Тақырып: Проза жанрындағы ізденістер
Дәріс мақсаты: Ж. Аймауытовтың қазақ прозасын өркендетудегі орнын айқындау.
Өмірі мен қызметі.
XX ғасырдағы қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетінің алтын қорына мәңгілік өдеби шығармалар қосқан, сан қырлы саңлақ дарынның бірі Ж.Аймауытовтың әдебиеттің барлық жанрында дерліктей еңбек етіп, өзі қалам тартқан жанрдың қай-қайсысында да болмасын елеулі еңбектер тудырып, кемел де, көркем дүниелер жасағандығы.
"Қартқожа" романы — автор қиялынан емес, болған оқиғаның негізінде жазылған дүние екендігі. Ж.Аймауытовтың өмір шындығынан алынған оқиғалар жүйесін көркемдік қиялмен ұштастыра отырып, дәуір келбетін, кезеңнің мәнін ашатын көркем туынды жасай білгендігі. Романның бас кейіпкері — өмірде болған, ұзақ жылдар ұстаздық қызмет еткен, Қартқожа Жананұлы Тоғанбаев деген ардақты азамат екендігі.
Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ прозасын үлкен бір белеске көтерген күрделі шығармасы — "Ақбілек" романы екендігі. Автордың қазақ қызының тағдырына киліккен қасіретті көрсету арқылы аласапыран тұстың озбырлық бейнесін ашуы. Оны сол нәубеттен, тағдыр талқысынан құтқарған жаңа өмір салты екендігі романда айрықша сипатталуы. Романда заманның ең бір құбылмалы тұсында сынға түскен қарапайым қазақ қызының жігер-қайрат, ақыл-парасат арқасында өз ортасынан озып шығып, биік қоғамдық сатыға көтерілуі көркем бейнеленгені."Ақбілек" романының қазақ халқының тарихындағы ұлы өзгерістер тұсындағы қасірет-тауқыметін, жаңа өмірге бетбұрысын қарапайым қазақ қызының тағдыр-талайы, талғам-танымы арқылы кең көлемде көрсеткен толымды туынды екендігі.
Ж.Аймауытовтың көркем прозадағы табысты туындысының бірі -"Күнекейдің жазығы" повесі екендігі. Оның жазушының соңғы көлемді шығармасы болуы. Шығарма төңкерістен бұрынғы қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігін көркем суреттеген этнографиялық ренкі бар туынды деп бағалау керек. Повестің тақырыбы — XX ғасырдың алғашқы ширегінде жазылған шығармалардың көбіне ортақ әйел теңсіздігі болып табылатындығы.Повестің бас кейіпкері Күнекей кедейдің қызы болса да бойындағы барын ардақтай білген, адуынды шешенің тәрбиесі негізінде еркін өскен қазақ қызы екендігі. Повестегі өзгелерден оқшау бір кейіпкер — Байман екендігі. Байман образының Күкеймен өрістес дамуы. Алғашқы танысудан бастап, бапрлық оқиғаның ортақгаса өтуі. Байманның — Күнікейге сай тұлға болуы.
Жүсіпбек Аймауытовтың дарынды суреткер ретінде қазақ әдебиетіне көп жаңалық әкелген жазушы екендігі. Оның қазақ прозасының биік көркемдік деңгейде дамуына өлшеусіз үлес қосуы. Оның шығармалары қазақ әдебиеті қорына қосылған мәңгілік мұралар болып табылатындығы.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 2012.
2. Бисенғалиев З. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.- Алматы, 2010.
3. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 6 том. – Алматы, 2005.
4. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Алматы, 2002.
Қосымша:
1. Әбдиманұлы Ө. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық рух. - Алматы, 2010.
2. Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері. - Алматы, 2002.
3. Исмакова А. Возвращение плеяды. — Алматы, 200
4. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. – Алматы, 2014.
№8 дәріс, 8- апта, 1 сағат