Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


Т Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романының ерекшелігін саралаңыз



бет80/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

Т Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романының ерекшелігін саралаңыз.

Тайыр Жомартбаев (1884-1937) – Абай төңірегінде болып, ұлы ақынның өлеңдері өзегіндегі ғұлама ойларын көкірегіне құйып, өрім-өлшемдерін, түр-пішінін көзбен көріп, көңіліне тоқып, жаттап өскен қаламгерлердің бірі. Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесін бітірген. Қоғамдық қызметі мен шығармашылық ізденістері балаларға тәрбие беру, рухани тілін меңгеру мәселелеріне арналған. 1912 жылы Семей қаласындағы “Жәрдем” баспасынан “Балаларға жеміс” атты өлеңдер кітабы мен “Қыз көрелік” романы жарық көрген. Соңғы шығарма ХХ ғасыр басындағы қазақ романы тарихындағы шығармашылық, ізденістерді көрсететін туындылардың бірінен саналады. Т.Жомартбаевтың “Қыз көрелік” романы – құрылымдық ерекшеліктері мен көркемдік бейнелеу құралдары, тақырыптық-идеялық мазмұны бағытындағы ерекше шығарма. Әсіресе, автордың романға тосын пішін (форма) таңдау жолындағы ізденістерді ойлануға тұрады. Біздің ойымызша, романның табысы да, қазақ әдебиет тарихындағы маңызы да осы төңіректен табылады.
Дәстүрлі тақырыптан жаңа проблематика қозғаған “Қыз көрелік” романы – қазақ қыздарының бас бостандығы туралы күрделі жанрда жазылған көлемді шығармалардың бірі. Семейдегі “Ярдам” баспасынан 1912 жылы жарық көрген.
Роман басындағы эпиграф тәрізді мына жолдар шығарманы талдауға апарар кілт тәрізді:
Деп жүрген жас жігіттер қыз көрелік,
Таңдап ап сұлу қызды мал берелік.
Мырзалар қыз таңдаған келсін мында,
Жігітті қыз таңдаған біз көрелік.
Жігітті қыз таңдаған біз көрелік”, демек, автор ХХ ғасырдың басында көп қозғала бастаған тақырыптың өзіне әңгіме болмаған жаңа қырынан келген. Әдетте, бұл тақырып қыздардың қалың малға, ескі әдет-ғұрыпқа қарсылығы, күресімен қабаттаса баяндалады.
“Қыз көрелік” романында осы тақырып проблематикасын мүлде басқа бағытта көтереді. Енді қыз таңдап жүрген мырзаларды қыздың өзі таңдауы керек.Жаңа идеяның өзі жаңа пішінді талап етеді. Автор осы идеяны шартты реалистік мазмұнға көшіріп, көркем бейнелеуге тырысқан. Дүниені шарлап қалыңдық іздеп жүрген іргелі рулардың атақты байларының балалары Ғайынкамалды кедей жігіті Мұхаметқалимен оп-оңай қалай жібереді? Реалистік арна авторды осы бағыттағы тартыстарға киліктірер еді басқа мазмұнға апарар еді. Автор мақсаты - өзінің ағартушылық-демократтық көзқарасына сай, тәрбиелік мәнді шығарма. Роман құрылымы, пішіні осы мақсаттан туындайды. Автор мақсатынан, идеясынан ауытқымауға тырысады. Кейде шығарма көркемдігіне нұқсан келгеніне де қарамай, өз идея, мақсатын орындап шыққан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет