Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


І. Жансүгіровтің “Дала” поэмасының идеялық мәнін түсіндіріңіз



бет83/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

І. Жансүгіровтің “Дала” поэмасының идеялық мәнін түсіндіріңіз

Қазақ поэзиясының «Құлагері» атанған классик ақын Ілияс Жансүгіров өзінің замандастарындай әдебиетің барлық жанрында жемісті еңбек еткен тұлға. Ақынның «Қысқаша өмірбаянында» атап көрсеткеніндей, оның шығармашылық тағдырына, көркемдік ізденісіне ерекше ықпал еткен Абайдың 1909 жылы жарық көрген жинағы болды. Егер де Ілияс Абай ақындығын атақты Әсет Найманбайұлы арқылы естіп, эстетикалық әсер алған болса, сөз зергерінің шығармаларынмен танысу поэтикалық әлеміне төңкеріс әкелді. Бұған қосымша көркемдік дамудағы дәстүр жалғастығын айтқанымызда, Ілияс Жансүгіров сол кездегі барша дарынды ақын-жазушыларға тән Мағжан Жұмайұлының поэтикалық ізденісінен де үйренді. Көркемдік нәр алды. Әрине, кеңестік әдебиеттану бұл күрделі ғылыми мәселеге тереңдеп бара алмағаны анық. Дегенмен де Ілияс Жансүгіровтің ақындық поэтикасына тән көркемдік стилін айқындаған әдебиетші Мырзабек Дүйсенов.
Жансүгіровтің «Беташар» атты шағын жинағы «Әйел теңдігі» журналына қосымша ретінде 1927 жылы шықса, тұңғыш өлең жинағы «Сағанақ» (1928) деп аталады.Ақынның поэтикалық қуаттағы поэмалары қазақ сөз өнеріндегі ерекше құбылыс іспеттес жауһар туындылар. Әсіресе Ілиястың қазақ поэзиясында сюжетті поэма жанрының дамуына қосқан үлесін айқындайтын «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» поэмалары оның образ сомдау, мінез даралаудағы хас шеберлігін көрсетеді. Өнер адамының құдыретін арқау еткен «Күй», «Күйші» поэмалары еркіндік пен құлдық, махаббат пен зұлымдық, өмір мен өлім, пәни тіршілік пен мәңгілік күрес тақырыбын жырлауымен де қазақ сөз өнерінде көркемдік тұғыры биік болып қала бермек.
«Ілияс Жансүгіровтің жазушылық кемелденуінің сапалы бір белгісі қазақ халқының жаңарған өмірін, өткен оқиғаларды бейнелегенде даму, өзгеріс процестеріне тарихи тұрғыдан қарап, әлеуметтік-қоғамдық проблемаларды жеке адамдардың тағдыры, нақты реалистік көркем образдар арқылы бейнеленуінен көрінеді. Ақын поэмаларында қазақ Өмірінің өткен тарихы, күрделі тұлғалар тағдыры және мол арналы әлеуметтік-қоғамдық мәселелер жәйттер суреттеледі.
Мәселен, «Дала» поэмасының «Ақтабан»,«Құрбандық», «Сандал», «Толқын», «Бостандық» т.б. тарауларында ел өміріндегі елеулі қоғамдық оқиғаларға назар аударып, оларға тарих шалдың көзімен қарап тарих тағылымын көркемдік танымда жаңғыртады. Ел тарихындағы күрделі оқиғаны, әлеуметтік жағдай мен саяси тартыстарды, ел басындағы трагедиялық күйзелістерді әр алуан көркемдік тәсілдермен баяндай отырып шынайы суреттейді. Әсіресе ел өміріндегі қаралы да қайғылы күндерді суреттегенде трагизмді өзек ете отырып, әрбір оқиға деталдарына терең мән-мағына дарытады. Тұтастай алғанда «Дала» поэмасы ел өмітағылытарихи кезеңдерін Дала бейнесі арқылы биік поэтикалық әсерде суреттеудегі тарихи тағылымға толы әлеуметтік-философиялық иірімі терең туынды.Қазақ тарихының әр дәуірдегі әр қилы шындығын бейнелеуде І.Жансүгіровтың атқарған қызметі ерекше. 1930 жылы жазған «Дала» поэмасында ол қазақ тарихының революциядан бұрынғы ауыр кезеңдерін оқушыға таныстыра келіп, даладағы өзгерістерді мақтанышпен жырлайды. Ұзақ тарихи оқиғаларды нақты да жинақы етіп көркем елестете алуымен, бүгінгі жаңалықтарды реалистік шабытпен суреттеуімен, рухани қуатының молдығымен «Дала» – отызыншы жылдардағы қазақ поэмаларының бір сала үлгісі. Мұнда ақын тарихты шолып қана қоймай, қоғамдық дамудың заңдылығы жайлы философиялық түйіндер жасайды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет