М. Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» поэмасының сюжетін баяндаңыз.
Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасы – 19наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысы- ның қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызды өкілі.
«Қазақ лирикасында үлкен көркемдік жаңалық ашып, соны әсемдік арналарды негіздеп, әсіресе Еуропа, орыс әдебиетіндегі ізде- ністерді, бағыттарды ұлттық топыраққа батыл да еркін ендірген Мағжан эпикалық жанрда поэманың ықшам формаларын қалыптас- тырды. Бір қарағанда, тақырыптық тұрғыдан алғанда, алып-жұлып, әкетіп бара жатқан ерекшелік көрінбейтін секілді: «Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт», «Түркістан», «Оқжетпестің қиясында», «Батыр Баян» – аңыз, тарихи белгілі оқиғаларға, «Жүсіп хан», «Өтірік ертек» – шығыстық сюжет, мысал, тұспалға құрылған. халықтық аңыз, тари- хи дерек үлкен көркемдік идея тұрғысынан қайта құйылып, ежелгі әңгіме, миф сарындары өзге құбылып, жаңа сипаттағы эстетикалық игіліктер жасалды [4, 102б.].
Мағжан өлең болсын, поэма болсын, көбіне өткен заманды аңсап отырады. «Қойлыбайдың қобызы» поэмасында да Қойлыбай бақсының өнерін сүйсіне жырлайды. Қазақтың бақсысына дейін ардақ тұтады.
Мағжан өлең болсын, поэма болсын, көбіне өткен заманды аңсап отырады. «Қойлыбайдың қобызы» поэмасында да Қойлыбай бақсының өнерін сүйсіне жырлайды. Қазақтың бақсысына дейін ардақ тұтады.
Қалың Найман ішінде Бағаналы,
Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан.
Қойлыбай жын жүгендеп, пері мінген,
Алдында жорғалаған шашты шайтан.
Қойлыбай жын жолдастарының көмегімен қобызын бәйгеден оздырды. Поэма соңын Мағжан былай аяқтайды: Ертеде ел бар екен қалың Найман, Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан… Жарасқан бай мен биі, батыр, бақсы, Алыста елестейсің заман қайран!.. Құдай-ау, албастының ойнағындай, Мынау сұм заманға кез қылдың қайдан? Шіркін-ай кер заманды күл қылар ем, Бата алсам Бағаналы Қойлыбайдан.
Мағжан Жұмабаевтың “Қойлыбайдың қобызы” поэмасы мистикалық аңыз әңгіме негізінде жазылған. Аңыз бойынша Қойлыбай атты бақсы бір жиында атжарысқа өзінің қобызын қосады. Қобызы бәйгеден бірінші келіп, ел-жұрттты таң-тамаша қылады. Поэмадан халықтың бақсы-балгерлерге деген қарым-қатынасын байқауға болады. Ежелде қазақтар бұндай ерек жандарды ерекше құрметтеп артынан ғажайып аңыз әңгімелерді өрбітіп отырған. Бұл поэма арқылы Мағжан Жұмабаев бақсы-балгерлердің сол қоғамдағы рөлін көрсеткісі келген болуы мүмкін. Халық әрқашан мистикаға сеніп, осы бағытта түрлі аңыз әңгімелер таратып отырған. Бұл аңыздарға халық өздерінің арманын, мақсат-мұратын енгізіп, сол мұраны ұрпақтан ұрпаққа таратып отырды.
Қысқаша мазмұн: Найман ішінде Қойлыбай деген бақсы, қобызшы болған екен. Ол бала күнінен жындармен дос болған. Олардың ішіндегі ең сенімді жолдасы Қақаман атты жын еді.
Бір күні қалың найман жиылып ас береді. Екі жүз атты бәйгеге қосып, көпшілік Қойлыбайға бәйгеге қобызын қосуды айтады. Барақ батырдың өзі Қойлыбайдан сұраған соң, Қойлыбай бәйгеге қобызын қосады. Бәйге алдында балалардың ішіндегі ептісіне көзі түсіп, оған қобызын сексеуілге байлап кетуін тапсырады. Бәйге басталып, кіл жүйрік даланы дүбірлете шапқанда бала қобызды сексеуілге байлайды. Бәйге басталысымен-ақ Қойлыбайдың бойын күш кернеп, қолындағы қылышын қобыз етіп ойнап, күллі даланы күңірентіп, азынатады. Қызыл жел тұрып, дауылдан ештеңе көрінбей кетеді. Аузынан ақ көбік ағып, қалш-қалш еткен Қойлыбайдың сенгені Қақаман жын еді. Ол жолдасының сенімін ақтайды. Бір сәтте межеге жақындаған аттар қарасы көрінеді. Ішінде топ жарып Қойлыбайдың қобызы келеді. Қақаман жын қобызды сексеуілімен бірге жұлып алып, жүйріктердің алдын бермеген еді.
Достарыңызбен бөлісу: |