«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет26/236
Дата16.04.2022
өлшемі4,46 Mb.
#139665
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   236
Байланысты:
Сборник 3конф (1)

Фойдаланилган адабиётлар 
1.
Абдураҳмонов А. Саодатга элтувчи билим. - Т.: «Мовароуннаҳр», 
2001. - 696 б.
2.
Абул Мухсин Мухаммад Бокир ибн Мухаммад Али. Бахоуддин 
Балогардон. Т.: «Ёзувчи», 1993. -207 б.
3.
Аждодлар ўгити. Ҳикоятлар, ҳикматлар, тимсоллар (тўпловчи ва 
изоҳлар муаллифи Б.Аҳмедов). - Т.: «Чўлпон», 1990. - 240 б.
4.
Бозорова Н. Узлуксиз таълим жараѐнида масофавий ўқитиш методи 
асосида талабаларда экологик маданиятни шакллантиришнинг аҳамияти. 
//Узлуксиз таълим ж.2006. № 3. 34-39 б. 


59 
АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ Т. 
(АСТАНА, ҚАЗАҚСТАН) 
 
МУЗЕЙ - МУЗА МЕКЕНІНЕН МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚҚА БАСТАУ 
РЕТІНДЕ 
Заманауи музей дегеніміз не? Бұл ғибадатхана, «уақыт машинасы», 
«рухани қауіпсіздік кеңістігі», білім орталығы, мәдениет мекені, «жария 
жалғыздық кеңістігі» немесе Диснейленд? Бұл мәселе кәсіби мамандарды және 
музейге барлық музей жанашырларын толғандырады. 
ХХІ 
ғасырдың 
екінші 
онжылдығындағы 
әлеуметтік-мәдени 
парадигмалардың шеңберінде заманауи адам көбінесе бұқаралық ақпарат 
құралдары мәдениетінің тұтынушысы ретінде сипатталады [1, 143 б.]. «Қазіргі-
кешегі» дискурсының қарқынды ауысуы құбылысында ол хронологиялық 
толқын жағдайымен қайшылықты қатынаста: қазіргінің тез ауысуы соншалық, 
кешегі орын алған сансыз ақпараттық оқиғалар бүгін мүлдем маңызын 
жоғалтып отырады. Постмодернистік сана қисынындағы қазіргі өткеннен 
туындамайды және болашақпен етене жалғасып кетеді, ал, айталық, 30-40 
жылдай ертеректегі тарихи оқиғалар жас ұрпақтың түйсігінде «біздің 
заманымызға дейін» болған тарих секілді көрініс табады. Бірақ, өз тарихын 
ұмыту неге әкеліп соғады, бұл белгілі жәйт, соған орай, өткен кезеңдегі музей 
ісін жаңаша қарқынмен жаңғыртып, оның жаңа мәдени толқынға ілесуәлеуетін, 
заманға сай маңызын арттыру мәселесін қарастыру қажет [2, 122 б.]. 
Бұл көзқарас философиялық тұрғыда белгілі бір уақыт аралығында тарихи-
мәдени тәжірибені сақтау мен кейінгі ұрпаққа жеткізу арқылы жүріп отыратын 
заңдылықтарды ашуға бағытталған әдіске сілтеме беретін Э. 
Гуссерльдің феноменологиясында келтірілген. Бұл біздің қазіргі заманауи 
мәдениеттегі сабақтастық үрдісі, мәдени жады құбылысы немесе «ұлттың 
мәдени коды» дегенді білдіреді. Гуссерль тарихилық ұғымын бұрынғы өтіп 
кеткен ұрпақтың қазіргі кезде өмір сүріп жатқан адамдар мен 
қауымдастықтардың негізгі жүйесінің қалыптасуына тигізетін әсері, ықпалы 
ретінде бейнелейді. Басқалай айтқанда, бұл ұрпақтар арасындағы мәнді 
байланысты орнату мен алға жылжу үрдісі. Ол бұл байланысты «тіршілік 
әлемінің» тұрақтылығын сақтаудағы жүйе құрушы ретінде де түсіндіреді. 
Біз өзіміз үшін құндылықтық мәні бар дүниелерді ғана мәдениеттің негізі 
деп санаймыз [3, 129 б.]. Өткеннің құндылықтық мәннің жоғалуы техногенді 
қоғамның дамуымен және инновациялық өзгерістер кезеңінің толқынымен 
байланысты. Мұндай беталыс бұрынғы этномәдени жадының келмеске кетіп, 
мәңігіге өшуіне алып келуі мүмкін. Постмодернистік мәдениет ұрпақтары 
әлемдік мәдениет мұраларын жай символдық тұрғыда, мифтік мазмұнда 
қабылдайды, оның басты себебі, қазіргі таңда сандық 
аction
(іс-әрекет) 
жанрының дамуымен байланысты. Осылайша, әр мәдениеттің түпкі 
дүниетанымдық мәні жүйе құрушы элемент, яғни,қоғамдық тұтастық пен 
этностың мәдени бірегейлігін қалыптастырып және ұстап тұрушы ретіндегі 
рөлін жоғалтады. Дәстүрлі мәдениет жиынтығы, әрі кетсе, рухани және 


60 
материалдық құнлыдықтарды білдіретін мемориалды білім ретінде көрініс 
табады, алайда, қазіргі жағдайдағы әлеуметтік-мәдени үрдіске ешқандай да 
ықпалын тигізе алмайды.
Мәдени-философиялық тұрғыдан алып қарасақ, тарихтың әр кезеңінде 
адам болмысының көріністерінің өзгерісін байқаймыз. Антика заманында 
«саяси жануар» (Плотон) деген ат алса, Жаңа заманда «ойлай алатын қамыс» 
(Б. Паскаль), ал, постмодернистік кезеңде оны «өлді» деп (М. Фуко) 
жариялайды [4, 173б.]. Жоғарыда келтірілген адамзат туралы пікірлерді 
салыстыра отырып, музейдің де адам болмысын ашушы мәдени институт 
ретіндегі рөлін тағы да айшықтай кетсек болады. Өйткені, адамзат өткенін 
музейде сақталған жәдігерлер арқылы таниды. Осы кезге дейін адам жануар 
жағдайында да, биологиялық жағдайында да «өлмей», тіршілігін жалғастыруы 
құндылықтық негізінің сақталуымен тікелей байланысты. Ал, сол негіздің 
жоғалмай келесі ұрпақта жалғасын табу мекені - музей екені айдан анық. 
Музей - әсіресе, бүгінгі күні біздің ұрпақтар сабақтастығының ажырауы 
мәселесіне тап болған жағдайымызда, дамудың ең тиімді тәсілі болып 
табылады.
Көптеген мемлекеттер қаржының көп бөлігін білім саласына құйып, 
сәйкесінше мәдениеттің даму мәселелеріне аз көңіл бөледі. Бірақ, мәселенің 
экономикалық жағы - негізгі түйткіл емес, өйткені, мәдениет ұлттық 
құндылықтарға тікелей жауап беретін болғандықтан, оған мемлекеттік қолдау 
көрсетілуі шарт. 2014 жылғы «Музей және билік» атты форумда Халықаралық 
Музейлер Кеңесінің Португалиядағы экс-президенті Луиш Рапозу өзінің 
баяндамасында бір қызық статистика келтірген болатын. Оның айтуынша, 
әлемде 20 ең танымал тақырыптық саябақтар бар, соның екеуі ғана - еуропалық. 
Тақырыптық саябақтар - бір қарағанда, коммерциялық жоба болғанымен, 
қазіргі мәдениетке әсері өте үлкен екендігін атап көрсеткен. Өйткені, мұндай 
саябақтар елдің ең танымал белгісі, олар мемлекеттің экономикалық және саяси 
дамуының бірден-бір күші болып табылады. Мысалы, Ұлыбританиядағы 
әлемге әйгілі музейлердің қызметі ел қазынасына өндіріс пен жарнаманы 
қосқандағы табыстан әлдеқайда көп қаржы түсіреді. Әр бес туристің төртеуі 
музейді сол елге келгендегі ең басты себептерінің бірі ретінде көрсетеді. 
Мысалы, Америка Құрама Штаттарында ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 2% 
мәдениет өнімдері құрайды [5, 122 б.].
Сондай-ақ, мемлекеттен міндетті түрде қолдау көрсетілуі қажет мәдениет 
салалары бар екендігін ұмытпаған жөн. Жаһандану тұрғысында, ділге қысым 
жасалу қаупі жағдайында тек музей ғана қоғамдық зерденің кепілі бола алады. 
Бұл талаптың орындалуы үшін қала мен аймақтардағы, орталық пен шеткі 
аудандардағы музейлердің арасында байланысты орнату қажет.
Бірақ, мәдени сұхбаттың үлгісі жаңа заман талаптарына сай өзгеруі үшін 
жаңашыл бағытқа, бастамаларға құрылған басқарудың жаңа түрін енгізу қажет. 
Нарықтық стратегияны қоғамдық қажеттілікпен біріктіру. Жеке және қоғамдық 
өмірдің қызығушылықтарын үйлестіру керек. 
Михайл Пиотровский «Музей және билік» форумында айтып кеткендей: 
«Мәдениет пен биліктің басты мәселесі саясаттың қашан да мәдениеттен 


61 
жоғары тұруында. Мәдениет мемлекеттің бәсекеге қабілетті басым тұсы болуы 
қажет» [6, 49 б.]. Бүкіл әлемде мемлекеттен гөрі демеушілер мен меценаттар 
мәдениетке қолдау көрсетудің әлсіздерге көмектесу емес, табысы мол 
инвестиция екендігін ертерек ұғынды, өйткені бұл болашақтың инвестициясы. 
Шартты түрде айтқанда, муза мекенінен Диснейлендке қарай жылжу 
керек. Музейдің ойын-сауықтық рөлі білім мен тәрбиенің бір бөлігі ретінде 
болуы шарт [7]. 
XX ғасыр бойы музейлердің статусы ұлғайып, басқа да әлеуметтік мәдени 
институттардың қызметтерін өзіне алуына байланысты мәдени ақпаратты 
трансляциялаудың негізгі құралына айналды [8]. Егер бұрындары музейлерге 
баратындардың негізгі легі жоғары білімді, оқыған адамдар және олардың 
ұрпақтары болса, қазірде музейлерге барушылардың әлеуметтік құрамы 
біршама кеңейген. Қазіргі әлеуметтік мәдени жағдай музейлерге жаңа идеялар, 
білімдер, рухани құндылықтар іздеуге итермелейді. Осылайша музейлер 
қоғамдық сананың дамуын белгілі деңгейін бейнелейтін институттан біртіндеп 
оған жаңаша серпін беретін институттқа айналуда. Осыдан біраз уақыт бұрын 
музей экспозицияларын орналастыруда ғылыми схемаларға сүйенушілік күшті 
болса, қазірде қойылған жәдігерлердің мағынасы мен мазмұнын жеткізу үшін 
түрлі әдіс-тәсілдер мен жаңашылдық таныту кеңейіп келеді. Яғни, ақпараттың 
аса мол уақытында, тек музей қабырғасында ала алатын әсерлер беруге 
бағытталған материалды келушілерге ұсынуда бірегейлік пен ерекшелік 
жасауға тырысушылық басым. Алайда адамдардың рухани, танымдық, 
рекреациялық қажеттіліктерін өтеу орындарының барған сайын молайып, өз 
қызметтерін жетілдіріп отыруы музейлер үшін жаппай бәскелестік заманында 
үлкен сын болып отыр. Елдің әл-ауқаты жоғары болған жағдайда ол көп 
білінбесе, экономикалық дағдарыс кездерінде ол сұраныс тіптен түсіп кетуі 
мүмкін. Батыс елдерінде ХХ ғасыр бойы саны жағынан ұлғайып келген 
музейлердің көпшілігінің жағдайы қазірде мәз емес көрінеді. Германияда 
мәдени менеджмент саласының белді мамандары болып табылатын Дитер 
Хазельбах, Армин Кляйн, Пиус Кнюзель және Штефан Опиц елде мемлекет 
есебінен жұмыс істеп тұрған музейлер, кітапханалар мен театрлардың 
жартысынан артығын жауып тастауды ұсынды. Мәдени саясаттың елде 
сәтсіздікке ұшырағандығы туралы «Мәдени инфаркт: барлық жерде бір-біріне 
ұқсастық тым көп» деген кітапта жан-жақты ашылып жазылған [9, 118 б.]. 
Музей ісіндегі тағы бір тенденцияға арнайы мамандандырылған 
музейлердің, яғни белгілі бір топқа, аудиторияға арналған музейлердің ұлғаюы. 
Олардың қатарына балаларға арналған музейлерді немесе белгілі бір қоғамдық 
мәселеге арналған музейлерді жатқызуға болды. Балаларға арналған 
музейлердегі экспозициялар музейлік педагогика құрастырған әдістемелерге 
сәйкес балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалған. 2004 жылы 
Израильдің Холон қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған бірінші 
қозғалмалы көрменің негізі қаланды. Музей ішіндегі «Түнектегі диалог» деп 
аталатын көрме келушілерді бір мезет көзі көрмейтін адамдардың әлемімен 
таныстырады. Келуші тастай қараңғыда көзі көрмейтін адамды жетектейтін 
таяқты ұстап, түрлі дыбыстарды, иістерді, машиналардың, қала көшелерінің 


62 
дыбыстарын айыруға үйренеді. Көрменің павильондары көшенің, парктің, 
порттың тіптің кафенің үстелдеріне дейін асқан шынайылықпен берілген. 
Музейде құлағы естімейтін адамдардың әлемімен танысуға арналған көрме де 
бар [10, 155 б.]. 
Цифрлы технологиялар мен IT саласының дамуы музейлік жәдігерлерді 3D 
моделдерін құру арқылы қайта қалпына келтіру ісін жаңа деңгейге көтерді. 
Қазірде дамыған батыс елдерінде осы технологиялар кеңінен етек жайған сала 
болып табылады. ХХ және XXI ғасырлар тоғысында пайда болған Digital 
Humanities деген пәнаралық бағыт қазірде гуманитарлық ғылымдардың 
барлығын дерлік өзіне қосады десек болады. Қазірде осы бағытта жұмыс 
жасайтын 100-ден астам ғылыми зерттеу орталықтары, университеттерде 
кафедралар белгілі. Олардың ішінде ең танымалы Лондон корольдық колледж 
(King’s College London) Digital Humanities кафедрасы. Олардың жасаған 
жобаларына Британ музейінен цифрлау арқылы электрондық форматқа 
өткізілген 10000-ға жуық өнер туындыларының электрондық кітапханасы, 1550 
жылға дейінгі ағылшын ортағасырлық музыкасының цифрлы архиві және тағы 
басқа тарихи мәліметтердің электрондық базалары жатады. Электрондық 
базалар қазірде одан ары толықтырылып, жетілдірілу үстінде [11, 54 б.]. Әрине, 
бұл технологияларды ұтымды және орынды пайдалану ғана қажетті нәтиже 
беретіндігі 
сөзсіз. 
Дегенмен, 
ақпараттық 
және 
коммуникациялық 
технологиялардың музей ісіне кіруін қайтымсыз үрдіс деуге болады. Бұл жерде 
қай музей осы технологияларды неғұрлым ерте және тиімді пайдалана алса сол 
ұтары анық. Осы тенденцияны түсінген біздің үкімет 2025 жылға дейін 
виртуалды мұражайлар желісін құру және барлық мұражай қорларын, 
концерттік жазбаларды, материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени 
мұраның атаулы туындыларын электрондық форматқа көшіруді жоспарлауда. 
Қазіргі заманғы музейлер, менің ойымша - әрқашан кішкене аттракцион-
шытырман 
аралас 
экшн 
жанрында 
болғаны 
дұрыс. 
Эрмитаж 
экспозицияларындағы Манифест осының жарқын мысалы. Музейге ойын-
сауық өндірісімен бәсекелестікке түсу шарт емес шығар, алайда, соннан 
қалайда өз орнын табуы керек .
Тағы бір өзекті мәселе – музей қорын электронды форматқа көшіру, іздеу 
жүйесіне ыңғайландырып жасақталған бірыңғай ақпараттық база жасақтау. 
Музейлер тек сақтау мен қалпына келтіру жұмыстарымен ғана 
айналыспайтынын есте сақтау керек, олар сондай-ақ, зерттеу, түсінік беру 
жұмыстарымен де шұғылданады. Ал, жәдігерлерді кең ауқымда зерделеу үшін 
жақсы мәліметтер базасы барлығына қолжетімді болуы керек. Осы үшін де ІТ-
технологиялар болуы қажет. Виртуалды музей жасақтау арқылы шалғай 
аймақтарда тұратын немесе әлеуметтік мүмкіншілігі шектелуіне қарамастан 
үйде отырып-ақ қажет ақпараттарды оңай тауып, пайдалана алу мүмкіндігін 
туғызуға әбден болады [12, 33 б.].
Музей қорын цифрлық үлгіге көшіру - өте қиын, ұзақ уақытты алатын, әрі 
біліктілігі жоғары кәсіби мамандарды, заманауи жабдықтар мен қаржыны 
қажет ететін жұмыс. Бірақ, бұл жұмысты жақын арада қолға алу қажет. 


63 
Қазақтың төл туындылары әлемге паш етіп көрсетуге тұрарлық теңдесіз 
дүниелер екені сөзсіз.
Әйткенмен, Қазақстандағы музейлер - мәдени кірігудің көрінісі. 
Еуропалық типтегі музейлер жүйесі, негізінен, Ресей империясының құрамына 
енген кезеңнен бастап модернизация үрдісінің нәтижесі ретінде пайда болды.
Қазақстан музейлері 1991 жылы өз алдымызға егемен ел болып, 
тәуелсіздік алған кезеңнен бастап өзіндік даму бағыты айқындалып, құлашын 
кеңге жая бастады.Осы уақыттан бастап ғылыми зерттеу жұмыстарының 
өзіндік даму жолы басталды десек болады, музей желілерінің ауқымы кеңейіп, 
жаңа типтегі музейлер пайда болды. 2005 жылы тәуелсіз мемлекеттің 
қалыптасуының өтпелі кезеңі аяқталып, енді оның дамуының жаңа сатысы 
басталады. Қазақстан музейлері ұлттық нақышта сипат алып, басты бағыты 
дәстүрлі, 
ұлттық 
өнерді 
паш 
етумен 
байланысты 
болғандықтан, 
музейлердіңтехномәдени-ағартушылық құрылымына үлкен қолдау көрсетілу 
керектігі жөніңде мәселе түбегейлі көрініс тапты [13, 122 б.]. 
Келесі заманауи даму кезеңі 2011-2012 жылдардан басталып, оның негізгі 
сипатты белгісі мемлекеттік мекемелер тарапынан көрсетілген көмек пен 
қаржылық қолдау негізінде кәсіби музейлік іс-шаралардың ұйымдастырылуы 
болып табылады. Мысалы, «Музей түні» бүкілқазақстандық акция ретінде 
жарияланып, мәдениет және ақпараттар Комитетінің қолдауымен елімізде жыл 
сайын дәстүрлі түрде барлық музейлерде өткізілетін болды. 
Жаһандық сипаты мәдениеттер арасындағы, соның ішінде музейлер 
арқылы жүзеге асатын диалогты қолдайды. Музей – көпір десек болады.
Музей тек қоғамға қызмет етіп қоймайды, оны біріктіреді. Жаһандану 
тұрғысында, ділге қысым жасалу қаупі жағдайында тек музей ғана қоғамдық 
зерденің кепілі бола алады. Бұл талаптың орындалуы үшін қала мен 
аймақтардағы, орталық пен шеткі аудандардағы музейлердің арасында 
байланысты орнату қажет.
Бірақ, мәдени сұхбаттың үлгісі жаңа заман талаптарына сай өзгеруі үшін 
жаңашыл бағытқа, бастамаларға құрылған басқарудың жаңа түрін енгізу қажет. 
Нарықтық стратегияны қоғамдық қажеттілікпен біріктіру. Жеке және қоғамдық 
өмірдің қызығушылықтарын үйлестіру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет