336
-
жаңа өнім алуға ұмтылысы, оны болжау мен жоспарлау, алға қойған
мақсатына жетудегі жұмысына деген тұлғаның қажетсінуінен туындайды
(Т.Г.Браже, Ю.Н.Кулюткин, А.С.Мустояпова және т.б.);
- жаңалыққа құмарлық, ойлаудың жаңа деңгейіне жетуге әрекет етуі мен
жаңа жағдайға қарай әрекет түрлерін тез арада өзгерте алу қабілетінің болуы
(Б.А.Тұрғынбаева, А.Ә.Әбілқасымова және т.б.);
- тұлғаның шығармашылыққа бағытталған ұстанымының беріктілігінен
туындайды (Қ.Ералин, Г.Е.Нұрмұханова, А.М.Матюшкин т.б.);
- нақты мүмкіндіктері арқылы жүзеге асады, білік, дағдылардың бірлігі
қажеттігін көрсетеді (Ш.Таубаева, М.Г.Ярошевский, А.В.Морозов т.б.);
- шығармашылық сипаттағы әрекетті іске
асыруда байқалатын тұлғаның
сапалық
деңгейін
көрсету
арқылы
өзіндік
бағалауын
арттырады
(Т.В.Виноградова, Т.Сабыров, Г.А.Федотова т.б.);
- шығармашылық іс-әрекетті тұрақты қажетсіну, жоспарлап, ұйымдастыру,
нәтижесін көру тұлғаның танымдық қанағаттану сезімін тудырып,
қызығушылығын аттырады (А.Е.Әбілқасымова, Р.С.Омарова т.б.);
- өмірлік бағытын анықтаушы фактор ретінде, белсенділік пен ізденіске,
істі меңгере білуге, тәжірибе жинақтауға дағдыландырады (М.Ә.Құдайқұлов,
Б.А.Оспанова т.б.) [1].
Балалардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай
негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, танымдық белсенділігі
мен танымдық әрекетін, логикалық ойлауын т.б. қадағалап, балалармен жеке,
дара жұмыстар жүргізеді.
Оқыту үрдісі –
екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік
жұмысы, дербес іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар олардың
ізденімпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек
етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар оқушылардың
өзіндік жұмыстарының ерекшеліктері – олардың ықыласын және өз еркімен
әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады.
Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары түріне олардың өз еркімен
амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.
Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын
таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана
білу,
оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б.
оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарты
болып табылады. Танымдық белсенділік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен
дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі
және өз кезегінде шығармашылық, практикалық сипаттағы әртүрлі
тапсырмаларды орындау үрдісінде қалыптасады [2].
Оқудағы дербестілік оқып үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге,
міндетке тұрақты ынталылық пайда болуымен, назар мен ой-сана әрекетінің
бағыттылығымен оқып жатқан материалды түсінуімен бейімделінеді.
Белсендірудің қандай да тәсілі мен әдістерін пайдалануда оқушының
қабілет дәрежесін ескеру керек. Күрделі танымдық
міндеттерді танымдық
қабілет дәрежесі жоғары оқушыларға ғана тапсыруға болады. Оқушыға таным
337
күшіне сәйкес келмейтін, мүмкіндігінен жоғары, білім деңгейінен анағұрлым
асып түсетін міндеттер жүктеу білім беруде оңды нәтиже бермейді.
Оқушылардың
шығармашылық
дербестігін,
танымдық
белсенділігін
қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда
шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен ғылыми-шығармашылық апталық,
жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор.
Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру
қажет. Сондай-ақ, мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, түрлі
шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап,
дербес оң
нәтижеге жетуге ықпал етеді.
Сонымен қатар, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда
мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қажет.
Мұғалім
оқушылардың
танымдық
белсенділігін
қалыптастыру
мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынадай талаптар
қойылады:
Бірінші танымдық тапсырмалар дайындауда оқылатын пәннің жеке
сипатын, мазмұнын ескеру;
Екінші танымдық тапсырмалардың түрлі деңгейде болуы;
Үшінші танымдық тапсырма бұрын берілген тапсырмамен байланыста
болып және бір жүйеде берілуі;
Төртінші танымдық тапсырма – білімі мен біліктерін жетілдіретіндей
болуы;
Бесінші танымдық тапсырма – тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге
өзгеруі;
Алтыншы танымдық тапсырма – оқушының жеке қабілеттерін ашатындай
және шығармашылық дербестігін дамытатындай дәрежеде болуы керек [3].
Сонымен, оқушылардың дербес, шығармашылықпен жұмыс істей алу
әрекеті мейлінше белсенділікті, ынталықты, ізденімпаздықты, өз еркімен
жүйелі
жұмыс істеуді талап етеді, оны оңтайландыру, оқушының күнделікті
рухани қажетіне айналдыру мектептің қазіргі кезеңдегі маңызды міндеті.
Танымдық белсенділік
– оқушының танымдық қабілеттеріне мотивациялық
тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды.
Оқушының танымдық белсенділігінің пайда болуы оның іс-әрекетінен
айқын аңғарылады. Ең әуелі оқушының іс-әрекетке деген көзқарасы өзгеріп,
танымдық белсенділігі арта түседі. Оқушының шығармашылық дербестігі
қалыптасқанда баланың бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады. Танымдық
белсенділік
әртүрлі сапада көрінуі мүмкін. Оның күрделі табиғатының өзі оның
жеке адам дамуының түрткісі, қозғаушы күші екендігін көрсетеді.
Мәселені шешуде талданған негізгі ұғымдардың көлемі мен мазмұнына
үңіле отырып, оқушының танымдық белсенділігін қалыптастырудың мәні
келесідей:
Біріншіден,
қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге, ғылым
жаңалықтарына тұрақты қызығушылықтың пайда болуы;
Екіншіден,
оқу-танымдық міндеттер мен мақсаттарды орындауға талпыну;
338
Үшіншіден,
білім
алуға,
шығармашылық
жұмыстарға
тұрақты
қызығушылық;
Төртіншіден,
жеке тұлғаның сапалық көрсеткіші ретінде көрінетін қабілеті
мен қасиеттерінің дамуы;
Бесіншіден,
жеке тұлғаның дербес интеллектуалдық ой-өрісінің кеңеюі;
Алтыншыдан,
тұрақты ізденімпаздықтың шығармашылық іс-әрекетінің
нәтижелі дамуына әсер етуі [4].
Оқушының танымдық
белсенділік әрекетінің деңгейі, бағыты мұғалімнің
педагогикалық іс-әрекетіне тікелей байланысты. Мұғалімнің педагогикалық
шеберлігі, оқу материалының түсініктілігі, мазмұндылығы, оқытуды
ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер, мұғалім мен оқушы арасындағы жылы
қарым-қатынас, оқушылардың шығармашылық дербестігінің қалыптасуына
үлкен септігін тигізеді.
Сонымен, танымдық белсенділікті қалыптастырудың алғы шарттарына
мына нәрселерді жатқызуға болады:
1. Танымдық белсенділік пен шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.
2. Қызығушылық, шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру.
3. Оқушыны шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі
түрде орындату.
4. Танымдық белсенділікті қалыптастыру барысында кездесетін
қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды есепке алу.
5. Оқушының танымдық белсенділік әрекетін қалыптастыру кезең
бойынша сатылап, дамыту.
6. Оқушының танымдық белсенділік әрекетін қалыптастыру үрдісін
тәжірибе негізінде жинақтау, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын
бақылау.
7. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен
өткізу [5].
Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке
тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Танымдық белсенділік – өте күрделі
психологиялық үдеріс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.
Шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін
дамытады.
Сонымен, танымдық белсенділік
дәрежесі оқушының өзіне, тәрбиесіне,
сана-сезіміне, еркіне, қызығушылығына байланысты. Егер балада бұл қасиеттер
аз болса, оны қалыптастырып дамыту мұғалімнің міндеті. Оқушының
белсенділік дәрежесі – оқытушының педагогтық шеберлігіне, қолданған әдіс-
тәсілдеріне қайтарған жауабы тәрізді. Жақсы нәтижелерге жету үшін ең
алдымен дайындық және түсіндірме жұмыстарын тиянақты, әрі жүйелі түрде
жүргізу басты шарттардың бірі ретінде есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: