Xx ғасырдағы қоғам дамуы және әдебиет



бет7/24
Дата18.10.2022
өлшемі135,11 Kb.
#153740
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Байланысты:
Алматы 2021 ж. О у- дістемелік кешенін зірлеген . бдиман лы, п

10- апта, 1 сағат


10-Тақырып: М. Әуезов, С. Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы
Дәріс мақсаты: Қазақ әдебиетінің ұлы классигі Мұхтар Әуезовтің мұрасын танып-білу.
Мұхтар Әуезов (1897-1961). М.Әуезов - қазақ әдебиетінің классигі. Жазушының творчестволық өмірбаяны. Жазушылық сапарын әңгіме мен пьеса жазудан бастауы. Әңгімелері "Қорғансыздың күні", "Қаралы сұлу", "Көксерек", "Білекке білек", "Іздер", "Құм мен Асқар", "Шатқалаң", "Бүркітші", "Асыл нәсілдер", т.б. Олардың тақырыбы мен проблематикасы, көркемдік әлемі, образдар жүйесі. Эпикалық және лирикалық сипаттары.
Драмалық шығармалары: "Еңлік-Кебек", "Қарагоз", "Айман-Шолпан", "Шекарада", "Тартыс", "Тас түлек", "Ақ қайың", "Сын сағатта", "Қынаптан қылыш", "Қарақыпшақ Қобыланды", "Түнгі сарын", т.б. Олардың тақырыптық, идеялық сипаты мен жанрлық құрамы, сюжеттік желісі, поэтикасы.
"Абай" пьесасы, "Абай жырлары" кинофильмнің сценарийі, "Абай" операсының либереттосы. Л.Соболевпен бірігіп жазған "Абай" трагедиясы (1940).
Проза жанрындағы алғашқы тарихи шығармаларының бірі - "Қараш-Қараш оқиғасы» (1927). Шығармадағы қазақ кедейлерінің өмірі. Повестің тарихи негізі. Шығарманың халықтығы, ұлттық сипаты. Повестің тілі, суреттілігі, сюжеті мен композициясы. "Қилы заман" (1928). Шығарманың тақырыбы мен идеясы. Жанры. Шығармадағы халық өмірінің көріністері, олардың тарихи шындыққа қатынасы. Жазушының образ жасау шеберлігі, суреткерлік позициясы.
"Абай жолы" - тарихи эпопея. Оның қазақ прозасының өсіп дамуына әсері. Бүкілодақтық әдебиет көлеміне көтерудегі мәні. Романдағы суреттелінетін дәуір шындығы. Абай образының даму зандылығы. Оның гуманист, азамат ақын, ағартушы қайраткер, ойшыл, философ бейнесіндс суреттелуі. Дәркембай, Базаралы, Михайлов, т.б. бейнелері. Әйелдер бейнесі: Зере, Ұлжан, Әйгерім, Тоғжан, Салтанат, т.б. Құнанбай, Тәкежан, БІсқақ, Шұбар, Майбасар, т.б. іс-әрекеті, образдары.
Жазушының шеберлігі, романның көркемдік ерекшелігі. Эпопеяның негізін құраған тарихи өмір шындығы, этнографиялық фактілер және олардың көркемдік-эстетикалық қызметі. Абай жөніндегі барлық еңбектерінің жиынтығы "Абай жолы" атты сериялы романы үшін жазушының Лениндік сыйлық алуы.
М.Әуезовтің (халық) ауыз әдебиеті, әдсбиет тарихы саласындағы зерттеу еңбектері. М.Әуезов және абайтану проблемалары. М.Әуезовтің әлем халықтары әдебиеті туралы ойлары.
Аудармалары: Гогольдің "Ревизоры", Шекспирдің "Отеллосы", "Асауға тұсауы", Н.Погодиннің "Ақсүйектері", К.Треневтің "Любовь Яроваясы", А.Кронның "Флот офицері", А.Тургеневтің "Дворян ұясы", т.б. Жазушы творчествосының зерттелуі. М.Әуезовтің көркемдік дәстүрлері және оның бүгінгі әдеби даму үшін маңызы.
Сәбит Мұқанов (1900-1973). Шығармашылық өмірі. Өлендері. Поэмалары. "Сұлушаш" (1928). Поэманың сюжетіне негіз болған материал. Ақынның ойдан қосуы және оның шығарманың көркемдік-идеялық жүйесіндегі орны. Сұлушаш, Алтай, Қайсар бейнелері. Поэманың көркемдік ерекшеліктері.
Ақынның өз заманы туралы жазған шығармалары. "Майға сәлем", "Ақ аю", "Колхозды ауыл осындай", "Сөз Советтік Армия", "Поэзия маршалы", т.б.
Олардағы ақындық ізденістері. Ақынның В.Маяковскийден үйренуі, қазақ өлең құрылысына енгізген жаңалығы.
Прозалық шығармалары. "Адасқандар" (1931), "Жұмбақ жалау" (19j8), "Ботакөз". Жазылу тарихы. Тақырыбы мен көтерген мәселесі. Романның сюжеттік желісін қүрған тарихи оқиғалар, оларды жинақтау мен даралаудағы суреткерлік нысана.
"Менің мектептерім", "Өмір мектебі", "Есею жылдары". Шығарманың жанрлық сипаты, онда қазақ халқының өмірінің суреттелу жолдары. Баяндаушының өз бейнесі. Дәуір шындығы және көркемдік жинақтау.
"Сырдария" романы (1948-1951). Тақырыбы. Еңбек адамдарының бейнелері. Байжан, Айбарша, Дәулет, Сырбай, Анатолий, Самархан, Наталья, Рахмет сияқты басты кейіпкерлердің образдары, олардың өсу жолы. Романдағы халықтар достығы. Романның көркемдігі. Баяндау, суреттеу, әңгімелеу жолдары. Шығарманың тілі.
"Мөлдір махаббат" (1959) романы. Шығарма тақырыбының тууы. Жазушының өмір шындықтарын жинақтау жолдары. Бүркіт пен Бәтестің махаббат тарихы, олардың еркін өмір жолындағы әрекеттері. Романның басты кейіпкерлері және олардың прототиптері.
Драмалық шығармалары: "Күрес күндерінде" (1938), "Сәкен Сейфуллин" (1964), "Қашқар қызы" (1972), "Шоқан Уәлиханов" (1953).
"Аққан жұлдыз" (1967, 1970). Романды тетрологиялық деңгейде жазу туралы автордың ойы. Романның алғашқы екі кітабында көрініс тапқан өмір шындықтары. Шоқан Уәлиханов бейнесі.
Әдебиет сыны мен әдебиет тарихын зерттеудегі еңбектері "Өсу жолдарымыз", "Халық мұрасы", "Жарқын жұлдыздар" "ХҮШ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихының очерктері" оқулығы. Жазушы творчествосының зерттелу жайы, қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.
С. Мұқанов еңбектері Т. Нұртазин зертеулерінде. С. Мұқанов еңбектері бүгінгі қазақ әдебиетінде зерттелуі. С. Мұқанов еңбектері Т. Кәкішев, К. Ахметова еңбектерінде бүгінгі заман зерттеулерінде. С. Мұқанов танудың алғы уақыттардағы даму жағдаяттары, жазушы шығармашылығының ұлттық болмысын танудың жаңа ізденістермен табысуы. Сәбиттанудың жаңа танымдыдағы сұранысы.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 2012.
2. Бисенғалиев З. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.- Алматы, 2010.
3. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 6 том. – Алматы, 2005.
4. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Алматы, 2002.

Қосымша:
1. Әбдиманұлы Ө. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық рух. - Алматы, 2010.


2. Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері. - Алматы, 2002.
3. Исмакова А. Возвращение плеяды. — Алматы, 200
4. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. – Алматы, 2014.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет