Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


Ясауидiң 63 жасында түскен жері Ғар құрылымы туралы суреттеңіз



бет20/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған
195.Намаз үйренейік, Дәрігердің үшінші қаруы
Ясауидiң 63 жасында түскен жері Ғар құрылымы туралы суреттеңіз

XX ғ. бірінші ширегіне дейін қылуетке мыңдаған (жиырма мыңға дейін) зиаратшылар жиналған .
Зиаратшылар үшін онда бөлмелер, атқора, қонақ үйлер орнатылған. Мұнда бір бөлмеден баспалдақ арқылы жер асты бөлмесі «Ғарға» түседі. Қылуеттегі, Ғардағы рәсімнің өтуі зерттеуші уақыт бойынша қыстың ортасына сәйкес келеді дейді. Бұл қыстың қырық күн шілдесі кезі болар.1929 жылы Түркістанда болған зерттеуші қылует дәстүрін жазған болар. Төрт метр тереңдіктегі ені 1м, 34 см, 1метр, 34 см. ұзындығы бар бөлме. Қырық күндік ораза ұстау рәсімі өтілген. Ол Ғар бөлмесінің жанында болған. Қылуеттің екі бөлмесі XIV ғ. мерзімделген. Қылуетхана кешенінде ошақ, сандал, бөлмелердегі интерьерлер ол жер тұрғын жай ретінде қолданғанын көрсетеді. Сонымен бірге тахаратхана бөлмелері, жуынатын оңаша бөліктер болған. Қылуетхана кешенінде құдық, ошаққа қойылған қазан,су жылытылатын ошақ келесі бөлмеден қыздырылған. Ол бөлмеде ағаштар сақталатын болған. Үлкен залдың ені он мен ұзындығы он екі метр болған. 1940 жылғы А.Шмидт Қылует интерьерінің макетін жасады



  1. Ясауи іліміндегі «өлі» және «тірі» адам түсінігі туралы айтыңыз

Рух тазалығын мақсат тұту “ашқ” мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады. “Муту қабла ан тамуту-топырақ болмақ; Ашқтар өлмес бұрын өледі екен…” “Құл Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан берудің дертін шектім, Дидар тілеп тәрк етсем масиуаны; Өлмес бұрын болмысыңды айла фани…” Бұлар – “өлмес бұрын өлу” философиясына тән хикметтер. Қожа Ахмет Йассауи мұнда масиуаны (Хақтан басқа барлық дүниені) тәрк ету арқылы шынайы өмір мәнін ұғынуға шақырады. Оның көзқарасы бойынша, “шынайы өмір” деп, рухтың нәпсіден арылып, илаhи нұрлармен шайылуын айтады. Бұл ілім негізінде адамдарды “өлілер” және “тірілер” деп қарауға болады. Бұл жердегі “өлі” және “тірі” ұғымы рухқа байланысты. “Өлілер” – дүниеде нәпсінің құлы болып өткендер, олар тірі болса да өлікпен тең. “Тірілер” – нәпсілерін жою арқылы рухтарына “өмір” сыйлағандар, олар өлсе де мәңгілік өмірмен қауышқандар, бақи мәртебесіне жеткендер. Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымында физикалық өлім жоқ. Ол жай ғана рухтың тәннен айырылып, басқа бір халге ауысуы. Аллаға құлшылықтың ең жоғарғы халі – еркіндік.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет