Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011


Ата-жолы намаздарының пәтуасы мен масһаб білімінің биғат ерекшелігі



бет43/46
Дата05.02.2022
өлшемі4,28 Mb.
#13776
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Ата-жолы намаздарының пәтуасы мен масһаб білімінің биғат ерекшелігі.
Сонымен енді масхаб біліміндегі намаздар орындаулары мен Ата жолындағы намаз орындаулардың қандай ерекшеліктері бар?- деген сауалдың туындауы да сөзсіз. Сонымен біздің, қазіргі таңдағы орындап жатқан нақты намаз амалдарымыз бен, дін муфтияты ұсынған мазһабымыздың, пайғамбар намаздарына 50-сауапқа көз қарасымен яғни нанымымен, биғат-пәтуларымен салыстыра кетейік: «Жүрекпен, ыстық ықыласпен намаз оқу үшін жасалатын барлық дайындықтар да дәл намаз оқу секілді сауап әкеледі. Сол үшін адам әуелі барлық нәрселерді (??) тастап, намазда өзін алаңдатын барлық нәрселерден бойын аулақ ұстап, намазға ықыласпен тұруы тиіс. Намазға тұру сәтіне дейін болған барлық сатылар сол адамға сауап ретінде жазылады. Оның ниеті-алаңсыз беріліп намаз оқу. Ал мұсылманның ниеті-жасаған ісінен жақсы. (??)» (Ислам ғалымхалы. 97-бет) Бұл біздің муфтияттың яғни мазһабымыздың ғаламдарының дәлелдеуімен, жалпы имамдарымыздың, жамағат «намазхандардың» ұстанған философиялық бағыты. Яғни намаз оқумен оған дейінгі дайындықтан құнды еш нәрсе болмайды, ата-анаға жасаған қайырлы істерің, шүкірлігің, тәубеге келіп, күнәңнан ақталу істері де, пайғамбарымыз өсиеті, сүнеті 50-намаздың, сауаптық негіздері де, бес уақыт намаз оқудың ішіне ендіріп жіберген. Ал құлшылықтың үш негізін, игілігін рухани жетілдіріп, намаздарын орындап, дін дәстүріне айналдырған аталарымыздың аманаты, ұлттық құндылықтардың, адамгершілік парыздардың салмағы, дәрежесі намаз оқуға қарағанда түк емес. Тек намаз оқу жолында барлық кедергі болатын нәрселерден бас тартып және сол сатылардың бәрі «намазхан» үшін сауап болып табылады екен. Сонымен бірге пайғамбарымыздың; «Бір кешті Алланың жолы үшін халықтың игілігіне арнау мың күн ораза ұстап, мың кеш намаз оқығанан артық.»(386-өсиет) Үмметімнің машайықтары жаннатқа намаздың, оразаның және садақаның көптігімен кірмейді. Алланың мәрхаметі, нәпсінің жомартығы және жүректерінің дұрыстығымен кіреді.» (ибн Әбидүниеден) деген аят-өсиеттерін жалғанға, теріске айналдырған пәтуаларын өздерінің діни саутылығына санайды. Бұны жазған мемлекетіміздің басшыларының қолдау көрсеткен Нұр мүбәрәк дін универиситетінің және муяфтияттың бекітілген атақты ғалымдары. Сондықтан жастарымыз пайғамбарымыздың өсиетінен, әулиеріміздің аманатынан көрі, бүгінгі таңда осындай арап тілін меңгеріп керемет білімді аталған ағайындарымызға күдіксіз құдайға сенгендей «тәкледи иман келтіруі» де даусыз. «..Екіншіден, аятқа толықтай үңілетін болсақ, ..Елді Алланың жолынан адастыру үшін бос сөздерді сатып алатын әрі Хақ жолын келекеге айналдыратын адамдар бар..» делінген. Яғни, бос сөздерді жай сатып алатын адамдар емес, Аланың жолына елді адастыру мақсатында сатып алатын және хақ жолын, Құран аяттарын келекеге айналдыратын адамдар деп тұр. Ал хақтың көңілін Құраннан алшақтатып, хақ діннен адастыру мақсатында атқарылатын қандай да бір істің, тіпті пиғылдың күпірлік екені айтпаса да түсінікті.» (Дін мен Діл. 98-бет) Дін ғалымыздың бұл береген биғат-пәтуасы өз-өздеріне берген жауабы болып, Құдай адастырғанды түзеуші болмайды деген, Раббымыздың ескерту аяттарының бейнеленуін көрсетеді. Және жалпы біздердің ұлтық рухани қазынамыздың жетекшілері яғни «сенімнің батырлары» болып табылатын масһабтық, «Ханафилік» ұлтық діни сауатылығымыздың және біздің ата заңымыздың да, заңгерлеріміздің де, ел билеушілеріміздің де ақылдылық, ойшылдық, естілік (зайырлық) бейнесін осындай ашық пайымдаулардан көруге болады. Құдайдың құдіретінің өзі сонда, бұлар өздерінің бір кітапта берген пәтуа әрекеттерінің; «хақтың көңілін Құраннан алшақтатып» яғни ар-ұжданды, аруақ білімізді, дәстүрімізді, Құраннан тыс деген, күпірлік екенін өздері растап отырғанын да білмейді. Бұл жағдайдың Абай атамыздың; «Оймен тілдің арасын қоса білген дана керек.» деген ойшылдықтың негізгі шартын меңгермегенін де білдіреді. Енді дін ғалымдарымыздың: «Ал хақтың көңілін Құранан алшақтатып, хақ діннен адастыру мақсатында атқарылатын қандай да бір істің..», деген пәтуасынан «хақтың көңілін» іздеп көрсек. Аятта: «Мұхаммед сондай саған уахи еткен Құран, ол хақ. Алдыңғыны (інжілді, Ғисаны, елшілерін) растаушы. Әрине Алла, құлдарынан анық хабар алушы, тым қырағы.» (35-31) Пайғамбарымызға жеке берілген нұсқаулар, хадистердің бұрынғы пайғамбарларға берілген нұсқаулардың растаушысы екенін ескертіп тұр. Ал, аяттың сандық мәнінің өзі, пайғамбарымыздың інжілді және құранға дейін келген нұсқауларды толық алғанын ескертеді. «Анық хабар алу» деп сүйікті құлдарымен, әулие-пайғамбарлармен тікелей уахи арқылы сөйлесуді ескерткен. Сонымен енді; «хақтың көңілі» Алланың достары, сүйген құлдары болған, әулие-әмбилерінің жанында, жаннатында жазылып тұрмай қайда тұру керек? Жалпы масһаб биғатына Абай атамыздың көз қарысымен және құран аяттарымен пәтуа берсек; Егер тура жол Имам Ағзам әулие ұстанған, Масһабтан басталатын болса, онда пайғамбарымыз бізге жол басшылықтан шығып қалады. Екіншіден; пайғамбарымызды тура жолдың басшысы деп иман келтіріп, тағы Масһаб тура жол көрсетуші деп пайымдасақ, онда тағы Аллаға ортақ қосып, пайғамбар енді біздерге шапағат үлестіруші болмай, орнына Имам Ағзамды тағайындаған болып шығады. Үшіншіден; «...Шын мәнінде сен ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің бір жолбасшысы бар.» (13-7) деген жаратқанның ескертуіне қарсы шығып, бүкіл құранды теріске алып, өзге ұлттан жолбасшы тағайындап алып, «хақтың жолын келекеге айналдырған» болып шығамыз. Төртіншіден; дінің жартысы діл болып, діл жерге, өмір сүрген ортаға тәуелді қалыптасатын отанымыз, үмметік белгімізді, ерекшелігімізді, ана тіліміздің үндік ерекшелігін және қанымыздағы імүндік түр қарсылығын қалыптастырып, ал Масһаб діл қағидамыз болса, онда біз Имам Ағзам тұрған елдің үмметімен, тарихи шежіреміз, діліміз бір болып, бұл тіптен адамзат даму заңына, жартылыс заңына да қайшы. Бесіншіден; Имам Ағзам дін жолымыздың тұрақты белгіленген ұстазы деген пәтуға сүйенсек, онда енді бізге өлімізде де, қиямет мезгілінің есебі де және пайғамбарымыз ісін алға жетелеуші жетекшіміз болып, тағдырымыздың кітабын оқушы, аян көрсетуші болып, бүкіл қазақ еліндегі әулиелер де, түсірілген кітаптары да, түрлі жағдайда құлдарына қасиет болып түсірген сыйлаған кітаптарымен, хикметті істері де; Алланың бізбен ойыны, әзілі болып, жарамсыз болып қалады. Алтыншыдан; Масһаб дін ұстанымының жеке нұрландырушы кітабы, құран насихатының кейінен ашылған құпиясы, түсіндірмесі санмен белгіленген, құран аяттары, пайғамбар өсиеттері оны растайтын әулиенің еңбегі де болу шарт. Және ол, жартушымызбен алдын –ала сендер төрт масһабқа бөлініп, тура жолды табасыңдар деген үкімі мен аяты болып, құранмен міндетті түрде бекіген болу шарт. Осындай хақтан аманат берілген, діл-көңілде жүрген, жанымызда түркілеп жүрген сансыз сауалдарға жауап беруден бас тартқан, қандай да бір дін ғалымы күпірлік жасап, дінді келекеге айналдырған болады. Жетіншіден; Жоғарыдағы берілген антымыз, шариғат-дәстүрлік еркшелігімізді сақтаудың, Алла жібінің ұлтық, үмметік сипатын шатыстырмау туралы түсірлген «16-92» аятқа серік қосып және діни жолдың негізгі шарты болған «42-13» аяттың үкімдерін, терістеп, жалғанға айналдырумен Аллаға ортақ қосу болып, кәпір аталу керек. Әрбір діншінің «Ханафи масһабы» тура жол емес, жол деп айтқаныңы өзінде, осы аяттар арқылы бүкіл құранның насихатын мазақа айналдырып; « Ал хақтың көңілін Құраннан алшақтатып» ортақ қосушы болып табылтының да хақ. Енді берген пәтуалардың, «биғаттардың» бағасын оқушы өзіңіз ақыл таразысына салыңыз, ал бұл пайымдаудың елдің ішіне бүлік, рухани аздыруға ғана себеп болатын және жаратқанның барлық түсірген дініне серік қосып, ортақ қосушы болғанын пайғамбарымыздың өсиетін де жалғанға шығарғандығынан ғана хабар беріп, нақты дәлелдермен, аяттармен көрсетуге ата-жолының рухани сенімнің батырлары атынан, Раббымыздың көрсеткен, білдірген хикметті істерін де халыққа ашық көрсетуге; «Біз дайынбыз!». Сенім іспен, амалдармен бекітілмесе, оқыған намаздың амалдары да болмаса, тек өз басыңа дұға тілек жасап, бес уақыт намаз оқумен «намахзан» атану да дінде күпірлік! Әзірше бір ғана мысал беріп кетейін; «Ал сенім дегеніміз-үміттенгенің жүзеге асатынына күмәнденбау, әлі де көрінбей тұрған уәденің орындалуына шүбәсіз илану. Тәңірге осындай сенім артқандары үшін ата-бабаларымыз Оның ризашылығына риза болды... Бауырластарым менің, біреу сенемін дей тұра, игі істер жасамаса, онысынан не пайда? Сондай сенімі оны Тәңірінің қаһарынан құтқара ала ма? Айталық сенуші бауырластарың не еркек не әйел заты болдсын,киер киім мен ішер тамаққа зәру жүр дейік. Ал араларыңдағы біреу оларға; «Аман –сау болыңдар! Тоңбай, қарындарың ашпай өмір сүріңдер» деп, ал өзі солардың тәндік қажетін қамтамасыз етпесе, оның тілегінен не пайда?! Ендеше, сенім игі іс-әрекет тудырмаса, ол-өлі сенім. Мүмкін кейбіреу: «Сенің сенімің бар (намаз оқуың), ал мен жасаған игі істерім арқылы сенімімді дәлелдеймін. Сен «жалғыз Құдай бар» деп сенесің. Мұның дұрыс, алайда жындар да соған сеніп, Оның каһарынан қорқып дірілдейді (сәзжде жасайды) Ал сен түйсіксіз адам, игі іс-әрекетсіз сенімнің өлі екенін ұқпайсың ба?.. Киелі жазбада берілген «асыл заң» мынау: «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы кісіні де солай сүй! Осыны тек іс жүзінде орындасаң ғана дұрыс істегендерің. Егер адамды сыртынан қарап аласаңдар (намазхан, намаз оқушы емес) күнә жасап, Құдайдың заңын бұзушы болып әшкереленесіндер. Бүкіл Тәурат (құран) заңын орындай тұра, бір жерінде сүрінген адам оны түгел бұзғандай айыпты.» (Жоқан хаты; 2-тарау) Інжіл жазбаларындағы рухтан берілген, Ғиса пайғамбарға, елшілеріне оқылған кітаптың, Мұхаммед пайғамбарымзға уахи болып берілген ашық аяттарды, ислам ғалымдарының мойындамау себебі; «олар құлшылығынан адасты» деп елді үркітеді де, жүздеген пайғамбарымыздың осы тұрғыдағы қалдырған өсиеттерін де жалғанға шығарады. Ал, соңдарынан ерген білімді халық, бұл өтіріктерін анықтай аламас үшін, пайғамбар өсиеттерін күмәнді, «сахих», әлсіз деп тек өздері ғана шешім беруге ыңғайластырып алған. Аллаға құлшылық дегеніміз, ізгі істер жасау мен, білім арқылы әділетті заңдар шығарып және от басын құрып, өсіп-өніп, адал еңбекпен тіршілік ету, дін-ділін тазартып, рухани егінін де өсіріп, түрлі жағдайдағы жартылыс себептерінің тілін меңгеру деген қағиданы, тек дін рәсімі болған; Сәзжделік оқу сипатымен, жалбарынып, сиынумен айырбастап, ислам діншілері бүгінгі таңда енді намаз оқымайтын адам баласын мұсылман емес, яғни Аллаға құлшылық жасамайды деп, құдай заңын бұзып, өздеріне күнә артушылар және серік қосушылар болып табылады. Жер бетіндегі барлық адамзат баласы өмірге мұсылман болып келетінін және «Ар», «Уақ», «Ман» қуттарының жалпы адамзатқа ортақ несібе екенін мойындайтын заман келді. Сонымен бірге християн, тәураттық, забурлік ұстанымдар да құраннан тарайтынын да әлем халқына жариялап, ислам діні барлық діндердің, кітаптардың, 7-түрлі үнге жинақталған «құрандысы», жинағы, бірлігі екенін дәлелдеуге ғалымдардың құранды зертейтін уақыты өтіп те кетіп, осыдан барып түрлі сауатсыз, тек ілімнің жолына түскен шайтан адамдардың ғана береген пәтуасына иланудан әлемге қайғының, қасіретті бұлты елмізге қасірет болып төнген деп біліңіз. Ақиқатқа жүгініп, хикметтерге мойынсұнумен ғана әлем халқы құтқарыла алатынын түсінетін мезгіл де жетті! Ал енді жоғарыдығы «хақтың көңілі» деген ұғымды түсіндіре кетейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет