Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


С.Торайғыровтың « Адасқан өмір» поэмасының көркемдігін саралаңыз



бет74/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

С.Торайғыровтың « Адасқан өмір» поэмасының көркемдігін саралаңыз.

Сұлтанмахмұт бас-аяғы бес-алты поэма жазған акын. Олар: «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс», «Қайғы», «Қайғы» поэмасының үзіндісі, типті қысқа поэма деуге келмейді. Біз Сұлтанмахмұттың кейбір поэмаларына тоқталып, өзіндік ерекшеліктерін сөз етеміз.
Өмірбаянында айтылғандай, Сұлтанмахмұт 1917 жылдың күзінде жазған «Жас жүрек» деген өлеңінде өмір бойы алдандым, адасудан көз ашпадым, өмірім - адаскан өмір деп білді. Соның артынша, 1918 жылдың орта кезінде жазған поэмасын «Адасқан өмір» депатады. «Адасқан өмірдің» кейіпкері бір-ақ кісі, «Мен» деген лирикалық қаһарман. Ол өзінің өмірін бес кезеңге бөліп: 1) мен бала; 2) мен жігіт, 3) мен тоқтадым, 4) мен кәрі, 5) мен өлік деген бөлімдерге жүйелеп баяндайды. Кісінің жарық дүниеге келгенінен өлгеніне дейінгі қалпын, сезімін, ойын, арманын бәрін жыр етеді, суреттейді. Адамның өмір кезеңі, жас шамасына орай дүние құбылысын құйылтып, өзгертіп, дамытып, күрделендіре түседі.
Кейіпкер өз өмірінің екінші кезеңін «Мен жігіт» деген бөлімін айрықша мән беріп, толық суреттейді:
Мен жігіт, он бес-отыз арасында,
Бұл жаста көп: бересі, аласым да.
Алдымда толған мақсат, толған таңдау,
Алайын ба мынасын, анасын ба?..
Жалыны бойға сыймай сырттан көрініп,
Күн сайын тұрады артып кайрат, күшім.
Әр үміттің қиялы сәулеленіп,
Түн бойы ұйқы бермес, толкып ішім -дейді.
Осылай ол өнер, жол таңдайды. Әуелі, байлықты, онан кейін, әкімдік, қолбасылықты, үшінші, ғалымдыкты, өнер тапқыштықты таңдайды. Бірақ осының бәрінен дәл орынды дәлелдер айтып, дәлірек айтқанда капитализм тұсындағы байлықтан, әкімдік колбасылыктан, өнер жолымнан халыққа: кедей, бейшараға келетін пайда жок деп, безіп шығады. Акырында оләділдікті таңдайды:
Ендеше мен жабысам негізгі іске,
Әділдікте бар негіз, бақ та, күш те,
Қаламан әділдіктен басқа жолды,
Өңім тұрсын, кірмесін түнде түске – дейді.
Қоғамдық өмір, әділдік, дін, адамгершілік, еңбек, кәсіп, тап, байлык, кедейлік, қанаушылык, ұлт, соғыс, өнер, ғылым сиякты көптеген саяси-әлеуметтік күрделі мәселелерді, дүние қоғам, өлім сияқты бірсыпыра философиялык мәселелерді қозғайды, бәрі жөнінде манызды, орынды қорытынды айтады. Ақын байламы халык, еңбекші бұқара мүддесі тұрғысынан қарап жасалады.
Поэманың кей жерінде кейіпкер налып, қайғырып, торыққандық үн білдіріп отырады. Бұл заңды. Өйткені өмір бірыңғай куаныш шаттықтан ғана тұрмайды ғой. Күн мен түн секілді адам өмірінде куаныш пен қайғы араласып, алмасып келіп отырады. Ақын да осы болмысты бетке алып, лирикалық қаһарманын бірде куанышка кенелтсе, бірде қайғыға батырады. Поэма ке- йіпкердің өлуімен аяқталады. Бұл да заңды. Тумақ бар. Өлмек хақ. Адам өмірі жайлы поэманың лирикалық «Меннің» өлімімен аяқталуы ойға сиымды. Дегенмен, жалпы алғанда, поэмада жігер, қайрат, ілгері үміт, оптимизм күшті. Кейіпкер әділдік іздеуге, соның жолында қызмет етуге құлшынады. Өмір үшін арпалысып, бейнет шегуге әзір. Бақытқа жету шарты – күрес. Әділдік заманы орнауға жақын тұр. Ендеше неге бакытқа талпынбасқа?! Ақынның:
Сол уақытты тездетуге қылмақ қызмет, Бақ іздеген адамға парыз-міндет -
дейтіні сондықтан. Сұлтанмахмұт «Адасқан өмір» поэмасының бір жерінде лирикалық кейіпкер атынан:
Бейшараны шын доска санар едім,
Ол үшін ок астына барар едім
Бай жағы жүз мың болса, кедей жалғыз,
Қорықпай жалғыз жакта қалар едім -деп, ант еткен еді. Сол антына сай «Адасқан өмір» поэмасынан кейін, 1919 жылдың бас кезінде Сұлтанмахмұт, адасып келіп тапқаным осы, мен өле-өлгенше калың бұқара - халықпен бірге болам дегендей, «Кедей» поэмасын жазды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет