Ш.Мұртаза шығармашылығындағы тарихи шындық көріністерін баяндаңыз
Шерхан 1956 жылы күз айынан бастап «Лениншіл жас» газетіне жұмысқа кіріседі. Жастар редакциясында алғашқы кезде Мәскеуден келген ТАСС хабарларын орысшадан қазақшаға аударып, аудармашы болып жүреді. «Лениншіл жас» газеті беттерінде «Ихсан ханым», «Білеміз» (корей ертегілерінен), «Москва Октябрь күндерінде», «Ғажап күзетші» т.б. аудармалары жарияланды. Шерханның алғаш журналистік қабілетқарымының ашылуына бірден-бір себепкер болған адам талғамды журналист Тельман Жанұзақов еді. Жастар басылымында жүргенде: «Үнемі аудармамен айналыссаң құрисың, кішкентай да болса, өз жазғаныңның жарық көргені жақсы» деген. Журналист Тельман Жанұзақовтың қамқорлық ақылынан кейін, одан-бұдан хабар-ошар, суреттеме, корреспонденция, мақала, очерк жазуға бейімделе бастады.
Жазушының балалық шағы сұрапыл соғыспен тұспа-тұскеліп, өмір ерте есейтеді. Бұғанасы қатпастан еңбекке араласып, ересектермен бірге жұмыс істеді. Өмір жайлы көзқарастары, таным-түйсігі әлде қайда тым ерте қалыптасып, жаманмен жақсының не екенін тым ерте айыра білді. Нәтижесінде кейіннен Шерхан «Бұлтсыз күнгі найзағай» (1965), «Белгісіз солдаттың баласы» (1966), «Мылтықсыз майдан» (1969), «41-жылғы келіншек» (1972), «Интернат наны» (1974), «Ақсай мен Көксай» повестері мен «Сол бір күз», «Шекшек шырылдайды», «Бойтұмар», «Бір нәзік сәуле» атты әңгімелеріндегі кішкентай кейіпкерлер арқылы өз тағдырын, балалық шағынкөрсетті. Аталмыш шығармаларда қаламгер өзінің балалық шағында көрген, көкейге түйген, басынан кешкен оқиғалар арқылы қаһарлы кезеңнің қаталшындығын берді, ауыл адамдарының мінезін даралады. Шерхан Мұртаза 1941-1945 жылдардағы қазақ ауылының «қара қағаздан» шошынған зәрезап халі, кеуделерін апатқа тосқан боздақтарынан айрылған ата аналардың зары мен бұлашағын болашақтың бодауына берген жесірлердің жоқтауы, бәрі-бәрі төбе құйқаңды шымырлатар ащы шындық пен жеріне жеткізіле суреттеледі.
Солардың ішіндегі соғыс жылының балалары – әкелерін көрмей өсіп келе жатқан жетімектердің өксікке толы өмірлері де өзінше бірәлем. «Жазушы дегеніміз – жан ауруы. Жазушы өзінің жанын ауыртар жайттарды жақсы білетін, зердесінен, жанжүрегінен өткізген жайттарды жазатын шығар» дейтін болсақ, Ш.Мұртазаның оқырмандарын эстетикалық ләззатқа бөлеген әңгімелерінде осы жанауруы, ой мазасыздығы анық сезіледі. Сәбилік санада сақталған бұрынғы бастан кешіргендерін жетік білетіндігі, түйсігінд ежақсы түйе білуі сол ортаның хал-ахуалын суреттей отырып, ұзақ жылдардан кейін заман, адам, уақыт туралы ой айтуға жетелеген.
«Ақсай мен Көксай», «Бойтұмар» әңгімелеріндегі Арзы ана мен Аталық қарттармен көптің қамы үшін еңбек қылып, азапты мол тартқан бала бейнесі мен мезгілінен ерте есейіп, санасы саралана бастаған, елгезек ұлды көреміз. Екі әңгімедегі бала кейіпкер шағын ауылдан алысқа ұзап шықпаса да қиын сәттерде үлкен адамдарша батылдыққа барып, ширақ қимылдап, сәтті шешімдер қабылдайды. Алдыңғы әңгімелердегі сияқты «Ақсай мен Көксай», «Бойтұмар» шығармаларында да жазушы әпсаналарды әдемі үйлестіреді. «Ақсай мен Көксайда» қырғыз қызы Чолпан айтқан «Қарағұл ботам» әңгіменің көркемдігі мен сюжетіне әр берсе, «Бойтұмардағы » Аталық қарттың сарысуыр туралы айтқаны шығарманың астарлы идеясын ажарландырған. Ел арасына тараған аңыздың түпкі ақиқатынан шыққан Байшынар туралы жазылған «Жүз жылдық жара» әңгімесіндегі табиғат пен адам арасындағы қарым – қатынас пәлсафасы жазушының тың әдіс және дара концепция айтумен ерекшеленеді. Адам тағдырындай сомдалған Байшынардың басынан кешірген қиянатын баяндауда жазушы әңгіме экспозициясын өмірде түйген ойынан бастайды.
Байқап отырсам, шығармаларының бәрі сол соғыс сұрапылынан туған. Сол замандағы халық пен қоғам бейнесі суреттеледі.
Шер-аға шығармашылығын тұтас алып қарап, оның шыншылдық қасиеті, идеялық құндылығын едедегенде, жеке шығармаларға тән сипат-белгілерді емес, барлық шығармаларына ортақ ең басты өзгешелікке назар аударған жөн. Бұл орайда қаламгер шығармашылығының қоғам өмірімен, халықтың, ұлттың ой-санасымен тығыз байланысы, тамырластығы және оның өмір құбылыстарын биік адамгершілік идеялары тұрғысынан шебер бейнелеуге негізделген зор танымдық, көркемдік, тәрбиелік мәні алдымен айтылуға тиіс. Сұңғыла суреткер бүкіл бір тарихи дәуірдің тынысын айқын аңғартып, аса маңызды әлеуметтік мәселелерді терең толғады. Осы кең мағынасында Ш.Мұртазаның барлық шығармасынан заманшындығын, сан алуан өмір құбылыстарының бейнесін айқын көреаламыз.