Xx ғасырдағы қоғам дамуы және әдебиет



бет9/24
Дата18.10.2022
өлшемі135,11 Kb.
#153740
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
Алматы 2021 ж. О у- дістемелік кешенін зірлеген . бдиман лы, п

Тақырып: Қазақ прозасының тақырыптық ерекшелігі
Алпысыншы жылдардан прозаның роман, повесть, әңгіме жанрлары көркемсөз өнерінің өзге жанрларымен шығармалық бәсекеге түсіп, қоғам мен адам өмірінің қилы-қилы құбылыстарын әрі көкейкесті мәселелерін кең ауқымда қамтып, әдебиеттің жетекші саласына айналды. Прозаны алғы шепке шығарған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы, Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі», «Сырдария», Ғабит Мүсіреповтың «Қазақ солдаты», «Оянған өлке», Ғабиден Мұстафиннің «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды» романдары еді. Елуінші-алпысыншы жылдары Хамза Есенжанов, Зейін Шашкин, Ғабдол Сланов, Тахауи Ахтанов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, басқа да бір талай жазушылар үлкен прозаға өз үлестерін қосты.
Алпысыншы жылдары Мұхтар Әуезовтің «Өскен өркен» романы жарық көрді. Бірақ бұл түгел бітпеген роман еді, жазушы тек алғашқы бөлімі ғана жарияланды.
Қазақ прозасының даму бағдары. Қазақ қаламгерлерінің ізденістері. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Нұрпейісов, Х.Есенжанов, І.Есенберлин, З.Шашкин, С.Жүнісов, Т.Ахтанов, Д.Әбілов, Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, Б.Соқпақбаев, С.Мұратбеков, С.Шаймерденов, Б.Нұржекеев, М.Мағауин, Қ.Жұмаділов, О.Бөкей, Д.Исабеков, Т.Нұртазин, Т.Нұрмағанбетов, Т.Әбдіков, т.б. басты еңбектері, көркемдік жүйесі. Ондағы адам әлемі, кейіпкер бейнесі, ар-ождан тазалығы.
1960-90 жылдар аралығында Ұлы Отын соғысы тақырыбында жазылған шығармаларда проза жанрын толықтыра түсті. Ө.Қанахиннің «Дәмелі»(1962), Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» (1967), Н.Ғабдуллиннің «Жігер» (1983), К.Қазыбаевтың «Ызғар» (1972), Қ,Қамбаровтың «Ашыну» (1987), С.Бақбергеновтің «Қарға тамған қан» және Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» (1976) романдары, Ә.Сәрсенбаевтың «Жауынгер монологі», Ә.Шәріповтің «Партизан қызы», «Тон», «Ормандағы от», «Қапастағы жұлдыздар», Ж.Тілековтың «Сақа солдат», Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала», С.Бақбергеновтың «Жанғожин», С.Мұратбековтің «Жабайы алма», О.Бөкейдің «Бәрі де майдан» повестері және Ш.Құмарованың «Шылым»( 1964), Ш.Мұртазаның «41-ші жылғы келіншек, «Бір нәзік сәуле», «Сол бір күз», «Жүз жылдық жара», С.Мұратбековтың «Жусан исі», «Ескек жел», «Жеңеше»(1972-75), Ә.Сараевтың «Ерекше поезд», «Соғыстан кейінгі жаз», «Қобызшы» (1971), С.Жүнісовтің «Мүгедек» (1979), Қ.Ысқақовтың «Дәнекер» (1979) әңгімелері қазақ халқының басынан өткерген ауыр кезеңнің бірі – Ұлы Отын соғысы тақырыбына арналған. Бұл шығармаларда соғыс тарихы суреттелмейді, олардың кейіпкерлері де саяси тұлға емес. Бірақ, оларда суреттелген тарихи шынlық, соғыстың адам тағдырына қалай әсер еткені, заман сырын көркемдік тәсілмен айшықтайды. Қан майдан ортасынан оралған жауынгерлердің туған жерге оралуы, тылдағы ата-ана, сүйген жардың майдангерге деген қимас көңілі, көз жасы мен арманы, халықтың қиын тағдыры ерекше реалистік тәсілмен жеткізілген.
Бауыржан Момышұлы (1910-1983). Шығармашылық өмірбаяны. Әңгімелері: «Бір түннің оқиғасы», «Жол үстінде», «Олар менің есімде», «Ана әмірі», «Адам қайраты», «Жон арқа», «Көк төмпеш», т.б. «Ұшқан ұя», «Бір түннің оқиғасы», «Артымызда – Москва»,шығармалары. Сюжет пен композиция. Тіл. Характер даралау. Прототип пен тип. Жазушының «Қанмен жазылған кітабы»» (1991) Соғыс психологиясы, майданнан жазылған хаттар, әңгімелер, мақал-мәтелдер. Бауыржан Момышұлының әдеби мұрасының қазақ әдебиетіндегі орны.
Солардың бірегейі — ұлттың әдебиетімізде өзіндік орны бар көрнекті жазушы Тахауи АХТАНОВ.
Оның «Қаһарлы күндер» романы Отан шақыруымен қанды шайқасқа түскен бүтін бір ұрпақтың қаһармандық ерлігін, батырлықтың туу түп негізін, сол жолдағы адамның қалыптасу психологиясын суреттеуге бағытталса. «Шырағың сөнбесін» шығармасында жеке адамның басындағы шырғалаңды бейнелеу арқылы соғыстың адамзатқа түсірер ауыртпалығын көрсетеді. Жазушының «Боран» романының бас кейіпкері Қоспан да соғыстың зардабынан тыс қалмайды.
XV ғасырда дербес хандық санатында шаңырақ көтерген жұртымыздың сырт жаудан, іштен шалған дұшпаннан көрген құқайы көп болған. «суға баты, отқа да жанды, бірақ тірі қалды, құрып кетпеді». Бір І.Есенберлин емес, С.Сматаевтың «Елім-ай (1978-1980), М.Мағауиннің «Аласапыран» (1981-1983), Ә.Әлімжановтың «Жазушы» (1974), Қ.Салғариннің «Алтын тамыр» (1986), Б.Алдамжаровтың «Ұлы сел» (1988), т.б. романдарында да сол ХV-ХІХ ғасырлар аралығындағы халық тарихының нәубеті мен аласапыраны алмасып келген, қанды топалаңдарға толы ащы, кермек көз жасымен шұбарланған беттері ашылады. Роман авторлары көзбен көріп, құлақпен естігендей, бірінің олқысын бірі толтырып, бірінде қамтылғанға екіншісі басқа қырынан қарап, халық тағдырының төрт ғасырлық ең ауыр, қасіреті қалың кезеңінің шиырлы, шынайы көркем тарихын жасайды. Бұлардың кейбірі әдеби сында орныққан екіұшты пікірдегідей, Қазақстанның Ресейге «өз еркімен қосылуының» 250 жылдығына арналып жазыла бермеген. Тоталитарлық жүйенің берген «тапсырысын» малданып, шабытына жол ашқанмен, шындығында жазушы көкейін жайлаған ой мен арман өз дегеніне бұрған. Жоғарыда аталған туындыларды байыппен зерделеп оқысаңыз, «намыстан жаралған қаһарман халықтың тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен өте» отырып, азаттықты, тәуелсіздікті еңсап, еркіндік үшін соңғы демі біткенше айқасудан жүрегі шайлықпаған қыран жұрт болғанын іс-әрекеттерімен дәлелдеп беруді перзенттік парызы санаған жауапкершілікті сезінеміз.
1. І.Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясының жазылуы. ұлт-азаттық идеясын көркем шығармадағы тарихи тақырып арқылы ояту мәселесі. "Алмас қылыш", "Жанталас", "Қаһар" романдарының қоғамдық-ұлттық маңызы.
2. С Сматаевтың "Елім-ай", Ә.Әлімжановтың "Жаушы", М.Мағауиннің "Аласапыран", Қ.Жұмаділовтің "Соңғы көш", "Дарабоз" романдарының тарихи-қоғамдық мәні мен маңызы. Көркемдік идеялық табыстары. Ә.Кекілбаев «Үркер», «Елең-алаң», Ә.Әлімжанов, С.Сматаевтардың романдарыда қазақ халқы бастан кешкен азап, заман ауыртпалығының ел тағдыры арқылы тарамлай қамтып, тарата бейнелеу орын алған. М.Мағауиннің романында қазақтың қазақ аталып, этникалық тұтастығын, экономикалық саяси тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күрескен Тәуекел ханның заманың суреттейді.
Жазушының өсу жолдары. "Қан мен тер" трилогиясы. "Ымырт", "Сергелдең", "Күйреу" романдарының реалистік-көркемдік жүйесі.
Шығармадағы образдар жүйесі. Жазушының жинақтау мен даралау шеберлігі. Типтік образ жасау жолындағы ізденістері. Еламан, Ақбала, Тәңірберген образдарының жаңашылдық сипаты.
Ә.Кекілбаевтың жазушылық өсу жолдары. Алғашқы әңгімелері. Повестері. Жазушының таңдаған тақырып аясы. "Күйші", "Шыңырау" повестерінің идеялық-көркемдік мәні.
Қаламгердің мінез сомдау ерекшелігі. "Аңыздың ақыры" романындағы психологиялық толғаныстар. "Елең-алаң", "Үркер" романдарындағы тарихи шындық пен көркемдік шешім.
Қаламгердің көркемдік-бейнелеу қүралдарын қолдану әдістері.
Қазақтың көрнекті жазушысы Оралхан Бөкей әдебиетке өзіндік қолтаңбасымен, стиль, мінезімен келген қаламгер. Ол негізінен проза және драматургия жанрларында еңбектенді. Шығармашылық ізденістерінің басты арналары да осы төңіректен табылады.
Алтай өңірінің асыты ғана қазына емес, үсті де толған байлық. Осындай қасиетті өлкенің адамдары да сол табиғаттың төл мінезіне тартқан; сыртқы сұлулықтары мен ішкі әсемдіктіре үндесіп, табиғаттың мол сыйын көкірегіне көл қып толтыра білген. Әр саладағы кәсіп иелерін таратып айтпай-ақ, ақын-жазушыларға тоқталатын болсақ, бүгінде осы өңірдің перзенттері Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Қалихан Ысқақов, Шерияздан Елеукенов, Дидахмет Әшімханов, Ұлықбек Есдәулетов, Асқар Егеубаев, Гүлнар Салықбаева т.б.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 2012.
2. Бисенғалиев З. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.- Алматы, 2010.
3. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 6 том. – Алматы, 2005.
4. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Алматы, 2002.

Қосымша:
1. Әбдиманұлы Ө. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық рух. - Алматы, 2010.


2. Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері. - Алматы, 2002.
3. Исмакова А. Возвращение плеяды. — Алматы, 200
4. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. – Алматы, 2014.

13 дәріс, 13 апта, 1 сағат


Тақырып: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының тақырыптық ерекшелігі


1960-90 жылдардағы қазақ поэзиясындағы тақырыптық-идеялық, көркемдік бітімі жағынан едәуір жетістіктерге жетті. Алпысыншы жылдардан кейінгі кезеңдегі Ұлы Отан соғысы тақырыбының қазақ поэзиясында жырлану сипатымен қатар кеңес адамдарының отаншылдық сезімі, ғарышты игеру, халықтар достығы, адамгершілік, мораль, этика мәселелері кеңінен жырланды. Сондай-ақ ұлттық салт-дәстүр мен діни тақырыптағы өлеңдер жазыла басталды.
Әдебиетке 60-шы жылдары қосылған ақындар поэзиясының ерекшелігі. Поэзиядағы тақырып, жанр проблематика мәселелері.
Қазақ поэзиясындағы дәстүр ұласуы және жаңашылдық. Алпысыншы жылдар поэзиясындағы лириканың даму ерекшелігі. Эпикалық жанрдың даму сипаты.
Кеңес жазушысы болмысты, оның әр алуан құбылыстарын ғылыми коммунизм тұрғысынан көріп, білім талдап, түйіп, ондағы жаңаны, жақсыны, өршіл рухты мақұлдайды, ескіні, ынжықты, кертартпаны әшкерелеп, сынап мінеп, оларға қарсы күресіп отырады.
Жаңа социалистік қарым-қатынасты мақұлдау, нығайту өмірдегі кем-кетікті, ескіні, зияндыны батыл, өлтіре сынаусыз болмайды. Осыдан реализм әдебиет болмыстағы, біздің өміріміздегі кем-кетіктерді, ескіні, зиянды, кертартпа көрініс құбылыстарды күлкі, сықақ, әжуа етеді.
Бұл кезеңдегі әдебиет дәуірдің, уақыттың сөзін айтты.
Қазақ қаламгерлері әр алуан жанрда туындылар берді.
Әрбір жанрдан өмір шындығы, адамдар қарым-қатынасы, кейіпкерлер жүйесі кеңінен көрінді.
Жазушы еңбегінде ізденіс арналары терең танылды.
Сөз өнерінің басты өлшемі - тіл, стиль анық көрінді.
Көзқарастар мен зерттеулерден уақыт үні байқалды.
Қазақ лирикасының бұл жылдардағы дамуына Ғ.Қайырбеков, Қ.Мырзалиев, Ә.Тәжібаев, Қ.Аманжолов, Х.Ерғалиев, Ж.Молдағалиев, С.Мәуленов, Т.Айбергенов, С.Жиенбаев, Ж.Нәжімеденов, М.Мақатаев Ф.Оңғарсынова, М.Айтқожина, Қ.Жұмағалиев, М.Шаханов, С.Иманасов, К.Салықов, Ш.Сариев, Х.Есенжанов сияқты ақындар елеулі үлес қосты.
Көбі 60-жылдары танылған жас таланттар аз жылдың ішінде есейіп, поэзияның ауыр жүгін көтерді. Оларға ілесе И.Оразбаев, Т.Рахимов, Ж.Жақыпбаев, С.Тұрғынбеков, И.Сапарбаев, Ұ.Есдаулетов, Е.Раушанов, т.б. жас ақындар тобы шықты.
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында, Қазақ елінің тәуелсіздік алған кезіңінде Мұқағали Мақатаев мұрасына жаңаша көзқарас қалыптасты, ақын мұраларын танудың жаңа бір кезеңі басталды. Ақын шығармалары өзі дүниеден қайтқаннан кейін, беріде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығымен бағаланды. Мұқағали өлеңдері - ұлттық поэзияның жаңа бір белеске көтерілгендігін, жаппай еуроцентристік ағымға ойысқан заманда қазақтың қара өлеңінің шыңайы қасиеттерінің қадірі артып, бұрынғыдан да толығысып, кемелдене түскендігінің куәсі.
Ақынның шығармашылық өмірбаяны. Табиғат лирикасы. Махаббат лирикасы. Сурет пен суреттілік. Бейне мен бейнелілік.
Ақынның өмір шындығынан өнер туындысын жасау жолындағы ізденістері.
Поэмалары: "Өмірдастан", "Аққулар ұйықтағанда", "Моцарт жаназасы", т.б. Мұқағали поэмаларының поэтикасы.
Көркемдік бейнелеу құралдары. Образ жасау шеберлігі. Сюжет дамыту, композиция түзу жолдары. Стилі.
Шығармашылық даралығы. Қаламгер шығармашылығындағы елдік пен ерлік тақырыбы.
Ақын шеберлігі. Ел-жер мұраттары. Лирикалық өлеңдер сипаты. Көркемдік ізденістер.
М.Мақатаевтың ақындығы - тарихи туындылардан да, қазіргі заманның шындықтарынан да танылады.
Ақын поэзиясы - арнау өлеңдерден, лирикалық ән-әуендерден де жан-жақты байқалады.
Ақын өлеңдері - жастық, достық, махаббатты жырлайды.
Ақын поэзиясында адамдар өмірі, олардың еңбегі мен тағдыры шындық сипатында өріс алады.
Ақынның қабілет дарыны - ауқымды, кең тынысты.
Ақынның ұлы сенімі, «Күннен де өткен құдіретті Жарығы» - Аллаһ. Ол қасиетті күш, дүниенің бар ғаламның Жаратушысына деген Сенім! Сол сенім ғана адамзатты қапас құрдымнан айырып, аман алып қалатындығына ақын – жүрек қалтқысыз иланған. Ақын сол арқылы екі дүниедегі адамзат өмірінің мәнің түсіндіреді. «Жүрек арызы», «Өмір деген біреу бар» т.б. өлеңдерінде адам жанының табиғатына терең үңіліп, жаратылысы жайында сыр ақтарып, құпиясына бойлайды.
Ақынның шығармашылық өмірбаяны. Ж.Нәжімеденов лирикасының сырлы әлемі. Қазақ өмірінің поэтикасын ұштаудағы ақын ізденістері. Оның шығармашылығындағы соғыс жэне бейбітшілік, өмір мен өлім суреттері. Шығармаларындағы достық пен махаббат, елдік пен ерлік. Қаьармандық және трагедиялық пафос. Ақын поэзияның тағы бір ерекшелігі туған жер туралы өлеңлерінен ауыл адамдадарының ақжарқын, кеңпейіл, қрнақжай, бейбіт бейнесі шоқтығы биік болып бөлектеніп тұратынында. Осындай тақырыпты өлеңдерінен қазақ қанындағы қоңыржай мінез бен қонақ жайлылық дәстүрін ақын шебер суреттеп береді. Сондай-ақ жырларынан жылы әзір мен юморы араласып жүретін сәттерді де кездестіруге болады. Ақын алуан түрлі стильдік және көркемдік ерекшеріктерімен қазақ әдебиетінде қомақты орны бар, поэзияға жаңаша өрнектер мен айшықтар енгізген, өлең логикасына өзінше қараған, қазақ поэзиясын мазмұнына да пішініне де енгізген жаңалықтарымен қазақ әдебиетіне қосқан үлесі зор деп айтамыз.
Ой және сезім. Мазмүн тереңдігі мен түр жарастығы.
Поэмалары: "Көзсіз батыр", "Қанды сүт", "Тамыр мен жапырақ", т.б. Олардың жанрлық, тақырыптық ерекшеліктері.
Ж.Нәжімеденов творчествасының қазақ әдебиетінің тарихында алатын орны.
Зерттеулер. Көзқарастар.
Ақын поэзиясында алуан тақырыптар бар.
Тарихи тағдырлар шындығы, халық мұңын, қуаныш-қайғысын, болашаққа үмітін, арман-мұратын жеткізген күйлер сазы, ана сүтімен ең аялы ізгілік қасиеттерін бойыңа дарытар туған топырақ, туған жер тақырыбы - Ж.Нәжімеденов үшін қашан да ұрпақ тәрбиесінің, патриоттық сезім жылуының бастау-бұлағы, қазына-қайнары іспеттес. Қошалақтың құмы, Даңғазылдың жанға шипа ауасы, ақ жаулықты ана - ақ әже мейірімі, тау мен дала, күннің баюы, түн жұмбағы, таң самалы - бәрі-бәрі сұлулық пен дүние тылсымынан сыр тартудың, өмір туралы ой түюдің, ақындық телегей-теңіз толғаныстың, қиял өрісінің катализатор қозғаушы күші, тиянақ-түғыры.
Ақын табиғатынан- тереңдік пен кеңістік кең орын алған.
Ақын поэзиясы- дала бояуынан.еңбек тынысынан түрады.
Ақын мұраты- адам мен оның еңбегін асқақтату.
Ақын шығармашылығынан дала жырларын да, ғашықтық ғаламаттарын да, табиғат тылсымын да кездестіреміз.
Ақын жырлары - адамды, оның арын, еңбегін жырлайды.
Ақынның жыр әлемінен халық даналықтарын, дәстүр-өнегелерін кеңінен кездестіреміз. Ақын өлеңдері жазу мәнерімен, стильдік ерекшелігімен, көркемдік өрнектерімен ерекшеленетінің байқаймыз.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі


Негізгі:
1. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 2012.
2. Бисенғалиев З. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.- Алматы, 2010.
3. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 6 том. – Алматы, 2005.
4. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Алматы, 2002.

Қосымша:
1. Әбдиманұлы Ө. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық рух. - Алматы, 2010.


2. Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері. - Алматы, 2002.
3. Исмакова А. Возвращение плеяды. — Алматы, 200
4. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. – Алматы, 2014.

14 дәріс, 14 - апта, 1 сағат




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет