасы баспасөз десек, аталмыш кезеңде оянған сананы алға жетелеген көрнекті ба- сылымдар мәдениет рухын септі. Отаршыл әкімшіліктің “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты" секілді қазақ тілінде шығарған ресми газеттерімен бірге жаңа сипаттағы еркін басылымдар дүниеге келді. “Серке” (1907), “Қазақстан” (1911-13), “Ешім даласы” (1913) газеттері, “Айқап” (1911-1915) журналы және жалпы ұлттық қоғамдық-саяси һәм көп тиражбен тараған “Қазақ” (1913-1918) газеті қазақ ұлтының саяси-әлеуметтік ой-санасына түрткі салып, замананың көкейтесті мәселелерін қозғады. Отарлық саясаттың езгісінде отырған қазақ халқының бостандығы мен азаттығын аңсап, ел-жұртын ғылымы мен білімі өркендеген халықтар санатын да көруді қалады.
1917 жылға дейін қазақ тілінде 700-ге жуық кітап басылды.
Қазан төңкерісінен кейін кітап басу ісі бірден мемлекет иелігіне алынды. “Мемлекеттік баспа туралы” қабылданған декрет (29.12. 1917) бойынша Баспа ісін қайта құруға қажет материалдық-техникалық база мен кітап қорлары мемлекет пен халық меншігіне берілді. 1917 жылдың аяғында БОАК-тың (Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің), Санкт-Петербург, Мәскеу кеңестерінің жанынан Баспа бөлімдері ашылды. Ұлт істері жөніндегі Халық комиссариаты (Ұлт халкомы) құрылды. Оны И.В. Сталин басқарды. Қазақ халқының аса көрнекті саяси қайраткері Т. Рысқұлов орынбасары болды.
Редакция алқасы 1921 жылы 31 қаңтарда өткізген мәжілісінде қазақ тілінде оқулықтар дайындау және шығару жөнінде шаралар белгіледі. Мектепте өтілетін пәндер бойынша оқулықтардың қолжазбаларын жазатын авторлардың тізімі бекітілген еді. Біріккен кеңестің мәжілісін А.Байтұрсынұлы басқарған.
Тұңғыш қазақ тіліндегі оқулықтар шығарыла бастады. Өйткені, оларға сұраныс өте жоғары еді. 1921 жылы баспа үлкен қиыншылықпен А.Байтұрсыновтың «Тіл құралы» атты оқулығын басып шығарды. Ол кейін Орынбор, Қызылорда, Ташкентте бірнеше рет қайта басылды. Қазмембаспаның сондай-ақ, кесінді, әліппе, өлшеу, салмақ таблицаларын шығаруға қолы жетті.
Қазақстандағы соғыстың қарсаңында 4 баспа жұмыс істеді: Қазақстан партия баспасы, Қазақ баспасы, Көркем әдебиет баспасы, Комсомол-жастар баспасы.
1941 жылғы ақпан айында Қазақстан мемлекеттік біріккен баспасы (КазОГИЗ) құрылды. Соғыс кезеңінің қиындығына қарамастан майдан мен тылға ең қажет әдебиеттерді жарыққа шығару тоқталған жоқ.
Осы жылдары «Орысша-қазақша әскери сөздік», «орысша-қазақша қысқаша тілашар», «Әскери баспахана», «Жауынгерді химиялық қару-жарақтан қорғау» сияқты тағы басқа еңбектер жарық көрді. Сонымен қатар әртүрлі тәртіп ережелері, зерделіктер, нұсқаулар шығарылды.
Қазақ көркем әдебиеті бұл жылдары Жамбылдың «Лениградтық өрендерім» атты әйгілі өлеңімен, Мұхтар Әуезовтің «Абай» роман-эпопеясының бірінші кітабы, Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ батыры» повесі, Ғабиден Мұстафиннің «Шығанақ» романы сияқты елеулі шығармаларымен толықтырылды.
Баспаханаларда құрал-жабдықтар ескірген, әбден тозған болатын. Ол жаңа механизмдермен, қаріптермен, қосалқы бөлшектермен т.б. нашар толықтырылып отырды. Сондай-ақ, материалды-техникалық және қаржылай қамтамасыз ету жағдайы да төмен болды.
Дегенмен өте жай, үлкен қиыншылқтармен болса да баспаның материалдық базасын кеңейту және техникалық жағынан жарақтандыру басталды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет