ХХ ғ.б. ағартушы-демократтық әдебиеттің дамуын дәлелдеңіз.
Ағартушы-демократтық бағыттың құрамында қаралатын ақын-жазушылар XХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Олар қазақ әдебиетіншын мәніндегі өнери жазба әдебиет деңгейіне көтеріп, өмір, дәуір сырын шынайы сипаттап, терең ашуға ұмтылды.
Бұл бағыттағы ақын-жазушылар өз шығармаларында ағартушылыққа үндей отырып, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктерді де көре білді. Сөйтіп демократиялық ой-пікірлерді алға шығарды. Қоғамдағы қайшылықтарды құрғақ сынап қоймай, әрқайсысы әл-қадарынша оның кесір-кесапатын жоюдың өзіндік жолдарын ұсынды. Қоғамдық-әлеуметтік өмірді, замана сипатын, дәуір шындығын кең көлемде суреттеуге ұмтылудың нәтижесінде қазақ әдебиетінің жанрлық тұрғыдан баюына өлшеусіз еңбек сіңірді.
Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығы шын мәніндегі сыншыл реалистік дәрежеге көтеріліп, дүние құбылысын кең, терең негізде ашты. Бұл бағыттың өкілдеріне таза әдеби-шығармашылықпен айналысып, кәсіптік деңгейдегі жазушылық шеберлікке көтерілгенШ.Құдайбердиев, С.Торайғыров, М.Сералин, С.Дөнентаев сынды ақын-жазушылармен бірге шығармашылығы ағартушылық-ұстаздық қызметтерімен тығыз байланыста өрістеген C.Көбеев, Б.Өтетілеуов, Т.Жомартбаев сынды тікелей ағартушылық тақырыпта қалам тербеген ақын-жазушылар да жатады. Спандияр Көбеев (1878-1956). Қостанай өңірінде дүниеге келген. Өмір бойы ұстаздық-ағартушылық қызметте болған. Алтынсарин ашқан мектепте оқып, орыс әдебиетін, мәдениетін бойына сіңіріп, алдыңғы қатарлы орыс ақын-жазушыларына еліктеп өскен. И.Крылов мысалдарынан аударған"Үлгі тәржіма" жинағының ағартушылық, әдеби-мәдени маңызы өте жоғары. Аудармасының көркемдік тұрғыдан өзіндік жетістіктері бар. "Үлгілі бала" жинағының оқу құралы, хрестоматия ретіндегі маңызы өте зор.
Спандияр Көбеевтің 1913 жылы жарық көрген "Қалыңмал" романы қазақ көркем прозасындағы елеулі табыс болып саналады. Романның тақырыбы - әйел теңсіздігі. Романда ескіліктің қалдығына саналатын әдеп-ғұрыптар өткір сыналады. Шығармада әлеуметтік теңсіздік айқын көрініс тапқан. {толығырақ басқа сұрақта}
Бұл шығармада сыншыл реализм сипаттары басым болып келді. Роман біршама көркемдік, образдылық жетістіктері нәтижесінде қазақ әдебиеті тарихынан өзінің орнын алған шығарма.
C.Көбеевтің "Орындалған арман" шығармасында өмірбаяндық оқиғалар қазақ өмірінің әлеуметтік шындығымен астасып сипатталады. Бұл шығарма мемуарлық жанрдың қазақ әдебиетіндегі бастау көзі десе болғандай. Ағартушы-жазушы С.Көбевтің қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар.