Діни-ағартушылық бағыттағы әдебиет. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің шығармашылық ғұмырнамасы.
Дәріс мақсаты: М-Ж: Көпеев шығармашылығының ерекшелігін түсіндіру.
Өмірі мен шығармашылық жолы.
М-Ж. Көпеев поэзиясының басты тақырыптары. Оның діни-ағартушы бағыттағы ақындардың, жалпы XX ғ.б. қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі екені.
Мәшһүр Жүсіптің көп жасап, талай тарихи кезендерді бастан кешіруі. Өз заманының оқымыстысы болуы. Дін, өнерді қатар алып жүріп, екеуінен елге үлгі-өнеге шашуы.
"Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз" атты кітабында (1907) өз дәуірінің сипатын суреттеп, көкейтесті мәселелерді көтере білуі.
Қай бір мәселе болмасын ел өмірін жете түсінетін ақын ретінде ілргішіл ой айтып, әлеуметтік шындық тұрғысынан келетіндігі. Сол тұстағы саяси ахуалды дәл аңғарып, өлендерінің қазақтың алдынғы қатарлы зиялыларының ой-пікірлерімен ұштасып жатуы."Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі", "Ақ қағаз, қалам сия келет бізге", "Ырыссыз жоқ нәрсеге ерінеді" т.б. өлендеріндегі тарихи оқиғаларға, өнердің адам өміріндегі алар орнына деген нақғылы ой-тұжырымдарының болуы.
"Хал-ахуал" (1907) жинағында замана сипатының бірқыдыру кең суреттелетіні. Ел ішіндегі жағдайды айта отырып, келеңсіз қылықтарды ащы сынауы. Ақынның отаршылдықаен ере келген кесірлі сипаттарды аша білуі. Өз тұсындағы өмір шындығын шынайы көрсете отырып, жағымсыз образдардысол ортадан ойып алуы. Өлеңдерінде ел-жұртты аямай сорып отырған билер, әкімдер, байлардың жағымсыз бейнелерін шебер жасауы. "Жалғанда мен өлеңді қылдым ермек", "Сенбе жанның бәрі дос еді деп" атты өлендерінің мәні.
"Сарыарқаның кімдікі екендігі" (1907) жинағындары өлендерінде ұлт мүлдесін көбірек қолдайтыны. Халықты оянуға, өнерге, оқып жетілуге, мәдениетті күшті ел болуға шақыруы. Түркі тектес халықтардың бірлігін жақтауы.
Мәшһүрдің поэма жанрының дамуына айтарлықтай үлес қосқаны. Қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрімен, Шығыс әдебиетіндегі қисса-дастандар үлгісімен "Гүлшат-Шеризат", "Ғибратнама", "Шайтанның саудасы", "Баяннама" т.б. дастандар жазуы. Бұл шығармалары арқылы қазақ поэзиясында өзіндік өрнегін қалдыруы. "Шайтанның саудасы" — сатиралық шығарма екендігі. Сюжетсіз поэманың қазақ әдебиетіндегі әдемі үлгісі ретінде бағалануы. Поэмаларында өсиет, ғибрат басымдылығы. Олардың композициялық құрылымының, жазу тәсілінің әркелкі болуы ақынның ізденімпаздығын танытатыны.
М.-Ж. Көпеевтің қазақ ауыз әдебиетін, әдеби мұраны жинау мен зерттеуге сіңірген еңбегі.
ы, 2014.
№6 дәріс, 6- апта, 1 сағат