Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


XX ғасырдың 30-40 жылдарындағы әдебиетттану ғылымын бағамдаңыз



бет17/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

XX ғасырдың 30-40 жылдарындағы әдебиетттану ғылымын бағамдаңыз.

Әдебиеттану — көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым. Сөз өнерінің түп төркінін, тегін, туу, қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын, көркемдік және эстетикалық ерекшеліктерін зерттейді. Негізгі салалары үшеу: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны. Жанама тараулары — текстология, тарихнама, библиография.
20 ғ-дың басында ғұмырнамалық зерттеулердің көбеюі, ұлттық әдебиеттің тарихы мен теориясы мәселелерінің нақты сөз бола бастауы, библиогр. бағытта алғашқы қадамдардың жасалуы Қазақ әдебиеттану ғылымының пайда болғандығын көрсетті. Әдеби мұраны ғыл. игерудегі барлық талап-тілек пен әдіс-тәсілді меңгеруге дейінгі ғыл.-зерттеушілік ой-пікір 20 ғ-дың басынан бастап әдебиет тарихы мен теориясын зерттеуде, әдеби сынды тудыруда ғыл. және эстет. биіктіктерге ұмтылды. 20 ғ-дың 20-жылдары “Әдеби мұра керек пе, жоқ па?” деген мәселеде пролеткультшылдық нигилизмге қарсы күресе отырып, әдеби мұраны игеруде “бірыңғай ағым теориясының” оң бағытын пайдаланды, оны жинау, жариялау, ғыл. тұрғыда бағалау, заман талабына сай пайдалану, шығарм. үйрену секілді өзекті мәселелерді шеше алды. Ал 30-жылдары “тұрпайы социологизм” теориясының ықпалында бола тұра, фольклор мен қазақ әдебиетінің сан ғасырлық даму жолын тарихи тұрғыдан тану, зерттеу және кезеңдерге бөлу секілді келелі мәселелерге батыл бара білді.
Сонымен қатар, осы уақыт аралығы Қазақ әдебиеттану ғылымы үшін ғыл. зерттеу әдіснамасын меңгеру, идеялық, шығарм. принциптерді игеру кезеңі болды. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу кезеңі тап келген бұл мезгіл республика тарихындағы өте ірі оқиғалар мен орны толмас қателіктерге толы кезең еді. Халық ағарту ісінің жолға қойылуы, мәдениет орындары мен зерттеу ин-ттарының ашылуы, баспасөздің өркен жаюы, т.б. әдеби-мәдени іс-шаралар әдеби мұраны игеруге қолайлы жағдай туғызғанымен, ұлт саясатының бұрмалануы, жеке басқа табынушылық, маркстік-лениндік әдіснаманың тапшылдық, партиялық талаптары оған кері әсер етті. “Ұлтшыл-алашшылдарға” қарсы күрес пен 37-жыл зұлматы Қазақ әдебиеттану ғылымының ізашарларын, тәжірибелі әдебиетші ғалымдарды қуғын-сүргінге ұшыратты, ғыл. жұмыспен еркін шұғылдануға мүмкіндік бермеді. Осындай қиыншылықтарға қарамастан, Қазақ әдебиеттану ғылымы 1900 – 40 ж. аралығында өзінің туу кезеңін аяқтады.
1930-жылдардың бас кезінде әбден орныққан социалистік идеяны, маркстік-лениндік әдіснаманы негізге ала отырып, осы кезеңнің ұраны - «түрі ұлттық, мазмұны социалистік» әдебиет жасауға қадам басталды. 1930 жылдардың басында «Сталин жолдастың хатына байланысты Қазақстандағы күрес міндеттері туралы» қаулы жарияланды. Бұл қаулыға сәйкес осы күнге дейін тек алашордашыл ақын-жазушылар қудаланса, енді төңкерісшіл, кеңесшілақын-жазушылар шығармаларынан «байшылдық пен ескішілдікті көксеудің, ақсүйектік дәуірді жырлаудың, ұлтшылдықтың белгілерін» іздеу науқанға айналды. Оған КазАПП сыншылары белсене араласты, әсіресе, осы сарындағы мақалалар жазуда Ж.Садуақасов, М.Қайыпназаров, Қ.Өтепов, Ә.Мусин, С.Мұқанов, Ә.Тәжібаев т.б. ерекше көзге түсті. Олардың сынына С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, Ғ.Тоғжанов, С.Садуақасов сияқты көрнекті қаламгерлер ілікті.
Әдебиеттанудың басты мәселесі - көркем әдебиет қандай болу керек, әдебиеттанудағы негізгі ұстаным қандай деген сауалдар қойылды. 1931 жылы И.В.Сталин партия мектебін бітірушілер алдында сөйлеген сөзінде алғаш қолданған «социалистік реализм» деген түсінік кейін мәдениеттің барлық саласында басты мәнге ие болды. 1932 жылы Орталық Комитеттің«Әдебиет, көркемөнерді ұйымдастыруды қайта құру туралы» қаулысы дүниеге келді. Осыдан бастап социалистік реализмге сүйенген кеңес әдебиетін негізгі әдебиет ретінде теориялық негіздеу, оның негізгі ұстанымын анықтау, әдебиеттің партиялық, таптық, халықтық екендігін және оның негізгі идеологиялық құрал екендігін дәлелдеу науқаны басталды. Осындай социалистік реализм дәуірлеп тұрған шақта Абайдың қайтыс болғанына 30 жыл толуына орай оны атап өту мәселелері көтерілді. Осы мақсатта Абай «қазақ әдебиетінің көшбасшысы», «жазба әдебиеттің негізін салушы» екендігін таныту жолында ғұмырнамалық зерттеулер жасау қолға алынды. Бұл салада 30-жылдары М.Әуезовтың «Абай ақындығының айналасы», Қ.Жұбановтың«Абай – қазақ әдебиетінің классигі», Ә.Мәметованың «Абай – кезеңнің дана ақыны», Ш.Әлжановтың «Абайдың педагогика туралы көзқарасы», Қ.Қуанышұлының «Абай» т.б. мақалаларымен қатар, Ғ.Тоғжановтың «Абай» атты монографиясы абайтануда тың бастама салды.
Бұл жылдары әдебиетті зерттеу саласында қазақ халық ауыз әдебиеті мен әдебиет тарихын жүйелеу, жанрларға жіктеу, әдебиет тарихын дәуірлеу бағытында мол жұмыс атқарылды. Бұл тұрғыда С.Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» (1932), С.Мұқановтың «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1932), М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаевтың «ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетнің оқу кітабы» (1933) т.б. еңбектерді атауға болады. Бұл оқулықтар мектепте ұзақ уақыт қолданылып, әдебиетті оқыту ісінің орнығуына себепкер болды. Әдебиеттің негізгі салаларының бірі - әдебиет теориясы бойынша алғашқы талпыныстар 20- жылдары-ақ болғанымен де осы жылдары дендеп қолға алынды. Бұл салада оқулық-зерттеулерҚ.Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы» (1938), Е.Ысмайыловтың «Әдебиет теориясының мәселелері» (1940) жазылды. Міне, осылайша қазақ әдебиеттануы түрлі айтыс-тартыстардан біршама айығып, ғылымға тереңдеп ден қоя бастағанда, қазақ ұлты үшін қайғылы 1937 жыл да келіп жетті. Елде қоғамның даму заңдылығы бұзылып, «халық жауларын», «шпиондарды» іздеу науқаны жаппай белең алды. Алашордашылар, олардың соңынан іздерін жалғастырушылар ретінде кеңесшіл ақын-жазушылар ұсталды. Әдебиет ісіндегі кезеңнің басты оқиғасы осы болғандықтан, бұл тұстағы әдебиет сыны толықтай олардың қателерін әшкерелеуге, «халық жауларын» табуға, шығармалар мен зерттеулерден социалистік идеалогияға жат ойларды іздеуге бағытталды.
Шоқпардың басы тұтқындалған қазақ әдебиеті классиктерімен қатар, кейінгі жас буын М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповтерге де тиді. Мұндай жағдайда қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының дамуы дағдарысқа ұшырады.Осындай рухани жүдеушіліктен кейін қазақ әдебиеттануында жаңа ізденістер болмады, негізінен Жамбыл бастаған халық ақындары мұралары сөз болды. Түйіндей айтқанда 30-жылдары ұлттық әдебиеттану ғылымы үшін елеулі кезең болып табылады. Әдебиеттану көп дүниені жоғалтып, көп арыстарынан айырылса да,олардың мұралары бүгінгі күні қайта жанданып, өткен кезеңнің жетістіктері де болғанын көрсетіп отыр.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет