Ж. Аймауытовтың «Күнікейдің жазығы» повесінде көтерілген мәселелер турасында баяндаңыз
Ж.Аймауытовтың көркем прозадағы соңғы көлемді əрі табысты туындысыныңі бірі —«Күнекейдің жазығы» повесі. Бүл революциядан бұрынғы Қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігін көркем суреттеген, этнографиялық реңкі бар шығарма. Повестің тақырыбы — ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде жазылған шығармалардың көбіне ортақ əйел теңсіздігі.
Повестің басты кейіпкері Күнікей — еркіндік қасиетін ерте сезінген қыз. Ол — кедейдің қызы болса да, бойындағы барын ардақтай білген, адуынды шешіннің тəрбиесі негізінде еркін өскен мінезді қыз. Шешесі Шекер мінезіндегі өжеттік бұған да сіңгендей. Анасының аялауынан өзіне ерекше нəр алатын Күнікей, ерте бастан ақыл тоқтатып, əрі құдай берген көркі, əрі алымды ақыл-парасатының арқасында өзін ешкімнен төмен санамай өседі. Бай қызы, құрбысы Шəмшінің ұзату тойындағы өзін-өзі ұстауы осының куəсі.
Осылай өскен, осылай тəрбиеленген Күнікейдің өзіне тең жар іздеуі жасырын болса да, жүрек түкпірінде пісіп-жетілгені анық. Ақыры ол жүрек аңсауын табады. Ол — сегіз қырлы, бір сырлы жігіттің сұлтаны Байман. Етікші Тұяққа телінген тағдырына қарсы шыққан Күнікей сүйгені Байманмен бас қосады.
Күнекейдің өз сүйгеніне қосылу жолы оңай емес. Оған дейін қаншама зорлықты көреді. Жеңіл жүріске салмақ болған жеңге мазағы, зорлықшыл Қасым əрекеті, шешесінің етікті болуы, сол үшін Тұяққа қоспақ болуы, міне, осының бəрі — Күнекей тағдырына кесекөлденең тұрған қиындықтар. Бірақ Күнікей соның бəрін өз қайсарлығы мен өжеттілігі, табиғатындағы еркіндікке деген құштарлығы арқасында жеңіп шығады. Осы жаңдайлардан іштей ширығу нəтижесінде барып Күнікей характері қалыптасады.
Күнікейдің айттырған күйеуі жаман Тұяққа жар болар түні өз адалдығын сақтап, Байманға
Повестегі өзге кейіпкерлер, негізінен Күнікейге қатысты көрініп отырады. Мұндағы өзгелерден оқшау бір кейіпкер — Байман. Байман образы Күнікеймен өрістес дамиды. Алғашқы танысудан бастап, барлық оқиға ортақтаса өтеді. Байман — Күнікейге сай тұлға.
Жүсіпбектің «Күнікейдің жазығы» повесі — Қазақ тұрмысынан алынып, ұлттық болмыстың бар қасиетін аша отырып, уақыт шындығын танытқан шығарма. Басты тұлға өз бақыты үшін күресе білген азаттыққа жаны құштар қазақ қызы.